bcc invest
СтатистикаBCC Invest талдаушыларының болжамы, нарықтағы трендтер мен негізгі оқиғалар. Прогнозы аналитиков BCC Invest, тренды и ключевые события рынков. ✉️ Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша (по вопросам и предложениям): research@bcc-invest.kz
- Последний пост
- 15:07
- Последнее чтение
- 15:18
- Постов за неделю
- 50
- Всего постов
- 91
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Экономика (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 567
- 1/48двое суток
- 649
- 1/72трое суток
- 700
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🫀 Что такое «индекс страха» VIX Мы регулярно упоминаем в публикациях индекс VIX, или «индекс страха», но для многих он остаётся просто абстракцией. По сути, VIX работает как финансовый пульсометр. Он показывает не историю прошлых торгов, а то, насколько сильной тряски инвесторы ждут от S&P 500 в ближайшие тридцать дней. 🧮 В основе индикатора лежит математический расчёт, отражающий реакцию рынка на риск. Чикагская биржа опционов (CBOE) вычисляет VIX, опираясь на стоимость опционов на S&P 500. Когда риск падения акций возрастает, инвесторы скупают опционы Put — базовую страховку для своих портфелей. Всплеск спроса мгновенно взвинчивает цену этого страхового полиса, и вслед за ней VIX устремляется вверх. 🪞 Между индексом страха и рынком акций действует устойчивая обратная связь. Пока S&P 500 планомерно растёт, VIX дрейфует на минимумах, фиксируя низкий уровень риска. Но стоит рынку пойти вниз, как индикатор взлетает. При этом он замеряет не направление движения цен, а лишь предполагаемую амплитуду их колебаний. 🌡️ По значениям VIX можно отслеживать текущую волатильность: ► Ниже 15 пунктов: минимальная турбулентность и устойчивый бычий тренд. ► 15–20 пунктов: привычная рабочая атмосфера без резких движений. ► 20–30 пунктов: нарастающее напряжение и подступающая коррекция. ► Выше 30 пунктов: территория высокой нестабильности и глубокого кризиса. 🚧 При всей наглядности у VIX есть жёсткие границы. Он не предсказывает будущий обвал, а фиксирует текущие рыночные ожидания. VIX — это не акция: за ним нет реального бизнеса, он не платит дивиденды, и его нельзя просто купить в портфель. ⏳ Тем не менее, волатильность можно торговать. Для этого финансовый рынок придумал инструменты вроде фонда VIXY, который завязан на индекс VIX. Когда волатильность растёт, растёт и цена фонда. Однако VIXY или аналогичные ETF категорически не подходят для долгосрочного удержания — инвесторы и трейдеры используют их исключительно как короткую страховку буквально на день-два в самый разгар рыночного шторма. ⚠️ Материал исключительно информационного характера и не является индивидуальной инвестиционной рекомендацией.
🫀 VIX «қорқыныш индексі» дегеніміз не Біз жазбаларымызда VIX индексін, яғни «қорқыныш индексін» жиі айтып келеміз, алайда көпшілік үшін бұл көрсеткіш әлі де абстракция күйінде қалып отыр. Шындығында VIX нарықтың пульсін өлшейтін құрал ретінде жұмыс істейді. Ол өткен сауда-саттықтың тарихын көрсетпейді; индекс инвесторлардың алдағы отыз күнде S&P 500 индексінен қаншалықты күшті құбылмалылық күтетінін білдіреді. 🧮 Индикатордың негізінде нарықтың тәуекелге реакциясын көрсететін математикалық есептеу жатыр. Чикаго опциондар биржасы (CBOE) VIX-ті S&P 500 индексіне жазылған опциондардың құнына сүйеніп есептейді. Акция бағасының төмендеу тәуекелі артқан кезде инвесторлар Put опциондарын жаппай сатып ала бастайды. Бұл опциондар олардың портфелі үшін базалық сақтандыру рөлін атқарады. Сұраныстың күрт өсуі осы сақтандыру полисінің бағасын бірден көтереді, соның артынша VIX көрсеткіші де жоғарылайды. 🪞 Қорқыныш индексі мен акция нарығының арасында тұрақты кері байланыс бар. S&P 500 біртіндеп өсіп отырған кезде VIX ең төмен деңгейде қалып, тәуекел деңгейінің төмен екенін көрсетіп отырады. Алайда нарық төмендей бастаған бойда индикатор күрт жоғарылайды. Сонымен бірге VIX баға қозғалысының бағытын өлшемейді — ол тек баға ауытқуының болжамды амплитудасын өлшейді. 🌡️ VIX мәндері бойынша нарықтың ағымдағы құбылмалылығын бақылауға болады: ► 15 пункттен төмен: құбылмалылық ең аз, өсу тренді тұрақты. ► 15–20 пункт: күрт қозғалыстары жоқ, нарықтың қалыпты жұмыс жағдайы. ► 20–30 пункт: шиеленіс күшейіп, түзетілім жақындап келеді. ► 30 пункттен жоғары: жоғары тұрақсыздық пен терең дағдарыс аймағы. 🚧 VIX қаншалықты көрнекі болғанымен, оның қолданылу шегі қатаң. Ол болашақтағы құлдырауды болжамайды, тек нарықтың ағымдағы күтулерін көрсетеді. VIX-ті акциямен салыстыруға болмайды: оның артында нақты бизнес жоқ, ол дивиденд төлемейді, оны портфельге тікелей сатып алу да мүмкін емес. ⏳ Дегенмен құбылмалылықтың өзін сауда объектісіне айналдыруға болады. Осы мақсатта қаржы нарығы VIX индексіне байланған VIXY қоры сияқты құралдарды ұсынады. Құбылмалылық артқан кезде қордың бағасы да өседі. Алайда VIXY немесе оған ұқсас ETF-тер ұзақ мерзімге ұстауға мүлдем жарамайды. Инвесторлар мен трейдерлер оларды нарықтағы құбылмалылық шарықтау шегіне жеткен кезде бір-екі күнге ғана арналған қысқа мерзімді сақтандыру ретінде пайдаланады. ⚠️ Материал тек ақпарат ретінде берілген және жеке инвестициялық ұсыным емес.
без подписи
Макроэкономический взгляд на Казахстан: оценки Deutsche Bank и UBS 📉 Deutsche Bank обращает внимание на постепенное ослабление инфляционного давления в Казахстане: в июле инфляция снизилась до 10,2% г/г против 10,3% месяцем ранее, оказавшись ниже прогноза банка в 10,4% и рыночного консенсуса в 10,5%. Месячный рост цен также замедлился до 0,6% с 0,8% в июне. Основной вклад в инфляцию по-прежнему дают продукты питания — около 4,2 п.п., однако давление в этой категории постепенно снижается. При этом риски сохраняются со стороны тарифов на электроэнергию и цен на топливо. Deutsche Bank ожидает дальнейшего замедления инфляции, однако считает, что дезинфляция будет постепенной на фоне тарифных рисков и сохраняющегося квазифискального стимулирования. На конец 2026 года банк прогнозирует инфляцию 9,9%, базовую ставку 16,0% и курс 490 ₸ за доллар, а к концу 2027 года — 540 ₸ за доллар. 🌍 UBS закладывает несколько иной сценарий. Банк ожидает замедления роста экономики Казахстана с 5,8% в 2025 году до 4,5% в 2026 году и далее до 3,5% в 2027 году. При этом частное потребление, по оценке UBS, вырастет на 4,4%, инвестиции в основной капитал — на 6,0%, а промышленное производство — на 5,6%. Средняя инфляция в 2026 году ожидается на уровне 12,3%, но к декабрю должна замедлиться до 10,0%. Одновременно UBS прогнозирует более активное смягчение денежно-кредитной политики — базовую ставку на уровне 14,5% к концу года — и более слабый тенге, около 550 ₸ за доллар. Во внешнем секторе банк ожидает торговый профицит порядка $15 млрд, однако текущий счет останется дефицитным — около $13 млрд, или 3,9% ВВП. Международные резервы, согласно прогнозу UBS, вырастут до $65 млрд. Таким образом, их сценарий сочетает замедление экономического роста, заметное снижение ставки и ослабление тенге при сохранении значительного объема внешних резервов. 🏦 В отчетах Deutsche Bank интересна и рыночная сторона. Казахстан сохраняет рейтинг S&P на уровне BBB− с позитивным прогнозом, а очередной пересмотр рейтинга запланирован на 21 августа. Для локального долгового рынка август выглядит относительно комфортно: Deutsche Bank ожидает отрицательный чистый денежный поток около $0,2 млрд, то есть объем погашений и купонных выплат будет превышать объем средств, привлекаемых через новые размещения. Это оставляет инвесторам больше ликвидности для реинвестирования и снижает необходимость рынка поглощать дополнительное предложение облигаций. При этом в собственной модели Deutsche Bank по относительной привлекательности суверенных еврооблигаций Казахстан за неделю опустился на 10 позиций — до 38-го места. Важно, что это не означает ухудшения кредитного качества страны: фундаментальная оценка Deutsche Bank осталась без изменений. Изменение позиции отражает прежде всего сравнительную рыночную стоимость казахстанских бумаг относительно других развивающихся рынков. 📊 Наши прогнозы выглядят более осторожными в части инфляции и темпов смягчения денежно-кредитной политики. К концу 2026 года мы ожидаем инфляцию на уровне 11,2% при среднем значении около 10,7% и базовую ставку 16,5%. По валютному рынку наш базовый прогноз составляет около 486 ₸ за доллар на конец года — существенно крепче оценки UBS и близко к прогнозу Deutsche Bank в 490 ₸. Во внешней торговле ожидаем экспорт примерно на $75,0 млрд и импорт на $65,4 млрд, что соответствует профициту торгового баланса около $9,5 млрд.
🇰🇿 Қазақстан экономикасы: Deutsche Bank пен UBS болжамдары 📉 Deutsche Bank Қазақстандағы инфляциялық қысымның біртіндеп бәсеңдеп келе жатқанын атап өтеді. Шілдеде жылдық инфляция маусымдағы 10,3%-дан 10,2%-ға дейін төмендеп, банктің 10,4% болжамынан және нарықтағы 10,5% консенсус-болжамнан төмен болды. Айлық баға өсімі де 0,8%-дан 0,6%-ға дейін баяулаған. Инфляцияға ең үлкен үлесті әлі де азық-түлік тауарлары қосып отыр — шамамен 4,2 пайыздық тармақ, дегенмен бұл санаттағы баға қысымы біртіндеп әлсіреуде. Deutsche Bank жыл соңына дейін инфляцияның одан әрі төмендеуін күтеді, алайда электр энергиясы тарифтерінің ықтимал өсуі, жанармай бағасы және квазифискалдық ынталандыру бұл үдерісті баяулатуы мүмкін деп санайды. 2026 жылдың соңына банк инфляцияны 9,9%, базалық мөлшерлемені 16,0%, ал АҚШ долларының бағамын 490 ₸ деңгейінде болжайды. 2027 жылдың соңына қарай доллар бағамы 540 ₸ болуы мүмкін. 🌍 UBS сәл өзгеше сценарийді қарастырады. Банк Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2025 жылғы 5,8%-дан 2026 жылы 4,5%-ға, ал 2027 жылы 3,5%-ға дейін баяулайды деп күтеді. Бұл ретте жеке тұтыну 4,4%-ға, негізгі капиталға салынатын инвестициялар 6,0%-ға, ал өнеркәсіп өндірісі 5,6%-ға өсуі мүмкін. 2026 жылғы орташа жылдық инфляция 12,3% деңгейінде қалыптасып, желтоқсанға қарай 10,0%-ға дейін төмендейді деп болжанады. Сонымен қатар UBS ақша-кредит саясатының белсендірек жұмсартылуын күтеді: жыл соңына қарай базалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Теңге бойынша болжам айтарлықтай әлсіз — бір АҚШ долларына 550 ₸. Сыртқы секторда банк сауда балансының шамамен $15 млрд профицитін күтеді, алайда ағымдағы шот тапшылығы $13 млрд немесе ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 3,9%-ы деңгейінде сақталуы мүмкін. Халықаралық резервтер $65 млрд-қа дейін өседі деп болжануда. Осылайша, UBS сценарийі экономикалық өсімнің баяулауын, мөлшерлеменің едәуір төмендеуін және теңгенің әлсіреуін, сонымен қатар сыртқы резервтердің жоғары деңгейде сақталуын көздейді. 🏦 Deutsche Bank есептеріндегі нарықтық бағалаулар да назар аударуға тұрарлық. Қазақстанның S&P (Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі) рейтингі BBB− деңгейінде сақталып отыр, болжамы — «оң», ал кезекті рейтингтік шолу 21 тамызға жоспарланған. Жергілікті облигациялар нарығы үшін тамыз айындағы жағдай салыстырмалы түрде қолайлы көрінеді: Deutsche Bank таза ақша ағыны шамамен –$0,2 млрд болады деп күтеді. Бұл облигациялар бойынша өтеу және купондық төлемдер арқылы инвесторларға қайтарылатын қаражат көлемі жаңа орналастырулар арқылы тартылатын қаражаттан жоғары болады дегенді білдіреді. Соның нәтижесінде инвесторлардың қайта инвестициялауға арналған қаражаты көбейіп, нарыққа жаңа облигациялар ұсынысынан түсетін қысым төмендейді. Сонымен бірге Deutsche Bank-тің дамушы нарықтардағы мемлекеттік еурооблигациялардың салыстырмалы тартымдылығын бағалайтын ішкі моделінде Қазақстан бір аптада 10 сатыға төмендеп, 38-орынға түсті. Алайда бұл елдің кредиттік сапасы нашарлады дегенді білдірмейді: Deutsche Bank-тің Қазақстан бойынша фундаменталдық кредиттік бағасы өзгеріссіз қалды. Позицияның төмендеуі қазақстандық еурооблигациялардың басқа дамушы нарықтармен салыстырғандағы салыстырмалы бағалауының әлсірегенін көрсетеді. 📊 Біздің болжамдар инфляция мен ақша-кредит саясатын жұмсарту қарқыны бойынша біршама сақ сценарийді көрсетеді. 2026 жылдың соңына қарай инфляция 11,2% деңгейінде болады деп күтудеміз, ал орташа жылдық көрсеткіш шамамен 10,7%-ды құрайды. Базалық мөлшерлеме бойынша жыл соңындағы болжамымыз — 16,5%. Валюта нарығындағы базалық сценарийіміз бір АҚШ долларына шамамен 486 ₸ деңгейін көздейді. Бұл UBS болжамына қарағанда теңгенің біршама жоғары бағамда сақталуын білдіреді және Deutsche Bank-тің 490 ₸ болжамына жақын. Сыртқы саудада экспорт көлемін шамамен $75,0 млрд, импортты $65,4 млрд деңгейінде күтеміз. Соның нәтижесінде сауда балансының профициті шамамен $9,5 млрд болуы мүмкін.
