tgindex
مسافرة القرآن والعلم🪴

مسافرة القرآن والعلم🪴

Статистика
@oqyiqroРелигияказахский
Последний пост
11 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
2
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
571
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
274
21 постов
Вовлечённость
48,0%
к подписчикам
Постов в день
0,3
всего 21
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
82
1/48двое суток
93
1/72трое суток
101

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Өз кемшілігіңмен жұмыс жасау- ең үлкен міндетіміз…

  • (Уа, Мұхаммед!) Сен (сондай қиын шақта) Алланың рақымының арқасында ғана айналаңдағы адамдарға жұмсақ, биязы бола білдің. Егер дөрекі, тас жүрек болғаныңда, маңайыңдағылардың бәрі сенен безіп, жан-жаққа тарап кетер еді. Ендеше, оларға кешіріммен қара һәм олар үшін кешірім тіле, сондай-ақ олармен әр істе кеңесіп отыр. Егер қандай да бір іске бел бусаң, бір Аллаға тәуекел ет. Шүбәсіз, Алла тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді. Алю ʿИмран (3), ۝ 159

  • Жұбайыңызға бөлген уақытыңыз , көңіліңіз сауапқа айналатын амал. ✨💞

  • Жұбайлық өмірде сезімді, махаббатты арттыратын амал үлкен нәрсе емес, жәй ғана бірге серуендеу секілді кішкентай нәрселер болуы мүмкін. 15 минуттық жұбайыңызбен болған серуен сезімдеріңізді, бір-біріңізге деген жылылықты арттыруы мүмкін. Некеден кейінгі махаббаттың сақталуы әуелі Аллаға дұға етіп сұраумен, сосын екі жақты еңбекпен келетін нәрсе. Ал осы кішкентай амалды сол еңбекке жатқызар едім. ✨

  • Ашу - адамды өзгертпейді. Ашу - адамның шын бейнесін көрсетеді.

  • Жүректерден мейірім, көңілдерден сүйіспеншілік азайып бара жатқан мына кезде шын көңілмен сүйе алу да, сүйікті болу да - үлкен нығмет екен ғой. Ешкім ешкімге алаңдамайтын, жақындарда бір-бірінің кемшілігін іздеп, бір себеп шыға келсе қаралауға дайын тұратын қазіргі күні, бір адам үшін шын көңілмен алаңдап, мейірім көрсете алу да - үлкен нығмет екен ғой. Біздер Раббымыздың бізге беріп жатқан нығметтерін болуы керек болған нәрседей қабылдап үйреніп қалыппыз. Бір сәт тоқтап бәрінің мәніне назар салсақ шүкір ететін нәрсе көп екен… Мына әлем мейірімнен құралған. Ал мейірімнің орны жұдырық жүректе. Ал жүрегіміздің жақындарымызға деген мәуәдда, рохмамен әсемделгені қандай ғажап нәрсе. Кейде жәй ғана мән беру керек. Жаныңдағы серігіңнің сен үшін жасап жатқан істерін байқап ,бағалап үйрену керек. Мен жемесем де сен же, мен кимесем де сен ки, барың бақыт дейтін жақындарымыз бар. Бәрі -бәрі Раббымыздың мейірімінен… Жүрегің елжірейді… Өмір- кемшілік іздеумен өткізуге тым қысқа. Алла ризық етіп берген жақындарымызға қамқорлық көрсетуде сараң болмау керек. Олда үлкен нығмет. Байқап, бағалап үйренейік💞

  • Бала тәрбиесі шынында үлкен нәрсе ғой. Қалай тәрбиелемекпін деп құр оймен бас қатырғанша ізденіп, сол салада оқыған дұрыс болар. Әйтпесе, смартфон, желілер арқылы фитналар кең таралған кезде қорқынышта басым болады. Бірақ, бірінші бәлкім баланы біз емес, Алла тәрбиелейтінін түсіну керекпіз. Әр нәрсеге дайындық керек. Қоғамға, үмметке пайдалы бір тұлғаны тәрбиелеп қосып бересің бе, жоқ бір есерсоқ, не өзіне, не өзгеге пайдасы тимейтін арамтамақты қосып бересің бе, осы жөнінде көп ойланғанымыз дұрыс шығар… Алла тағала салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде баршамызға жәрдем берсін деп тілеймін.

  • Баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға біл. Педагогика📚

  • 9 июл.316184

    Құранды түсіну үшін араб тілін оқығым келеді. Ендеше, маған перде, телефон, сөмке деген сөздерді үйренудің не қажеті бар? -Құран кәрімді түсіну үшін оқылатын жоғары деңгейлі кітапты түсінуіңіз үшін бірінші қарапайым араб тілінде ойлана алуыңыз керексіз. Яғни, сізде алдымен тілдік интуиция қалыптасу керек. Ол интуицияны қалыптастыру үшін қарапайым күнделікті тақырыптарды пайдаланасыз. Көп сөйлесу, тыңдау қажет, сол тілдің адамы секілді сол тілде ойлана алу керексіз. Содан соң басқа деңгейлерге жол ашыла бастайды. Олжас Шаяхмет ұстаз

  • Бүгінгі қоғамда харам үйреншікті нәрсеге айналды. Ал халал қазіргі тілмен айтсақ стрём нәрсеге айналды. Өкінішті, бірақ ақиқаты әрдайым сол қалпында қалады.

