Tolib's Notes
СтатистикаӨзіңе пайдалы болған нәрсеге ұмтыл! Анонимді (жасырын) сұрақ қою: t.me/anonaskbot?start=notesoftolib Араб тілінде осында жазамын: https://t.me/raudattullab
- Последний пост
- 11 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Образование (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қазіргі таңда елімізде болсын, шетелде болсын шариғат оқып, білім жинап жүрген жігіттер көп. Олардың да әлсізі бар, мықтысы бар. Енді менің қазір айтатын әңгімем мықтыларына қатысты болайын деп тұр. “Қазір адамдар тегіннің қадірін түсінбейді” деген құрып кеткір стереотипті желеу етіп алғандар көп. Солардың біршамасы шариғат оқыған шәкірт/ұстаздардың арасында да баршылық. Бір кітаптан (ақылы) дәріс бастаймын деп хабарландыру шығарады да, ешкім тіркелмеген соң “қазіргі шәкірттер білімге қызықпайтын боп кеткен” деген сықылды уәж айтып шығады. Сондай кезде “айналайын-ау, олар сенің сабағыңды не үшін сатып алуы керек” деп айтқың келеді. Адам тауар алатын кезде онымен жақсылап танысып алуы керек қой. YouTube-та шариғат оқып жүрген шәкірттерге арналған кітаптардан қазақша дәрістер жоқтың қасы. Неге? Себебі бәрі оқыған нәрсесін ақыға үйреткісі келеді. Қырғыз ағайындарға қарасақ олардың түрлі кітаптан өткен дәрістері толып тұр. Сол тегін дәрістерді көріп, оқыту тәсілін ұнатқан адам өзі-ақ барып сұрап тұрады, тағы ақылы дәрісіңіз болса қатысайын деп. Сондықтан материалистік ойдан арылып, оқып-білгенімізді тегін үйретуге де машықтансақ үлкен пайда болар еді.
Ижаза деген нәрсе тәтті тағам секілді, алдымен тамаққа тойып алып, содан кейін рахаттанып жейтін. Алайда тәттіні бірінші жеп алсаң одан кейін тамаққа тәбетің тартпай қалады, қарның тоқ секілді сезініп қаласың. ©️Шейх Мужир әл-Хатиб (Алла ғұмырын ұзақ етсін) P.s.: ілім жолын енді бастап жатқан шәкірттер ижаза алуға қатты құмартудан сақ болғаны жөн. Ижаза білім деңгейінің көрсеткіші емес. Алдымен барлық пәнді жақсы деңгейде меңгеріп, содан кейін ілімнің, ғалымдардың берекесін алу үшін ижаза алуға ден қойса құптарлық іс болмақ екен.
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
Кітапшамызға келіп жатқан пікірлер легі ⬆️ сіз де алып оқи аласыз 🪴
Біздің бірге жазған алғашқы туындымыз🙂 Бөлісіп, таратып, қолдап кетсеңіздер қуанып қаламыз🫂✨ Кітапты алу үшін https://wa.me/77472824710 осы уатсапқа жазыңыз.
Дінге, діни ғылымдарға реформа жасау керек, тәждид идеясы негізінде бүкіл дін ғылымдарын қайта қарап шығуымыз керек деген түрлі ұрандарды естіп жүрміз. Сырт көзге сүйкімді болып көрінгенімен, ой жүргіртсек ойларының тым үстірт екенін байқауға болады. Сондай ұрандардың бірі — нахву (синтаксис) ілімінде жиі кездесетін: Зәйд Амрды ұрды (ضرب زيد عمرا) дейтін мысалды қашанға дейін қолданбақпыз, заманға сай өзгерту керек деген ұран. Бұны өзгерткеннен не өзгермек?! Мәрфуғ болып жүрген фағил мансуб болып қала ма әлде мансуб болып жүрген мәфғул марфуғ болып қала ма?! Джон жасанды интеллекпен жұмыс істейді деген мысалды шәкірттерге түсіндіру үшін міндетті түрде тәждид/реформа дегендерді қолданып керек емес шығар. Нахву (синтаксис) ілімінің үйренудегі негізгі мақсат — Зәйдтің Амрды ұрғандығы емес, тек сөздердің сөйлемдегі орны. Осыны үйреткеннен кейін жоғарыдағы жалған ұрандарсыз кез-келген мысалдарды келтіре беруге болады. Оның үстіне Имам Санусидің (Алла рақымына алсын): الاعتراض على المثل ليس من دأب المحققين. Мысалдарға сын айту ілім жолындағы табаны нық жандардың әдетінен емес — — деген керемет сөзі бар. Соған сәйкес шәкіртінің болашақта ғалым болуынан үміт еткен ұстаз оған мәселенің өзегін үйретуге тырысуы керек. Ал мысалдар үзіліс арасында сәл де болсын дамылдамаққа айтылар дүниелер.
