tgindex
ISLAMIC FINANCE - қазақша

ISLAMIC FINANCE - қазақша

Статистика
@IF_KAZказахский

Анонимді сұрақтар үшін: http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znFLVR 🔹Процент 🔸Кредит 🔹Бизнес 🔸Қарыз 🔹Аренда және т.б.

Последний пост
9 авг.
Последнее чтение
12 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
1 019
+1 за 5 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
673
20 постов
Вовлечённость
66,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
200
1/48двое суток
229
1/72трое суток
247

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 9 авг.226211

    #offtop Құрметті бауырлар! Хафса Абылайханқызының дертіне шипа сұрап дұғаңызға қосып қойыңыздаршы 🤲🏻 Алла разы болсын!

  • 9 июл.504132из Jaisandar

    Қазақстанда шариғат талаптарына сай инвестиция жасауға арналған Tabys Islamic қосымшасы іске қосылды 🇰🇿Teniz Capital мен Ailat бірлесіп Tabys Islamic мобильді қосымшасын таныстырды. Қосымша арқылы инвесторлар шариғат комплайенсінен өткен бағалы қағаздарға инвестиция жасай алады. Қосымшадағы құралдар Ailat скринингі арқылы тексеріледі: 🖊️компанияның қызметі, 🪙табыс құрылымы, 💳қаржылық көрсеткіштері және ислам қаржы қағидаларына сәйкестігі бағаланады. Tabys Pro қолданушылары үшін Halal режимі де сақталады. Қазір бұл бағытта шамамен 1400 инвестициялық құрал қолжетімді. Tabys Islamic 🛍Play Market пен 🌟App Store-да қолжетімді. Инвестиция тәуекелмен байланысты. Шешім қабылдар алдында шарттармен мұқият танысыңыз.

  • 15 мая8161811

    Мақаланы оқу үшін: https://m.krisha.kz/content/news/2026/2026-otbasy-bank-zapustit-besprocentnuyu-islamskuyu-ipoteku

  • Жұма мүбәрак болсын 🤲 Бауырлар, өзімнің «Шариатские Стандарты AAOIFI» кітабымды сатамын. Іші таза, тек ең басы сызылған. 2023ж баспа, қазір 61 стандарт бар. Бағасы: 50.000тг Қазақстанда таптырмас кітап, Ресейден доставка өзі шамамен 15-20.000тг шығады

  • Алла қаласа, келесі аптада менің қатысуыммен алғашқы курс сабағы басталады. 5 модульден тұратын курсқа сіздерді де қатысуға шақырамын 🙂🥳

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • 5 КҮНДЕ АҚШАҢДЫ ХАЛАЛ ЖОЛМЕН ӨСІРУДІ БАСТА ✅ 1-күн: Исламдағы тыйым салынған қаржылық жүйелермен танысып, ақшаңызды харамнан қорғайсыз. 2-күн: Халал акцияларды AAOIFI скрининг арқылы таңдауды үйреніп, алғашқы акцияңызды сатып аласыз. 3-күн: Шариғатқа сай ETF, сукук және исламдық депозит инструменттерімен танысып, практикада брокер арқылы инвестиция жасауды үйренесіз. 4-күн: Дәстүрлі ипотека пен исламдағы ипотеканың айырмашылығын түсінесіз. 5-күн: Зекетті есептеуді үйреніп, брокерлік шоттан зекетті қалай төлеу керек екенін білесіз. 🎁 БОНУСТАР: - “Қаржылық сауаттылықтың алтын ережесі” сабағы; - ⁠”Капиталды есептеу” сабағы; - ⁠ҚЗ халал акциялар тізімі. Қай акциядан бастаймын деп уақыт жоғалтпайсың. - ⁠Зекетті есептеу таблицасы; - ⁠Пайдалы сілтемелер. Қайдан оқу керек, кімді тыңдау керек бәрі дайын (кітаптар, каналдар, мақала және т.б) Төлем жасаңыз: https://pay.kaspi.kz/pay/jwl51qva Чекті келесі номерге жіберіңіз: + 7 771 621 65 31

