- Последний пост
- 6 апр.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Телеграм соңғы уақытта діни каналдардың астында букмекерлік-лудоманиялық компанияларды көп жарнамалап жүр. Бұл телеграм да күні соған қараған бейшара болып қалыпты. Телеграм қолдау орталығына бірнеше мәрте жаздым. Кері байланыс жоқ. Бұл жалғаса берсе телеграм каналдарымызды өшіруге тура келетін секілді. Күніміз бұларға қарамасын.
🌿 Ақида ілімінде екінші кезең басталады! 🌿 Әлхамдулилләһ, бастауыш деңгейдегі бірқатар мәтіндерді тәмамдап, енді келесі белеске қадам басамыз. 📚 Екінші кезеңде оқылатын кітаптар: 1️⃣ «Бахрул-Кәләм» — Әбу Муʿин ән-Нәсәфи 2️⃣ «әт-Тәмһид» — әл-Ләмиши Бұл — тереңірек түсінік пен жүйелі талдауға жол ашатын маңызды еңбектер. ⚠️ Екінші кезеңге өтпестен бұрын, бірінші кезеңнің дәрістерін толық тыңдап шығуға кеңес береміз. Себебі негіз дұрыс қаланбай, келесі деңгей жеңіл болмайды. 🗓 Дәрістер бір ай көлемінде басталады. Кітаптарды дайындай беріңіздер. 💳 Дәрістер — ақылы. 📩 Тегеграм парақшасынан тыңдай аласыздар. ✨ Ілім жолындағы қадамыңыз берекелі болсын!
Бүгін нағыз мейрам!
https://www.instagram.com/reel/DS5gsTeCJS2/?igsh=MTRhZDV4Mmd3YWhocQ==
Алла ісін салып шейх Махмуд Усәмә Әл-Әзһариден (хафизаһулла) 📝🤍
Қоғамда орамалды қыздың бір сәтте орамалсыз болғаны үшін, қара халық жерден жерге салып үлкен айыппен айыптап, әлгі жанның дымын қалдырмай бара жатыр. Негізі дағуат олай жасалмайды. Осы жерде біздің міндет – айыптамай, ар-ұятты, инабатты, Алла алдындағы мәртебесін еске салып, жылы жүрекпен жеткізу ғана…. #орамалдағыару
Имам Ғазалидің “Ихия”сын оқып бүгін түйген ойым: Егер біреудің сені көреалмай жүргенін сезсең, дұғаға көбірек мән бер. Себебі сен – зұлымдыққа ұшырап жүрген мазлұмсың, ал саған қызғаныш қылған адам – залым. Хадисте айтылғандай, мазлұмның дұғасы мен Алланың арасында бөгет жоқ. Сондықтан, Раббың берген нығмет артқан сайын, сені көреалмаушылар артқан сайын, дұғаң әрдайым жаныңда болсын. Әлгі көреалмаушы залымды қарғау шарт емес, Алладан өзіңнің қалауларыңды сұрап-ақ дұға қыла бер.
Білім күні құтты болсын. 📚 Алла тағала әрбір ілім талап етуші жанның ғылым жолын жеңілдетіп, әрбір қадамына береке дарытсын. Ақыл-ойын өткір, жүрегін нұрлы, еңбегін нәтижелі етсін. Ұстаздардың сөзін тыңдаған сайын санасын арттырып, көкірек көзін ашсын. Ізденістері өзіне сауап, білімдері үмметке пайда әкелсін. Ғылым жолы-нұрлы, болашағы-шуақты болғай!
Көкжиекке қараған сайын, өз көкірегіңнің қуысын танисың.
Әлемді аралаған сайын ұғасың: ең үлкен саяхат – өзіңнің ішкі дүниеңе жасалған сапар.
Кейде бір көшенің көрінісі бір кітаптың мазмұнынан артық нәрсе үйретеді.