🎰 OpenRouter-дің бағаланған құны үш айда 5,4 есе өсті. Stripe компанияны $7 млрд-тан астамға сатып алады OpenRouter әзірлеушілерге бір ғана API арқылы 400-ден астам ЖИ (жасанды интеллект) моделіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша Anthropic, Google, OpenAI және қалған компанияларға бөлек-бөлек қосылудың қажеті болмайды. Салыстыру үшін айта кетсек, 2026 жылдың мамырында компания $1,3 млрд-қа бағаланған болатын. Stripe негізінен төлемдерді өңдеумен айналысады. Бұл сатып алу компанияны ЖИ инфрақұрылымы нарығына шығарады. *** 🎰 Оценка OpenRouter выросла в 5,4 раза за три месяца. Компанию покупает Stripe более чем за $7 млрд OpenRouter даёт разработчикам доступ к 400+ моделям ИИ через один API — вместо того чтобы подключаться к Anthropic, Google, OpenAI и остальным по отдельности. В мае 2026 года компанию оценивали в $1,3 млрд. Основной бизнес Stripe — обработка платежей, эта покупка выводит компанию на рынок инфраструктуры для ИИ.
🗓 Отчёты недели: 17–21 августа Важной экономической статистики на этой неделе почти нет, поэтому о состоянии американского потребителя рынок будет судить по отчётам ритейлеров. В CFRA Research предупреждают: весенняя поддержка от увеличенных налоговых возвратов исчерпана, бензин дорогой, и прогнозы на второе полугодие будут осторожнее. 🔨 Товары для дома. Home Depot (HD) и Lowe's (LOW) отчитываются во вторник и среду. Обе сети зарабатывают в основном на ремонте, а не на новостройках, и высокие ставки затормозили и продажи жилья, и стройку. В CFRA отмечают, что домовладельцы остаются на месте и тратят на починку, а не на крупные ремонты с высокой маржой. Аналитики ждут роста прибыли Home Depot на 1% и снижения у Lowe's на 2%. 🛒 Розница. В среду выходят сеть супермаркетов Target (TGT) и владелец сетей одежды со скидкой TJX Companies (TJX), в четверг — крупнейший ритейлер США Walmart (WMT). Консенсус: рост прибыли Target на 13%, Walmart — на 9%. Walmart называют главным бенефициаром экономного покупателя. Target при новом руководстве только начала восстанавливаться после спада: в первом квартале сопоставимые продажи выросли сильнее всего за четыре года. Сеть дисконтных универмагов Ross Stores (ROST) отчитывается в четверг, оптовый клуб BJ's Wholesale (BJ) — в пятницу. 🇨🇳 Китай. Alibaba Group (BABA) публикует июньский квартал в четверг. Вложения в ИИ и облако на $56 млрд за три года давят на прибыль: EBITA группы упала на 84%. 💡 Оптика и чипы. Два отчёта дадут предварительный сигнал о расходах на дата-центры перед выходом Nvidia 26 августа. Fabrinet (FN), контрактный сборщик оптических модулей для крупнейших облачных провайдеров, отчитывается в понедельник вечером: в квартале, завершившемся в марте 2026 года, выручка выросла на 39% год к году. Analog Devices (ADI), производитель микросхем для промышленного оборудования, автомобилей и серверов, выходит в среду: в квартале, завершившемся 2 мая 2026 года, выручка выросла на 37%, а продажи для дата-центров — более чем на 90%. Спор идёт о том, начало ли это долгого цикла или разовый всплеск. 🚜 Сельхозтехника. Deere (DE) отчитывается в четверг, консенсус — прибыль $4,85 на акцию при выручке $10,8 млрд. Два конкурента уже отчитались за второй квартал. У CNH Industrial выручка выросла на 2%, до $4,80 млрд, и превзошла прогнозы, но прибыль снизилась. AGCO не дотянула ни по выручке, ни по прибыли и снизила годовой прогноз — с отчёта 30 июля акции упали на 11%. 🏛 Ставка. В среду выходят протоколы июльского заседания ФРС, где комитет 9–3 сохранил ставку при трёх голосах за повышение.