  • 12 апр.679222из sahwa_ru

    🇦🇫 🏦 Афганистан переходит на исламскую финансовую систему, полностью отказавшись от ссудного процента Исламский эмират Афганистан официально объявил о полном упразднении системы ссудного процента во всех банках страны, завершив тем самым эпоху, сложившуюся в годы американской оккупации, и заменив её комплексной исламской финансовой моделью. Шаг был охарактеризован официальными лицами как исторический. 🏠 Решение распространяется на все государственные и частные банки по всей территории страны в рамках масштабного курса на реструктуризацию банковского сектора в соответствии с нормами шариата. 📣 Глава департамента банковских и финансовых услуг Банка Афганистана доктор Лутфуллах Хайрхва подтвердил, что ссудный процент полностью упразднён во всех коммерческих банках, и заверил, что работа по переводу всех банковских операций на исламскую финансовую систему ведётся ускоренными темпами. @sahwa_ru

  • 7 апр.697361

    Йа Раббым, әлемде қиналып жатқан мұсылман бауырларымызға жеңілдік бер 😢🤲 🏳️🇵🇸

  • 🌙🤲 Рамазан айы мүбәрак болсын

  • АРНАЙЫ ШЕКТЕУЛЕРІ БАР БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ 5️⃣ Азаюшы (убывающая) мушарака Банк пен клиент мушарака бойынша бір ғимарат сатып алды делік. Келісім бойынша клиент белгілі бір мерзім өткен сайын бекітілген сумма бойынша банктің үлесін сатып алуға уәде береді де, банктің үлесі толықтай жойылғаннан кейін ғимарат клиенттің иелігіне өтеді. Бұндай келісімге кейбір ғалымдар рұқсат береді, ал рұқсат бермейтін ғалымдар "банк клиентке сататын кезде бекітілген сумма бойынша емес, сол кездегі нарықтық баға бойынша сатуы қажет" деген көзқарас білдіреді. 6️⃣Кепіл хат (гарантийное письмо)¹ Шариғат бойынша кепіл (поручительство) — қарыз секілді: екеуі де ізгі амал және көмек көрсету ниетімен болуы керек. Қарыз беруші қарыз үшін сыйақы (процент немесе үстемеақы) талап ете алмайтындығы сияқты, кепіл болушы да өз ісі үшін ақы талап ете алмайды. Мысалы: кепіл тарап бір адамның атынан қарыз жауып, кейін сол ісі үшін артығымен ақша алатын болса, осы үстінен тапқан ақша риба болып саналады. Кепіл адамға тек өзі көтерген шығындардың (мысалы: транспорт сияқты) ақысын алуға рұқсат беріледі. Ислам фиқһ академиясының Джиддада өткен Кеңесінің бірінде кепіл хат және материалдық қамтамасыз ету арасындағы айырмашылық жіктелді. Егер материалдық қамтамасыз ету бар болса, екі тарап арасындағы келісім «даман» (кепілдік, жауапкершілік) болып саналады. Ал егер материалдық қамтамасыз ету бар болса, екі тарап арасындағы келісім «уәкәлә» (өкіл адам) болып саналады, ал бұл үшін ақы алуға болады. Бірақ кепіл болған үшін ақы алуға болмайды. Бұл жерде егер түбі ақы алуға болмайтын болса, онда екі түрге жіктеудің қандай қажеттілігі бар деген сұрақ туындауы мүмкін? Банктерге қамтамасыз етілген кепіл хат берген тиімдірек болады, себебі бұл жағдайда банк қаражатты да пайдаланып, қосымша табыс табуына болар еді. Алайда кепіл болғаны үшін ақы алуға болмайтындықтан, банктерге «мудараба» келісімі бойынша қаржыландыру жасаған абзал. Ал кепілдікке келетін болсақ — кепілге ақы алудан мудараба бойынша қаржыландыруға өтуге болады ма? Бұл жердегі ескеретін қарапайым ереже — қандай да бір іске капитал не еңбек араласса, ол жерден алынатын пайда адал болады, ал тек кепіл (даман) болғандығы үшін ақы алу рұқсат емес. ¹ Кепіл хат — қарапайым тілмен айтқанда, келісімді орындайтындығы туралы жазбаша уәде

