tgindex
Asem Ayazalikyzy

Asem Ayazalikyzy

Статистика
@a_abuovaРелигияказахский

ТЕК ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КАНАЛ. ИСЛАМ | КІТАП | РУХАНИ ДАМУ

Последний пост
1 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
175
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
116
20 постов
Вовлечённость
66,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
54
1/48двое суток
61
1/72трое суток
66

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • "Пенде шіркін кез келген мазағыңа төзуі мүмкін, бірақ оны ЖОҚҚА санайтын азабыңа төзе алмайды"-дейді ғалымдар. 📚" Балалықтан даналыққа" кітабынан

  • ​«Бүлдіршінге ертегі оқып беруге уақыт таппаған ата-ана есейген баласына сағаттап мораль оқуға мәжбүр болады. Бірақ ол кезде айтылған ақылы балаға ертегі боп естіледі» деген ащы мысқыл бар. Сондықтан балаға үйрететін құндылықты бес-алты жастан бастау керек. ​6 жас пен 12 жас аралығы — баланың түпсанасы 80 пайызға дейін қалыптасатын уақыт. Бұл кезеңді баланың көкірегін құндылыққа, кеудесін мазмұнға толтыруға берілген мезгіл десе де болады. Оны өткізіп алған адамның өмірін мән мен мазмұнға толтыруы қиынға соғады. Бойы сорайып, сабағы құрауға жақындаған өсімдікке дәруменді қанша сепсең де, нәр алмайтыны сияқты қолын мезгілінен кеш сермеген адамның бір қайнауы кем боп тұрады. 📚 "Балалықтан даналыққа" кітабынан

  • Шынымды айтсам, проблеманың 90 пайызын ата-ана тудырады. Олар балаға дербес болмыс, рухани потенциал, ерікті жаратылыс деп қарамайды. Интеллектісін ұштай берсек, болашақта мол ақша табатын «машинаға» айналады деп ойлайды. Мұндай кесел көзқарас балаға кері әсер етеді. Рухани болмысы бітелген бала бір күні ата-анасының «бас ауруына» айналады. Сондықтан маған баламен емес, ата-анамен жұмыс істеу қиындық туғызды. Редукционистік, детерменистік, нигилистік көзқарастарға ұрынған ересектерге кішкентайлардың рухани қалауы мен даралығын түсіндіруге мәжбүр болдым. ​Егер ата-ана осыны дұрыс түсінсе, біраз проблеманың түйіні демде тарқатылады. Осындай дүниелер бізді кітап жазып, жиған-терген тәжірибемізді ата-анамен бөлісуге итермеледі. 📚"Балалықтан даналыққа" кітабынан

  • 28 мая134121

    Қазір қызым ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Күніне 12-14 сағат ноутбукта отырады. Қаланың ана басына ағылшын курсқа барады,трен. барады Оған қазір менің қолдауым ауадай қажет. 140/140 бал алып, Астанадан бизнес кластан пәтер алып жатқан балалар, көлік алып жатқан балалар олар аспаннан түскен жоқ. Оларға жәй ғана білім алуына ата-анасы жағдай жасады. Мен қызыма абсолютті рекордсмен болуды міндеттемеймін. Өзінің қалаған мамандығына грантпен оқуға түсіп алса, ана көңілі үшін сол да жеткілікті. Бұрыңғы апаларымыз сияқты "ТҰР ЕРТЕҢ СЕН БІР ЖЕРГЕ КЕЛІН БОЛАСЫҢ, АНАНЫ ІСТЕП ҮЙРЕН, МЫНАНЫ ІСТЕП ҮЙРЕН!" немесе "ЕРТЕҢ БАРҒАН ЖЕРІҢНІҢ СОРЫ БОЛАСЫҢ, ҚОЛЫҢНАН ТҮК КЕЛМЕЙ"- деп миын жеп. Байға тиюге дайындағым келмейді. Егер мен солай түртпектей берсем, қызым ешқандай білім ала алмайды. Неге осы біз қазақтар кішкентай кезінен түртпектеп қызды байға тиюге дайындаймыз екенбіз? Оқыған, иманды ақылды қыз кез-келген жерде орнын табадығой! 13-ші шілдеден бері жан таласып грант конкурсқа құжат өткізіп жатсыздар ма? Барлық түлектерге сәттілік!