🗓 17–21 тамыз аптасының есептері Осы аптада маңызды экономикалық статистика көп емес, сондықтан нарық америкалық тұтынушылардың жағдайын ритейлерлердің есептері арқылы бағалайды. CFRA Research сарапшыларының ескертуінше, көктемде ұлғайған салық қайтарымдарының оң әсері әлсіреді, жанармай бағасы жоғары болып отыр. Сондықтан компаниялардың жылдың екінші жартысына арналған болжамдары сақ болуы мүмкін. 🔨 Үйге арналған тауарлар. Home Depot (HD) пен Lowe's (LOW) тиісінше сейсенбі және сәрсенбі күндері есеп береді. Екі желінің де бизнесі негізінен жаңа үй құрылысына емес, тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер тұрғын үй саудасын да, жаңа құрылысты да тежеп отыр. CFRA сарапшыларының айтуынша, үй иелері баспана ауыстыруға асықпай, маржасы жоғары ауқымды жөндеулердің орнына үйді күтіп ұстау мен шағын жөндеу жұмыстарына ақша жұмсап отыр. Талдаушылар Home Depot пайдасы 1%-ға өседі, ал Lowe's пайдасы 2%-ға төмендейді деп күтеді. 🛒 Бөлшек сауда. Сәрсенбіде Target (TGT) супермаркеттер желісі мен жеңілдікпен киім сататын TJX Companies (TJX) есеп береді, ал бейсенбіде АҚШ-тағы ең ірі ритейлер Walmart (WMT) нәтижелерін жариялайды. Нарық консенсусы бойынша Target пайдасы 13%-ға, Walmart пайдасы 9%-ға өсуі мүмкін. Walmart шығындарын үнемдеуге тырысатын тұтынушылардан ең көп пайда көріп отырған ритейлер ретінде бағаланады. Ал Target жаңа басшылық келгеннен кейін құлдыраудан енді ғана шыға бастады: бірінші тоқсанда салыстырмалы сатылымдардың өсімі соңғы төрт жылдағы ең жоғары қарқынға жетті. Дисконттық әмбебап дүкендер желісі Ross Stores (ROST) бейсенбіде, ал мүшелік форматта жұмыс істейтін көтерме сауда клубы BJ's Wholesale (BJ) жұмада есеп береді. 🇨🇳 Қытай. Alibaba Group (BABA) бейсенбіде маусымда аяқталған тоқсанның нәтижелерін жариялайды. Компанияның үш жыл ішінде жасанды интеллект пен бұлттық технологияларға $56 млрд инвестиция салу жоспары пайдаға қысым түсіріп отыр: топтың EBITA көрсеткіші 84%-ға төмендеді. 💡 Оптика мен чиптер. Екі компанияның есебі 26 тамызда жарияланатын Nvidia нәтижелерінің алдында дата-орталықтарға жұмсалатын шығындардың жағдайы туралы алғашқы сигнал береді. Ірі бұлттық провайдерлер үшін оптикалық модульдерді келісімшарт негізінде жинайтын Fabrinet (FN) дүйсенбі күні негізгі сауда сессиясы аяқталғаннан кейін есеп береді. 2026 жылғы наурызда аяқталған тоқсанда оның түсімі жылдық есеппен 39%-ға өсті. Өнеркәсіптік жабдықтарға, автомобильдер мен серверлерге арналған микросхемалар шығаратын Analog Devices (ADI) сәрсенбіде есеп береді: 2026 жылғы 2 мамырда аяқталған тоқсанда түсімі 37%-ға, ал дата-орталықтарға арналған сатылымы 90%-дан астам өсті. Негізгі сұрақ — бұл ұзақ мерзімді өсу циклінің басталуы ма, әлде бір реттік серпіліс пе. 🚜 Ауыл шаруашылығы техникасы. Deere (DE) бейсенбіде есеп береді. Нарық консенсусы бойынша акцияға шаққандағы пайда $4,85, ал түсім $10,8 млрд болады деп күтіледі. Компанияның екі бәсекелесі екінші тоқсанның нәтижелерін жариялап үлгерді. CNH Industrial түсімі 2%-ға өсіп, $4,80 млрд-ты құрады және нарық болжамынан жоғары болды, алайда пайдасы төмендеді. AGCO түсім бойынша да, пайда бойынша да нарық күткен нәтижеге жете алмады және жылдық болжамын төмендетті. 30 шілдедегі есептен бері компания акциялары 11%-ға арзандады. 🏛 Мөлшерлеме. Сәрсенбіде АҚШ Федералдық резерв жүйесінің шілдедегі отырысының хаттамасы жарияланады. Сол отырыста комитет 9–3 дауыспен мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды, ал үш мүшесі оны көтеруді қолдады.
☀️ Доброе утро. Рынок США получил хороший сигнал от инфляции: CPI замедлился до 3,4% г/г, базовый показатель — до 2,5%. На этом фоне S&P 500 и индексы малой капитализации вновь обновили исторические максимумы. 💡 Интереснее другое: рост прибылей становится шире. Ожидания по прибыли компаний S&P 500 на 2026 год уже превышают 30%, причем улучшения идут не только в технологиях, но и в сырьевых и циклических секторах. Это делает ралли менее зависимым от одной темы AI. 🌍 ФРС сейчас может позволить себе терпение: рынок труда остается устойчивым, инфляция остывает, а рынок закладывает лишь одно повышение ставки на горизонте года. Главный внешний риск — Ближний Восток и цены на энергию, но пока фундаментальный фон остается в пользу акций.
☀️ Қайырлы таң! АҚШ нарығы инфляцияның қайта баяулағанын оң қабылдады: CPI жылдық есепте 3,4%-ға, базалық инфляция 2,5%-ға түсті. Соның аясында S&P 500 және шағын компаниялар индекстері жаңа максимумдарға жетті. 💡 Нарық үшін маңыздысы — инфляция ғана емес, корпоративтік пайданың динамикасы. 2026 жылға S&P 500 компанияларының пайда өсімі 30%-дан жоғары бағаланып отыр, ал өсім технологиямен шектелмей, шикізат және циклдік секторларға да таралуда. 🌍 ФРЖ қыркүйекке дейін асықпауы мүмкін: еңбек нарығы тұрақты, инфляция төмендеп келеді, ал нарық алдағы 12 айда небәрі бір мөлшерлеме өсімін күтеді. Таяу Шығыс пен энергия бағасы тәуекел болып қалады, бірақ әзірге фундамент нарықты қолдап тұр.
📊 KASE — сауда-саттық қорытындысы 14.08.2026 KEGC .... 1 464,47 .... +0,72% HSBK .... 403,50 .... +0,37% KMGZ .... 34 800,00 .... +0,14% AIRA .... 698,60 .... +0,09% KZTO .... 1 126,95 .... -0,07% KCEL .... 3 202,02 .... -0,13% CCBN .... 4 850,00 .... -0,14% KZTK .... 44 150,01 .... -0,40% KASE .... 8 039,86 .... -0,77% 🔻 KZAP .... 33 420,00 .... -1,30% KSPI .... 46 100,00 .... -4,55% Сауда-саттық көлемі: 489,04 млн ₸ ($1,05 млн)
без подписи
#күнграфигі 📈 АҚШ-тың негізгі индекстері мен KASE индексінің жыл басынан бергі өзгерісі (2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша) *** #графикдня 📈 Изменение основных американских индексов и индекса KASE с начала года (на 13 августа 2026)
без подписи
без подписи
🎰 Anthropic инвесторлары қазан айында $2 трлн-дан жоғары бағалаумен IPO өтуін күтіп отыр Financial Times басылымы Anthropic-тің алты акционеріне сілтеме жасай отырып, компания қазан айында-ақ биржаға шығуы мүмкін екенін және оның бағалауы кемінде $2 трлн болатынын жазды. Демек, мұндай орналастыру тарихтағы ең ірі болып шығады. Қазіргі рекорд SpaceX-ке тиесілі, бұл компания маусым айында $1,77 трлн бағалауымен нарыққа шыққан. *** 🎰 Инвесторы Anthropic ждут IPO в октябре при оценке от $2 трлн Financial Times со ссылкой на шесть акционеров Anthropic пишет, что компания может выйти на биржу уже в октябре при оценке не менее $2 трлн, и тогда размещение станет крупнейшим в истории. Нынешний рекорд принадлежит SpaceX с её $1,77 трлн в июне.
🧊 Производители памяти выросли после дня инвестора SanDisk SanDisk (SNDK) представил долгосрочную финансовую модель на 2028–2030 финансовые годы: валовая маржа около 80%, операционная около 75%, свободный денежный поток около половины выручки. Компания также обязалась направлять акционерам весь свободный кэш, остающийся после инвестиций в бизнес. 📜 Контракты. Удерживать такую рентабельность эмитент рассчитывает за счёт многолетних соглашений, где клиент берёт на себя обязательства по объёму закупок, подкреплённые финансовыми гарантиями. Такие контракты подписаны с восемью клиентами и охватывают около двух третей поставок 2028 финансового года. Рынок флеш-памяти для корпоративных дата-центров компания оценивает в 1,2 зеттабайта к 2030 году. 🌊 Реакция рынка. Восьмидесятипроцентная валовая маржа, удерживаемая до 2030 года, — заявка нетипичная для NAND с его исторической цикличностью, поэтому инвестдень одной компании потянул за собой весь сектор. По формулировке 24/7 Wall St., инвесторов просят допустить, что экономика памяти изменилась структурно. При этом 80% остаются прогнозом, а не достигнутым показателем, и цикличность отрасли высокий спрос со стороны ИИ сам по себе не отменяет. SanDisk (SNDK) — $1 528,11 (+13,7%) Western Digital (WDC) — $487,29 (+7,3%) SK Hynix (SKHY) — $165,67 (+7,3%) Seagate (STX) — $921,37 (+4,9%) Micron (MU) — $949,83 (+4,2%) Roundhill Memory ETF (DRAM) — $56,91 (+3,9%)
🧊 SanDisk инвесторлар күнінен кейін жад өндірушілерінің акциялары өсті SanDisk (SNDK) 2028–2030 қаржы жылдарына арналған ұзақ мерзімді қаржылық моделін таныстырды: жалпы маржасы — шамамен 80%, операциялық маржа — шамамен 75%, ал еркін ақша ағыны түсімнің жартысына жуығын құрауы тиіс. Сонымен қатар компания бизнеске қажетті инвестициялардан кейін қалатын бос қаражаттың барлығын акционерлерге қайтаруға міндеттеме алды. 📜 Келісімшарттар. Компания мұндай жоғары табыстылықты ұзақ мерзімді келісімдер арқылы сақтауды көздеп отыр. Бұл келісімдер бойынша клиенттер белгілі бір көлемде өнім сатып алуға міндеттенеді, ал олардың міндеттемелері қаржылық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Осындай келісімдер сегіз клиентпен жасалған және олар 2028 қаржы жылындағы жеткізілімдердің шамамен үштен екісін қамтиды. Компанияның бағалауынша, корпоративтік дата-орталықтарына арналған флеш-жад нарығының көлемі 2030 жылға қарай 1,2 зеттабайтқа жетеді. 🌊 Нарық реакциясы. Жалпы маржасын 2030 жылға дейін 80% деңгейінде сақтау — тарихи тұрғыдан циклділігі жоғары NAND нарығы үшін әдеттен тыс болжам. Сондықтан SanDisk-тің инвесторлар күні бүкіл сектор акцияларының өсуіне түрткі болды. 24/7 Wall St. басылымының пайымдауынша, инвесторларға жад нарығында құрылымдық өзгеріс болды деген болжамды қабылдау ұсынылып отыр. Дегенмен 80% — әзірге қол жеткізілген көрсеткіш емес, тек компанияның болжамы. Ал жасанды интеллект тарапынан жоғары сұраныс болғанның өзінде, бұл саланың циклдік сипатын толық жоя алмайды. SanDisk (SNDK) — $1 528,11 (+13,7%) Western Digital (WDC) — $487,29 (+7,3%) SK Hynix (SKHY) — $165,67 (+7,3%) Seagate (STX) — $921,37 (+4,9%) Micron (MU) — $949,83 (+4,2%) Roundhill Memory ETF (DRAM) — $56,91 (+3,9%)
🔩 Applied Materials отчиталась за третий фискальный квартал Applied Materials — крупнейший американский производитель оборудования для выпуска микросхем и второй в мире по выручке после ASML. Её установки наносят, вытравливают и полируют плёнки на кремниевых пластинах, превращая сырой кремний в готовые транзисторы. Квартал вышел рекордным. Выручка $9,12 млрд против $7,30 млрд годом ранее, скорректированная прибыль на акцию $3,50 против $2,48. Валовая маржа прибавляет год к году тринадцатый квартал подряд. Операционный денежный поток рекордный — $3,04 млрд. Спрос двигает искусственный интеллект. Быстрее всего растёт оборудование для оперативной памяти — около 50% год к году, его доля в основном сегменте поднялась с 22% до 26%. Китай перестал расти, но остальные регионы это перекрыли с запасом: выручка в США удвоилась, в Европе утроилась. Прогноз на четвёртый квартал сильнее, чем ждал рынок: выручка $9,75–10,75 млрд при консенсусе около $9,5 млрд. CEO Гэри Дикерсон ожидает ещё один сильный год роста в 2027-м. 📊 Реакция рынка Акция всё равно упала — до 5% на расширенных торгах. Причина в цене, а не в отчёте. Бумага удвоилась с начала года, и хороший результат был давно заложен. Брайан Чин из Stifel указывает, что планку подняли сильные отчёты Lam Research и KLA, вышедшие раньше. Брукс Идлет из CFRA считает, что результаты и прогноз не впечатлили аналитиков инвестбанков, но сам квартал солидный, а их консенсус на 2027 год оставляет место для пересмотра вверх. Вторая претензия — валовая маржа. Год к году она растёт, но поквартально встала: 50,0%, затем 50,4%, и те же 50,4% в прогнозе — при том что выручка должна прибавить больше миллиарда долларов. Причина в структуре: низкомаржинальный сервис растёт и разбавляет продажи оборудования.
🔩 Applied Materials III қаржылық тоқсан бойынша есеп жариялады Applied Materials — микросхема өндіруге арналған жабдық шығаратын АҚШ-тағы ең ірі компания, ал түсімі бойынша ол әлемде ASML-ден кейінгі екінші орында тұр. Компанияның қондырғылары кремний пластиналарына жұқа қабықшаларды тұндырады, оларды өңдеп, тегістейді және шикі кремнийді дайын транзисторға айналдырады. Өткен тоқсан компания үшін рекордтық болды. Түсім $9,12 млрд-ты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш $7,30 млрд болған. Акцияға шаққандағы түзетілген пайда $3,50-ге жетті, былтыр $2,48 болатын. Жалпы маржа жылдық салыстырғанда қатарынан он үшінші тоқсан бойы өсіп келеді. Операциялық ақша ағыны рекордтық деңгейге көтеріліп, $3,04 млрд-ты құрады. Сұранысты жасанды интеллект (ЖИ) қозғап отыр. Ең жылдам қарқынмен жедел жад өндірісіне арналған жабдық өсті — жылдық салыстырғанда шамамен 50%-ға артты, ал оның негізгі сегменттегі үлесі 22%-дан 26%-ға дейін көтерілді. Қытайдағы түсімнің өсуі тоқтады, алайда басқа өңірлер бұл олқылықтың орнын артығымен толтырды. АҚШ-тағы түсім екі есе, Еуропадағы түсім үш есе өсті. IV тоқсанға арналған болжам нарық күткеннен жоғары болып шықты. Компания түсімді $9,75–10,75 млрд деңгейінде күтеді, ал нарық күткен деңгей шамамен $9,5 млрд болатын. Компания басшысы Гэри Дикерсонның айтуынша, 2027 жылы да компания қарқынды өсуін жалғастырады. 📊 Нарықтың реакциясы Соған қарамастан акция бағасы постмаркетте 5%-ға дейін төмендеді. Оның себебі есепте емес, акцияның бағасында. Акция бағасы жыл басынан бері екі есе өсті, сондықтан жақсы нәтиже бағаға әлдеқашан кірігіп қойған. Stifel компаниясының талдаушысы Брайан Чиннің айтуынша, күтілім жолағын бұрынырақ жарияланған Lam Research пен KLA-ның мықты есептері көтеріп жіберген. CFRA талдаушысы Брукс Идлеттің пікірінше, нәтижелер мен болжам инвестициялық банк талдаушыларын онша қызықтырмады, дегенмен тоқсанның өзі мықты болды, ал олардың 2027 жылға арналған орташа болжамы жоғары қарай қайта қаралуы мүмкін. Екінші ескерту жалпы маржаға қатысты. Жылдық есеппен көрсеткіш өсіп келе жатқанымен, тоқсандық динамикада өсім тоқтаған: алдымен 50,0%, кейін 50,4%, ал IV тоқсанға арналған болжамда да 50,4% деңгейі сақталады, бірақ түсім $1 млрд-тан астамға өсуі тиіс. Бұған сатылым құрылымы әсер етіп отыр: маржасы төмен сервистік бизнес қарқынды өсіп, жабдық сатылымының жоғары маржасын төмендетіп отыр.