Айбек, исламтанушы | 🎯
Статистика🎓исламтану ғылымдарының магистрі 🎯 тұлғалық даму эксперті • діни жүйелі білім беремін • ислам призмасымен тұлғалық дамуға көмектесемін✨
- Последний пост
- 20 февр.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
📌 канал бойынша навигация: үстін бассаңыз сол постқа барады:👇🏻 фатиха сүресі аср сүресі кәусәр сүресі Кәфирун сүресі қадір сүресі ықылас сүресі / ықылас сүресінің мағынасы нәс сүресі фәләқ сүресі аят әльКурси құныт дұғасы әттәхият дұғасы субхәнәкә дұғасы рукуғтағы/ сәждедегі дұғалар Роббәнә әтинә дұғасы Аллаһумма салли/Аллаһумма бәрик намаздан кейінгі дұға сәйидул Истиғфар қажет намазы Истихара дұғасы (намазы) керек мағлұматты төмендегі хештегтермен де іздесеңіз болады: #сәһу #дәрет #ғұсыл #тест. #даналықтар #ойымғо #намаз
без подписи
без подписи
Келе жатқан Рамазан құтты болсын!!✨ Сәресі және Ауызашар дұғалары керек болар!!
бұл дін аманат оны кімнен алып жатқаныңызға мән беріңіз!
Көкшетау қаласы, Науан Хазірет мешітіне наиб имам болып қызметке орналастым. Алла жазса, Көкшетау халқына қызмет етсек деген ниетіміз бар. “Энегриямыз болып жатса онлайн контентімізді, сабақтарымызды да жалғастырсақ деген ойдамыз.” Ал Көкшетаудың жамағаты, сіздермен етене байланыста боламыз деп үміттенемін.🤓 Дұға етіп қойыңыздар. 🤲🏻
Көкшетау қаласында тұратын оқырмандарым бар ма екен?
камераны көргенде шошып басқаша сөйлейтін адамдарға қарап ойлайм да... екі иығымызда екі періште жазып отырғанына иман еттікқо, солардан неге сескенбейміз деп...
тредста хиджаптағы қыз биледі деген бе жазба оқып қалдым. хиджапқа келуші қыздар көбейген соң ерсі көрінетін нәрселер де көбейеді. бірақ ол үшін хиджабын сөкпеңіздер.
без подписи
Лайк жинаймын деп, Алланың ашуына ұшырап қалма! Бір видеограф танысым билейтін қыздарды көп түсіреді екен, айтып жатыр: - бұндай контент көп просмотр жинайды деп. 📜 مَنِ التَمَسَ رِضَا النَّاسِ بِسَخَطِ اللَّهِ، سَخِطَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَأَسْخَطَ عَلَيْهِ النَّاسَ «Кім Алланың ашуын туғыза отырып адамдардың разылығын іздесе, Алла оған ашуланады әрі адамдарды да оған ашуландырады.» (хадис) Ия, адамдардың лайктары, вниманиесі - үлкен мотивация. Бірақ бүгін сені қолдаған халық, ертең ұмытады, тіпті сені жек көріп кетуі мүмкін. 📌Лайктың дофамины бір-ақ күнде бітеді, ал Алланың разылығы – мәңгілік. Өз құндылығыңды адамдардың пікірінен емес, Раббыңның алдында өлшеп үйрен. #аятсырлары@aibekadilbek
Құран оқуға уақытым жоқ… Кімді алдап тұрсың?! Телефоныңдағы “экранное время”-ға қарашы! Инстаграм, тикток дегендерге қанша уақыт құрттың? Уақытым жоқ дегенің – Құран өміріңде приоритетті емес екенін білдіреді. Шын мәнінде мәселе уақыттың жоқтығында емес, Құранның құндылығын төмендетіп алғаныңда жатыр. Себебі өміріңдегі маңызды нәрсеге әрқашан уақыт табасың. Ең жақын адамың н/е бастығың хабарласса уақытым жоқ дейсің бе?! Уақыт табиғи табылатын нәрсе емес, приоритетке айналған дүниеге бөлінеді. 🤔Ал енді ойланып көр: Сен Раббыңның саған тікелей жолдаған сөзін кейінге қалдырып, басқа істерді бірінші орынға қойып жүрсің... قُلْ هُوَ نَبَأٌ عَظِيمٌ ﴿٦٧﴾ أَنتُمْ عَنْهُ مُعْرِضُونَ ﴿٦٨﴾ «(Уа, Мұхаммед!) Айт: Бұл — Ұлы хабар. Бірақ сендер одан теріс бұрылып жүрсіңдер!» (Сад сүресі, 67–68-аяттар) ➡️ Алла Құранды «Ұлы хабар» деп сипаттап, одан теріс айналғандарды ескертеді. Құран — екінші орынға ысыра салатын дүние емес. Ол – өмірдің шамшырағы. 📌 Құранға уақыт тапқың келсе: 1. Күніңді Құранмен баста. Оны оқымайынша, басқа істерге кіріспе. 2. Болмаса әр намаз оқығаныңда 1 бет болсын құран оқып қой. 3. 5 минут болса да күнде оқы. Ерінбе. 🕊️ Құраннан алыстау – Алладан алыстау. Құранға түспеген болсаң, әрі күнделікті аз-аздан, тұрақты жолмен құран оқып үйренгің келсе 👉🏻ватсапқа👈🏻 жаз, курсымды жеңілдікпен беремін.
