AGROPRESS
Статистика📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы 📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК 📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
- Последний пост
- 13:33
- Последнее чтение
- 16:04
- Постов за неделю
- 96
- Всего постов
- 120
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 51
- 1/48двое суток
- 58
- 1/72трое суток
- 63
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🔹Қазақстанда майлы дақылдардың егіс алқабы 30% ұлғайды 📍Өңірлерде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылы майлы дақылдар 5 млн 179 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен…
🔹Қазақстанда майлы дақылдардың егіс алқабы 30% ұлғайды 📍Өңірлерде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылы майлы дақылдар 5 млн 179 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 30%-ға жоғары. Әсіресе, негізгі майлы дақыл саналатын күнбағыс бойынша елеулі өсім байқалады. Биыл бұл дақыл 2,2 млн гектар жерге егіліп, рекордтық деңгейге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. Осылайша, соңғы бес жылда күнбағыстың егіс алқабы тұрақты өсіп, 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге ұлғайды. Негізінен Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Бұл өңірлер егіс алқаптарының жалпы өсімінің 90%-ын қамтамасыз етті. Басқа да майлы дақылдардың, атап айтқанда, зығыр, рапс және мақсарының егіс көлемі де ұлғайтылды. Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының мәліметінше, егіс алқаптарының ұлғаюына отандық өңдеу кәсіпорындарының майлы шикізатқа деген жоғары сұранысы, сондай-ақ өсімдік майы мен май өнімдерін өткізудің экспорттық нарықтарының кеңеюі себеп болып отыр. Ағымдағы маусымда қазақстандық өсімдік майы мен май өнімдері 23 елге экспортталуда. Осының барлығы, Қазақстандағы өсімдік шаруашылығын әртараптандыру үдерісінің үздіксіз қолға алынып жатқанын және ауыл шаруашылығы саласы өндірісінде аталған дақылдар тобының маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы майлы дақылдарды өңдеу қуаттылығы жылына 5,2 млн тоннадан асады. Оның ішінде 4,4 млн тоннасы күнбағысқа тиесілі. Сонымен қатар 2026–2028 жылдары Қазақстанда жалпы қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан астам майлы дақылды өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа май өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
без подписи
Уважаемые граждане! Если Вам известен факт нарушения требований земельного законодательства Республики Казахстан, просим сообщить об этом. 📌 Важно: для рассмотрения обращения необходимо наличие убедительных оснований и подтверждающих доказательств. Обращение можно направить в территориальный Департамент Комитета по управлению земельными ресурсами по указанным ниже контактам.
без подписи
без подписи
без подписи
🔹Еліміз аумағына 125 текше метр залалданған ағаш материалын кіргізуге жол берілмеді 📍Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында Ресей Федерациясынан залалданған орман өнімдерін әкелу фактілерін анықтады. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жалпы көлемі 125 текше метр болатын қарағайдан жасалған қылқан жапырақты ағаш материалдарын ел аумағына кіргізуге жол бермеді. Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде ағаш материалдарынан карантиндік маңызы бар қауіпті нысан – Monochamus тұқымына жататын қарағай сүрекқоңызының дернәсілдері анықталды. Заң бұзушылық Абай облысының Семей қаласында әрқайсысының көлемі 40 текше метр болатын ағаш материалдары легін қайта тексеру барысында анықталды. Тағы бір жағдай Астана қаласында көлемі 45 текше метр ағаш материалдары легін тексеру кезінде тіркелді. Анықталған барлық факті бойынша зертханалық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде қарағай сүрекқоңызы дернәсілдерінің бар екені расталды. Карантинге жатқызылған өнім иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Материалдар мамандандырылған әкімшілік соттардың қарауына жолданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға карантинге жатқызылған өнімдерді ел аумағына әкелу кезінде карантиндік заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. 🔹Пресечен ввоз 125 кубометров зараженного пиломатериала 📍Территориальными инспекциями КГИ в АПК МСХ РК в ходе карантинного фитосанитарного контроля выявлены факты ввоза зараженной лесопродукции из Российской Федерации. Государственные инспекторы по карантину растений пресекли ввоз трех партий хвойных пиломатериалов из сосны общим объемом 125 кубических метров. При проведении карантинного фитосанитарного контроля в древесине были обнаружены личинки опасного карантинного объекта — черного соснового усача рода Monochamus. Два нарушения выявлены в городе Семей области Абай при проведении вторичного досмотра партий пиломатериалов объемом по 40 кубических метров каждая. Еще один факт зафиксирован в Астане при проверке партии древесины объемом 45 кубических метров. По всем выявленным случаям проведена лабораторная экспертиза, подтвердившая наличие личинок черного соснового усача. В отношении владельцев подкарантинной продукции составлены протоколы об административных правонарушениях по ч. 2 ст. 400 Кодекса РК об административных правонарушениях. Материалы направлены на рассмотрение в специализированные административные суды. Министерство сельского хозяйства напоминает участникам внешнеэкономической деятельности о необходимости соблюдения требований карантинного законодательства при ввозе подкарантинной продукции на территорию страны.