  • АРНАЙЫ ШЕКТЕУЛЕРІ БАР БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ 3️⃣ Орындауды міндеттейтін уәде Бұл туралы 3 түрлі көзқарас бар: 1. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, бұндай уәдені орындау ұнамды (желательно); 2. Уәдені орындау міндетті, ал орындамау тек негізді себеппен (уважительная причина) болады; 3. Уәдені орындау міндетті, егер екінші тарап оған шығындалған болса (Малики мазхабы бойынша). Қазіргі кезде ғалымдардың мүлдем басқа мәселе бойынша пікірталасы бар: қазіргі кезде уәде ауызша келісімнен гөрі, келісімшарттың бір бөлігі болып кеткендей (яғни уәде ерікті түрде емес, мәжбүрлі болып кеткен секілді). Ислам банктеріндегі қазіргі мурабаха түрі рұқсат емес деген пікір қалыптасқан, себебі (1) банк өз иелігінде жоқ затты сатады; (2) екіжақты уәде мәжбүрлі келісімшарт ретінде жүруі. Дегенмен, бұл пікірге қарсылық білдіретін ғалымдар да бар. 4️⃣ Лизинг (аренда) Бұл жалға алу мерзімі біткеннен кейін мүліктің алу-сату келісімі бойынша жалға алған тарапқа өтуі. Әрине, бұл келісім тек жалға алуға болатын мүліктерге ғана қатысты қолданылады (үй, көлік және т.б.). Қаржылық ұйымдарға да мүлікті бөліп төлеуге сатқаннан гөрі лизинге берген тиімдірек. Себебі бұндай жағдайда мүлік сатушы тараптың иелігінде қалады, ал жалға алу ақысы табыстың тұрақты болуына кепілдік іспеттес. Осылайша, бұл жерде 3 уәде орын алады: (1) жалға берілетін мүлікті сатып алу; (2) мүлікті жалға алу; (3) мүлікті сатып алу. Егер бұл уәделер орындалуы мәжбүрлі болмаса, бұндай келісімге рұқсат. Ал егер мәжбүрлі болса, алдыңғы пункттегі дәлел секілді ғалымдар рұқсат бермейді.

  • АРНАЙЫ ШЕКТЕУЛЕРІ БАР БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ 1️⃣ Банк комиссиясы Банк өз клиенттерінен қарыз бергендігі үшін комиссия ұстап қалады. Бұл беріліп жатқан қарыздың мерзіміне байланысты комиссия болса (яғни мерзім көбірек болған сайын комиссия көлемі де көбейсе), онда бұл комиссия қызметі Шариғат бойынша рұқсат емес. Ал егер бұл комиссия қарыз беру кезінде банктің шынайы шығындарын жабу үшін алынатын болса, онда бұл комиссияға рұқсат¹. Комиссия алуға қарсы экономикалық тұрғыдан бірнеше дәлел бар. Мысалы, комиссия әрдайым кішкентай ғана суммамен өлшенеді, ал банктерге бұл айтарлықтай стимул әкелмейді. Одан бөлек, комиссия ҰБ-ке (Ұлттық Банк) несиелендіруді қадағалауды қиындатады, себебі банктің қарыздан алатын пайда мен комиссияны қосқандағы пайда мөлшері екітүрлі болады. 2️⃣Мурабаха Кейде клиенттер банкке нақты сипаттамасы бар бір товарды сатып алуға өтініш жасайды. Банк болса товарды сатып алуға уәде беріп, клиент сол товарды банктен сатып алуға уәде береді. Кейін банк товарды сатып алып, клиентке қымбатырақ бағаға бөліп төлеуге сатады. Егер банк пен клиент арасындағы келісім екі тараптың бірін міндеттеМЕйтін болса, бұндай келісімге ғалымдар рұқсат береді. ¹ «Постановления и рекомендации совета исламской академии правоведения». Бірақ соның өзінде кейбір ғалымдар бұл жерде риба болуы мүмкін деп ескертеді

