tgindex
↝ dámelen
@dametkennРелигияказахский

мән іздейміз.✨ өзім: @jazarymbar инстаграмда да жазарым бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Последний пост
6 апр.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
14 авг.
Подписчики
1 307
−2 за 2 дн.
Сутки
−2
−0,15%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 754
20 постов
Вовлечённость
134,2%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 6 апр.1 1801111

    Сезімді шығарған – пайдалы.

  • 6 апр.1 2031311

    Ойым мені жейді. Сондықтан оған азық болмай, басқаға азық қылайын.

  • 2 мар.1 8002215

    «Жолдың серті – адасу, адасып барып түзелу. Екі түрлі пәктік бар. Біреуі анадан туғандағы, күнә мен зина, қиянаттан бейхабар, тәжірибесіз, мінезсіз пәктік. Екіншісі, бұ дүниенің барлық сатыларынан қан кешіп жүріп өткен, өтсе де лайланбай қалған пәктік. Адам болып қалам десең осының бәрінен өтуге, осының бәрін көруге міндеттісің». Таласбек Әсемқұлов «Бекторының қазынасы»

  • 2 мар.1 6841510

    Жан мен тәніңнің сау болуы – ең негізгісі. Оларды өмірдің ағынына салып қойып, қарап тұрмай, жұмыстану қажет. Жастығымызда білінбейді. Бірақ қарттық қылаң бергенде, кеш болуы мүмкін.

  • 20 февр.1 670149

    «Біз осы көп ұшпаққа қанаттанбай-ақ ұшқымыз келеді, көп нәрсеге орынсыз, ретсіз асығамыз, біле білсек, ненің болса өз кезегі, өз сәті болады екен. Толғақ шағы тумаса, шабан үйрек бұрын ұшадының кебін киесің, болмысынан тыс ебелектеудің бәрі жарға жығар жалған, бәрі бекер». Оралхан Бөкей «Терісаққан».

  • без подписи

  • 18 янв.2 1602418

    Өзгелерге жақсы боламын деп, өзіңе өзің жаман боласың. Өзіңе жақсы болсын десең, өзгеге жаман болу керек пе? Өзіңе жақсы болсын десең, өзгеге жаман болмай, өз шекараңды қорғай білу керек. Бәріне ұнауға тырысқан адам, ең алдымен, өзін жоғалтады. Ал «жоқ» деп айта білген жан – арын сақтайды, уақытын үнемдейді, көңілін қорғайды. Өзіңді құрбан еткен жақсылықтың да, өзін ұмытқан адамгершіліктің де ғұмыры ұзақ емес. Өзіңе әділ бол – сонда өзгеге де шынайы бола аласың.

  • 15 янв.1 810179

    Болар іс болады. Бұлдағанмен ештеңе өзгермейді екен.

  • 15 янв.2 0801914

    Өзіңді өзің ғана алға сүйрейсің. Біреуден көмек күтпеген адам ренжімейді, ал ренжімеген адам жолынан таймайды. Күшіңе арқа сүйеген сәттен бастап, өзіңе деген сенім оянады. Сол сенім қадамға айналады, қадам әрекетке, ал әрекет нәтиже береді.

  • 23 дек.2 0101011

    Кітап оқысам, демаламын. Кейде ем аламын.

  • 23 дек.1 90393

    Биыл аз кітап оқылды. Айналдырған 16 кітап. Бұған жыл басында ғылыми жұмыспен айналысуым, жыл аяғына таман жеке басымда болған жағдай әсер етті ме деймін. Бұл жыл мені кітапсыз да есейткен секілді.

  • 23 дек.1 88086

    Неге біреудің зұлымдығынан өзгелер жапа шегуі тиіс? Неге өз нәпсісі мен теріс мақсұт-мұраты үшін бейкүнә жандарды жазалап, азаптап, тіпті өмірін қиюды өзіне міндет санайды? Жеке бір адамға ғана емес, тұтас бір ұлтқа, жынысқа бағытталған өшпенділік пен кек қайдан туады? Олар өз ғұмырының да өткінші, уақыттың да әділ екенін аңғаруы керек еді. Алайда жауыздыққа толы пейіл сананы улап, ақылға тұсау салады. Сол сәттен бастап, көз көрмейді, құлақ естімейді, жүрек сезбейді. Зұлымдық осылайша адамды адамдықтан айырып, тірі өлік етеді. Солай жүріп өзінің де ойда жоқта өмірінен айрылып не зардап шегуі мүмкін екенін қаперіне де алмайды. Тіпті, оны түсініп тұрса да, «ұлы» мақсат жолында шаһид болатынын мақтаныш етеді. Біреудің қасіреті оны түптің түбіне өз қасіретіне әкеледі. Осы кезде «мұның бәрі не үшін?», «мәні неде?» деген қарапайым сұрақ туады.

  • 27 нояб.1 8412412

    Негізі, жаныңның жай-күйіне үңілу – өте қиын шаруа. Тәніңді реттей аласың: қай жеріңнің кемшің екенін көріп, лезде түзей аласың. Ал жаныңдағы жараны, күйзеліс пен өзіңді кінәлау, реніш, күмән, қорқыныш секілді күймен күресуге, шешімін шығарып, себебін табуға тәртіп, уақыт, шынайылық қажет.

  • 27 нояб.1 7701410

    ✨ Жалған жылтыр тез өшеді, шындықтың жарығы ғана ұзаққа жетеді.

  • 27 нояб.1 700135

    Лира Қоныстың «Мәңгілік сағыныш» деген әңгімесі кейінгі кездегі күйімді дөп жеткізеді екен. Өзі шап-шағын. Айтары – көп.

  • 12 нояб.2 120237

    «– Біз – күнә мен қателіктің жемісіміз. Біздің әрқайсысымыздың болмысымыз  –  жалаңаш. Тек жалаңаш болмысымызды «киіндіргіміз» келетіні күлкілі». Аягүл Мантай «Жалғыздық биі»

  • 5 нояб.2 2602011

    Кітап оқуды демалыс деп білетіндердің бірімін. Бір айда төрт-бес кітап оқитындар бар, әр беттегі ойды талдап, сөзін, парағын санап оқитындар бар. Мен кітапты тез оқуға тырыспаймын. Парақтап, ақтарып, төңкеріп, жоспар құрып, соның бәрін бақылауға алу қолымнан келмейтіндей. Иә, кітап оқуға уақыт бөлемін, бірақ оны жұмыс деп қарамаймын. Кітап маған тыныштық сыйлайды: кейде бір жолға тоқтап, ойланып қаламын, кейде бір сөйлемді екі рет оқуым мүмкін. Иә, ұнатқан ойларды, кейіпкерлерді күнделігіме жазып жүремін. Бірақ кітапты басынан-аяқ жатқа соғуым керек, ондағы әр ұсақ-түйекті білуім керек деп талап қоймаймын. Иә, қатты ұнатқан кітабыңды жаттап алуға болады. Алайда ол таңдаулы туындыларға ғана тән. Оған қоса, мен көбіне көркем әдебиетті оқимын ғой. Кәсіп, ғылым турасындағы кітаптарға бұл пікірім соқпайды. Мен оқитын кітап – сезімдеріме серік, қиялыма қазық.

  • 5 нояб.2 7721221

    Асығудың да, дәлелдеудің де қажеті шамалы. Өміріңнің аяқталар тұсында бұлардың бәрі түкке тұрғысыз болып қалады. Өзіңнің ішкі дауысыңмен сөз байласып, тән тазалығы, жан тыныштығы үшін өмір сүрген құп секілді.

  • 5 нояб.1 590108

    Біздің қазақ бұларды «қиял», оны ұстанғанды «қияли» дейді ғой. Әйтпесе тым жақсы ғылыми атаулары бар екен ғой)

  • 5 нояб.1 6501117

    «Адамның үш әлемі» деп атайды. Қоршаған ортамен байланысты «умвельт» дейді. Адамдармен шынайы құраласуды «митвельт» дейді. Өзіңмен өзің шынайы сырласуды «эйгенвельт» дейді». Санжар Керімбай «Ойланушы»