tgindex
Kazakhstan Boxing Federation

Kazakhstan Boxing Federation

Статистика

Қазақстан бокс федерациясының ресми ресурсы

Последний пост
7 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Спорт
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
5 914
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 619
20 постов
Вовлечённость
27,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1 532
1/48двое суток
1 755
1/72трое суток
1 893

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 7 авг.1 1924

    Елдос Сайдалин: АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны жоспар бойынша өтті Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен оқу-жаттығу жиынының қорытындысы туралы айтып, дайындық барысына тоқталды. https://kfb.kz/news/news/6270

  • 6 авг.1 430

    Қазақстанда ұлттық спорт брендіне айналған бокс әр өңірде өзіндік мектеп қалыптастырып, ерекше даму жолынан өтті. Осыған орай Қазақстан бокс федерациясы еліміздің облыстары мен мегаполистеріндегі бокс тарихы, бүгінгі жетістіктері және аймақтық мектептердің ерекшеліктері туралы арнайы жобаны жалғастырып жатыр. Жобаның екінші шығарылымы халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды тұрақты қабылдап келе жатқан елордамыз – Астана қаласына арналады. Бұл шығарылымда Астана боксының қазіргі даму қарқыны, белгілі спортшылары мен бапкерлері, сондай-ақ өңірдің отандық боксқа қосқан үлесі кеңінен сөз болады. Бізбен бірге болыңыздар! https://youtu.be/RO834pGrE9I?feature=shared

  • 31 июл.1 854121

    Глазгода World Boxing атқарушы комитетінің жиыны өтті. Халықаралық федерация мамандары Лос-Анджелес 2028 Олимпиада ойындарына дайындық және бүкіл әлемде боксты одан әрі дамыту барысын талқылап, сондай-ақ ауқымды стратегиялық, спорттық және басқару мәселелерін қарастырды. Президент Геннадий Головкин мен бас хатшы Том Диленнің төрағалығымен өткен бұл жиынның басты назарында 2027–2029 жылдарға арналған ірі халықаралық жарыстарды, соның ішінде Олимпиадаға іріктеу кезеңдерін өткізетін елдерді анықтау мәселесі болды. Атқарушы комитет 2027 жылғы құрлықтық іріктеу турнирлері мен 2028 жылғы қос әлемдік іріктеу турнирін өткізуге үміткерлерді қарастырды. Қазіргі уақытта бұл іріктеу жарыстары бойынша келісімшарт жасау процесі жүріп жатыр. Келесі әлем чемпионаты Азияда (Астана, Қазақстан) өтетіндіктен, Атқарушы комитет олимпиадалық қос әлемдік іріктеу турнирін өткізу мүмкіндігін Италия мен Мажарстанға беру шешіміне келді. Осылайша, Құрлықтық Олимпиадалық іріктеу турнирлері: Америка – АҚШ Азия – Қытай Еуропа – Еуропа ойындары, Ыстанбұл Океания – Самоа (жақын апталарда негізгі құжаттарды тапсыру шартымен) Африка – Нигерия (жақын апталарда негізгі құжаттарды тапсыру шартымен) Әлемдік іріктеу турнирлері: 1-ші әлемдік іріктеу турнирі – Италия 2-ші әлемдік іріктеу турнирі – Мажарстан Өткізу туралы келісімшарт жұмыстары алдағы айларда толық аяқталады. Сондай-ақ Атқарушы комитет 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионатына дайындық барысын және Лос-Анджелес Олимпиада циклінің соңына дейінгі халықаралық жарыстардың кеңейтілген күнтізбесін қарады. Жарыс мәселелерінен бөлек, Комитет World Boxing ұйымын басқаруды нығайту мен ұзақ мерзімді дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырды. Мүшелер 2026 жылдың қарашасында Панамада өтетін World Boxing конгресіне дайындық барысымен, соның ішінде комитет құрылымына және сайлау процедураларына ұсынылатын түзетулермен танысты. Кездесуден кейін сөз сөйлеген World Boxing Президенті Геннадий Головкин: «Бүгінгі талқылаулар мен шешімдер World Boxing шаршы алаңның ішінде де, сыртында да айтарлықтай ілгерілеушілікке жетіп жатқанын көрсетті. Олимпиадалық іріктеу жолын өткізетін елдерді анықтаудан бастап, басқару жүйемізді нығайтуға, жаһандық мүшелігімізді кеңейтуге және Конгреске дайындалуға дейінгі қадамдар арқылы біз Олимпиада қозғалысы аясында бокстың табысты болашағын қамтамасыз ете алатын ашық, әрі қуатты ұйым құрып жатырмыз», – деді.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • 29 июл.1 73012

    Еліміздің барлық аймағынан келген 500-ге жуық бокстан жаттықтырушы-оқытушылар Астанада 72 сағат көлемінде біліктілік арттыру курсын өтті🇰🇿 Курс аясында алғашқы көмек, антидопинг, жаттығу процессіндегі тетіктер және тағы басқа тақырыптар қамтылды. Қорытынды ретінде өткізілген емтиханды сәтті өткен мамандарға арнайы куәлік табысталды. 22-29 шілде аралығындағы курс ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің “Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығымен” ұйымдастырылды.