  • ЖАҢА ТАРАУ. ИСЛАМИ БАНК 🌐 Банк — салымшылардан ақша тарттырумен айналысып, үшінші тарапқа қарыз берумен айналысатын қаржылық ұйым. Қысқаша айтқанда, салымшылармен қарызгерлердің арасындағы делдал (посредник). Банктің қызметтеріне салымдарды қабылдау, пайыздық қарыз беру, валюта айырбастау, ақша аудару, кепіл болу, сақтау жәшіктерін жалға беру сияқты қызметтер жатады. Ислами банк — Шариғи шектеулерді сақтай отыра банк қызметтерін ұсынатын қаржылық ұйым. Олардың қызметіне мудараба (инвестиция), мурабаха (алып-сату және бөліп төлеу), иджара (жалға беру) және т.б. қызметтер жатады. Шариғи тұрғыдан бірауыздан рұқсат етілген қызмет түрлеріне мудараба және мушарака жатады. Ал келесі бөлімдерде арнайы Шариғи шектеулері бар қызметтерді жеке талдайтын боламыз.

  • ӨЗАРА (ҰЖЫМДЫҚ) САҚТАНДЫРУ 🌐 Бұл сақтандыру алғашқы капиталы жоқ шағын топтарда кездеседі. Егер топтағы бір адам қиын жағдайға тап болса, басқалары ортақ қордан оған көмек береді. Бұндай сақтандырудың ерекшелігі — алаяқтық жағдайының төмен болуы, себебі барлық қатысушылар бір-бірін таниды. Ал кемшілігіне — алда келетін жағдайдың қандай болатынын және қанша қаражат қажет болатыны белгісіз, сондықтан қатысушылардың төлемі (взнос) аз болып қалуы мүмкін. КОММЕРЦИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ 🌐 Бұл сақтандыру (страховая) компаниясының пайда табу мақсатымен сақтандыру қызметін ұсынуы. Сол себепті, компания қатысушылардан белгілі бір тұрақты төлем алып, соның есебінен өз шығындарын және басқа қатысушылардың оқыс оқиғаларын қамтамасыз етеді. Бұндай компания қызметі нақты харамға жатады, себебі салымшылар аз төлем (взнос) жасап, көп төлем (выплата) алуды мақсат етеді. Ал компания ол адаммен ешқандай оқыс оқиға орын алмауын мақсат етеді. САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫ (ШЕШІМІ) 1️⃣ Кейбір ғалымдар барлық сақтандыру түрінен бас тартып, тек Ислами принциптер бойынша қаржыландыруды ұстану қажет деп санайды. Себебі, сақтандыру — риба (салған ақшадан көп алу), майсир (азарт, ставка), ғарар (белгісіздік), әділетсіздік және т.б. кесапаттарды қамтиды. 2️⃣ Басқалары, тек ұжымдық сақтандыруға рұқсат берген, себебі бұны қайырымдылық қор ретінде қарастыруға болады деген. 3️⃣ Ал үшінші топ (заманауи) ғалымдар тіпті коммерциялық сақтандыруға да рұқсат берген. Себебі, бұны ұжымдық сақтандыру ретінде қарап, одан түскен пайданы саудадан түскен пайда секілді қарау қажет деп санайды. Анығын Алла біледі.

  • ӨЗ-ӨЗІН САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ 🌐 Бұл өз-өзін белгісіз оқиғалардан сақтандыруын білдіреді. Яғни, "белгісіз күнге" (жаман мағынада «черный день») арнайы қор ашып, соған қаражат жинауы. Бұндай жағдай тек жеке адамдарға ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындарға да қолданыла алады. Және бұндай қорды жаңадан ашылған кәсіпорынға қарағанда, көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынға ашқан абзал. Себебі жаңадан ашылған кәсіпорынға бұндай қордан гөрі, айналымды (оборот) арттырған дұрыс. Бұндай қор Исламда рұқсат етілген, себебі бұл жерде ешқандай риба және майсир (аз ақша салып, көп ақша алуды көздеу) жүрмейді. ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ 🌐 Сақтандырудың бұл түрі — жұмысшыларды оқыс оқиға, ауруға шалдыққан, еңбекке жарамдылықтан айырылған жағдайларда оларды қамтамасыз етіп, сақтандыру үшін қолданылады. Бұл жерде төлемдерді 3 тарап жасайды: жұмысшы, жұмыс беруші, мемлекет. Бұндай сақтандыру қарапайым сақтандыруға ұқсағандықтан, кейбір ғалымдар бұған рұқсат бермейді. Алайда, бұл жерде мемлекет араласатындықтан бұның нақты статусы әлі де белгісіз (яғни әр жағдай жеке қарастырылуы қажет).

