Кел балалар оқылық
Статистикаhttps://youtube.com/channel/UCCcFlupqB83nPM4VlfVWw-A?si=x2zEGh 1. Араб тілі грамматикасы және шариғи дәрістер 2. Түрік тілі курсы http://t.me/anonaskbot?start=plldy1fjo9rt9
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 7
- Всего постов
- 31
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Курсы
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 90
- 1/48двое суток
- 103
- 1/72трое суток
- 111
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Сұрақ: Енді отбасылы болайын деп жүрген адамдарға кеңесіңіз? Болашақ күйеуге әйеліне қарай, болашақ әйелге күйеуіне қарай қандай қарым-қатынас көрсету керек, бастапқы кезеңге кеңес ж/е т.с.с Өзіңіз не білгіңіз келер еді, үйленбей тұрып. Анонимде жауап беріп үлгермеген сұрақтардың бірі, көпшілік үшін де маңызды сияқты. Аудио түрінде жауап беремін ИншаАлла
Осындай үкім қайдан шығып жүр ? Нму-лықтардан да естідім осындай үкімді. Кім неге сүйеніп айтып жүр екен, білсеңіздер бөлісіңіздерші, көрейік бізде Ханафи мазхабының қай кітабында бар екен...
Сұрақ, өтініш, талқылау анонимно http://t.me/anonaskbot?start=plldy1fjo9rt9
Сұрақ, өтініш, талқылау анонимно http://t.me/anonaskbot?start=plldy1fjo9rt9
Адам атаның балалары туыстық неке (инцесть) арқылы көбейді ме ?
Негізі, дінсіздер арасында мен ең достойны деп қабылдайтын топ бұл - агностизм. Ал басқалары кілең өздері дәлелдей алмайтын сенімді қолдап жүргендер. Ең достойный дедім, себебі идеалды агностиктер өздерінің білмейтінін мойындайды, зерттеп үйренсем, құдайды тапсам мойындаймын, таппасам жоқ деп айтамын деген ашық ұстанымда болады. Олар жаратушы бар немесе жоқ демейді, тіпті, жаратушы бар немесе жоқ екенін біле аламыз немесе біле алмаймыз деп те айтпайды. Қысқасы, жаратушы туралы ешқандай үкім бере алмаймын дейді. Ал, қазіргі уақытта өздерін агностик ретінде танытып көзге көп түсіп жүргендердің сенімі басқа. Олар "Жаратушы туралы ешқандай мәлімет біле алмаймыз, себебі адам миы оған жете алмайды" дейді. Бірақ олар осы сенімді құрамыз деп жоғарыдағы негізгі ережені айтқан кезінен ақ құрдымға кетеді. Неге 🤔 Себебі "жаратушы бар/жоқ" деген сияқты "жаратушы туралы ешқандай мәлімет біле алмаймыз " деп айту да жаратушы туралы бір мәлімет. Яғни өздері қойған ереже өз ережелеріне қарсы) Бұны бір сөйлемге жинасақ мынадай күлкілі ой шығады: Мен "жаратушы туралы ешқандай мәлімет біле алмаймыз" деген жаратушы туралы мәліметті білемін😁 Немесе бірден: - Неге ешқандай мәлімет біле алмаймыз ? деген сұрақ қоямыз. Олар: - Себебі жаратушы біздің ақылымыздан жоғары -дейді. Бұл жерде байқасаңыз "жаратушыға" "адам ақылынан жоғары, адам ақылы жетпейтін ұлы" деген сипаттама беріп тұр. Сонда "Біз жаратушы туралы ештеңе біле алмаймыз" дегені қайда ? Уже "ҰЛЫ" деген сипат бекітіп тастадық қой)) #ақида
- Мысалы бір Шиғаның сахабаларды жамандамауы мүмкін бе ? - Логикалық тұрғыдан мүмкін емес. Себебі әдетте олардың сенімінде пайғамбарымыздан ﷺ кейін халифалық Али р.анһудың ақысы еді және бұны барлық сахабалар білетін еді. Бұған "Мен кімге уәли болсам Әлиде оларға уәли" деген сияқты дәлелдері бар және бұны мутауатир дейді. Енді соңында халифалық Әлиге р.а. берілмегенде барлық сахаба қиянат жасаған болады. Барлық сахаба ақиқатты жасырып, жалғанға келіскен болады. Яғни пайғамбарымызﷺ өлер-өлместен сахабалар жолдан тайып кетті деген сөз. Ал бұл нәтижеге бара алмаса өз сенімдері құриды. Бұның артынан Шиғаларға көптеген сұрақ туындайды. Мысалы: осындай барлығы бірігіп қиянат жасаған сахабалар жеткізген Құранға қалай сенесіңдер ? Демек сендерде сенімді кітаптарың жоқ, кітап жоқ болса діндерің де жоқ... Аз сахаба, бір-екі сахаба білетін еді деп те айта алмайды. Себебі бізге сенімді хабар керек. Бір-екі сахаба білсе, басқа сахабалар білмесе, онда мен де сенімді хабар болмағасын және сахабалардың көбі білмегесін, нәтижесінде соған сай сахабалар да амал етпегесін, сахабалар үзірлі болғаны сияқты МЕНДЕ ҮЗІРЛІ боламын. Яғни маған Шиға біреу келіп уәжі айта алмайды, Алланың алдында да күнәлі болмаймын. #шиға
Олжас Ұстазға Алла ﷻ разы болсын. Түнгі 3 болса да менің жағдайыма қарап сабақ өтіп жатыр. Күндіз қолым босамай жатыр қазіргі уақытта... Сөйтіп осылай кешке дайындалып, түнде сабақ өтеміз енді)
Әлі осыны тыңдап, қолдап жүрген мұсылмандар бар. Ол қазір сізге жаны ашығандай болып жүрсе де, ақиқатында сізге қарсы, дініңізге қарсы. Жәймен жәймен өз ұстанымына көшіріп алуға тырысады. Исламға қарсы қатты қарсы шықпай жүргені уақытша ғана, ол да халықты…
Әлі осыны тыңдап, қолдап жүрген мұсылмандар бар. Ол қазір сізге жаны ашығандай болып жүрсе де, ақиқатында сізге қарсы, дініңізге қарсы. Жәймен жәймен өз ұстанымына көшіріп алуға тырысады. Исламға қарсы қатты қарсы шықпай жүргені уақытша ғана, ол да халықты өзіне қарсы қойып алмас үшін. Себебі қаны қазақ адамның барлығының дерлік жүрегінде Алласы бар, басқа істерде қателесіп жүрсе де. Исламға қарсы, атеистік видеоға лайк басып отырғаныннан кейін де енді осыны қолдаса, онда ол адамның санасына сұрақтар көп.
Ата-ана арасындағы келіспеушілікке бала куә болмауы керек. Кейде ата-ананың балаға қоятын талаптары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, анасы баласына аулаға шығып, достарымен ойнауға рұқсат береді, ал әкесі бұған қарсы болады. Сонда бала кімнің сөзін тыңдарын білмей, анасын ба, әлде әкесін бе таңдауға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда мәселені шешудің ең дұрыс жолы — ата-ананың алдын ала өзара келісіп, бір ұстаным мен бір жауапқа келуі. Алайда төтенше немесе шұғыл жағдайларда ата-ананың бір мәселеде ортақ пікірге келуі мүмкін бола бермейді. Мұндайда ата-ананың бірі екіншісінің балаға қатысты ұстанымына қарсы шықпағаны жөн. Оның қарсылығын бала жоқ кезде білдіріп, мәселені кейінірек, бала көзінен таса жерде талқылаған дұрыс. Осылайша бала ата-анасының бір-біріне қайшы келетінін көрмей, олардың арасындағы келіспеушіліктің куәсі болмайды. كيف تربي أبناءك في هذا العصر Болмаса бірден "былай жаса" деп айта салмастан баланың көзінше болса да екеуі жәймен сөйлесе отырып кеңесуі пайдалы болады. Мысалы : Әкесі, былай жасасақ қалай болады ? деген сияқты. #балатәрбиесі
Бала, әдетте, үйде сіңіріп өскен эмоциясын қоғамда көрсетеді. Үйде әке-шешесінің әрқашан ұрыс-керісін естіп өскен бала мектепте де келіспеушілікке, қатыгездікке жақын болады. Ал үйде мейірімге бөленіп, әке-шешесінің жылы қарым-қатынасын көріп өскен бала қоғамға да позитивті эмоция береді. "Қазіргі уақытта балаңды қалай тәрбиелейсің ?" Кітабынан бір түйін. Қазақ бұны былай айтады: ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің. من لا يرحم لا يرحم Пайғамбарымызﷺ айтты: Мейірімділік көрсетпеген мейірімге бөленбейді. #балатәрбиесі
قال النبي ﷺ: «مَنْ جَلَسَ فِي مَجْلِسٍ، فَكَثُرَ فِيهِ لَغَطُهُ، فَقَالَ قَبْلَ أَنْ يَقُومَ مِنْ مَجْلِسِهِ ذَلِكَ: سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ، وَأَتُوبُ إِلَيْكَ؛ إِلَّا غُفِرَ لَهُ مَا كَانَ فِي مَجْلِسِهِ ذَلِكَ». Алла елшісі ﷺ айтты: «Кім бір мәжілісте отырып, сол мәжілісте бос сөзді көп сөйлеп қойса, орнынан тұрмай тұрып: "Уа, Алла! Сені барлық кемшіліктен пәк деп, мадақпен ұлықтаймын. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Сенен кешірім тілеймін әрі Саған тәубе етемін." – деп айтса, сол мәжілісте жасаған (күнәлары мен қателіктері) кешіріледі». Транскрипция: Субханакаллаһумма уә бихамдик, әшһәду әллә иләһә иллә әнтә, әстәғфирукә уә әтубу иләйк. Барлығымызға дерлік керек шығар...
Күнә жасаудың әсері: 1. Ілімнен құр қалу. Себебі, ілім - нұр. Ал нұрлы Алла Тағала күнәһар жүрекке салмайды. 2. Ризықтың азаюы. Пайғамбарымызﷺ айтты: Расында құл күнәсі үшін ризығынан мақрұм қалады.
يقول محمود درويش: إن أردت أن تستيقظ سعيدًا في الصباح، فاعرف مع من تتحدث ليلًا! Таңертең жүзің жадырап оянғың келсе, түнгі әңгімеңді кіммен бөлісетініңді дұрыс таңда.
Күйеудің намысына тиме, әйелдің көңілін қалдырма ! #отбасы
Адамның өткені - тұлғалығының фундаменті. Фундамент әлсіз болса үй ұзаққа бармай құлайды. Мақсат тәубенің маңызын жоққа шығару, өткен күнәні ашу емес, жәй ғана өткеннің маңызы жоқ дейтіндерге бір құлаққағыс.
Çayın tadı çaydan gelmez, çayın tadı içtiğiniz dostlarla gelir
Әйелі: - Отағасы үйге келе жатқанда етпен картошка алмапсыз ? Күйеуі: - Ет алмадым, себебі бүгін кешкі асты кафеде ішеміз. - Шынымен бе ? - Иә, қай жерге барамыз деп ойлайсыз ? - Бауырдаққа барып стейк жейміз бе ? - Дәл солай, сенің сүйікті жеріңе барамыз. Күйеуі ішінен: Етпен картошка алу керек екені мүлдем есімде жоқ, тіпті маған айтқанын да білмеймін🤦♂ Бірақ мен сияқты кафені сылтауратып құтылып кетсеңдер болады. Онің үстіне қай жерге барғысы келетінін өзінен сұрап аласың)) Әйелі ішінен: Етпен картошка мүлдем сұрамаған едім))
Егер адам не үшін өмір сүретінін білсе, кез келген қиындыққа төтеп бере алады. “Өмірден мән іздеген жан” Виктор Франкл. Біз мұсылманбыз дегенмен өмір сүру себебіміз ДҮНИЕ. Сондықтан әрбір сынаққа сына береміз. Сол үшін жанымызға жақын жандармен сыналғанда өмірден баз кешіп кетеміз. #пәлсапа