tgindex
Бала тәрбиесі - Елжас Ертайұлы

Бала тәрбиесі - Елжас Ертайұлы

Статистика

Елжас Ертайұлының жеке шығармашылығы мен ой-тұжырымдары. Ұсыныстарыңыз бен жеке сұрақтарыңызды жазғыңыз келсе: @yelzhas_yertaiuly

Последний пост
11 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
1 962
−8 за 5 дн.
Сутки
−6
−0,30%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
289
20 постов
Вовлечённость
14,7%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
179
1/48двое суток
205
1/72трое суток
221

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Баланың көңілі — кіршіксіз таза айна сияқты. Оған не көрсетсең, соны қайтарады. Кішкентай кезінен ізгілік пен кітапқа әуес болып өскен бала ешқашан жаман жолға түспейді. 📚 Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат» кітабынан үзінді.

  • Сүйінші! Тағы бір кітабым қырғыз тілінде жарық көрді Бұл қырғызшаға аударылып шыққан төртінші кітабым

  • Үйіңізде менің кітабым бар ма? Егер жоқ болса, өзіңізге бір ғана сұрақ қойыңыз. Бала тәрбиесіне соңғы рет қашан инвестиция жасадыңыз? Киімге ақша жұмсаймыз. Телефонға ақша жұмсаймыз. Ойыншыққа ақша жұмсаймыз. Ал саналы ата-ана болуға көмектесетін білімге ше? Менің әр кітабым — бір мәселені шешу үшін жазылған. Егер бала тәрбиесінде жүйе іздеп жүрсеңіз, кітаптарым сізге жақсы серік бола алады. Қай кітаптан бастау керектігін білмесеңіз, комментарийге «КІТАП» деп жазыңыз. Өзім ұсынамын.

  • Неге кітап жазуды тоқтатпаймын? Кейде менен: «Неге тағы кітап жазып жүрсіз?» деп сұрайды. Себебі семинарыма бәрі келе алмайды. Консультациямды бәрі ала алмайды. Ал кітаптарым болса, жүздеген, мыңдаған үйге кіре алады. Мүмкін мен өмірімде ешқашан кездеспейтін бір ата-ананың өміріне дәл бір сөйлемім әсер етер. Сол үшін жазамын.

  • Бір ана маған осындай хабарлама жазды: «Кітабыңызды оқып болған соң, балам өзгерді деп айта алмаймын. Бірақ, мен өзгердім. Содан кейін балам да өзгере бастады.» Осы хабарламаны бірнеше рет қайта оқыдым. Өйткені дәл осындай хабарламалар мені кітап жазуға шабыттандырады. Мен таңдаған бағыт: “Баланы емес, алдымен ата-ананың көзқарасын өзгерту.”

  • Бала тәрбиесінде ең қымбат қателік қандай екенін білесіз бе? Көпшіліктің ойы: – Ұру; – Айқайлау; – Телефон. Меніңше, ең қымбат қателік: «Әлі кішкентай ғой…» деп тәрбиені кейінге қалдыру. Әр күн — мінез қалыптасатын күн. Әр апта — әдет қалыптасатын апта. Әр ай — болашақтың бір бөлігі. Тәрбие ешқашан ертеңнен басталмайды. Ол бүгіннен басталады. Сіз қалай ойлайсыз? Ата-аналар ең көп қандай қателік жібереді?

  • Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, Қызыңды бөтен үйге қондырма.

  • Балаға телефон алып беру — махаббат емес. Бір ата-ана: «Балама ең қымбат телефонды алып бердім» дейді. Бірақ соңғы рет баласымен қашан 30 минут отырып әңгімелескенін есіне түсіре алмайды. Балаға қымбат телефон керек емес. Балаға ата-анасының уақыты керек. Телефон уақыттың орнын ешқашан баса алмайды. Келіспесеңіз де болады. Бірақ ойлануға тұрарлық. Сіз қалай ойлайсыз?

  • Бұзық бала болмайды, сезімге сусындамаған бала болады. Баланың бұзықтығына ашумен жауап беру өртті бензинмен өшіргенмен тең. Қырсығып тұрған сәтте оны ұрсып, жазалағанша, жанына барып құшақтаңыз да: "Мен сені жақсы көремін, не болды?" деп жаймен сұраңыз. Сонда баланың бойындағы бүкіл ашу-ыза бір-ақ сәтте еріп кетеді.

  • Бір ана жылап хабарласты… — Ағай, мен баламнан айырылып бара жатқан сияқтымын… Дауысы дірілдеп тұрды. Әңгімесін былай жалғастырды: Ұлы 13 жаста екен. Бұрын әңгімешіл, кітап оқитын, далада достарымен ойнайтын бала болыпты. Соңғы екі жылда қолынан телефон түспейтін болған. Таңертең көзін аша сала телефон. Тамақ ішіп отырып телефон. Сабақ оқимын деп бөлмесіне кірсе де телефон. Түнде бәрі ұйықтаған соң да телефон. Анасы алғашында мән бермепті. «Заман талабы ғой» деп ойлаған. Бірақ уақыт өте келе баласы өзгере бастапты. Ашушаң болған. Үйдегілермен сөйлеспейтін болған. Бағалары төмендей бастаған. Кітапқа қызығушылығы жоғалған. Тіпті бір күні анасы телефонды уақытша алып қойған кезде: — Маған бәрібір! Ешкімді жақсы көрмеймін! — деп айқайлапты. Сол күні ана жүрегі қатты ауырғанын айтты. — Мен оны тоғыз ай көтердім. Түн ұйқымды төрт бөліп өсірдім. Ал қазір өз баламмен сөйлесе алмаймын. Мен баламды жоғалтып алғандаймын… — деп жылады. Мен үнсіз тыңдап отырдым. Шындығында, мәселе телефонда ғана емес еді. Мәселе — баланың жүрегін телефон жаулап алғанында. Телефон оның уақытын ғана емес, эмоциясын, қызығушылығын, назарын, тіпті отбасыдан алатын қуанышын да өзіне тартып алған еді. Ең өкініштісі — мұндай жағдай жалғыз бұл отбасында емес. Күн сайын осындай мәселемен ата-аналар хабарласып жатады. Балаңыздың қолындағы телефонға емес, оның жүрегіне кім иелік етіп жатқанын бақылаңыз. Өйткені бүгін байқалмаған мәселе, ертең үлкен қиындыққа айналуы мүмкін. Бұл мәселе көптеген отбасында бар…

  • 📱 ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІ БАЛАНЫҢ 5 БЕЛГІСІ 😡 Ашулану 😴 Ұйқы бұзылуы 🧠 Зейіннің төмендеуі 📚 Сабаққа қызықпау ❌ Кітап оқымау Балаңызда осы белгілер бар ма?

  • Баладағы ар-ождан дұрыс пен бұрысты ажырата алуға көмектессе, ерік-жігер сол екеуінің ішінен дұрысын таңдауға көмектеседі. (c) Елжас Ертайұлы

  • "ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ" атты ОНЛАЙН КУРС: Қысқаша ақпарат: 👨‍👩‍👧‍👦 Онлайн курс қазақ тілінде өтеді; 👨‍👩‍👧‍👦 Ұзақтығы 13 сабақ. 📌 Курстың мазмұны: 1-сабақ: Сезімді басқарудың маңызы. 2-сабақ: Сезімді басқаруға кедергілер. 3-сабақ: Сезіне алу қабілеті - рухани нәзіктік. 4-сабақ: Талғампаздық пен әсемдік. 5-сабақ: Физикалық аура. 6-сабақ: Ментальді және сезімтал аура. 7-сабақ: Ұялу сезімі. 8-сабақ: Қорғану рефлексін қалыптастыру; 9-сабақ: Әлеуметтік дағды қалыптастыру; 10-сабақ: Зорлық көрген баланың белгілері 1. 11-сабақ: Зорлық көрген баланың белгілері 2. 12-сабақ: Педофилді қалай танимыз? Белгілері мен сипаты. 13-сабақ: Жыныстық сауаттандыру. Есейген ұл мен қызға қалай айтамыз? 👨‍👩‍👧‍👦 Сабақ арнайы платформада өтеді. 👨‍👩‍👧‍👦 Сабақтарымыз 6 ай сақталады. ✔️ Онлайн курстың толық бағасы: 20 000 Төлем үшін сілтеме: https://pay.kaspi.kz/pay/wq63wzou Чек жіберу: http://wa.me/77072828380 Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін бірге қадам жасайық!

  • Үйіңе қабақ шытып, ызаланып кірмей тұрып, сыртта бір сәт кідір. Іште сенің амандығыңды тілеп, көзі жәудіреп отырған балаң мен жарыңның бар екені — Жаратқанның саған берген ең ұлы ризығы. Сол бақытты үнсіздікпен, құрметпен және жылылықпен қорғай біл.

  • Бала әрекеттері арқылы үлкендерді шаршатады, қосымша жұмыс тауып береді, кейде жүйкені жұқартады... Бірақ балаңыз ұйықтап жатқанда үстіне жамылғысын жауып, маңдайынан бір иіскегенде, барлық қиыншылықты ұмытасыз, бақыттың не екенін сезесіз.

  • без подписи

  • Қалыптасып үлгермей толық бала, Бұзылғанын отырмыз көріп қана. Өйткені, оған тәрбие беріп жатыр, Үйдегі ТЕЛЕ-ПАПА, КОМП-МАМА. (с) Мейіржан Әлібек

  • Пайдалы жобаға ақша құйып, ақшасын 30% -ға көбейткісі келетін инвестор іздеп жүрмін. П.С.1: Мені эксперт ретінде танитын және маған сенетін адамдар ғана жазсын. П.С.2: Қажетті сома 2,8 млн ₸, бұл ұсыныс осы көлемде ақшасын инвестицияға құя алатын жандарға. Қызық болса жазыңыз: http://wa.me/77072828380

  • Балаңыздың бақытты, психологиясы сау болып өскенін қаласаңыз, оған әлемнің байлығын алып берудің қажеті жоқ. Тек кешке үйге күлімдеп кіріп, оның анасын қуантыңыз. Бала үшін бұдан асқан жұмақ жоқ

  • Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу.