- Последний пост
- 9 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 70
- 1/48двое суток
- 80
- 1/72трое суток
- 86
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Сонда әр елдің футбол федерациясы футболдың дамуына ФИФА-дан және өзі мүше континенттегі футбол конфедерациясынан ақша алып отырады. Барлық құрлықтардағы федерациялар ФИФА-дан жылына $3-8 млн алса, УЕФА қол астындағы федерациялар оның үстінен қосымша $10-19 млн ақша УЕФА-дан алады. Ал Азия, Африка сынды конфедерациялар ондай ақша бере алмайды. Неге? Өйткені УЕФА қол астындағы футбол: - әлемдегі табысы ең үлкен клубтардың 90%; - әлемдегі топ-футболшылардың 4/5 бөлігі; - Әлем чемпионатына қатысушы футболшылардың 75% (ол африкалық болсын, бразилиялық болсын); - футболға құйылған спонсорлық ақшаның 80%; - футболдағы ақша айналымының 70% – береді. Яғни, тек Еуропадағы футболға жауапты УЕФА табысы жыл сайын орташа есеппен $6-9 млрд болса (және соны 55-елге, клубтарға бөледі), әлемдегі футболға жауапты ФИФА табысы орташа есеппен жылына $0,7-2 млрд. Сондықтан да қажет кезде УЕФА мінез көрсете алады.
ФИФА өз ұсынысын қайтарса да, УЕФА Инфантино соңғы айлардағы іс-әрекеттері кесірінен сенімнен қалғаны, футбол спортын өз мақсатында пайдаланып жатқанын айтып, ендігәрі ондай жағдайлар орын алмауына кепілдік талап етіп, кепілдік бермеген жағдайда ФИФА ұйымдастыратын барлық іс-шараларға бойкот жариялады. Бойкотты УЕФА-ға мүше 55 елдің барлығы қолдады (оның ішінде Қазақстан да бар). Ол деген сөз ФИФА кепілдік бермесе, келесі Әлем Чемпионатына Еуропадағы ешқайсы ел қатыспайды. ФИФА-ға 6 конфедерация және 211 ел мүше болса, УЕФА соның ішіндегі 1 ғана конфедерация және құрамында 55 ел бар. Солай бола тұра жалғыз өзі ФИФА-ға қарсы тұруды шешті.
ФИФА ұйымына 211 ел мен территориялардың футбол федерациялары мүше. Ұйым барлық табысын сол 211 елдегі футболды дамытуға гранттар және өзге де қаржыландыру жолдары арқылы дамытады. АФК да, УЕФА да сонымен айналысады. Иә, УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы сынды жобалардан миллиардтаған табыс табады. Бірақ сол табысты 55 мүше футбол федерациялары арасында бөліп, Еуропадағы футбол дамуына жұмсайды (сол себепті де УЕФА 2021 жылы Суперлигаға рұқсат берген жоқ. Өйткені ол жабық лига және бірінші орында табыс табуға бағытталған жоба болды). УЕФА ФИФА шешіміне “жестко” қарсылық білдірген соң, УЕФА шешіміне Азия мен Солтүстік Америка ұйымдары қосылды. Содан ФИФА өз ұсынысын қайтып алды.
Трамп АҚШ ойыншысына көрсетілген қызыл қағаздың күшін жою үшін ФИФА басшысына шығып, ол ойындағы төрешінің шешімін жоққа шығаруы – футболдағы спорттық бәсекелеске қайшы келеді. Ал Сомали елінен шақыртылып, бірақ АҚШ билігі оны шекарадан өткізбей қоюы және оған ФИФА ешқандай реакция білдірмеуі – дискриминация белгісі. Сол себепті де УЕФА басшылығы ФИФА шешімдерін қатты сынға алып, финалдық ойынға келмеу туралы шешім шығарды. Шілде айының соңында ФИФА басшысы Инфантиноның Әлем Чемпионатының бір бөлігін жеке инвесторларға сату туралы ұсынды. Жеке инвестор ретінде бірден Трамптың күйеу баласының ағайындары компаниясы қарастырылды. Ұсыныс жарияланған күні-ақ УЕФА-ға мүше 55 федерация бас қосып, ФИФА шешіміне қарсы екенін жеткізді. Басты себеп: • Футболды бизнес мақсатында эксплуатация жасау дұрыс емес; • Инфантино саяси және коммерциялық жолға түсіп баруда. Ал ФИФА да, УЕФА да коммерциялық емес ұйымдар. Яғни олар мақсаты табыс табу емес, футбол спортын дамыту.
