tgindex
beimälım
@beimalimkzказахский

тарихтың беймәлім беттері сөйлесін — жыртығымызды жамап, жоғымызды түгендейміз🪡 біз мындамыз👇🏼 https://instagram.com/beimalim https://www.threads.net/@beimalim

Последний пост
5 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
103
−1 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
179
20 постов
Вовлечённость
173,8%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 21
Упоминаний
2
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1 577
1/48двое суток
1 807
1/72трое суток
1 949

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 5 авг.1 77849

    сәлем, оқырман! «Семей полигоны» жабылғанына 35 жыл толғанына орай beimälım медиа-жобасы ұйымдастырып отырған atom ulağan dala атты онлайн-зертханаға тегін қатысқыңыз келсе, 6 тамыз сағат 23.59-ға дейін мына форманы толтырыңыз. зертхана бағдарламасымен мына жерде таныса аласыз: https://beimalim.tilda.ws p.s. бағдарлама мен кестеде сәл өзгеріс болуы мүмкін. зертханаға тегін қатысушыларға кітаптың pdf-нұсқасы жіберіледі. сұрақтар бойынша @Ozat_Qasyhan’ға жазыңыз.

  • Мархаба Сәбидің Qazaqsha әнінің шығу тарихын білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіп қарай аласыз. 🎤🖤🎵

  • 80% халық мансапта табысқа жету үшін қазақ тілін білу керек деп санайды Былтыр Demoscope, Paperlab және Medianet ұйымдары «Тіл саясатының тиімділігі және қазақ тілін дамыту» сауалнамасын жүргізді, сізге оның нәтижелері қызық болса, сілтемені басып, толық мазмұнымен танысып шыға аласыз.

  • бүгін «Шежірелі құлақ күй» жобасымен бірге Советтік отарлау саясатының мәдениетке зардабын, ашаршылықтың күй өнеріне тигізген әсерін нақтыладық. жобаның толық саны мен басқа да шығарымдарын мына сілтемеге өтіп, тамашалай аласыз. 🪡

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • бүгін ашаршылық туралы 10 маңызды еңбекті тізіп шықтық, бұл жерге тізімге енбеген туындыларды жариялап отырмыз 👇🏾 • Шұбырынды қанды босқын / Халық Сейткемелов Ел ішіндегі ірі байлар 28-жылы кәмпескеленіп, айдалып кеткеннен кейін, шаруа бағып, мал өсіріп күнелткен қарашаруалар мен кедей малшылар ғана қалған болатын. Осы кезде Орталықтан келген Голощекин деген импершіл қолшоқпар «Кіші Қазан» дегенді ойлап тауып, кедейлердің жалғыз-жарым малын тартып алып, жаппай ұжымдастыру бастамақ болды. Мал иелеріне кулак деген таңба басылды. Бұл тап күресі емес, жай жатқан халықты текке қыру еді. • Шошқаның құмы / Бағдад Жандосай Бағдад Жандосай «Жас алаш» газетінің шежіре қариясы, ең қарт қызметкері болған. Ашаршылық туралы аз жазылған жоқ. Ал бұл «Шошқаның құмында» нақты дерекке, бастан кешкен оқиғаларға құрылған, бояма, қоспасы жоқ таза туынды. • Арыстар / Сапарғали Ләмбекұлы «Арыстар» дилогиясының екінші кітабында Голощекиннің қазақ елін ашаршылыққа ұшыратқаны, сталиндік қуғын-сүргін тудырған зобалаңдар сөз болады. • Асылдың сынығы / Аманбай Есілбай Бұл еңбек тарих ақтаңдақтарының бірі – ашаршылықты өз басынан өткеріп, тағдыр тауқыметін қайыспай көтере білген жанның өз айтуымен еш қоспасыз сол қалпында жазылған. Автор кейіпкер айтқан оқиғалармен шектеліп қалмай, Ақмола, Атбасар өңірінде ашаршылық жылдары ел басынан өткен тарихи оқиғаларды толық қамтуға тырысады. • Сары кітап / Едіге Мағауин «Сары кітап» – халқымыздың қайғысы мен жан айқайын бейнелейтін, тарихта өшпес із қалдырған зұлмат жылдардың естеліктер жинағы. Аштықтың салдарынан үш миллионға жуық адамның қырылуы – ұлт болмысына, руханияты мен мәдениетіне орасан зиян тигізгені, сол кезеңнің халық жадында мәңгі қалдырған ауыр жарасы екенін көрсетеді.

  • ертеңгі атаулы датаға орай жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұловтың «аштық және соғыс» мақаласын ұсынып отырмыз, толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз 🔗

  • Қырғызстан үкіметі қырғыз тілін міндеттейтін заң қабылдады. бұл заң неліктен маңызды? 👇🏽 бұл заң тек мемлекеттік қызметкерлерге деген талапты күшейтіп, тіл мәселесіндегі әділеттің орнауын жақындатып ғана қоймай, сондай-ақ болашағын саясатпен байланыстырғысы келетін жас буыннның (оқушылар мен студенттердің) мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасын оятады. қазір орыс сыныбы тұрмақ, тіпті қазақ сыныбындағы оқушылардың сабақтан тыс өзара орыс тілінде әңгімелесіп тұратынын жиі байқаймыз. бұл, әрине, тұтынантын контент, ата-ана мен мектептің рөлі сынды бірнеше факторды қамтитын күрмелі мәселе. дегенмен жоғарыдағы заң бізде де қабылданып, талап күшейсе, бұл саясатқа араласамын дейтін жаңа буынға стимул болары анық. өйткені билік басында отырып, мемлекеттік тілде екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын шенеуніктер жақсы үлгі дей алмаспыз. бұл – мемлекеттік тілді білмей-ақ, ел тұтқасын ұстауға болады деген кері месседж. әрине, мынадай алмағайып заманда біздің биліктің мұндай батыл шешім қабылдай қоюы екіталай.

  • 25 апр. 2025 г.83из azattyq

    18 сәуірде Қырғызстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заң қабылдады. Заңда әр сала қызметкеріне қойылатын талап пен мерзім бар.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи