- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 14 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 43
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 28
- 1/48двое суток
- 32
- 1/72трое суток
- 34
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Алламен ант етейін, Аллаға тек оның жәрдемімен ғана жете аламыз. Аллаға бет бұрған адам, ешқашан ұтылмайды. Шейх Насир әлҚатами
Бойдақтарға🤫 Исхақ әл-Қади: «Мені сексен түрлі сөзбен сөксеңдер де, ең ауыр естілгені – “Ей, бойдақ!” деген сөз еді.» Алла Тағала тез арада бойдақтарға үйленуге нәсіп етсін🤲🏻
Құран жаттау жолындағы жолаушы… Құран оқыған кезде, әр аяттан кейін өзіңді ізде. Саған бағытталған және өзіңе қатысты сөзді табасың; Саған пайда беретін, бойыңа рух беретін мағынаны табасың; Жаныңа дауа болатын емді табасың; Өміріңе жол көрсететін нұсқаушы табасың; Уайымыңды сейілтетін бақытты табасың! #Qaribol
«Егер таңды бақытты күйде қарсы алғың келсе, түнде кіммен сөйлесетініңе мән бер.» ©️ Махмуд Дәруіш
Құран жаттау жолындағы жолаушы... Бір сүре миына қонбаса немесе оны жаттауың қиындап кетсе, оны қайталай бер. Қаншама әріп оқығаныңды және әр әріп үшін қанша сауап жазылып, оның еселенетінін сезін. Сонда бойыңда жаңадан жігер мен табандылық пайда болғанын байқайсың. #Qaribol
Құран жаттау жолындағы жолаушы... Көңіліңді бұратын нәрселер, неше түрлі бүліктер қаптаған мына заманда Алланың кітабын жаттаушылардың қатарында қалу үшін жан аямай, бар күшіңді салуың керек. #Qaribol #SAE
Құран жаттау жолындағы жолаушы… Күнделікті Құраннан оқитын бөлігіңді (уирдті) аяқтауда ауырлық сезінсең, жүректі торлаған, оны кірлеткен бір күнә бар екенін біл. Өйткені Осман (р.а.) былай деген: Егер жүректеріміз таза болғанда, Раббымыздың сөзінен ешқашан тоймас едік. #ASE #Qaribol
Жетістікке жеткен кезде өзіңді емес, Алланың жақсылығын көру - осы міне жетістік. #Түнгіойлар #ASE
Құран жаттау жолындағы жолаушы… Көп Құран жаттаушылар — тез жаттаймын, бірақ тез ұмытамын дейді. Құранның ғажайыптарының бірі — оны жаттау оңай, бірақ қайталамаса тез ұмытылады. Бұл оның орнын басқа ештеңе баспасын дегеннен, яғни ол сіздің басты ісіңіз, тұрақты амалыңыз әрі түнде де, күндіз де жан тыныштығыңыз болуы үшін арналған. #ASE #Qaribol
Құран жаттау жолындағы жолаушы… Сіздің ынтаңызды көріп мақтанатын, ал уайымға батқаныңызды көрсе сіз үшін алаңдап, шын ықыласымен дұға жасайтын ұстаздың алдында Құранды жатқа тапсырудың — Құран иелерінен (хафиздерден) қандай ләззат екенін сұраңыздаршы. #ASE #Qaribol
Қазіргі таңда кейбір "оқымыстылар" шариғатта әйелге үй жинау, тамақ пісіру сияқты үй ішіндегі қызметтер міндетті емес деген пікірді насихаттап жүр. Алайда бұл мәселені дұрыс түсіну қажет. Фиқһ кітаптарында қазылық (соттық) тұрғысынан әйелді бұл істерге мәжбүрлеу қарастырылмағаны айтылғанымен, бұл Алла Тағала мен құлдың арасындағы діни міндет емес дегенді білдірмейді. Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы Имам Кәсәни р.а былай дейді: «Егер ер адам әйелін ай сайын белгілі бір ақыға өзіне үй қызметін атқаруға жалдаса, бұл дұрыс болмайды. Себебі үйдің ішкі қызметтерін атқару – әйелдің Алла Тағаланың алдындағы діни міндеті. Өйткені Пайғамбар ﷺ Әли мен Фатиманың (Алла екеуіне де разы болсын) арасындағы жұмыстарды бөліп берген: үйдің ішіндегі жұмыстарды Фатимаға, ал сырттағы жұмыстарды Әлиге жүктеген. Сондықтан міндетті болған іске жалдау дұрыс саналмайды.» (Имам Кәсәни, «Бәдәәи' әс-Сәнәәи'», 4/192). Демек фиқһтағы «қазылық тұрғысынан міндетті емес» деген сөзді «діни тұрғыдан да міндетті емес» деп түсіну дұрыс емес. Бұл екеуі екі бөлек ұғым. Қазылық тұрғысынан – күйеуі әйелін сот арқылы үй шаруасына мәжбүрлей алмайды. Діни тұрғыдан – ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты. Үй ішіндегі қызметтерді атқару – әйелдің Алла алдындағы міндеттерінің бірі, егер маған міндетті емес деп орындамаған жағдайда күнә болады.
Алланың алдында жалғыз кешірім сұрап жылауың — ол нағыз ұяттың белгісі. Алладан қашан да ұялуың — нағыз шынайылықтың белгісі. Алла саған сенің мықты кезінде емес, әлсіз кезінде жақын болады. #Түнгіойлар
Жүрек — аманат. Біреудің жүрегіне алдап кіруге болмайды. Өзіңіз де жоқ нәрсені бар етіп көрсетіп біреудің жүрегіне кіру — харам! Ұстаз Ерсін Әміре
Алла сенен әрдайым мықты болуыңды күтпейді. Алла сенен үнемі үміт үзбеуіңді күтеді. #Түнгіойлар
“Әуелгі ізгілерден жеткен хабарларда келген: “Алла тағала күнде: “Уа, Адам баласы! Маған деген ынсаптылығың (әділдігің) қайда?! Мен сені ұмытпаймын, ал Мені ұмытасың. Сені Өзіме шақырамын, сен болсаң Менен өзгеге иланасың. Мен сенен бүкіл бәлекеттерді кетіремін, сен болсаң күнәларыңмен әлексін. Уа, Адам баласы! Ертең Маған оралған күні сенде қандай үзірің қалды?!” - деп шақырады”- деген; 📚 Ибн Роджаб “Росаил” ✍🏻 Алишер Ақбай
Сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін. (Әз-Зәрият 51) Раббым, Түннің ақырғы бөлігінде намаз оқушылардан бола алмасақ, сәресі уақытында кешірім тілеушілерден қыл!
Ол: - Құранды қолыма алып, бетіндегі шаңын сүрттім де: Сені тастап қойып едім, шаң басыпты. Бірақ шын мәнінде шаң басқаны — менің жүрегім екен.. #Түнгіойлар #ASE
без подписи
Қиянатың бар болса иманың жоқ, Маған десең мың жылдай қыл ғибадат. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
без подписи