- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 27
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 61
- 1/48двое суток
- 69
- 1/72трое суток
- 75
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бүгінде көптеген “ақыл айтқыш” психологтардың “жүрегіңді тыңда!” деп жүргені — “нәпсіңмен жүр!” дегені. Әр жүрекке құлақ түрілмейді! Жүректің екі түрі болады. Бірі — нұрлы жүрек, екінші — кірлі жүрек! Күнәнің кіріне былғанған жүректен не күтесің? Сосын нұрлы жүректің ымын, ымбалын ұғатын да “құлақ” керек! “Ымды білмеген, дымды білмейді” дейді қазақ нұрлы жүректің үніне құлақ түріп, ұға алмаған адамды. Ендеше, “жүрегіңді тыңда” деместен бұрын, “жүрегіңді тазала” дегеніміз абзал-ау!
"Әй досым рухыңды биiк ұста, Тән үшiн сүрген өмipдiң рахаты болмайды. Тән үшiн сүрген өмip aзап шектipeдi, Pуx үшiн өмip cүрген ғана рахатқа жеткiзедi" Лев Толстой
Сұлтанмахмұт Торайғыров Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең, Тәуекел, күреске түс, бар дағы жең. Дүниеде барлығыңды кім біледі, Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен.
Ойлаймын да🤔. "Қиындыққа сабыр ет! Бəлки қиындықтан соң нəсібің артып саған бұйырар. Я болмаса қиындық сынақ болып, Алланың мейірімі бұйырар".
Ойлаймын да🤔... "Қандай да бір істі бастаудан қорықпаңыз! Сəтті шықса нендей керемет. Ал сəтсіз шықса сіз үшін тəжірибе болмақ".
Жамандық көрсең құмға жаз, Жел қуып өшірсін. Жақсылық көрсең тасқа жаз, Ғасырдан ғасыр көшірсін 💯✍️
Шал-жасына ғана сүйенеді. Қария-әулетіне сүйенеді. Ақсақал -ауылына сүйенеді. Абыз-ұлтына сүйенеді
*«Адамға өз еңбегінің ғана нәтижесі тиесілі»* ©️ _(«Нәжім» сүресі, 39-аят)_ 🌿 🌱 Еңбек адамның ризығын ғана емес, абыройын да арттырады. Адал еңбекпен табылған аз дүниенің өзі берекелі болады.
Мечеть это дом Аллаха. Часто ходите в мечеть. Будьте прекрасным гостем.
Ұят жүрген жерде Аброй төгілмейді. Аброй бар жерде ар шапаны сөгілмейді .
«Іші-сырты жалған жанға әсте сенбе, Арың таза болса, әр кез жеңіс сенде» (Ахмет Ясауи). Жұма берекелі, дұға қабыл болсын!
*«Бір іс жөнінде олармен кеңес»* _(«Әли Имран» сүресі, 159-аят)_ Пайғамбарымыз ﷺ Мәдинада қалып, қорғануды қалаған еді. Ал сахабалардың көпшілігі сыртқа шығып соғысуды ұсынды. Нәтижесінде Ұхұдта белгілі қиындықтар орын алды. Егер осы оқиғадан кейін Пайғамбарымыз ﷺ: «Енді сендермен ешқашан кеңеспеймін» - дегенде, бұл сахабалардың жүрегіне ауыр тиер еді. Сондықтан Алла Тағала: *«Олармен кеңес»* - деп қайта бұйырды. Бұл біз үшін ғибрат алатын үлкен тәрбие. *Бір кеңесте қателік кеткені үшін кеңесуді толық тоқтатуға болмайды.*
Жетім — тек әке-шешесінен айырылған жан емес. Шынайы жетім — ілімнен құр, әдептен жұрдай болып өскен адам. Бұл – араб даналығында айтылған терең нақыл. Өйткені ата-анасы жоқ болса да, ілім мен тәрбие тапқан жан жоғалмайды. Ал ілім мен әдептен мақрұм қалған жүрек – тірі болса да жетім күй кешеді.
Кім екі хадисті үйреніп, одан өзі пайда алып, әрі оны өзгелерге үйретсе — бұл оған алпыс жыл бойы жасалған ғибадаттан да қайырлы. (Хадис)
«Перзент ата-анасына жасаған дұғасын тоқтатқан сәтте, ризықтың берекесі де кеми бастайды.» 📚 Хәким.
Уа, Аллаһым! Жүрегімізді тәкәппарлықтан, сараңдықтан, риядан, хасад, нифақ, хиқдтан сақта🤲🏻
Уақытты босқа құрту өлімнен де жаман. Өйткені, босқа өткен уақыт – Алладан және ақыреттен айырады. Ал өлім – жәй ғана дүние мен оның күйбелең тіршілігінен айырады». ©️ Ибн Әбу Бәкр
🌱 КӨРКЕМ ҚАҒИДА! وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ 1. «Кім Құдайдан қорқып, (шариғат талаптарын) сақтаса» Бұл - ШАРТ! يَجۡعَل لَّهُۥ مَخۡرَجًا 2. «Алла оған тығырықтан шығар жол ашып береді» Бұл - УӘДЕ! وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِب 3. «Ол күтпеген жақтан оған рыздық келтіреді» Бұл - СЫЙ! («Талақ» сүресінің 2-3 аяттары)
Сұрақ: Рұқсат етілген руқия қандай? Жауап: Имам Суюти رحمه الله былай деген: Ғалымдар мына үш шарт орындалған жағдайда руқия жасауға болатындығына бірауыздан келіскен: 1. Руқия Алланың сөзімен (құран) немесе Оның көркем есімдері мен сипаттарымен болуы; 2. Араб тілінде болуы және мағынасы түсінікті болуы; 3. Руқияның өзі әсер етпейді, әсер тек Алла Тағаланың қалауымен болады деп сену. 🖋️ Ахмад Сәиид Мұстафа (Алла жар болсын)
«Адамды қызметі емес, адамдығы биік етеді» ©️Дінмұхаммед Қонаев (Алла рахымына бөлесін)