  • 8 июл.250126

    Мінсіздікке ұмтылу әйел адамның өмірінде қалай көрініс табады. Мысалы, үйдің бәәәәрін жинап тастайын сосын барып намаз оқимын. Мен баланы ұйықтатып жатып, 15 минут рилс қарап үлгеремін. Бірақ жоспарымдағы кітап оқу ісім арнайы уақыт арнау керек деген оймен тағы да оқылмай қалды. Бірақ рилс, статустар көрілді... Ол жерде птичка бар. Менің кітап сатып алып оқуға ақшам жоқ деп оқымай жүргендер де бар. Пдфтен оқи алмаймын дейді. Жоқ оқи аласыз. Просто шайтан ілім алудан тосатын әдемі ұстаным берді. Үйде бір апта қонақтар болады солар кетсін сосын барып Құран жаттаймын. Жоқ, сіз бір аят болсын жаттай беріңізші. Нәтижесін көресіз. Ағылшын үйрену үшін курс сатып алуым керек. Жоқ, сіз үйде тегін видеоларды, не чат джипитиді пайдаланып үйрене берсеңізші. Дұрыс тамақтану үшін ананы, мынаны сатып алу керек. Жоқ сіз жәй ғана тамақты ұзақ шайнап, тым көп мөлшерде тұтынудан арылыңызшы. Осы баламды дүниеге әкеліп алайын сосын денсаулығымды күтемін дейді де сосын не болса соны жүктілік кезінде тықпалай беру, қалай болса солай ұйықтау, мен жүктімін деп ақтап алу. Т. Б Уақыт аз, бұлай жүре берсеңіз қоғамнан "жақсы адам еді" деп кете барасыз...

  • Умму Фадл( Абдолла ибн Аббастың анасы) баласы “Мурсалат сүресін оқыса көзжасына ерік беріп,өксіп жылауын тоқтата алмай: “Уа, балақай сен бұл сүрені оқуыңмен Алла елшісінің Құран оқығанын есіме түсірдің.Шын мәнінде Алла елшісінің ең соңғы оқығаны осы сүре болатын және ол уақыт ақшам сай уақытына сай түсті”-деген. Имам Бухари хадис номері 763 Молда каналынан

  • 3 июл.272154

    Күйбең тіршілік ішінде жүріп намазды өмірімізде ең соңғы орынға қоюымыз біздің өміріміздің тас талқанын шығаратын ең үлкен қателігіміз. Бірінші мына істі бітіріп алайын, сосын намаз оқимын дейміз де қалай жіберіп алғанымызды білмей де қаламыз. Бірінші намазымды оқып алайын, іс-тірлігім намаздан соң күте тұрар деген приоритетпен өмір сүрсек өміріміз, уақытымыз қандай берекелі болар еді. Шындығында, ешбір істі Алланың жәрдемінсіз жасай алмаймыз. Алладан әр ісімізде, әсіресе, намазымызды ықыласпен, уақытымен оқуда Раббымыздан үлкен жәрдемді сұрау керекпіз…

  • Омар ибн Хаттаб (р.а) аты жүрмей қалса менің қателігімнен,менің күнәмнің кесірінен болар дейтін. Мына ат Аллаһ тағалаға мойынсұнады. Маған жүрмей тұрса демек Аллаһ тағалаға мойынсұнып тұрғаны.(пілдің өзі қағбаға қарсы жүрмей жатып алған ғой) Әйелі айқайласа да үндемей отыратын. Неге шыдап отырсың десе «мені күнадан тыйған осы айел, балаларымды тәрбиелеген осы әйел қалай мен шыдамаймын». қарапайым сұраққа қарапайым жауап, шын мәнінде Алладан қорқуды көздеп тұр. Біз олардан үнемі өзімізді тәрбиелеуді, Аллаһ тағаланың разылығын іздеп тұруды үйренеміз🤍🕊 #дәрістен

  • Білім мен надандықтың арасы бір ғана тоқтау, бір ғана қадам. Сізді бүгін білімнен, Құраннан, кітаптан, зікірден, намаздан бір күн ғана ұзадым ғой дерсіз, шайтан үшін бұл ұлан-асыр той.

  • Кейде сені Раббыңа жақындататын нәрселер саған кесапат хәлінде келеді. Қиналасың, ауырасың, жаныңды жейсің. Ақырында, Аллаға қайтып одан жәрдем сұрайсың. Ал кейде сенің үлдең мен бүлдең сені Раббыңнан алыстатып, сен бақыт екен деп ойлап жүрген нәрселерің сенің нағыз сорыңа айналады. Жүрегің қиналып ауырған хәлдеріңнің бәрі сенің зияныңа емес.

  • Неге адам өзін жайсыз сезінгені үшін, жүрегі жабырқағаны үшін өз-өзін кінәләуі керек?

  • без подписи

  • 22 июн.4382113

    Күйеуге шыққанда жарыңның бай болуы өте маңызды. Ақша,дүние-мүлік емес, мейірім, қамқорлық, адамгершілікке бай болғаны. Дүние келеді, кетеді. Ал мәңгі бірге өмір сүретін адамыңда аталған алтын қасиеттер болмаса қиын.

  • Өміріңнің әр сәтіне, саған берілген кішкентай нығметтеріңе де шүкір етіп өмір сүр. Сол сәттерден ләззәт ал. Өз өміріңнің сүйкімділігін біреудің нығметтеріне қарап жоғалтып алма. Әлеуметтік желі, басқасы басқа, бәрі адамның шүкірсіздігін көбейтіп жатыр. Біреудің бағына қызығамыз деп, өзіміздің басымыздағы алтын-жақұттарымызды көрмей өмір сүріп жатқанымызға қашан. Тіпті, біздің нығметтерімізді армандайтын жандар бар ғой. Жәй, сәттен ләззәт алып үйренші. Адамдар мына нәрсеге жетсем, өз үйім болса, мында барсам шынайы бақытты боламын деп ойлаймыз ғой. Бірақ, әр сәттің тәттілігін сезініп, терең тыныстап, қолыңда қандай бақыттардың тұрғанын сезіп өмір сүргенде шын бақыттымыз. 🤍