  • Біз нанның қиқымына дейін, жеп өскен ұрпақпыз. Обал болады деп. Өзіміз көрмеген бүкіл кереметті баламызға көрсеткіміз келема білмеймін. Кешегі соңғы қоңырау не жарыс мынау? Гүл жарыс, түр жарыс. Әле 10 сынып оқитын қызым сендерге қарап 51 роза, 51 пиона деп отыр. Мен күнде мектепке бітіріп жатқан жоқпынғой деп. Осының бәріне ұл-қызына қой, обал болады. Күзде студент боласың сол кезде оның орнына басқа пайдалы зат аласың деп айта алмаған ата-ана жауапты. Бұл зумер ұрпақтың аузынан шыққанын бәрін орындай берсең, не сұрамайды. Бүкетпен ақша әкелу, Айфон сыйлау деген не масқара.

  • Арафа күні құтты болсын! Алла Тағала осы күні тілеген дұға- тілектеріңізді қабыл етсін 🤲🏻

  • «Кейде ойлайсың, асқазан мидан да ақылды ма деп. Өйткені асқазан жаман нәрсені көтермей, қайтара алады. Ал ми болса — кез келген лас ойды, кез келген былықты жұтып қоя береді.» — Шыңғыс Айтматов

  • 28 апр.1256из abylaikenzhaly

    Күндердің бір күні халифа Мә’муннің алдында бір адам өзгенің кемшілігін теріп айтып, оған күйе жағуға кірісті. Сонда Мә’мун оған былай деді: «Сен өзгенің мінін іздей бастаған сәттен-ақ, өзіңнің кемшілікке толы жан екеніңді көрсеттің. Адам көбіне өз бойындағы жамандыққа қарай өзгелерді де жамандайды. Кімнің айыбы көп болса, өзгеге көбірек айып тағады. Ал кімнің айыбы аз болса, өзгені кінәлауы да азаяды». (нафахат рухания)

  • 23 апр.1246из abylaikenzhaly

    – Құлази беремін. Стрессте жүргендеймін. Не істесем болады? – Бос уақытың тым көп сияқты. Бос уақыт <нәпсі. Уақытың босаған сайын я шайтанның, я нәпсінің ермегіне айналасың. Бос болма. Шарх сүресінің 7-аятында келгендей: «Ендеше, бір істі бітірген соң, дереу басқа іске кіріс».

  • Баланың өмірін қиындататын тек ата-ана! Өзінің орындалмай қалған арманын балаға тықпалап, өзі бола алмай қалған мамандық иесі еткісі келеді. Жақсы көрген мамандығын бала өзі үшін оқиды. Жұрттың пікірі сіздің балаңыздың өмірінен маңызды емес. Жұрттың сөзі үшін баласын беделді оқуда оқытқысы келетін ата-аналарды ешқашан түсінбей өтіп кететін шығармын. "Мына мамандықта оқысаң ақшаны көп табасың!"- деген ойы қысқа ата-аналардың кесірінен қаншама бала өзінің қаламаған мамандығында оқып жатыр. Мына нәрсені түсінетін уақыт келді! Сұранысқа ие мамандық болмайды. Сұранысқа ие маман болады! Кез-келген білімді мамандық иесі, өз саласында сұранысқа ие маман бола алады!

  • Ұл-қызым жоғары сынып болған сайын, уайымың көбейеді екен. Бұларды ҰБТ-ға дайындау, мамандық таңдау, ЖОО қарастыру. Мен қазір қай желіге кірейін алдымнан тек универ, ұбт, оқу жайлы жаңалықтар ғана шығады. Ұлттық спорт универінде жасалған жағдайды көріп бір күні балалармен бірге спортшы болғымыз келіп кетеді😅 50 балмен аграрлық универге түсіп уже, бітіріп жатырмыз😅😅 СДУ-ды армандауды қойдық, жатақханасы қымбат екен😅 Арасында шетелге оқуға түсіп кеттік IELTS 8.5 бал жинап 😅 Стамбулдың ең беделді универлерін де бір қарап шықтық. Крч күніміз осылай өтіп жатыр. Ең бастысы аз-аздан үздіксіз дайындықты бастап кеттік. Қазақстанда балалардың оқуынп өте көп мүмкіндік жасалған заманда өмір сүріп жатырмыз Аллаға шүкір. Тек оқысаң болды, тіл үйренемін десеңде, шетелде оқимын десең де, тек оқу керек! Кезінде өзіме жол сілтейтін ешкім болмаған соң ба? "Бұлақ көрсең көзін аш" деп, талапкер көрсем дұрыс бағытқа жол сілтегім келіп тұрады. Қарашы мынадай да мүмкіндіктер бааар, деп.

