tgindex
Жасулан Байқұлов

Жасулан Байқұлов

Статистика
@zhassulanserikказахский

"Оқы, ойлан, өзгерт"

Последний пост
30 сент. 2025 г.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
29
+1 за 3 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
245
20 постов
Вовлечённость
844,8%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Ұстаздық – үлкен мәртебе, бірақ ол мәртебеге жету үшін әуелі шәкірттік әдептен өту керек. Шәкірттікпен шыңдалмаған жанның ұстаздыққа ұмтылысы – тамырсыз бәйтерек секілді: сырттай биік көрінгенімен, алғашқы дауылда-ақ құлайды. Ілгері де ғалымдарымыз: «Бізге әуелі әдеп үйретілді, содан кейін ғана ілім берілді» – деп айтқан. Демек, ілімнің берекесі де, ұстаздықтың қадірі де – шәкірттік әдепте. Сөз иесін табады. _белгілеп_өт_

  • Исламға жасалған шабуылдар жаңа нәрсе емес. Бірақ тарих дәлелдеп қойған: Исламды ешқандай сын да, шабуыл да тоқтата алмаған. Өйткені ол - ақылға да, жүрекке де сәйкес келетін дін. Бүгінгі өркениеттегі ғылым, әділет, құқық, моральдың көбінің түбінде Ислам қағидалары жатыр. Кім әділетті іздесе - Исламды табады, кім шындықты іздесе - Исламға келеді. Осы себептен сын айтушылардың өзіде исламның ақиқатын жоққа шығара алмайды. Сондықтан Исламға жасалған шабуыл-ақиқаттан қорыққан жүректің айқайы ғана.

  • Бір күні егде жастағы апамыз мешітке кіріп дұғаларының бірінде: “Шайтаннан сақтай гөр”-, депті! Оны естіген шайтан бір бұрыштан сыбырлап: Мені қойшы, апа, “сізді көршінің өсегінен сақтасын” -, депті. _қызық_бір_жазба_болсын_

  • Жолдағы бейнет уақытша, бірақ көрген ғибрат мәңгілік.

  • Саяхат – сен барған жер емес, сенің сол жерден алып шыққан ойың.

  • Кейде бір көшенің көрінісі бір кітаптың мазмұнынан артық нәрсе үйретеді.

  • Бір кісі: “Дін қазір ешқайда жылжымайды, ғылым мен технология алға кетті” – дейді. Сонда мен айтам: “Ғылым телефонды жасады, бірақ соны ғайбатқа толтырған сенсің. Ғылым интернетті ашты, бірақ соны харамға бұрған да сенсің. Дін – тоқтамаған, дін – бағытыңды түзетіп тұрған бағдаршам. Ал сен бағдаршамды сындырып алып, ‘жол қайда?’ деп сұрап тұрсың. Ғылым – машинаны жасайды, дін – оны кімді қағуға болмайтынын үйретеді. Дінсіз ғылым – рөлде отырған мас жүргізуші сияқты. Қайда апарарын ойладың ба?”

  • Бүгінде кейбір әйелдер: «Менің еркім жоқ, шариғат маған шектеу қояды» — деп налиды. Бірақ бір нәрсені ұмытып барамыз: шариғаттың қойған шекарасы — сенің қадіріңді түсіретін тұсау емес, сенің ар-намысыңды қорғайтын қорған. Еркіндік — қалағаныңды істеу емес, Хақтың шегінен шықпай өмір сүру. Себебі арсыз еркіндіктен қадірлі шектеу артық. Әйел — Алланың аманаты. Оны өзіне де, қоғамға да зиян келмейтіндей етіп қорғау — шариғаттың мейірімінен. Шариғат әйелге шектеу қойған жоқ — міндет артты. Ұятты ұмытып, «мен тең болуым керек» деп өз рөлінен бас тартқан кезде, ұрпақ та, отбасы да теңселеді. Ал еркек өз орнын тастап, жауапкершіліктен қашса — бүкіл елдің іргесі босайды. Шариғат – бірін екіншісінен биік қоймайды, бірақ әрқайсысын өз биігіне қояды. Әйел – жұмсақтықта мықты, ер – жауапкершілікте берік. Егер әркім өз орнын білсе, құқық сұрамай-ақ, құрмет өзі келеді.

  • Арнама арнау – үнсіздіктен кейінгі үнім.. Бір мезет үнсіз қалдым. Себебі сөздің салмағы – үнсіздікпен өлшенеді. Кейде үндемей кету — қалам ұстауға жарамаудан емес, қаламды қадірсіз етпеудің жолы. Сол үшін үнсіздікте жүрекпен сөйлестім. Оқыдым, дамыдым. Сөз сүзгіден өтті. Ой — қайнап, мағынаға айналды. Арна – тірі. Тек уақытша демін ішіне тартты. Себебі әр тыныс — қайта тыныстану үшін керек. Сол тыныстың соңында жаңа деммен қайта оралып тұрмын. Баяғы әуенмен емес, бірақ сол баяғы ықыласпен. Арнамыздан кеткендерге – амандық, Қалғандарға – алғыс. Өмірдің ағысы бәрімізді өз ырғағымен тербеп жүр. Енді осы арна – жалған даңқ емес, шынайы мағына іздеген жандардың тыныс алаңы болсын. Бисмилляһ.

  • Соғысудың орнына біз халқымызды саналы әрі өркениетті қоғам құруға үндеуіміз керек. Президент Қасым Жомарт Тоқаев 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • Екі елдің арасында болып жатқан қақтығысты көріп адамдар тұрып жатқан еліне алғыс білдіріп, Раббысына шүкір етуі керек. Күні бүгінде адамдар жақынынан айырылып, тұрып жатқан баспанасынан, көлігінен сондай-ақ байлығынан түгелдей айырылып қалған адамдар қаншама. Ал сенің бүгінгі көк аспаның зымырандарсыз, әдеттегідей ата-анаң жақындарың көз алдыңда, баспаның байлықтарың дін аман жаныңда. 🇰🇿

  • Мақсатым зәулім үй салу, темір тұлпар міну деп жүрген адамдар бар. Құрал мен Мақсат шатасқанда адам адасады.

  • Біздің басты мақсат - ол жаннат. Және ол мақсатты жоғалтып немесе өзге нәрсемен ауыстырып алмауымыз керек. Ал жаннатқа апаратын күллі нәрсе - ол құрал. Ал құрал, ол біздің дүниедеге осы уақытқа дейін оқыған, білген, түйген, тапқан нәрселердің барлығы құрал болып есептеледі. Мақсаты мен құралын ауыстырып алған адам - үлген адасушылыққа тап болды. Және ол одан кейінгі мақсат деп білген нәрселері көп болсын мейлі аз болсын оған еш уақытта жетпейді.

  • Аллаға шүкір, палестинадағы ғазауат (соғыс) аяқталды. انتهت الحرب على غزة اللهم انصر من نصرها🤲

  • Мақсатқа жету оңай емес, әлі талай алдыңнан кедергілер шығады. Тек не істесең де соңына дейін жеткіз.

  • Мазһаб ұстанбаймын тек Құран мен сүннетпен жүремін деген шарлатандар, сіздер Құран мен сүннеттің аудармасын ғана оқып мәз болып жүрсіздер. Ал біреудің аудармасын алға тартып ұстану бұлда бір мазһаб болатынын естен шығармаңдар.

  • Осы жылдың керемет жаңалығы осы шығар, қатысып көріңіздер.

  • 13 нояб. 2024 г.156из Fikrkz

    Сіздер үшін жақсы жаңалық, қатысып қалыңыздар. Ораза айы жақындап келеді. Басқалары секілді биыл да ораза айына дайын болмадым деп айтпайсыз. Оразаға дайын болып бей марал Құран оқумен шұғылданасыз. Көптеген жақсы амалдарды бойыңызда қалыптастырасыз. Мүмкіншілікті жіберіп алмаңыз!

  • 13 нояб. 2024 г.1303из Fikrkz

    без подписи

  • 10 сент. 2024 г.1564из Fikrkz

    Ақида іліміне қызығушылық танытып жүрген ( бастауыш деңгейіндегі ілім ізденуші және кітап сүйер оқырман жамағат) жандар үшін жақсы жаңалықпен шығып тұрмын. Дәріс (қалтаңыз көтеретін бағада) ақылы тұрады. Дәріс өте жеңіл әрі түсінікті түрде түсіндіріледі. Дәріске қызығушылық танытып қатысушы жандар үшін тағы қосымша дәріс сыйға жүретін болады. Сыйға жүретін кітап "Мәсәил әби Ләйс" Әбу Ләйс әс-Самарқандидің ақидалық шағын еңбегі сыйға жүретін болады. Дәріс видео форматында дайын тұр. Ал, енді болатын дәрісті толық алдағы уақытта ақпарат берілетін болады.