«Instagram-да бәрі бақытты… Ал мен ше?» Басқалардың жарқыраған өмірін көріп, өзімізді бақытсыз сезініп кетеміз. Бірақ біз көріп жүрген өмір — сүзгіден өткен, монтаждалған сәттер ғана. Инстаграмда әдемі өмірін көрсетіп жүргендердің, шынай өмірін білетін адам, оның да неше түрлі проблемамен қиналып жүргеніне куә болады. Сондықтан инстаграмдағы монтаждалған өмірді көріп өзіңе деген бағаңды түсіріп алма. Нағыз бақыт — кадр сыртында, жүректе. Өзіңді өзгелермен салыстырма. Өзіңдегі нығметтерді көре біл! 📖 أَلَا بِذِكْرِ ٱللَّهِ تَطْمَئِنُّ ٱلْقُلُوبُ “Біліңдер! Жүректер Алланы еске алумен ғана тыныштық табады.” (Рағд сүресі, 28-аят) Әрі бақыттың кілт, Алланы еске алуда екенін ұмытпа! #аятсырлары@aibekadilbek
🧠 “Дін менің еркіндігімді шектеп, рамкалардың ішіне кіргізіп тастайтын сияқты…” Еркін болғым келеді, қалағанымды істегім келеді, ешкім шектемесе дейміз. Бірақ бір сәтке ойланып көрші… 🚦Жолда жүру ережелері бар. Неге? Себебі олар қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ешкім шектелгісі келмесе, бәрі қалаған жағына жүрсе не болатынын елестетіп көр… 🕊️ Ал дін – сені құлыптап тастайтын тор емес. Керісінше, ол шынайы еркіндікке жетелейтін жол. Нағыз құлдық – нәпсінің, қоғамның, трендтердің жетегінде жүру. Еркіндік – тек Аллаға бағынып, бос уайымнан, мағынасыздықтан арылу. ﴿يُريدُ اللَّهُ أَن يُخَفِّفَ عَنكُم وَخُلِقَ الإِنسانُ ضَعيفًا﴾ [النساء: 28] “Алла сендердің жүктеріңді (яғни, сендер үшін дінді) жеңілдеткісі келеді. Өйткені адам баласы өте әлсіз болып жаралған (яғни осал тұстары өте көп, сондықтан ол Алланың қолдауынсыз нәпсіге, азғырушы шайтанға өз бетімен төтеп бере алмайды). (4:28) Негізі дінді ұстану оңай… тек шайтан қатты қорқытады.. 💭 Бір сәт ойланып көр: не үшін өмір сүріп жатырсың? Қайда бара жатырсың? Шынайы бақыт пен тыныштық қайда? Комментке бұрын осы ойда болып, бірақ дін ұстанып бастаған соң өміріңіз қалай өзгергенін жазып кетсеңіз.👇🏻 #аятсырлары@aibekadilbek
- ұстаз, менің күнәм көп, Алланың ашуына ұшыраған сияқтымын деп қорқамын...🥲 - Алланың ашуына ұшырасаң сенде ондай сұрақ болмайды.💔 ﴿أُولئِكَ الَّذينَ طَبَعَ اللَّهُ عَلى قُلوبِهِم وَسَمعِهِم وَأَبصارِهِم وَأُولئِكَ هُمُ الغافِلونَ﴾ [النحل: 108] «Міне, солар – Алла олардың жүректері мен есту, көру қабілеттерін мөрлегендер. Олар – (ақиқатты көруден, естуден және түсінуден қалған) нағыз ғапылдар.» (16:108) Бұл аятта Алла Тағала Өзінен бет бұрып, күпірлік пен күнәда қасарысқандардың жүректерін, көру және есту мөрлегенін баяндайды. Олар енді ақиқатқа құлақ аспайды, ақиқатты көрмейді, жүрегі сезбейді. 📌Алланың ашуына ұшыраған адамның күйі осындай болады. Оның жүргі Алланы іздемейді.🥲. Ал егер адам күнәсі үшін уайымдап, Алланың ашуынан қорқып жүрсе — бұл оның жүрегі әлі мөрленбегенінің, Раббысына жақын болғысы келетінінің белгісі. #аятсырлары@aibekadilbek