  • Үндемей құртатын бір ауру бар. Оның аты - "Нығметке үйренісу". Адамның Алла берген жақсылықтарға бой үйреткені соншалықты, оларды игілік деп есептемеу. Күнде таңертең есендікте оянып, тыныш ұйқы берген Алланы еске алмау. Күнде қасында отбасыңды көріп олардың амандығы үлкен бақыт екеніне ой жүгіртпеу. Керек затыңды әдетінше сатып аларда ризық Берушіні еске алмау. Бәрі үйреншікті, қалыпты, солай болып жатуы заңды құбылыс секілді... Ырыздық-несібе үшін Аллаға әрдайым мақтау-мадақ айту оның баянды да, берекелі болуына жол ашады. Әдһам Шарқауи

  • 2 апр.1134из Syrymbek_Adilbulatulu

    Адамдардың көбін ғылым таратуға итермелейтін нәрсе — үстемдік құру ләззаты, соңынан ерушілердің көптігіне қуану, мақтау мен мадаққа марқаю. Ал шайтан оларға мұны әдемілеп көрсетіп: «Сендердің мақсаттарың — Алланың дінін тарату, Мұхаммад пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әкелген шариғатты қорғау» деп сыбырлайды. Сен уағызшының адамдарға насихат айтып, тіпті сұлтандарға ақыл айтқаны үшін Аллаға міндетсінгендей болатынын көресің. Адамдардың оның сөзін қабылдап, оған бет бұрғанына қуанады. Ол өзін: «Дінге көмектескеніме қуанып жүрмін» деп ойлайды. Бірақ егер оның замандастарының бірі одан да әсерлі уағыз айтып, адамдар соған қарай бет бұрып кетсе — бұл оған ауыр тиіп, қапаландырады. Егер шын мәнінде оны дін жетелеген болса, онда Аллаға шүкір етер еді, өйткені Алла бұл маңызды істі басқа біреу арқылы атқартып, оны осы жүктен босатты. 📚Әбу Хамид әл-Ғазали, «Ихия»

  • Кімде-кім Пайғамбарға (ﷺ) ілесуді қаласа, Алланың құлдарының абыройына, тегіне тіл тигізбесін. Егер олар бір-біріне зұлымдық қылмағанда, Алланың сүйікті құлы болатын еді. Бірақ оларда бір бөгет бар. Олар сұраушысы бар қарызға батқан кісі секілді: оларды ешқайда жібермейтін бір кедергі күтіп те тұрады (біреудің ақысын жеген кісі қияметте сауаптарынан айырылып, тіпті біреудің күнәсін арқалауы мүмкін. Кісі ақысын жегені себепті Алланың сүйікті құлы бола алмайды). Біліп қой: егер сен патшаға абырой-беделің бар жақын кісі болсаң, оның құзырында отырғаныңда бір кісі сенен қарызын сұрап келсе, ол арзымайтын аз ақша болса да, қарыздар болғаның үшін патшадан қысылып, өзіңді ыңғайсыз сезінер едің. Ал енді қиямет күні Алланың алдында саған жүз мыңдаған сұраушылар келіп, бірі малын тартып алғаның үшін, енді бірі абыройына, намысына тіл тигізгенің үшін, т.б. жағдайлармен сенен қарызын сұрап келсе, сол кездегі сенің жағдайың қалай болмақ?) "Тажул арус"- кітабынан