2026 жылғы футболдан Әлем Чемпионаты финалында Испания мен Аргентина ойнады және құрметті қонақтар қатарында ФИФА президенті, АҚШ, Канада мен Мексика басшыларынан бөлек Испания королі жанұясы және ФИФА қарамағындағы 6 конфедерацияның 5 басшысы болды: • АФК (Азия) • КАФ (Африка) • КОНКАКАФ (С.Америка) • КОНМЕБОЛ (О.Америка) • ОФК (Океания) Жалғыз келмеген ұйым – УЕФА, Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы. Басты себеп – футбол құндылықтарының сақталмауы. Оған Сомали елінен келген төрешіні АҚШ-қа миграциялық шектеулер кесірінен кіргізбей қоюы мен Трамптың ФИФА басшылығы арқылы АҚШ құрамасына артықшылықтар беруін жатқызсақ болады. Түнгі 2-де осыны жазуды жөн көрдім.
Еуропалық Одақтың масштабын түсіну үшін цифралар жазу керек болып тұр. 2025 жылы Қазақстан өзге елдермен $0,14 трлн, ал Ресей $0,69 трлн тең сауда жасады. Ал Еуропалық Одақ: • АҚШ-пен $1,55 трлн • Қытаймен $0,83 трлн • Индиямен $0,14 трлн - сауда жасаған және үшеуі үшін де ең ірі сауда әріптес болып саналады. Жалпы сыртқы сауда бойынша: • Еуропалық Одақ – $9,2 трлн (Ресейден 13 есе артық); • АҚШ – $7,4 трлн • Қытай – $7,2 трлн Әлем елдерінің бір-бірлеріне жасаған инвестицияның $20 трлн Еуропа елдері өзгелерге құйған. Яғни әлемдегі барлық инвестиция ретінде құйылған қаржының 45% Еуропа елдерінікі.
Қазір өте ұзақ мәтін болғалы тұр. 1. Санкция деген не және ол қалай жұмыс жасайды? Неге өзгелер оны ұстанады? Біздің контексттегі санкция – мемлекет өз заңнамасы аясында өзге елмен қарым-қатынасқа шектеу қою. Яғни Еуропалық Одақ былай дейді (жай мысал): - Еуропалық және Еуропалық Одақ территориясында жұмыс жасайтын өзге де компанияларға Ресейге әскери техника сатуға, өзге елдердегі Ресейге әскери техника сататын компаниялармен кез келген жұмыс жасауға тыйым саламыз. Яғни шектеу тек Еуропалық Одақ аясында жұмыс жасайды. Бірақ Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі инвестор, ең ірі экспортер мен импортер екендігін ескерсек (Әлемдегі 151 ел үшін Еуропалық Одақ ең басты сауда әріптес немесе Топ-3 кіреді, мысалы, Қазақстан үшін Еуропалық Одақ басты сауда әріптес), әлемдегі көптеген елдердегі үкіметтер мен компаниялар Ресейге тауар сатар алдында ойланады – "біз үшін Ресейге осы тауарды сатқанымыз жақсы ма, әлде басты сауда әріптесіміз, басты инвестор болып саналатын Еуропалық Одақпен жақсы қарым-қатынас па?". Өйткені Еуропа компаниясы Қазақстанға инвестиция құятын болса, ол Еуропа заңдарын бұзбау үшін Қазақстанда Ресеймен сауда жасамайтын салаларға инвестиция жасайды. Ал инвестиция тартуді көздейтін Қазақстан үкіметі де Еуропа заңдарын тікелей болмаса да, жанама түрде ұстануына тура келеді. 2. Басында жариялаған санкциялар жұмыс жасамаса, неге кейіннен де көптеген санкциялар жинағын жариялай береді? Біте ма санкциялар әлде жоқ па? Жалпы 2022 жылдан бері Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания сынды дамыған елдер өзара ортақ санкция саясатын жүргізетін және әр 3-4 ай сайын толықтырып отыратын. Алайда АҚШ билігіне Трамп келген күннен бастап, яғни 2025 жылдың қаңтары мен 2026 жылдың тамызы аралығында, Еуропалық Одақ 6 жаңа санкциялар жинағын жариялап үлгерсе, АҚШ билігі ешқандай ірі санкциялар жинағын жасамады. Неге санкциялар жинағын жариялай беретіндігін түсіндіру үшін екі мысал келтірейін. Біріншісі – Еуропа: «Еуропада жұмыс жасайтын компанияларға Ресейге әскери техника сатуға және Ресейге әскери техника сататын өзге елдердің компанияларымен жұмыс жасауға тыйым саламыз», – деп 2022 жылы айтса, бір ақылды адамдар техниканы Қырғызстанға сатып, Қырғызстаннан Ресейге сатуы мүмкін. Заң бұзылмады. Бірақ Ресей техника алды. Енді оны жабу үшін Еуропа келесі санкция жариялайды. Оны да айналып өту схемаларын ойлап тапқан соң келесісін жазады. Екінші мысал – Еуропа: «"Ромашка" компаниясы Украинаға қарсы қолданылатын дрондарды жинауға қатысады. Сол себепті Еуропа территориясындағы компанияларға "Ромашка" компаниясымен сауда жасау, ақша аудару және т.б. тыйым саламыз» – десе, "Ромашка" басшылығы компания атауын "Берёза" деп ауыстыра салса, заң бұзылмайды. АҚШ пен Еуропа санкциялары Ресейге жүздеген миллиард долларға тең шығын әкелді және әкелуде. Бірақ Ресей уақыт өте келе оларлы айналып өту жолдарын тауып жатыр. Ал Еуропалық Одақтың 3-4 ай сайын жаңа санкциялар жинағын жариялауы дәл осы жолдарды (уақытша болсын) жабуға бағытталған. Осылайша қуаласпақ ойыны секілді Ресей қаша берсе, Еуропа санкциялары оны қуып жетуге тырысады.
23 шілде күні Еуропалық Одақ 2022 жылдың ақпанынан бергі 21-ші санкциялар жинағы туралы жариялады. Дені дұрыс адамда келесі сұрақтар туындайды: - алғашқы жарияланған санкциялар соғысты тоқтата алмаса, 21-ші жарияланғаны тоқтата ала ма? - соншама 4 жылда бітпейтін не санкциялар жинағы? Неге барлық нәрсеге тыйым сала қоймайды? - Еуропа соншама кім, өзгелерге санкция жариялап, тыйым салатындай? Бүгін осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көремін.
без подписи
без подписи
АҚШ өзінің 250 жылдық мерейтойын тойлау программасында өзге елдер арасынан Франция қатты көзге түседі. Өйткені Франция – Еуропа елдерінің әскери көшбасшысы, Еуропалық Одаш елдері сыртқы саясатында үлкен рөлге ие ел. Онымен қоса, 1775-1783 жылдары АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыста американдықтарға өте үлкен қаржылай және әскери көмек көрсеткен ел де Франция. 1886 жылы АҚШ тәуелсіздігінің 110 жылдығына орай Нью-Йорк қаласына Еркіндік мүсінін сыйлаған да Франция. Осы орайда Трамп әкімшілігі және американдықтарға еуропалықтар мен Францияның АҚШ тәуелсіздігін бірге тойлауы Трансатлантикалық одақтың (АҚШ, Канада және Еуропа елдері) әлі де ортақ құндылықтар біріктіретіндігін көрсеткісі келеді. Сондықтан маусым-шілде айларында Францияның Patrouille de France ұшақтары турне жасауда. Турне АҚШ-тың ірі тарихи қалаларында өтіп, соңы 4 шілде күні Вашингтон қаласында аяқталады.
АҚШ шарықтау шыңы 1991-2020 жылдары өтіп кеткендей. Иә, қазір де АҚШ әлемдегі ең ірі экономика, әскери күш, инновацияға ие және 2100 жылы да АҚШ әлемдегі ең дамыған ел болып қала беру шансы жоғары. Бірақ АҚШ-тың мүмкіндіктері мен Әлемге ықпалы 1991-2020 аралығындағыдай деп айту қиын. Американы одан да күшті ететін басты құралы – әлемдегі көптеген құндылықтары ортақ одақтастары еді. АҚШ одақтастары ортақ экономикасы АҚШ-тан да жоғары. Ал Американың олар арасындағы көшбасшы рөлі Әлемге ықпал етудегі ең үлкен құрал болды. Қажет кезде одақтастарының да күшін жұмылдыра алу қабілеті АҚШ-ты адамзат тарихындағы ең қуатты елге айналдыра алды. Алайда соңғы жылдары АҚШ көбірек одақтастарымен біріктіруші құндылықтарға емес, жеке басын көп ойлап кетті. Бұл алдағы уақытта АҚШ ықпалының азайып, Әлемде көп полярлы жүйе орнауының алғышарты болуы мүмкін.
Бүгін АҚШ өзінің 250 жылдығын тойлауда. 1776 жылы 13 колониядан құралған ел өз заманы үшін үлкен жаңалық болып еді. Өйткені 13 кішігірім колониялар бірігіп, сол кездегі ең қуатты Британ Империясына қарсы тұрып, тәуелсіздікке қол жеткізді. АҚШ тарихын мен бірнеше бөлімге бөліп қарастырар едім: • 1776-1815 – алғашқы жылдары; • 1815-1865 – экспансия; • 1865-1914 – экономикалық және саяси күш жинау кезеңі; • 1914-1945 – Ұлы державаның пайда болуы; • 1945-1991 – Қырғи қабақ соғыс кезеңі; • 1991-2020 – жалғыз Ұлы держава; • Қазіргі кезең – көп-полярлы әлемнің құрылу кезеңіндегі АҚШ.
