tgindex
Buzyq

KZ жаңалықтары. Көп пост салмаймыз, оқырмандар артық инфосалмақ қоспасын деп. Кейде бұзық боламыз:) Керек болсақ👇 https://tapter.one/buzyq

Последний пост
2 авг.
Последнее чтение
21:00
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
5 504
−11 за 5 дн.
Сутки
−5
−0,09%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 617
20 постов
Вовлечённость
29,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
4
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1 432
1/48двое суток
1 641
1/72трое суток
1 769

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 2 авг.1 4042

    Би мен ЖИ. Motion Capture деген технология бар. Адамның денесіне тағылған арнайы датчиктер оның әрбір қимылын дәлме-дәл жазып алады. Кәмерон көкеміз Avatar-ларын түсіргенде пайдаланған. Енді біздікілер осы технологияны қазақтың дәстүрлі биін сақтау үшін қолданбақ. Madeni Qazyna Qory бір жыл бойы Қазақстанды аралап, дәстүрлі би өнерін сақтап жүрген шеберлерді тауып, олардың қимыл-қозғалысын 3D форматында жазып алмақшы. Кейін барлық материал ЖИ көмегімен өңделіп, ашық цифрлық мұрағатқа енгізіледі.

  • 31 июл.1 53910

    без подписи

  • 31 июл.1 56010

    Питер Паркерді қазақша сөйлеткен адам осы сияқты - Заңғар Әбенов. ШҚО-дағы Шалқар ауылында туған, жасы 33-те. Әктөр. 2015 жылдан бері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында еңбек етіп келеді. Өзінен де сұрап көрдік. "Премьераға дейін ештеңе айта алмаймын" деді. Бірақ "Кек алушылар" филмінде Том Холландты дыбыстағанын растады. "Өрмекші-адам: Жаңа күн" келесі аптада үлкен экранға жол тартады.

  • 30 июл.1 4834

    без подписи

  • 30 июл.1 4994

    без подписи

  • 30 июл.1 5505

    Заңгер Bota Mia-ны жауапқа тартпақ. Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Альбина Бахтиярқызы блогердің кейінгі рилсына қатысты ІІМ-ге арыз жолдады. Ол Ботаның әрекетіне (Туды атқа жабу ретінде пайдаланғанына) құқықтық баға берілуі керек деп санайды. Ақботаның мемлекеттік рәмізді қорлағаны дәлелденсе, оған 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

  • Армиядан қашқан Айқын есімді сарбаз жазалана ма? Тәртіптік жазасын алатын шығар, бірақ қылмыстық жауапқа тартылмайтын сияқты. "Әскери бөлімді өз бетімен тастап кету" деген бап бар. Соғыс кезінде қашсаң, ұстап, 15 жылға дейін қамайды. Қазір, шүкір, бейбіт кезең. Бір айдан астам уақытқа жоғалып кетсең ғана сотталасың. Айқын 23 шілдеде Өскемендегі әскери бөлімнен өз бетінше кетіп, бүгін (6 күннен кейін) қаладан 20 км жерде табылды. "Үйін сағынған", - деді әскери полиция. 2004 жылғы бала.

  • 28 июл.1 6404

    без подписи

  • 28 июл.1 6964

    Өскеменде Төрежан деген жігіт бар, Индрайв жүргізушісі. Күні кеше егде жастағы әйелді банкке апара жатып, оның біреуге СМС-кодты сыбырлап жатқанын естіп қояды. Жолаушысының "схемаға" түскенін түсінген Төрежан бейжай қалмай, алаяқты әшкерелейді. Сөйтсе, Лидия ханым "қауіпсіз шотқа" 1,5 млн теңге аудармақ болыпты. Алаяқ өзі такси шақырып, "мені балам деп атаңыз" деген нұсқау да берген екен. Алайда жолын жанашыр таксист кесіп, жоспарын күл-талқан ететінін күтпеген болар. Кейін Төрежан Лидия ханымның true туыстарымен хабарласып, оны аман-есен үйіне жеткізіп салды.

  • 28 июл.1 4088

    без подписи

  • 28 июл.1 4708

    Көкшетауда адамды басып кеткен әйел жайлы... Оған тек 5 жылға ғана көлік айдауға тыйым салынған екен (өмір бойына емес). Сот үкімінде солай жазылып тұр. P.S. Күйеуі бөлек сотталады. Оның ісі әлі тергеліп жатыр. Көлігін "правасы" жоқ жұбайына бергені үшін…

  • 27 июл.1 4073

    без подписи

  • 27 июл.1 6523

    Прокурор Шерханның Нұрайды қалай өлтіргенін айтып берді. Мұны оқудың өзі ауыр. 11 қаңтар... Шерхан "Сделано в России" деген жазуы бар пышақты алып, Нұрайды үйінің қасында тосып тұрады. Дүкенге шыққан Нұрайды көріп, тоқтатып, саябаққа шақырады. Нұрай келіспей…

  • без подписи

  • 24 июл.1 9602

    без подписи

  • без подписи

  • 24 июл.1 6711

    без подписи

  • 24 июл.1 7119

    Buzyq жауапқа тартылды. Бұзық болғанда... Мен - Ілияс. Құрылтайға қатысты сауалнама өткізгенім үшін 32 437 теңге айыппұл төледім. Кандидаттар мен партия атауларын жазбасам ештеңе етпейді деп ойладым. Олай да болмайды екен. P.S. Бұған дейін, қателеспесем, жауапқа 2 рет тартылғанмын: универ маңында темекі шеккенім үшін (шекпеңдер, бұл зиян) және жолды рұқсат етілмеген жерден өткенім үшін.

  • без подписи

  • Нұрай ісі бойынша күдікті "ақыл есі дұрыс тұлға" деп танылды. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы шықты. Демек жазасын арнайы мекемеде емес, түрмеде өтейді. Аса қатыгездiкпен адам өлтіргені дәлелденсе, Шерхан Аймахан кемінде 15 жылға сотталады. Өмір бойына…