  • БІЗДІҢ РАМАЗАНЫМЫЗ.... Маған ең бірінші ораза ұстауды әжем үйреткен. Сол шамамен 6-7 жас кезім болса керек, себебі сағатты білмейтін едім. Әжемнің тәтті талқанын жеу үшін, сол кісімен бірген сәресіге оянып алатынмын. Сосын түс қайта қарным ашып әжемнен сағатты неше болғанын және ауызды нешеде ашатынымды сұрасам, тамақ шәй ішкізетін. Есімде, сонда әжем мені балағой деп ертерек аузымды аштырады-ау, өзі шамалы кештеу ашатын. Бала күнімнен байқайтыным тура ауыз ашар сәтте құстар қатты шулайтын, сірә құстарда ауыз бекітема екен, е бұларда ауыз ашып жатырғой, деп бір қиялдайтынмын. Сол кездегі кісілер сәресіге тек талқан жейдіғой. Әжем Рамазанның оразасы келе жатқаннан тарысын қуырып, оны келімен түйіп талқан жасайтын. Қазіргідей дүкен, базарларда самсып тұрған заттар жоқ. Болсада әжемнің оны ала беруге жағдайы болмады--ау. Бір білетінім әжем сәресіге тек сүтке қарып талқан жейтін. Азын аулақ кәмпит пішнәні бар, ара-тұра қаттама пісіріп қоятын. Ал, ауызашарға ыстық тамақ. Кейде ағам" нішәлда"- деген зат әкеліп беретін. Санаулы құрмасымен осылай ауыз бекітіп, ауыз ашатын. Бұл мен көрген ең қарапайым ораза ұстаушының асы еді. Ал, бүгінгі біздің сәресімізбен ауыз ашқандағы асымыз қандай? Сәресіге міндетті түрде қазы, бөдененің жұмыртқасы, ыстық бір тіске басар. Ал, ауызашарымыз құдалықтың дастарханы. Бүгінгі ауызашарлар тойдан кем емес, сірә. Тамада мен әншілерді шақырса болды. Осылай шығынндалып ауызашар жасау қаншалықты сауап екенін Алла білуші. Бірақ дәл осындай аста-төк дастарханның орнына 10 мұқтаж отбасының бір айлық асын әперуге болатын шығар. Біздің ғасыр даңғазалық пен ысырапшылдықтың алтын ғасыры десекте болады. Әсілі оразаның мақсаты күні бойы аш жүріп, асау нәпсіні тәрбиелеу, кедей-кепшіктің жағдайын түсіну. Құранда Алла тағала оразаны санаулы күндер, деп атап өтті. Бұл Рамазанның оразасы өте тез өте шығатынын меңзеп тұр. Осы санаулы-ақ күндерде адамның жаны тыныштықты қалайды. Алласымен жалғыз қалып, іштегі шерін ақтарып, күнәларына тәубе етіп жан дүниесін тазартқысы келеді. Бірақ біздің Рамазан ана ауызашар мен мына ауызашарға сапырылысып өтіп кетіп жатыр. Күні бойы аш жүрген нәпсіні ауызашарда басқа уақыттан екі есе көп тойдырып аламыз. Сосын тыңқиып не тарауихке не таджуидке шамамыз келмей қалады. Көпшілік адам ораза ұстаушының сауабын алу үшін,ауызын аштырғысы келеді. Бірақ бұған тойдың дастарханын жайып, ұлан-асыр ауызашар беру шарт емес. Жәй ғана ауызашар сәтте үйіне асығып астановкада автобус күтіп тұрған кісілерге құрма мен су таратсаңда сол сауапты аламыз. Базардан саудасын жасап, үйге барып тамақ жасауым керек деген уайыммен автобус күтіп тұрған әйел кісілерге тәттілер таратсақ та сол сауапты аламыз. Сабақтан шыққан студенттерге бауырсақ таратсақ та сол сауапты аламыз. Мен бұны біреуді сынау үшін, не кейбір амалын жоққа шығару үшін жазған жоқпын. Кейде барлық жерге ауызашарға барып үлгермейсің. Сондай сәттерде ауызашар берген кісілерден залға толтырып дастархан жайып едім, көп адам келмеді деп реніштерін естіп жатырмыз. Сондай реніштер болмасын деп, басқа да сауапты амалдардың жолдарын айту мақсатында жаздым. Алла баршамыздың Рамазан айындағы жасаған сауапты амалдарымызды қабыл етсін! Әмин

  • Кеше қонақта болып едік, түнде үйге өте кеш келдік. Сәресіге ұйықтап қалыппыз. Армантай мама сәресіге дым жеген жоқпын, ауыз бекіте берсем болама?-дейдіғой😁 Арманның оразасы қызық өзі, кейде үйден тойып шәй ішіп кетеді да, мектепке барып ораза ұстайды)) Арман қойшы ұстамаяқ қой ораза, басым ауырды дейсің тағы десем. - Кеше 5 сабақ шыдадымғой, сізге 6-шы сабақта ғана звандадымғой -дейді😅

