tgindex
oilar🤍
@oilar27казахский

Шәкірт күнделігі |🕯 ​Ілім жолындағы шәкірттің ойлары, ата-ана ақылы мен ұстаздардың асыл сөздері осы арнада тоғысады. ​ Жазбаларды бөліскенде каналға сілтеме қалдыруыңызды өтінемін!

Последний пост
19 июл.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
247
+1 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
292
20 постов
Вовлечённость
118,2%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
133
1/48двое суток
152
1/72трое суток
164

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Қыздар қауымы, болашақ жар таңдауда барынша қырағы болу қажет! Себебі қазір сырттай сырбаз көрінгенімен, іштей әлі есеймеген, әкесінің шапанының астынан шықпай, анасының етегіне жабысып жүрген "түрі ересек балалар" баршылық. Сыртқы келбеті,айтатын құрғақ уәделері,қымбат сыйлықтары,апта сайынғы 2-3 сағаттық кездесулер жігіттің болмысын толық көрсетпейді. Өмірдің ыстық-суығын өз мойнымен көтере алатын,отбасы мәселесіне үшінші тарапты мүлдем араластырмайтын нағыз ер азаматты тани білу — әр арудың өз тағдырына деген үлкен жауапкершілігі...🤍

  • Threads қосымшасын жүктеп, "пайдалы ақпарат аламын" деп өзіңізді алдаудың еш қажеті жоқ. Бүгінде бұл платформа — пайдалы ақпараттың емес, толассыз өсек пен ғайбаттың, бітпейтін дау-дамайдың ошағына айналды. Уақыт пен ішкі тыныштықты бағалайтын адам үшін бұл желінің берері шамалы. Сондықтан, сананы бос сөзбен улағанша, одан мүлдем алыс болған әлдеқайда қайырлы.☕️✨

  • 8 июл.204141из bulyugalMaram

    Орамал “Сауабы күлседе, тамақ жесе де, ойнап жүрсе де үзілмейтін амал - Ол Бастағы Орамал” Мухаммад Уаил (Өмір жасы ұзақ болсын) Тіпті үйден шығып, 4-5 сағаттап базар аралап, бала ойнатып немесе жәй ғана Жұмыс істеп отса да сауап жазылып отыра береді…

  • Араб ұстаздарымның: « Болашақта саған батыр, мықты, салихалы, иманыңның жартысы болатын, бай әрі жомарт жар жолықсын. Екі дүниеңе де пайдалы ілім нәсіп етіп, ғалымдардан бол. Артыңнан он бала-шаға ерсін »— деп ақ бата беріп, дұға қылғанында мына бір шындықты терең түсіндім: Бұл өмірде адам баласы үшін ең маңыздысы — пайдалы ілімнен өрілген көркем жол мен жаныңды түсінетін көркем, салихалы жар екен. Қалған береке мен байлық — осы екі құндылық тоғысқанда келетін ізгі жемістер ғана...🤍

  • Көптеп шүкір ететін адам ашушаң болмайды!💐

  • «Ізгі әйелдер ізгі ерлерге лайық, сондай-ақ ізгі ерлер де ізгі әйелдерге лайық.» «24:26»🤍✨

  • 16 июн.3215из bulyugalMaram

    Сахабалар жаңа ай немесе жыл басталғанда былай дұға ететін: Аллаһым бізді осы жылға амандықта және иманда кіргіз, бейбітшілікте және исламда кіргіз, шайтаннан қорғалған және мейрімді болған Алладан разылықта кіргіз… Имам Бағауи “Му’джаму сахаба” тізбек Сахих.

  • 1448 жыл Мухаррам айы құтты болсын!💕

  • 11 июн.303142из bulyugalMaram

    Қарындасым алданба! Бір жігіт былай әңгіме бастайды: “Менің әйелім қыз балаларға арналған мектепте сабақ береді. Мен көлігіммен жұбайымды үнемі жұмысына өзім апаратынмын. Және де өзім көліктен түсіп оған үнемі есік ашып беріп жүрдім. Сөйтсем менің бұл қылығым мектеп ішіндегі мұғалімдер арасында үнемі талқыға түседі екен. Себебі мен әйеліме әр-дайым есік ашып беретінмін. Басқа мұғалімдер оны терезеден немесе даладан көріп қалатын. Мұғалімдер менің жұбайыма: <Не деген романтика, не деген құрмет! Саған шынымен керемет жігіт бұйырыпты. Бізге де осындай азамат болса ғой> деп айтады екен. Сол бір ісіммен сол мектептен тағы екі мұғалімді өзіме екінші және үшінші әйел қылып алып алдым. Негізі менің көлігімнің жанымдағы адам түсетін есік іштен ашылмайтын, оның үстіне терезесіде істемейтін. Сол себепті мен үнемі жұбайыма есік ашуға тура келетін. Бұл сиқырлы есік маған, екінші және үшінші әйел алуға жол ашты. Әр-бір жігітке осындай ізгілікке жол ашатын есік тіледім”. Осындай оқиға естіп шок болғанмын. Айналайын қарындасым ау, әр-бір жылтырағанға көзіңе жақсы болып көрінгенге алдана берме….

