бір кесе шай құйды есалаң
Статистикабұл ешқашан ақылды дүниелер жазатын арна болмаған. әу бастан жеке иелік еді, әлі солай… 🪴 толығырақ жазбада: https://t.me/birkesecay/5184
- Последний пост
- 10 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 135
- 1/48двое суток
- 154
- 1/72трое суток
- 166
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
«қары қалың қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» – отыз жетінші қара сөз
бұрын мән бермеуші едім, бірақ қазір инста, тикток, басқа да кез келген әл-желідегі ақымақ жазбалар мен бейнелерге және оның астындағы одан да ақымақ пікірлерге үндемейін деп, өзімді тоқтата алмай жүрмін. кәдімгідей басымды кетіретін болыпты. қарным ашиды, сондай ақымақ тексттерді, түсініктерді көрсем. бәріне мал құсап жауап жазып жүрмін. онда да байсалды түрде түсіндіру емес, анадай жауаптар. «бүйтші, сүйте қойш» **** деген. боқтамайын деп азар ұстаймын өзімді. бірақ оларға боғауыздың өзі балдай болып тиер еді, шын сөзім. банға кетіп қалмайын деп шыдап жүрмін. тіпті телепонымды лақтырып тастағым келеді. иә, сондай деңгейде. әсіресе «қазақша…» деп бастап, ары қарай қазақ тіліндегі әлдебір контенттің, тарихтың тек кешеден басталғанына сілтейтін нағыз мәңгүрт пікірлер мен жазбаларға… мүлде сөзім жоқ. сөзім көп болғандықтан сөзім жоқ. адам білмесе кішкене көтенін қысып отырушы еді. сауатсыздығын бүкіл әлемге мақтана айтқан далбандарды ғана көретінім-ай.
адамдарға айтқан жаман сөздерімді құдай өзі кешірсін.
🧺🦉 сәлем. маған Тұғын деген досым туған күніме арнап телеграмның ақылы жазылым сыйлады. саубол.
бірге тұрмай бастаған достарыңнан жауап алу қиындап кетеді, иә.
қасымдағы жақсы ағамды таппай қалдық. отыз минут бұрын қызылордадан тоқтап, он бес-жиырма минут тұрады деп түсіп жатқанбыз. жақсы ағам да түсті. темекі шегуге асыға күтіп отырған. шиеліден қауын алатынын айтқан. мен тез алатын заттарымды алып, пойызға бірден мініп кеттім. өзім қанша ұзақ болса да, тоқтаулардан қорқам. ішке кіріп, асықпай кітабымды оқуды жалғастырып бастадым. пойыз кішкене қыңқ ете қалды. мән бермедім. бір уақытта пойыз кәдімгідей қозғалып, жүріп бастады. жақсы ағам жоқ… жан-жағыма жалтақтап бастадым. еш жерден көрінбейді. қазір қызылордадан асып, белкөл деген кішігірім жерден тоқтадық. жақсы ағам әлі жоқ. қасымыздағы адамдар болып енді сол кісіні іздеп отырмыз. тағы бір ағай қалып қою туралы әртүрлі әңгімелер айтып, енді жақсы ағамен келесі шиеліден кездесерміз деп қойып отырмыз. асықпай қауынын алып, бұратала мінер ме екен?
маған жоғарыға көтерілуге мүлде болмайды. сондықтан да жоғарынан алмауға тырысам (бірақ көп жағдайда дәл сол жерден алам, әрине). мысалы бүгін төменге кеше кешкі онда жоғарыға көтерілгеннен бүгін кешке бес он сегізде бір-ақ түстім. иә, мінсем түсуім қиын. жоғарына мінетін кез келген адамда бар мәселе шығар. бірақ төменімдегі ағай жақсы. түсіп жатсам үстелін көтеріп, менімен әңгіме айтып, шай ішті.
бұл жағдайды басымда қаншама рет елестетіп, қаншама рет «жоқ!» деген үзілді-кесілді жауапты дайындап жүрдім. «гүлім, жоқ! жоқ!». бүгін кері алматыға шықтым. пойызбен. қазір купеге алатын жағдай болса да, ешқашан купені екінші нұсқа ретінде қарастырып көрмеппін. керек еді. кезекті бір гастрольде басшылық берген орынға жайғасқанымда бір купеге үш ер адаммен түскеннен кейін «қой, рақмет» дедім. бірақ ол кезде үш еркекті уайымдайтын шамам да болмаған: мінгеннен түскенге дейін аузымнан суым құрып ұйықтадым. жарайды, купенің әңгімесі осымен бітті делік. енді плацкарттың жыры. бағана айтқандай алматыға шықтым. күні бұрын әлдеқандай қылып төменнен орын алдым. жанынан. бірде солай төмендегі жанымен алматы мен атыраудың ортасындағы құдай атқан екі жарым күнді ғажап өткізіп едім, содан кейін жақсы күйде қалдым. сөйтсем сол ма, бүкіл рақатымның кәші шықты. жанымдағы бір апай кіре сала орын ауыстыруымды өтінді. баласы менің жоғарымда, өзі жанындағы жоғарда екен. менің орным мен өз орнын ауыстыруды сұрап... басында әлдеқандай болып, мінгізіп жатқан әке айтса да «мен ондай мейірімді емеспін!» деп мұрын шүйіріп тұрғанымды қайтейін, қазір сол келіспеген жоғарында жатырмын... басқа айтарым жоқ. бірақ ол апай қасына келіп төменге отыра берсем болатынын айтты. кез келген уақытта тамақ іше берсем болады деді. шай ішсем өзі баласымен тығылысып, маған кең орынды берді. онысына рақмет. бірақ баласын аяп кеттім. бірдеңе деп ыңырсыған дауысы шықса «тәйт!» деп кесіп тастайды. ол рақат. соңғы уақытта қатты есіріп еркелеп кеткен балаларды көріп, сәл-пәл байзалым шығып жүр еді. солаааай, теке. айтпақшы олар дағыстаннан. керім болып дағыстанның шұжығын жеп алдым.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
🌾🌊:: қазір #түстібұла мүлде жинамай кетіппін. соңғы бірнеше айдағысы тек осылар екен. жағдай нашар. әлде айналамда барлық адам сұлулықты көрмей, көп жұмыс істеп кетті ме екен?
әскери блогтарды көру бұйырыпты енді 👍🏼