  • Имам Ғазалидің "Ихия илумиддин" кітабында оразаның үш дәрежесі айтылады. Имам Ғазали бұл дәрежелерді фиқһ тұрғыдан емес, діннің 3-ші негізі "Ихсан" тұрғысынан түсіндіреді. Ораза үш дәрежеден тұрады: 1. "Умум ораза". 2. "Хусус ораза". 3." Хусусул хусус ораза" "Умум ораза" дегеніміз – ішіп жеу мен жыныстық қатынастан тыйылу (жалпы халықтың білетін және ұстап жүрген оразасы). "Хусус ораза" дегеніміз – құлағымызды, көзімізді, тілімізді, қолымызды, аяғымызды және бүкіл дене мүшелерімізді күнәлі істерден тыю. "Хусусул хусус ораза" дегеніміз – жүрек оразасы. Бұл ораза- Пайғамбарлардың, Сыддықтардың, Муқаррабиндердің оразасы болып табылады, яғни алдамшы дүниені тәрк етіп, бүкіл жан тәнімізбен Аллаға бет бұру. Алла біздерді "хусус" ораза ұстаушылардан етсін

  • Осы тұста бір жайтты ескеру керек. «Осыдан кейін бала міндетті түрде бақытты өмір сүреді» деу қате. Адам толық қалыптасып, жасалып біткен болмыс емес. Соңғы демі үзілгенше тіршілігі түрлене береді. Неше балаңыз болса, сонша экзистенция көресіз. Бір-біріне ұқсамайды. Біреуіне берген тәрбиені, сол күйінде екіншісіне бере алмайсыз. Әр бала әр тарапта ізденеді. Кімнің қай күні, қай жерге барып тоқтарын ешкім ілкіден айта алмайды. ©️ "Балалықтан даналыққа" кітабынан

  • — Махида университетке өз күшімен түсті ме? – деп сұрадық. Зухра апа қызының сол жылы мектеп бойынша оқуға өз күшімен түскен жалғыз талапкер екенін айтып мәз болды. Жақында факультет деканынан «Алғыс хат» алғанын, ректордың стипендиясына ие болғанын айтып отырды да, қайтадан өмірден көрген қорлығын баяндай жөнелді. Біз әдейі әңгімені қайтақайта Махидаға бұра бердік. Бұл қызы расында мақтануға лайық перзент екен. Ол – шешесінің жалғыз үміті, сүйенері, асыраушысы, қамқоршысы. Ас-ауқатын уақытында беріп, дәрісін ішкізіп, шешесі ұйықтағанша қасында отырады. Төсегін әдейі табалдырықтың қасына салып, түнімен шешесін бағып жатады. Сытыр еткен дыбыс шықса оянып, қасына жетіп барады. Асты-үстіне түседі. Кейде таң атқанша апасының аяқ-қолын уқалап, қасында отырып көз ілмей шығады. Түн ұйқысын төрт бөлетін ананың күйін кешеді. Махиданың қамқорлығын айтқан кезде Зухра апа бұл дүниедегі ең бақытты адамша бал-бұл жайнап шыға келеді. Логотерапия оптимистік бағытты ұстанады. Бірақ бұл мотивациялық психология насихаттайтын соқыр сенімге құрылған оптимизм емес. Ол тығырықтан шығудың жолын іздейді. Жол табу үшін әуелі проблеманың себебіне, негізіне үңіледі. Зухра апаның проблемасы – «гиперрефлексия». Яғни назарының бәрі өзіне бағытталған. Өзіне болғанда да қайғы-қасіретіне байланып қалған. Одан басқа дүниені көзге ілмейді. Зухра апаны тығырықтан шығару үшін дерефлексия әдісін пайдалану қажет. — Зухра апа, тағдырыңыз расында ауыр болған екен. Мұндайды ешкімнің басына бермесін. Өткенді кері қайтарып, басыңызды қайғыдан арашалай алмаймыз. Бірақ бұл ары қарай да осылай тауқымет кешесіз деген сөз емес. Тап қазір өмірдің бақытын сезінуге өзіңізден басқа кедергі көріп тұрған жоқпыз. Мына нәрсеге келісіп алайық. Сіздің азапты тағдырыңыз жайлы әңгімені өз аузыңыздан естіген соңғы адам біз болайық. Енді көрген қорлығыңызды бізден басқа ешкімге айтпаймын деп уәде беріңіз. Екі сағаттан бері тыңдап отырмыз. Бақытсыз балалық шақ, озбыр ата-ана, одан кейінгі берекесіз отбасылық өмір, үш баланың басындағы зарын баяндаған кезіңізде сіз түгілі, біздің жүрегімізге салмақ болды. Еңсеміз езіліп кетті. Мұндай естелік денсаулыққа кері әсер етеді. Бірақ сіз оны тастамай, өмір бойы арқалап жүрсіз. Ал Махида қызыңыз туралы айтқанда бәріміздің көңіл күйіміз жадырап шыға келді. Әсілі, сол қызыңызға Құдайдың көзі түзу. Сіз былай істеңіз. Енді жүрген жеріңізде тек жағымды әңгіме айтыңыз. — Осыны көрші-қолаң мен абысындарым да айтады. Сенің қасыңда отыра алмай қалдық қой. Қашан қарасаң тағдырыңа налып, күйініп, үһілеп отырасың. Бұдан былай айтпашы дейді. — Апа, көрдіңіз бе?! Сіздің проблемаңызды ғылымда гиперрефлексия дейді. Бұл дүниеде жалғыз өзіңіз ғана қарғыс қамытын арқалап жүргендей күйініп отырасыз. Күн сайын аспаннан мың бір бәле жауса да, Құдайдан үміт үзбеңіз. Тағдыр сізге қаншама азап берді, бірақ кім біледі, Махида соның өтемі шығар?! Енді жүрген жеріңізде әңгімеңіз тек Махида болсын. Осы қызды Құдайдың өзі сый ғып бергенін айтып жүріңіз. Көктем келіп, ағаш гүлдер кезде әуелі бір бүршігі ашылып, гүл бүр жарады. Соған қарап қалған бұтақтары да жасыл желекке оранады. Өмірде де солай. Әулеттен бір бала өсіп-өніп, көктеп жетілсе, қалғандары соған қарап бой түзейді. Құдай мазлұмның ақысын жемейді. Махида ертең-ақ оқуын бітіріп, сәтті тұрмыс құрып, ай мен күндей жарқырап шыға келгенде басқалары сол жарық нұрдың айналасына шоғырланады. Сол бақытты күнге жетіп, ғажайып сәтті сезіну үшін деніңіз сау, бауырыңыз бүтін болуы қажет. Зухра апа бас изеп келісіп отырды. Көңілді хәлде қоштастық. Біраз күннен соң Махидадан хат келді: «Аға, алғысымды қалай жеткізерімді білмей тұрмын. Шынымды айтсам, таңғалып жүрмін. Сіздер кеткен соң апам мені ұзақ құшақтады. Бұрын-соңды бұлай иігенін көрмеппін. Сосын бөлмесінен дәрілерін алып шықты да, дәретханаға төгіп тастады. Ең қызығы, сол күні жақсы ұйықтады. Адам бір сұқбаттан осынша өзгереді деп ойламаппын. Түркістанға келгенде қарындасыңыздың үйіне соқпай өтпеңіздер! Махида». ©️"Балалықтан даналыққа" кітабынан