  • 16 июл.2 730554

    Азия чемпионатында қай елдер үздік шықты? Бүгін Индонезия астанасы Джакарта U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті. 40 салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасы 11 алтын, 11 күміс, 8 қоламен жалпы есепте 2-орынға тұрақтады. U23 санаты. 🇺🇿Өзбекстан - 🥇10 алтын, 🥈3 күміс, 🥉5 қола 🇰🇿Қазақстан - 6 алтын, 7 күміс, 3 қола 🇮🇳Үндістан - 3 алтын, 5 күміс, 7 қола 🇯🇵Жапония - 1 алтын, 2 күміс, 3 қола 🇰🇬Қырғызстан - 2 күміс, 5 қола 🇲🇳Моңғолия - 1 күміс 🇰🇷Оңтүстік Корея - 5 қола 🇲🇨Индонезия - 3 қола 🇻🇳Вьетнам - 1 қола 🇧🇹Бутан - 1 қола 🇵🇭Филиппин - 1 қола 🇹🇭Таиланд - 1 қола 🇶🇦Қатар - 1 қола Тайпей - 1 қола U19 санаты. 🇺🇿Өзбекстан - 🥇11 алтын, 🥈3 күміс, 🥉1 қола 🇰🇿Қазақстан - 5 алтын, 4 күміс, 5 қола 🇮🇳Үндістан - 2 алтын, 7 күміс, 4 қола 🇰🇷Оңтүстік Корея - 1 алтын, 1 күміс, 3 қола 🇲🇨Индонезия - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола 🇯🇵Жапония - 1 күміс, 5 қола Тайпей - 1 күміс, 4 қола 🇹🇭Таиланд - 1 күміс, 1 қола 🇰🇬Қырғызстан - 6 қола 🇻🇳Вьетнам - 4 қола 🇹🇯Тәжікстан - 2 қола 🇲🇳Моңғолия - 1 қола 🇶🇦Қатар - 1 қола 🇵🇭Филиппин - 1 қола

  • 16 июл.1 850222

    5 отандасымыз Азия чемпионатының шешуші күнінде топ жарды Бокстан Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаты бойынша Азия чемпионатының шешуші күнінде жігіттер арасында үздіктер анықталды. Күндізгі сессия. 11:00 (Қазақстан уақыты) 70 келі. ✅🇰🇿Бибарыс Әшірбай - Кунимитцу Хонжо (Жапония) - 5:0 +90 келі. ✅🇰🇿Владислав Саможонов - Ислам Салихов (Өзбекстан) - 3:2 50 келі. ❌🇰🇿Әділ Асқанбай - Уткизбек Нозкосимов (Өзбекстан) - 0:5 65 келі. ❌🇰🇿Ақжүрек Қалабай - Даехо Канг (Оңтүстік Корея) - 2:3 80 келі. ❌🇰🇿Тимур Тайбеков - Аброрбек Шарипов (Өзбекстан) - 0:4 85 келі. ❌🇰🇿Руслан Ахметов - Сардорбек Бахромхужаев (Өзбекстан) - 2:3 Кешкі сессия. 75 келі. ✅🇰🇿Аман Қонысбек - Алмаз Орозбеков (Қырғызстан) - 4:1 85 келі. ✅🇰🇿Темірлан Мұқатаев - Норбек Абдуллаев (Өзбекстан) - 4:1 90 келі. ✅🇰🇿Ибрагим Бeтаев - Самир Собиров (Өзбекстан) - 3:2 55 келі. ❌🇰🇿Бексұлтан Боранбек - Ганга (Үндістан) - 2:3 60 келі. ❌🇰🇿Нұрасыл Төлебек - Койчи Накаяма (Жапония) - 0:3 70 келі. ❌🇰🇿Нұрбек Мұрсал - Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан, Моңғолиядағы Азия чемпионатында 65 келіде топ жарды) - 0:5 80 келі. ❌🇰🇿Өнер Сейілхан - Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан, 2025 жылғы әлем чемпионы) - 1:4

  • 16 июл.1 26019

    🥇🇰🇿Ибрагим Бетаев - Азия чемпионы Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны бесінші алтын жүлде түсті. U23 санаты бойынша 90 келідегі Ибрагим Бетаев финалда Өзбекстан боксшысы Норбек Абдуллаевпен Өзбекстан өкілі Самир Собировпен жұдырықтасты. Қос боксшы да чемпиондық атаққа қол жеткізу үшін аянып қалмай, өте шиеленісті жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

  • 16 июл.1 25334

    🥇🇰🇿Темірлан Мұқатаев - Азия чемпионы Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны төртінші алтын жүлде түсті. U23 санаты бойынша 85 келідегі Темірлан Мұқатаев финалда Өзбекстан боксшысы Норбек Абдуллаевпен Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Тартысты өткен жекпе-жекте қос боксшы да жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, ауыр әрі дәл соққылармен алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен Темірлан Мұқатаев 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

  • 16 июл.1 25034

    🥈🇰🇿Өнер Сейілхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті күміс жүлдемен толықты. Жастар арасында әлем чемпионы, U23 санаты бойынша 80 келідегі Өнер Сейілхан финалда әлем чемпионы чемпионы, Өзбекстан боксшысы Фазлиддин Еркинбоевпен жұдырықтасты. Отандасымыз өз салмағының басты фавориттерінің бірі саналатын қарсыласына лайықты қарсылық көрсетіп, бірнеше сәтті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен, жекпе-жек қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті 1:4 есебімен өзбек боксшысына берді.

  • 16 июл.1 252332

    🥇🇰🇿Аман Қонысбек - Азия чемпионы Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны үшінші алтын жүлде түсті. U23 санаты бойынша 75 келідегі Аман Қонысбек финалда Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековпен жолықты. Қазақстандық боксшы жекпе-жек бойы басымдық танытып, қарсыласына қуатты әрі дәл соққыларын дарытты. Нәтижесінде Аман Қонысбек 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

  • 16 июл.1 19232

    🥈🇰🇿Нұрбек Мұрсал - Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті күміс жүлдемен толықты. U23 санаты бойынша 70 келідегі Нұрбек Мұрсал финалда биылғы Азия чемпионы, Өзбекстан боксшысы Абдуллох Мадаминовпен кездесті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 0:5 есебімен жеңіс қарсыласқа берді.