Неге кәпірлерге байлық беріледі?💰 Қолында билігі мен байлығы бар, бірақ Алланың жолына қарсы шығып жер бетінде азғындықты таратып жүрген адамдар бар. Неге оларға байлық беріледі? 🤔 Ақылға салсаң Алла оларға байлықтан ешнәрсе бермеуі керек сияқты… бірақ: ﴿وَلا يَحسَبَنَّ الَّذينَ كَفَروا أَنَّما نُملي لَهُم خَيرٌ لِأَنفُسِهِم إِنَّما نُملي لَهُم لِيَزدادوا إِثمًا وَلَهُم عَذابٌ مُهينٌ﴾ [آل عمران: 178] Алланың аяттарына күпірлік жасағандар біз оларға беріп жатқан мұрсат(ұзақ өмір мен дүниенің нығметтері) өздеріне хайырлы деп ойламасын. Шынтуайында, Біз оларға одан сайын күнәға бата түссін деп мұрсат берудеміз. Олар үшін(ақыретте өздерін) қор қылатын азап бар. (3:178) 📌Оларға беріліп жатқан нәрселер хайырлы емес,керісінше әлі де күнәларының көбейіп, ақыретте қор болатын азапқа ұшырайды… 😵💫Бұл өте қорқынышты жағдай, адамда дүниелік нығметтер көбейіп менде бәрі жақсы, мен дұрыс жолдамын деп алданып қалады. Бұған қатысты: ниқма, истидраж деген нәрселер бар. Әрі бұл мәселеге қатысты басқа да аяттар бар, егер қызық болса максимум актив көрсетсеңіздер екінші бөлімін шығарамын. #аятсырлары@aibekadilbek
Сен точно Алла разылығы үшін намаз оқып жүрсің ба? Бүгін бір видеограф танысыммен кофейняда шәй ішіп отырып, күтпеген жағдайға тап болыдым.🫨 Жұма ғой 🌙 кәһф сүресін оқу деген есіме түсіп кетіп, сіз құран оқи аласызба дедім? - жоқ, деді. Неше жылдан бері намаз оқисыз десем: - 3 жыл, деді. Шок болып қалдым😵💫, себебі көп исламтанушылармен бірге жүретін еді. Солай әңгіменің жалғасында курсымды бергім келіп ұсынып едім, тастап кететін сияқтымын деді. Сұрақтар қойып қазбалап қарасам, не үшін құран оқу керек екенін білмейді екен. Так вот, түсіндіріп жатырмын: намаздың ішкі 6 парзы бар: тәкбір, қиям(тұру) , қырағат(құран оқу), рукуғ, сәжде және соңғы отырыс. Алла бізге намаздың дұрыс болу шарттарын қойып қойды. Осы парыздардың бірі орындалмаса намаз дұрыс емес. ❌ Намазға ниет еткенде Алла разылығы үшін дейміз, бірақ жылдар бойы құранды қате-қате оқып намаз оқып жүрсек біздің ниетіміз шынайы ниет пе?! 🤔 Қиямет күні намаз оқыдым деп барып, намаздарымыздың бәрі қате болып шықса банкрот болдық қой.🥲 📌Сондықтан сіздерге кеңесім: 1. Егер намаз бастаған болсаңыз, көп ұзатпай құран оқып үйреніңіз, ол өте оңай. Ал, 0-ден бастап құранға түскіңіз келсе, курсымды 20%-дық жеңілдікпен беремін. 👉🏻ватсапқа жазыңыз👈🏻
неге Алла ризықты бәріне бірдей жайып бере салмайды? ﴿وَلَو بَسَطَ اللَّهُ الرِّزقَ لِعِبادِهِ لَبَغَوا فِي الأَرضِ وَلكِن يُنَزِّلُ بِقَدَرٍ ما يَشاءُ إِنَّهُ بِعِبادِهِ خَبيرٌ بَصيرٌ﴾ [الشورى: 27] “Егер Алла құлдарына ризық-несібені үнемі үйіп-төгіп берер болса, онда олар, шүбәсіз, жер бетінде әбден азғындап, озбырлық жасауда шектен шығар еді. Алайда Ол ризықты Өзі қалаған мөлшерде түсіреді. Ол құлдарының жай-күйінен толық хабардар, оларды әрдайым көріп, бақылап тұрады.” (42:27) Алла неге маған бермейді? Неге осы менің-ақ жолым болмайды? 🤔деген сияқты ойлар сізді мазалап жүрсе ойлап қараңыз: 1. Нәпсіңіз байлықты көтере ала ма? Тәкәппарланып, даңдайсып кетпейсіз бе? 2. Ризығыңыз көбейген сайын Алладан алыстап кетпейсіз бе? Ойланыңыз !!! 📌Алла ризықты сізге хайырлы болатын уақытта, хайырлы болатын мөлшерде береді. Ол бәрін біледі, сізге ненің хайырлы екенін сізден жақсы біледі. Дүние қуа бермей, Алланы іздеңіз. Дүние өзі келеді - бас иіп. #аятсырлары@aibekadilbek
“Quran community” деген жоба бастағым келіп жүр. Негізгі мақсаты: құранға енді түскен адамдарға дұрыс оқуға көмектесу және құран оқуды әдетке айналдырып, құран хатымдарын жасау. Идеяны реализовать ету үшін: 1. Құранға енді түскен адамдар; 2. Құран оқуда тәжірибесі бар адамдар керек. Бастарыңызды қосып хайырлы орта жинасам деген ниет бар, неге жасамасқа ?!
без подписи