без подписи
#АптаныңАйшықтыОқиғалары #ГлавныеСобытияНедели #Дайджест 🔹Қазақстанның құс етімен қамтамасыз етілуі бес жылда 58%-дан 78%-ға артты 🔸Обеспеченность Казахстана мясом птицы за пять лет выросла с 58% до 78% 🔹Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған…
#АптаныңАйшықтыОқиғалары #ГлавныеСобытияНедели #Дайджест 🔹Қазақстанның құс етімен қамтамасыз етілуі бес жылда 58%-дан 78%-ға артты 🔸Обеспеченность Казахстана мясом птицы за пять лет выросла с 58% до 78% 🔹Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды 🔸Площадь применения влагосберегающих технологий в области Жетісу увеличилась в 4,6 раза 🔹ҰАҒББО ғалымдары мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі 🔸Ученые НАНОЦ разработали технологию производства мраморной баранины 🔹Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 🔸В Кызылординской области будет построен завод по переработке томатов 🔹Мемлекеттік қолдаудың әр теңгесі АӨК-ке 7 теңге қосымша қаржы тартты 🔸Каждый тенге господдержки привлек 7 тенге коммерческого капитала 🔹ЕАЭО елдерінің министрлері Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің озық кәсіпорындарымен танысты 🔸Министры ЕАЭС ознакомились с передовыми предприятиями АПК Казахстана
🔹ЕАЭО елдерінің министрлері Қазақстанның аграрлық ғылымы мен АӨК-тегі заманауи технологияларымен танысты 📍Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы ведомстволарының басшылары қазақстандық аграрлық ғылымның озық әзірлемелерімен, заманауи білім…
🔹ЕАЭО елдерінің министрлері Қазақстанның аграрлық ғылымы мен АӨК-тегі заманауи технологияларымен танысты 📍Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы ведомстволарының басшылары қазақстандық аграрлық ғылымның озық әзірлемелерімен, заманауи білім беру тәсілдерімен және ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялармен танысты. 13 тамызда өткен ЕАЭО-ның Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы аясында делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-қа барды. Іс-шараның негізгі тақырыбы аграрлық ғылым, білім және инновациялар саласындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту және Одақ елдері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту болды. Делегация құрамында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбеков болды. Қонақтарға ҚазҰААЗУ-дың ғылыми және білім беру әлеуеті, аграрлық өндірістің тиімділігі мен технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған шешімдер таныстырылды. «Бүгінде біздің елдеріміздің аграрлық секторының алдында ортақ міндеттер тұр. Олар – еңбек өнімділігін арттыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, цифрландыру және инновацияларды енгізу. Осыған байланысты аграрлық ғылым мен сапалы кадрлар даярлаудың маңызы арта түсуде. ҚазҰААЗУ сияқты алаңдар ғылыми әлеуетті, білім беруді және саланың нақты қажеттіліктерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. Министрлер құрғақ өңірлерде жоғары тиімді ауыл шаруашылығын жүргізу жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық бірлескен зертханасына барды. Сондай-ақ ҰАҒБО ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері ұсынылған көрмені тамашалады. Сапардың маңызды бөлігі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларымен танысу болды. Атап айтқанда, Небраска – Линкольн университетімен бірлесіп құрылған «Extension» және «One Health» орталықтарының қызметі таныстырылды. Олардың жұмысы халықаралық ғылыми әріптестікті дамытуға, озық білім мен технологияларды трансферлеуге, практикаға бағдарланған кадрлар даярлауға және заманауи АӨК-те сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Сапар қорытындысы бойынша тараптар аграрлық ғылым мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, бірлескен зерттеулерді дамытуға, технологиялар мен құзыреттермен алмасуға, сондай-ақ АӨК үшін жаңа буын мамандарын даярлауға мүдделі екенін жеткізді.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи