KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
СтатистикаМиссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру! Kitapal дүкені ресми парақшасы 📚Кітапқа тапсырыс беру үшін: 🔸сайт www.kitapal.kz 🔹уатсап 8-777-572-22-33
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 470
- 1/48двое суток
- 538
- 1/72трое суток
- 580
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Адам қиындыққа тап келгенде тіліне оралатын жырлар болады. Ол оны не үшін қайталап отырғанын бастапқыда түсінбейді. Сөйтсе осы кедергіден алып шығатын күш беретін өлең жолдары екен. Ол әдетте батырлар жырынан бір шумақ, халық ауыз әдебиетінен бір нақыл сөз болады. Санаңда қайталанып кетпей қояды. Соны қайталай отырып, бойыңда кенеттен дүлей күш пайда болады. Сені ешкім алған бетіңнен қайтара алмайды. Ойға алған межеге дейін тоқтамайсың. "Қызыл жебе" кітабындағы Рысқұлдың: Күніне мың бір бәле көрсең-дағы, Сонда да күдер үзбе бір Алладан" - деп жиі-жиі қайталап тұратыны секілді. Соның бәріне рақметті бала кезіңде сол жырды жаттатқан ата-анаңа, әжеңе, ұстазыңа айтуың керек. Жас кезде жаттаған жырлар тасқа жазғанмен тең – өшпейді. Батырлар жыры 1-том Батырлар жыры 2-том Батырлар туралы ертегілер Батырлық ертегілер (Атамұра баспасы) Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Зайырлылық - Ислам дінін қаралау, күйе жағу, тынысын тарылту емес. Зайырлылық - әркім өз сенімін еркін ұстануы. Біреуді мәжбүрлеп сендіру, дінге кіргізу, өзін жақсы қылып көрсету үшін өзгелерді жамандау - бұл зайырлылыққа жатпайды. Тіпті сау ақылға да жат. Қандай адам болсын көркем мінезімен ғана басқаға үлгі бола алады. Сөзден гөрі істің әсері әлдеқайда зор. Өзің қандай сенімді ұстансаң да, бөтен біреудің сеніміне тіл тигізбе. Сонымен қатар, бөтен біреудің дінге тіл тигізуіне де жол берме. Адам - білмейтін нәрсесінің жауы. Әлеуметтік желідегі сансыз ақпаратқа еріп кетпеу үшін пайғамбар өмірбаянын өзіңіз оқып, танысыңыз. Тамыз айының 24-інен 25-іне қараған түн - Мәуліт мерекесі келе жатыр. Яғни, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын!) дүниеге рақым боп жіберілген түн. Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Қажетсіз, өткінші, күнәлі ләззаттардың ақырында ауырсыну мен өкіну болады. Ләззат өткінші, уақытша болғаны үшін де өкіндіреді. Көзіңді бөтен адамдарға қараудан тыймасаң, артынан төрт өкініш келеді: 1) Сен ол адамға үйленіп кете алмайсың. Көшеден әр қараған адамыңа үйлене бермейсің ғой. Иеленгің келеді, қосылғың келеді, бірақ істей алмайсың. Өкінесің. Ал жаның, көзің тоймайды. 2) Ол сұлу саған емес, басқа адамға бұйырады. Сұлуға қолың жетпеген соң, басқа біреудікі болатынын ойлап, тағы өкінесің. 3) Сұлу адамға көз алмай ұзақ қарағандықтан, санаңда оның бейнесі 4К форматта, яғни өте сапалы боп сақталады. Көлбеңдеп кетпей қояды. Ұмытайын десең, суреті көз алдыңда ілулі тұрады. Қолың жетпеген сұлудың өкінішін ұмытып құтылайын десең, бейнесі әбден жақсы сақталып қалған. Алғаш көзің түскенде бірден тайдырып әкеткеніңде, бұлай болмас еді. Бұлыңғыр сурет заматта өшіп кетер еді. 4) Артынан арыңмен жеке қалғанда, жаңа жасағаның күнә екенін сезінгенде: "Қап! Бекер жасадым. Көзімнің нұры, жүрегімнің шуағы кетті, қара мөр басылды" деп тағы өкінесің. Құран оқып, иманыңды күшейте ғой. Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Кітаптан үзінді: 1. Білу, бірақ істемеу – білмегенмен бірдей. Істей алу, бірақ істемеу – істей алмаумен тең. 2. Оқиғалардың бізге қалай әсер ететінін өзіміз анықтаймыз. 3. Адамдар әлемді қандай болса, сол күйінде көрмейді. Адамның өзі қандай, әлемді де солай көреді. 4. Өзіңе салынған инвестициядан артық ештеңе жоқ. 5. Жыныңа тиетін нәрсе мен оған біздің реакциямыздың арасында адамның таңдау еркіндігі жатыр. 6. Адамға бөтен біреудің өз азабын жеңіп, қиын жағдайларды еңсергенін көруден артық күшті әсер қалдыратын нәрсе жоқ. 7. Бізге жанымызды ауыртатын нәрсе – оқиғаның өзі емес, сол оқиғаға деген көзқарасымыз. 8. Ауылда жұмыс істегенде алдауға орын жоқ. Көктемде егін екпей, жаз бойы босқа уақыт өткізіп, күзде мол өнім күту мүмкін бе? Ауыл шаруашылығы – жалғандыққа жол бермейтін табиғи заңдылықтарға негізделген жүйе. 9. Альберт Эйнштейн былай деген: «Біз алдымыздан шыққан проблеманы – оны тудырған ойлау деңгейімізбен шеше алмаймыз». Кітаптың қазақша, орысшасы бар. Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Адам өзінің болашағы қандай болатынын араласатын ортасы арқылы болжай алады. Егер алдағы бес жыл бойы: - дамымайтын адамдармен аралассаң; - Жетілдіретін кітаптарды оқымасаң; - Күн сайын тредс оқып, рилс қарап, тиктоктағы видеоларды көрсең; - Жаңа қабілет үйренбесең (тіл, мамандық); - Зияны көп сусын мен тағамдарды жеуді жалғастыра берсең; Онда қазіргіден айырмаң шамалы болады. Тіпті одан бетер құлдырап кететініңе күмән жоқ. Пайдалы кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Біз, ескілер сахабаларды көрдік. Олар ғибадатты намаз бен оразада емес, адамдарды жамандамаудан және оларға тіл тигізуден аулақ болудан іздейтін. Пайдалы кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Байлықтың жоғары түрі – бос уақыт Кітап оқуға уақыт жоқ... Намаз оқуға уақыт жоқ... Саяхатқа уақыт жоқ... Туысқандарға кіріп-шығуға уақыт жоқ... Құран жаттауға уақыт жоқ... Білім алуға уақыт жоқ... Спортпен айналысуға уақыт жоқ... Тіл үйренуге уақыт жоқ... Байлардың бос уақыты жоқ. Әр бизнесін күн сайын бақылау, есеп алу, проблема шешу керек. Сөйтіп жүріп отбасына уақытын бөле алмайды. Ал өмір сырғып жүре береді, тоқтамайды. Соңында қолыңда байлығың бар, бірақ отбасыңмен бақытты сәттер жоқ. Байлар демей-ақ, қарапайым адамның да уақыты жоқ бүгінде. Мұрны қанап жұмыс істеп жатқан жоқ, бірақ уақыт жетпейді. Неге? Өйткені телефон, интернет, ойын-сауық біртіндеп өмірімізді ұрлап жатыр. Уақытыңды жүйелей алсаң, күніңді жоспарлай алсаң ғана бос уақыт пайда болады. Ондай уақытты өмірлік маңызы бар істерге арнай аласың. Уақыт бәріне бірдей 24 сағаттан берілген. Біреуге көп беріліп жатқан жоқ. Соны дұрыс өткізу тек өз қолыңда. Сырттан біреу келіп реттеп бермейді. Өз өміріңе жауапты өзіңсің. Жүре берсең, жүре бересің. Бір сәт тоқтап, отырып ойлану керек. Күніңді қалай өткізіп жүргеніңнен есеп алу керек. Тредс, тикток, рилз қарауға қанша уақытың кеткенін есепте. Экранное время аптасына қанша екен??? Пайдалы кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
МЕН ҚАНДАЙ КҮНӘЛАРЫМДЫ ҚАЛЫПТЫ НӘРСЕ ДЕП ҚАБЫЛДАП КЕТТІМ? «Онсыз да бүкіл қоғам ашық-шашық киінеді ғой, оған бәрі қарай береді» деп, сіз де көзіңізді харамға салсаңыз, оның күнә екенін жоймайды. «Жеке ойым. Не айтсам да өзім білем. Керек десең, мен оның бетіне де дәл осылай айта аламын» деп, біреуді сыртынан сөз етсеңіз, оның ғайбат, яғни күнә екенін жоймайды. «Біртүрлі барғым келмей қалды. Бас тарта саламын-ау» деп, барам деп сөз беріп қойған жерге бармай қалсаңыз, оны дәл уақыты жағындағанда айтсаңыз немесе ескертпесеңіз, шақырған адамның ақысына кірген боласыз. «Мен бармай қалғаннан ештеңе өзгермейді» деу оның күнә екенін жоймайды. Ең қауіпті күнә – адамның күнәні күнә деп сезбеуі. Жүректі күнәнің дағынан тазалау, тәубе ету туралы «Жүрек сырлары» кітабынан оқи аласыз. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Мақсатыңды биік қой Адамдардан, әсіресе, дипломды енді алған жастардан «ары қарай не істейсің?» деп сұрасаң, олар «білмеймін; көреміз алда не болатынын; бір компанияға программист боп жұмысқа тұратын шығармын; әзірге ананы-мынаны көріп жүре тұрамын; екі қолға бір күрек табылар...» деп селсоқ жауап береді. Жастарға осы жараса ма? Адамның арманы, мақсаты биік болуы керек. Қатардағы жай адамның қарапайым тірлігін жасап жүргенде өмір зу етіп өте шығады. Сосын өкіну пайда болады. «Неге жас күнімде тәуекел етпедім? Неге өйтпедім, бүйтпедім?» Түйе сұрасаң, бие береді. Мақсатың биік болса, мұзарт шыңдарға шығасың. Сен жай бір программист болма. Керісінше IT компаниясы бар, қазақтың әлі шешілмеген проблемаларының кілтін табатын азамат бол. Сен жай бір мұғалім болма. Ұлттың ұстазы болатын энергиясы бар, артынан халық еретін, сөзі шәкірттердің жанына шуақ боп құйылатын, таптаурындарды үзіп, дара озып шығатын, жеке мектеп ашатындай әлеуеті бар адам бол. Мақсатсыз болу оп-оңай. Үйім, көлігім, отбасым болсын деген мақсатқа кез келген адам жете алады. Ертелі-кеш. Бірақ халыққа пайдалы болам, бір адамның болсын қажетіне жараймын деп мақсат қою – ердің ерінің қолынан келеді. Нағыз ер болу тек ұл бала үшін емес, қызға да қатысты. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Жоспары бар адам Таңертең осы күнге жоспар жазсаңыз, уақытыңызды 90 пайызға үнемдер едіңіз. Себебі "енді не істеймін, бүгін не істеймін" деп отырмайсыз. Жоспарыңыз болмаса, оп-оңай видео не кино көріп кетер едіңіз. Ал жоспар құрсаңыз, ми оны бітіріуім керек деп қабылдайды. "Зейгарник эффекті" деген бар, ол - бітпеген істер мида жанып-өшіп тұрған шам секілді кетпей тұрып алады деген сөз. Жоспардағы істер де дәл солай тыныштық бермейді. Бір аптаға, айға, жылға жоспар құрсаңыз, онда жоспардағы іске қажетті адамдарды ми өзі тауып береді. Ми жоспарды ұмытпайды, сондықтан соны тез бітіруге септігі тиетін адамдарды ұстап алады. Рақат! Дұрыс жоспарлауды үйренгіңіз келсе, онда "Тайм-менеджмент" кітабын оқуға кеңес береміз. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Таза жүрек Абдулла ибн Амр (р.а.) риуаят етеді: «Расулалладан (с.а.с.): «Ең абзал адам кім?» – деп сұралды. Ол кісі: «Жүрегі махмұм (таза), тілі шыншыл адам», – деп жауап берді. Сахабалар: «Шыншылдықтың не екенін білеміз, ал махмұм жүрек дегеніміз не?» – деп сұрады. Ол кісі: «Махмұм жүрек – Алладан қорқатын, кіршіксіз таза жүрек. Оның ішінде күнә болмайды, зұлымдық болмайды, кек болмайды, қызғаныш болмайды», – деп түсіндірді. Жүректі тазалау үшін Құран оқып, аяттар жайлы ойланыңыз. Құдай бізге не деп жатыр екен? Бізден не қалайды? Құран кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
https://www.youtube.com/watch?v=F87-tfj4quo Ескендір Бестай: Мамандықты құндылыққа қарай таңда Ескендір Бестай мырзамен болған подкасттан бір үзінді. Мамандық таңдауда әрбір оқушы бетпе-бет келетін мәселенің нүктесін қойды. Подкасттың толық версиясын сілтемені басып көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=I7klLJH-IXc
Өміріңді үлкен шешімдер емес, күнделікті әдеттер қалыптастырады. Өмірім бір күнде өзгеріп кетсе... мықты бір мүмкіндік туып, содан дереу адам танымастай өзгеріп кетсем... бірден байып кетсем... Осылай армандамайтын ешкім жоқ шығар? Қиялдай бермей, жерге түсу керек. Себебі жетістікке, байлыққа, нәтижеге бір үлкен мүмкіндік емес, ұсақ әдеттер жеткізеді. Мысалы: күнде 20 бет кітап оқу; күнде 30 минут жазу; күнде 20 минут спорт; күнде бір жақсы іс; т.б. Осындай ұсақ іс жинала келе, он жылдан кейін мүлде басқа адам қалыптастырады. Жайлы өмір бір күнде емес, мың күнде құралады.
Қарның ашса, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Ауырып қалсаң, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Шөлдесең, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Басыңа бір бәле келсе, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Сүйген жарың дөрекілік танытып, тыңдамай қойса, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Ұйқың келсе, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Ұйқыдан оянсаң, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Көңіл-күйің түссе, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Қуансаң, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Жыласаң, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Жәбір көрсең, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Ата-анаң есіңе түссе, онда Аллаға дұға етудің уақыты келді. Бала-шағаңды көрген кезде, Аллаға дұға етудің уақыты келді. Оқуға ұсынатын кітаптар: «Дұғалар жинағы» Пайғамбарымыздың таңғы және кешкі дұғалары Ең қажетті дұғалар Баталар. Өсиет. Дұғалар Ең таңдаулы дұғалар Жын шайтаннан сақтану дұғалары мен жолдары Құрандағы қасиетті дұғалар (спираль) Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Егер ешкім мақтамаса, осы істі бәрібір істей беретін бе едім? Жұмысыңызда ықылас бар ма, жоқ па, соны тексеру үшін осы сұрақты жиі қойып тұрсаңыз болады. Біреуге садақа қылып 10000 тг беретін кезде, сұраңыз. Ықыласым Алла үшін емес екенін білген кезде бермей қойып жүрмеңіз. Тек ниетті қайта жаңалап, сосын беріңіз. Сөмкесі ауыр әжеге көмектесер кезде сұраңыз. Әже алғыс айтса екен деп мақтау күтсеңіз, онда кетіп қалмаңыз. Ниетті түзеп, сосын көмектесіңіз. Неге? Алла үшін болмаған әр іс құрдымға кетті, пайда жоқ. Толығырақ “Бақыт формуласы” кітабынан оқи аласыз. Пайдалы кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Көптеген проблема ақпараттың жоқтығынан емес, батылдықтың жоқтығынан болады. Бәріміз ақылдымыз. Оқитынымыз кітап, көретініміз видеолар, нені қалай істеу керектігіне тойып алғанбыз. Бірақ - істемейміз, кейінге қалдырамыз. Миымыз әбден бізді басқарып алған. Жүрек тұтқынға түсіп, еркінен айрылған. Әдеттеріміз өмірімізді билеп төстеген. Маңызды, пайдалы іс істейін десек, миымыз артық күш жұмсағысы келмейді. Одан да энергия үнемдейтін режимде тұрғысы келеді, ол дегенің - диванда жатып телефон қарау. Саусақ ұшы ғана қимылдайды. Бұлай өмір сүрген адам қалай бай болады? Қалай қабілет үйренеді? Қалай қоғамға пайда тигізеді? Өз өмірімізді қолға алатын батылдық керек. Қашанғы нәпсіміздің құлы боламыз? Нәпсі деген кішкентай бала сияқты, ананы әпер, мынаны жеймін, анда барам, мұнда демалам дейді және оған тоймайды. Оның айтқанын істей береміз бе? Ғапылдықтан арылып, қайда бара жатқанымызды саралауға өзімізден сұрақтар сұрап, есеп алайық. Пайдалы кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Жүзім шыбығы қалай жүзімнің дәмін иелене алмайды, дәл сол секілді сен де Алланың берген нығметін өзіңе теліме! Шөміш тамақты мен беріп жатырмын деп ойласа, қандай ақымақтық болар еді. Себебі ол аспаздың қолындағы дәнекерші ғана. Садақа бере алмай жүрсең, осыны ойланып көр. Сен құдайдың берген нығметінен бір үзімін мұқтаж жанға бересің. Өзің тапқан, өзің құрастырған нәрсе емес, керісінше Жаратушының нәсіп еткен ризығы. Аспаздың қолындағы бір шөміш сияқтысың. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Өмірің қайда бара жатқанын күн сайын қабылдайтын ұсақ шешімдерге қарап біле аласың Адам тағдырын бір үлкен шешім емес, күн сайын қайта-қайта жасайтын таңдаулары қалыптастырады. Өзіңе күн сайын: «Бүгін жасаған істерім арманымдағы адамға жақындатып жатыр ма әлде алыстатып жатыр ма?» деген сұрақ қойсаң, ойландырып тастайды. Түнгі 12-1-лерге дейін видео қарап, таңғы 9-ға дейін ұйықтасаң; күндіз қайтадан осы режимді жалғастырсаң, яғни тағы да инста, тикток, тредс, ютуб; спорттық жаттығу жасалмаса; кітап оқылмаса; мықты адамдармен араласпасаң; жаңа қабілет пен білім үйренбесең - онда қайда бара жатқаныңды өзің де түсінерсің. Құрдымға бара жатырсың!!! Ендеше өзіңді ойландыратын кітап оқудан баста. Уатсап: 8-777-572-22-33 менеджер жақсы кітап таңдауға көмектеседі.
Көп адамның пікірі дұрыс болғандықтан емес, КӨП болғандықтан қабылданады. Тарихта көпшілік талай рет қателескен. Гитлердің артынан да көпшілік ерді. Залымдардың артынан да талай адам ереді. Біреу қорыққанынан, біреуі сенгендіктен. "Барлығы осылай ойлайды" деу — ақиқаттың дәлелі емес. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
Біреуге жала жабудан, ғайбаттаудан, айыптаудан тыйыла алмай жүрсең, осы хадисті оқып ойланып көр! Айыптауға тұра ма соның нәтижесі???