Жыл басынан бастап Украина Ресейдің ондаған мұнай өңдеуші зауыттарын атқылап, Ресей бюджетіне 1 трлн рубльден астам шығын әкелді. Қазір Ресейдің оңтүстігінде жанармай жетіспеушілігі байқалуда. Ал Ресей бюджетіне келсек, 2026 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Ресей бюджеті табысы шығынынан 3 трлн рубльге аз болуы керек еді, алайда мамыр айы қорытындысы бойынша жыл басынан бергі Ресей табысы шығыннан 5 трлн рубльге аз. Ал алда әлі 7 ай бар. Оның үстіне, бұл Ирандағы жағдай салдарынан қымбаттаған мұнайды ескерген сандар. Ал суретте Халықаралық Петербург Экономикалық Форумы ашылуы кезінде Украина атқылап, өртке оранған мұнай өңдеуші зауыт. Ал оң жақ артқы жағында Еуропадағы ең биік ғимарат тұр (Лахта Центр).
Онымен қоса, 2022 жылы Украина Ресей жерін атқылаудан сескенетін, Еуропа да, АҚШ та өздері берген қаруды Ресей жерінде қолдануға тыйым салатын. Соның өзінде 2022 жылы Украина өз жерінен 650 км жердегі объектіні бомбылайтын. 2026 жылы Украина өзі жасағап шыққан “Фламинго” атты қаруы арқылы 1750 км жердегі объектілерді атқылап жатыр. Еуропа да, АҚШ та ештеңе деп жатқан жоқ. Күні кеше Зеленский Путинге хат жолдап, соғысты тоқтату туралы сұрап еді. Путин соғысты тоқтатуға ерте екенін айтып, ұсынысын қабылдаған жоқ. Осылайша Зеленский әлем елдерін бейбітшілікті қалаушы Украина соғысқыш Ресейге қарсы тұруға көмектесуін тағы да бір рет сұрады.
2025 жылы Ресей ай сайын Украинаның 400-600 кв.км. жерін басып алып отырды. Ал 2026 жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш тым қатты түсіп кетті: Қаңтар – 245 кв.км. Ақпан – 123 кв.км. Наурыз – 23 кв.км. Ал сәуір айынан бастап Украина өз жерін қайтарып, Ресей өз қол астындағы территорияларынан айырыла бастады. Бұл деген сөз – қазір Украина жеңіліп жатқан жоқ, бірақ әлі жеңіп те жатқан жоқ. Соңғы уақыттағы ең басты жаңалық – наурыз айынан бастап 2022 жылдан бері алғаш рет Украина Ресейді көбірек дрон, БПЛА-мен атқылай бастады (Ресей Украинаға ай сайын 6,5-7 мың дронмен атса, Украина Ресейді 7,5-8 мыңмен атады).
без подписи
без подписи
2022 жылы Ресей Украинаға басып кірген сәтте Ресей қол астында Қырым (Крым) және Донецк пен Луганс облыстарының бөліктері болды. Ол территориялар Украина жерінің 7% құрайтын. Соғыс бастала салып 2022 жылдың наурыз айында Ресей 165 мың кв.км. жерді басып, Украинаның 27% бақылауында ұстап отырды. Ол Еуропа үшін ірі елдердің бірі болып саналатын Польша немесе Румыниямен тең жер. Алайда 2022 жылдың соңына қарай Украина өзінің біраз жерін азат етіп, Ресей қол астындағы территория Украинаның 17% жерін құрады. Суреттер: • 2014-2022 • 2022 наурыз • 2026 маусым
Сонымен, Молдова соңғы 30 жылда өзінің “молдавандығынан” бас тартып, “румындандыру” саясатын жүргізуде. Елдің президенті Майя Санду да Дудьке берген сұхбатында Румыния азаматтығы Молдова халқының 1/3 барын айтқан еді (өзінде де Румыния паспорты бар). Өйткені Румыния Молдовадан бай, Еуропалық Одақ пен НАТО мүшесі және халықаларық аренада әрқашан Молдованы қолдап отырады. Қазір Молдовада екі таңдау бар: - тәуелсіздігін сақтай отырып Еуропалық Одаққа мүше болуға әрекет ету; - Румыния құрамына қосылу арқылы Еуропалық Одаққа мүше болу. Румыния ешқашан ашық түрде Молдованы қосып алғысы келетіні жайлы айтпаған. Алайда Молдованы Румыния құрамында көргісі келетіндер қарасы аз емес. Бірақ Приднестровье мен Гагаузия халқы екінші вариантты қолдай қоймас.