Бір кісі: “Дін қазір ешқайда жылжымайды, ғылым мен технология алға кетті” – дейді. Сонда мен айтам: “Ғылым телефонды жасады, бірақ соны ғайбатқа толтырған сенсің. Ғылым интернетті ашты, бірақ соны харамға бұрған да сенсің. Дін – тоқтамаған, дін – бағытыңды түзетіп тұрған бағдаршам. Ал сен бағдаршамды сындырып алып, ‘жол қайда?’ деп сұрап тұрсың. Ғылым – машинаны жасайды, дін – оны кімді қағуға болмайтынын үйретеді. Дінсіз ғылым – рөлде отырған мас жүргізуші сияқты. Қайда апарарын ойладың ба?”
Бүгінде кейбір әйелдер: «Менің еркім жоқ, шариғат маған шектеу қояды» — деп налиды. Бірақ бір нәрсені ұмытып барамыз: шариғаттың қойған шекарасы — сенің қадіріңді түсіретін тұсау емес, сенің ар-намысыңды қорғайтын қорған. Еркіндік — қалағаныңды істеу емес, Хақтың шегінен шықпай өмір сүру. Себебі арсыз еркіндіктен қадірлі шектеу артық. Әйел — Алланың аманаты. Оны өзіне де, қоғамға да зиян келмейтіндей етіп қорғау — шариғаттың мейірімінен. Шариғат әйелге шектеу қойған жоқ — міндет артты. Ұятты ұмытып, «мен тең болуым керек» деп өз рөлінен бас тартқан кезде, ұрпақ та, отбасы да теңселеді. Ал еркек өз орнын тастап, жауапкершіліктен қашса — бүкіл елдің іргесі босайды. Шариғат – бірін екіншісінен биік қоймайды, бірақ әрқайсысын өз биігіне қояды. Әйел – жұмсақтықта мықты, ер – жауапкершілікте берік. Егер әркім өз орнын білсе, құқық сұрамай-ақ, құрмет өзі келеді.
Құран үйренушілерге жаңа мүмкіндік. Қапы қалмаңыздар.
Киімге қарап кісі танитын дәуір боп тұр, Ішіндегі кісі кім — оны ешкім сұрамайды. Шүберекке малынғанмен, кісі болу — басқа әңгіме.
Молдадан бұрын – маркетолог сөйлейтін заман болды. Қайырымдылық емес — контент, Насихат емес — охват іздеген күн туды. Үмметке айтылар сөз — алдымен “өтіп кете ме?” деп уайымдайды.
Нәпсі – жалған уәде береді. "Тек бір рет" дейді… Сосын әдет қылады. Ақырында сен емес, ол басқарады.
"Орамал – бетперде емес, бекініс" Орамалды "мода" үшін таққандар, Ертең есебін "иман" деп бере алмайды. Қазір күліп түсірген сторис – Қияметте куә болады, ескертіп қойдым... #қияметке_бір_табан_қалды
«Күні бойғы күйбеңнен шаршасаң да, Раббыңды еске алып ұйықта — жүрегің тынығады, тәнің демалады.»
Арнама арнау – үнсіздіктен кейінгі үнім.. Бір мезет үнсіз қалдым. Себебі сөздің салмағы – үнсіздікпен өлшенеді. Кейде үндемей кету — қалам ұстауға жарамаудан емес, қаламды қадірсіз етпеудің жолы. Сол үшін үнсіздікте жүрекпен сөйлестім. Оқыдым, дамыдым. Сөз сүзгіден өтті. Ой — қайнап, мағынаға айналды. Арна – тірі. Тек уақытша демін ішіне тартты. Себебі әр тыныс — қайта тыныстану үшін керек. Сол тыныстың соңында жаңа деммен қайта оралып тұрмын. Баяғы әуенмен емес, бірақ сол баяғы ықыласпен. Арнамыздан кеткендерге – амандық, Қалғандарға – алғыс. Өмірдің ағысы бәрімізді өз ырғағымен тербеп жүр. Енді осы арна – жалған даңқ емес, шынайы мағына іздеген жандардың тыныс алаңы болсын. Бисмилляһ.