  • 8 июн.235131

    Қалтамызда жеңіл болып жүрген телефонымыз қияметте ауыр болып кетпесін! •Ерсін Әміре ұстаз✨

  • 💌 Уақытпен жарысып, қаланың тас жолдарымен асығыс адымдап,алдымыздағы шешілмеген мәселелер мен бітпейтін шаруалардың соңынан жүгіреміз. Осындай сәттерде айналамыздағы әлем бір түсті,бірқалыпты бейнеге айналып кеткендей көрінеді. Содан болар, біз басымызды жоғары көтеріп, көк тіреген асқақ тауларға қарауды,көшедегі сүйкімді бір тіршілік иесіне мейіріммен көз тастауды,тіпті жанымыздағы ең жақын адамның жанарындағы ұшқынды байқамаймыз. Бірақ сәл ғана кідіріп, ойланып көрейікші... Егер ертең көз жанарыңнан айырыласың десе, бүгінгі күнді көргенімізге қалай шүкір етер едік?

  • Айт мерекесін сондай дәрежеде тойлау қажет,ертең әулет болып балалармен жаңа жылды емес айтты асыға күтетіндей🤍🕊️

  • 🕊️✨ Сол бір күні ұясынан ұшқан еді аппақ құс, Үлкен өмірге жаңа қадам,жаңа тұс. Ата-ананың жанындағы еркелік, Әке-үйі ең бір тәтті,көркем түс. Алтын бесік,жылы ұясы қалды артта, Тағдыр жолы алып келді қай жаққа? Нәзік сезім,үміт толы жүрекпен, Қадам басты ақ отауға,ақ баққа. Басындағы ақжаулығы желбіреп, Қимастықтан көздері тұр мөлдіреп. Алтын ұя,туғандармен қошта сып, Жас жүрегі барады әне елжіреп. Арқа сүйер жары — қорған, тірегі, Сол жан десе, лүпілдейді-ау жүрегі. Жарына сеніп, жаңа өмірге жол тартты, Орындалып ең бір тәтті тілегі. Қол ұстасып, болашаққа бет алып, Бір шаңырақ, бір отбасы атанып. Жәннатқа бастар ақ жолменен жұп жазбай, Ғұмыр кешер бірін-бірі ұнатып. Міне жетістік,міне осы бір бақыт! (Түн ортасында шабыттанып жазғаным🫠)

  • Еңбегімнің ақталған жемісі,дұғамның жауабы болғайсың (ان شاء الله)📖🧡

  • 14 мая313112

    Әлеуметтік желімен өмір сүріп жүргенде,шынайы өмірдің мәнін ұмытып жатқандар қаншама…

  • Ғашықтың дертіне бар ма дауа, Керемет сезілер бүгінгі ауа. Жүректің бір беймәлім құбылысы — Раббымның берген ерекше сыйы ма,сірә? Дұғамдағы адамыма ұқсайсың тура, Саған арналған еді қаншама дұға. Қол ұстасып амал етсек ендігіде, Жәннәтқа апарар тура жолда. (Бір жұпқа қарап,шабыт алып жазғаным🫠✨)

  • — Ұстаз,мен кей адамдармен тіл табыса алмайтын секілдімін… —Неге тіл табыса алмайсың? Бәрімен тіл табыса алған дұрыс,Пайғамбарымыз💛 қалай бәріне ашық болған болса,сенде тура солай бәріне ашық болу керексің! #әңгімеден ☕️ •Мақпал ұстаз❤️

  • Түн ішінде🕯️ (Осындай бір сұрақтың жауабын іздеп көрейікші) Бірі үшін махаббат-ол қамқорлық,”сүйемін” деп күнде айту,көңіл бөлу,қуанышы мен қайғысында жанынан табылу. Ал бірі үшін махаббат-қымбат сыйлықтар мен үлкен букеттер. Кейбірі үшін махаббат-қарапайым болғанымен өзгелер байқамайтын,бірақ өзіне ерекше көрінетін дүниелерде жасырулы. Біреулер үшін ер мен әйелдің арасындағы махаббат мін іздеу емес мән іздеу. Тіпті кей жандар үшін сүйіктісінің дұғасында болу. Ал сіз үшін махаббаттың мәні не?

  • Бүгін жол апатынан жақын туысымыз дүниеден өтті,және ол кісінің екі қызы дәл қазіргі таңда жан сақтау бөлімінде жатыр… Қуандықұлы Кенжебай (Ясин оқып дұға етіп жіберсеңіздер) Кенжебайқызы Шолпан Кенжебайқызы Мағауия Амандықтары үшін дұға етіп қойыңыздаршы🫂

  • Саған зияндық еткен адамға,сен зияндық етпе! Міне осы көркем мұсылманның сипаты… •Анашым✨

oilar🤍 — tgindex