Хадис ғалымы шейх Мұхаммед Зәкәрия әл-Кәндәһләуи (Алла оны рахымына бөлесін) "Тәрбиятус-сәликин" атты кітабында былай дейді: «Мен ұстаздардың және ізгі жандардың былай деп айтқанын естідім әрі ол нәрсеге өз көзіммен де куә болдым: Ұстаздарды құрметтеп, сыйламаған адам ілімнен мақұрым қалумен жазаланады. Ата-анасын құрметтемеген адам ризықтан мақұрым қалумен жазаланады». https://t.me/usul_ad_din_al_azhar/116
Фиқһқа қызығушы жандарға арналған қысқаша нұсқаулық. Ханафи мазхабының тарихы, имамдары, кітаптары, қағидалары, фиқһ кітаптарда келетін біршама терминдердің түсіндірмесін және тағы басқа фиқһ оқып жүргендерге пайдалы болар дүниелерді баяндаған.
видео или голосовое, без подписи
https://t.me/arabihifz 🇸🇦Араб тілінде сөздік жаттауға арналған парақша. ✅Тіркеліп, пайда ала жүріңіздер.
Шәкірттерге әрі ұстаздарға пайдалы болар насихат. *Қырғызстандық Олжобай Алимбеков ұстаз қазіргі таңдағы мықты ғалым кісілердің бірі, хадис, фиқһ саласының маманы.
https://t.me/abdulaziz_belekov 📖Осы телеграм арнада әр демалыс күндері "бір күнде – бір кітап" жобасы бойынша тегін дәрістер жүреді. Дәрістер азанғы уақытта (шамамен сағат 5:00-5:30-дарда) басталады. 🗓Осы аптада имам әл-Кәсәнидің матуриди ақидасына жазған "әл-муғтамад фил-муғтақад" еңбегі оқылады.
Қазір имам Хаскафидің "әд-дурр әл-мухтар" еңбегін оқытып жатыр. YouTube-та алғашқы бес дәріс бар. Осы апта ғұсыл тақырыбына кірісіп жатыр.
Дәрістер ақылы, бірақ қатты қымбат емес. Бір тіркеліп алсаңыздар, ұстаз көп жомарттық жасайды, кей ақылы дәрістерін тегін беріп жібереді, кейбірін арзандатып жібереді😁
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته 🌙Шариғи ілім алып жүрген шәкірттерге хабарландыру! 📚Усул әл-фиқһ ілімінен "Ифадатуль-әнуар алә усуль әл-мәнар" атты имам Хаскафидің кітабынан дәрістер басталғалы жатыр. 🇰🇬Дәрістер қырғыз тілінде (түсіну аса қатты қиын емес). 👳🏻♂Дәріс беретін – әл-Әзһар университетінің түлегі, шейх Хазим әл-Кәйләни, шейх Махмуд Дахла, шейх Абдуссәләм Шәннар секілді ұстаздардан дәріс алған Абдулазиз Белеков ұстаз. 💎Ұстаз кітаптағы әрбір сөзді аударып, мағынасын шығарып, түсініктеме беріп, керек болса түсініксіз жердің иғробына дейін шығарып береді. 🎁Ұстаздың тегін дәрістерін мына YouTube арнадан көре аласыздар: сілтеме. 📌Дәріске тіркелу үшін: +996 755 730 720
Үздіксіз жұмыс пен еңбек қылмастан уақытты кінәләй беру, адамдар мен жерді жамандау – іштегі әлсіздікті жасырудың нашар талпынысы және төмендіктің белгісі. [Мағалим фи тариқ ал-илм, 27 б.]
https://www.instagram.com/reel/DQXN0eViNZr/?igsh=N25ybDA2YmQ2cDR4 Инстаграмға алғашқы видеомызды салдық. Пайдалы болса қуаныштымыз.
Ілім жолында жүрген бауырымыздың анасына көмек қажет болып жатыр екен. Таратып атсалысып жіберейікші🫂🤍 📌+77479199578