  • ТӘЪМИН (САҚТАНДЫРУ) 🌐 Тәъмин сөзі ағылшын тіліндегі "insurance" яғни сақтандыру (страховка) деген мағынаны білдіреді. Сақтандыру — бір тараптың басқа тарапқа сақтандыру жағдайлары (оқыс немесе келісімде көрсетілген оқиға) орын алған жағдайда төлем беруге міндеттейтін келісім. Оның есесіне, бірінші тарап белгілі мерзім сайын төлем жасап отырады (ал қарымта жағдайда берілетін төлем одан едәуір көп болады). Басқаша айтқанда, сақтандыру — сенімсіздікті сенімділікпен ауыстыру. Сақтандырудың бірнеше түрі бар: 1. Қайырымдылық сақтандыру Бұл — зекет, садақа, қайырымсыз көмек, мирас, уақф, кәфәрат, нәзір және т.б. мүліктерден мұқтаж адамдарға берілетін көмек. Басқа сақтандыру түрлерінің мақсаты — адамға бұрынғы жағдайынан артық төлем жасау болса, қайырымдылық сақтандыруында — мұқтаж адамдарға қажеттіліктерін өтеуге жететіндей ғана қаражат беріледі. Айта кетерлігі, бұл жоғарыда көрсетілген "классикалық сақтандыру" түріне жатпайды, себебі бұл жерде бірінші тараптан мерзім сайынғы төлем жүрмейді.

  • МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ҚҰҚЫҚ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ 🌐 Бұл 2 бөліктен тұрады: 1. Материалдық емес еңбек: Автордың еңбегі тек оған тиесілі және ешкім оны өзіне жазып ала алмайды. 2. Материалдық еңбек: бұл жерде де 2 көзқарас бар: 2.1. Материалдық еңбекке құқықты иемденуді дұрыс емес, себебі оны Құдайдың берген білімі және онымен бөлісу керек. 2.2. Авторлық еңбек үшін ақы алғанда тұрған ештеңе жоқ, себебі бұл авторға қосымша стимул береді деп есептеген. Халықаралық құқыққа сәйкес, авторлық еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 50 жыл ішінде заңмен сақталады. ПАТЕНТ 🌐 Авторлық құқық — ғылыми, әдеби және мәдени еңбектерге қолданылса, патент — өндіріске қатысты қолданылатын құқық. Бұл жерге де авторлық құқыққа қатысты ережелер қолданылады, себебі екеуі де автордың ақыл-ой еңбегіне жатады. БРЕНД 🌐 Брендті — өндірушілерді ажырату үшін, тауарлық белгіні (товарная марка) — тауарларды ажырату үшін қолданады. Ғалымдар брендті де, тауарлық белгіні де сатуға рұқсат берген, алайда тауар сапасын түсіріп алмай, тұтынушыларға өндірушінің ауысқанын ескерту қажет болады. ЖАЛҒА БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ӨТКІЗУ 🌐 Бұл жерде 3 жағдайды қарастырайық: 1. Жалға беруші жалдау ақысына қосымша ақы қосуы; 2. Жалға беру келісімін мерзімінен бұрын аяқтап, арендаторға¹ ақы беруі (досрочное завершение); 3. Жаңа арендатор бұрынғы арендаторға ақы беруі. Үш жағдай да рұқсат етілген келісімге жатады. Алғашқысы — жалдау ақысын көтеру, ал қалғандары — ерікті түрде жалдау құқығынан бас тартқан үшін сыйақы болып есептеледі. ¹ арендатор — жалға алушы