  • ДЕРЕФЛЕКСИЯ 2017 жылы Түркістандағы Халықаралық қазақтүрік университетінің шақыруымен студенттерге лекция оқыдық. Лекция аяқталған соң бір студент қыз жағдайын айтып, көмек сұрады. Алпысты алқымдаған шешесі депрессияға түсіп, ауырып қалған екен. «Уыстап дәрі ішетін болды. Бірақ денсаулығы одан ары нашарлап барады. Жүздесіп, сөйлесіп көріңіздерші», – деп өтінді. Келесі күні түсте үйінде болдық. Апамыздың жағдайы расында қиын екен. Күйзелістен қатты арықтап, көздері шүңірейіп, жағы суалып, құр сүлдері қалыпты. Танысып, мән-жай сұрадық. Әрең сөйлеп отыр. «Мыжып кетті демеңдер, асықпай басынан баяндап берейін», – деді де, бастап кетті: — Өмірде көрмеген қорлығым жоқ. Үйде тоғыз бала болдық. Ең үлкені мен едім. Шешем маған қатал болды. Іні-сіңлілерім бірдеңе бүлдірсе, таяқты мен жеймін. Кейде «Осылар мені асырап алған жоқ па?» деген ойға берілдім. Бір күні көрші ападан сұрадым. Ол кісі: «Балаға дұрыс қарасаңдаршы. Қаршадай балаға неге ұрыса бересіңдер?!» – деп шешеме ескертіп кетті. Шешем: «Үйдің әңгімесін көшеге тасығанның қалай болатынын көрсетейін!» – деп одан бетер сабады. Қойшы әйтеуір, бұл азаптан күйеуге тиіп қана құтылармын деп ойладым. Мектепті бітірген бойда күйеуге шығып кеттім. — Дұрыс болған екен. — Е, балам-ай! Несін айтайын?! «Самарқанда бір апам бар, одан өткен сорақы» дегендей, отбасылық өмірім балалық шағымнан сорақы болып шықты. Күйеуім еркек емес, ез екен. Әйел,бала-шағасына қорған болмақ түгілі, өз басын алып жүре алмайтын бір бейшара еді. Бұл тозаққа да шыдадым. Балашағам үшін ғана өмір сүрдім. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырсам, қалған өмірімнің рақатын осылардан көрермін деп сендім. — Неше балаңыз бар? — Екі ұл, екі қыз. — Құдай бала-шағадан кенде қылмапты. — Солардың рақатын көрсем, қанекей! Құдай оны да көп көрді. Тұңғышым жүргіш қызбен әуейі болды. Онысы бір айдан соң босанды. Артынша ажырасып кетті. Балам елдің өсегіне қалып, күйіктен ішіп кетті. Екінші ұлдан үміт еттім. Көргенді қыз әкелсе екен деп тіледім. Бірақ Құдай тілегімді бермеді. Келін емес, кесапат келді. Екеуі Құдайдың құтты күні ұрсысады. Баламның жүрек талмасы бар еді. Бір күні екеуі үйде оңаша қалған. Тағы да ұрсысып, ұлымның жүрегі ұстап құлапты. Келін қорқып кетіп, киімкешегін жинап, төркініне қашып кетеді. Үйге келсем, балам аулада естүссіз жатыр. Дереу жедел жәрдем шақырдым. Бірақ кешігіп қалдық. «Жарты сағат бұрын шақырғаныңызда өмірін сақтап қалар едік», – деді дәрігер. Осылайша қапыда ұлымнан айырылып қалдым. Екіншісі – тірі өлік, – деп көзіне жас алды. Бұдан кейін қыздарының жағдайын сұрауға дәтіміз бармай, үнсіз қалдық. Ол кісі көзінің жасын сүртті де, әңгімесін жалғады: — Еее, «Ажал жетпей өлмек жоқ» деген рас екен ғой. Не де болса, қыздарым үшін өмір сүрдім. Осылардың маңдайы жарық болса екен деп тіледім. Бірақ олай болмады. Үлкен қызымды бір малшы ауылдың оқымаған жігіті алып қашты. Құдалар нашар боп шықты. Биыл үшінші жыл кетті. Не той жасаған жоқ, не дұрыстап құдалығын өткізбеді. Қызым әліге дейін перзент сүйе алмады. Қызымды олар емдетпесе, өзім емдетейін деп ақша жинап бергем. Сөйтсем, күйеу бала ақшаны тартып алып, мал сатып алыпты. Қызым сол үйдің күңіне айналды. Қатынның жұмысын да, еркектің шаруасын да бір өзі атқарады. Қашан барсаң күйелеш-күйелеш боп жүрген түрін көресің, – деп тоқтаусыз баяндап жатыр. Бірақ бізді таңғалдырғаны екінші қызы туралы ләм-мим деп ауыз ашпады. Ақыры өзіміз сұрадық. — Махида сіздің қызыңыз ба? — Иә, екінші қызым ғой, – деді де, қайтадан өмірден көрген қорлығын баяндай бастады. Осы кезде бір нәрсені байқадық. Зухра апаның көрген қорлық пен тартқан азабына байланып қалғаны сонша, өмірдің жарқын сәттерін аңғармайтын болған. Махиданың мектепте қалай оқығанын сұрадық. Оның оқуы жайлы айтқанда екі беті нұрланып, көзі жайнап, еңсесі көтеріліп шыға келеді. Қазақ-өзбек мектебінде үздік оқушы болғанын, олимпиадада жоғары орын алғанын, мұғалімдердің сүйікті шәкіртіне айналғанын, қоғамдық істерге белсенді қатысқанын айтып бір жадырап қалды. Бірақ бұл көпке созылмады. Сөйлеп отырып, бұрынғы соқпағына қайта түсті. Көрген қорлығын, шеккен тауқыметін жырлай жөнелді. Біз қайтадан: