tgindex

Мұсылман естеліктері

описание

Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg Арнаның бас редакторы: @altayberish

3 478
подписчиков
Охват к подписчикам
79,5%
ERR
Реакции к просмотрам
0,68%
374 на 20 постов
Пересылки к просмотрам
0,47%
261
Постов в день
0,0
всего 20

Где отзываются чаще

доля реакций к просмотрам
  • 19 мар.Құрметті «Мұсылман естеліктері» оқырмандары. Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз. Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында жасаған ғибадаттарымызды қабыл етіп, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!1,45%
  • 28 февр.Ел амандығы — баға жетпес ұлы нығмет Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен сәлеметі болсын) Аллаһ Тағалаға былай деп дұға еткен: ﴿رَبِّ ٱجۡعَلۡ هَٰذَا ٱلۡبَلَدَ ءَامِنٗا وَٱجۡنُبۡنِي وَبَنِيَّ أَن نَّعۡبُدَ ٱلۡأَصۡنَامَ...﴾ «Уа, Раббым! Бұл елді-мекенді бейбіт әрі аман қыла көр! Сондай-ақ мені де, ұрпағымды да пұттарға табынудан аулақ ет…» [1] Содан кейін ол басқа да түрлі тілектерін сұрады. Имам Шәукәни (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) осы аяттардың тәпсірінде былай дейді: «Ибраһим пайғамбар көптеген тілектерінің алдына ең әуелі елінің амандығын бірінші қойып сұрады. Себебі елден тыныштық пен бейбітшілік кетсе, адам баласы діні мен дүниесінің ешбір ісіне көңіл бөле алмайды» [2]. Уа, Раббымыз! Қазақ елімізге және басқа да мұсылман елдеріне мәңгі бейбітшілік пен аманшылық нығметін нәсіп ет! [1]Ибраһим сүресі, 35-аят [2] Шәукәнидің “فتح القدير” кітабы 3-т., 134-бет @muslimsnotes1,08%
  • 26 февр.Кез келген құлшылықтың өзегі әрі ең маңызды бөлігі — Аллаһты еске алу. Ол қаншалықты көбейсе, амалдың салмағы да соншалықты ауырлап, сауабы артып, құлдың дәрежесі биіктей түседі. Сондықтан ораза ұстаушылар ішіндегі ең абзал адам — оразасы кезінде Аллаһты ең көп еске алып, тілі мен жүрегін көркейткен жан. Қараңыз: Ибн Қайим الوابل الصيب кітабы 181-бет0,93%
  • 27 маяҚадірменді мұсылман ағайын! «Мұсылман естеліктері» арнасы атынан баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Аллаһ Тағала баршамыздың жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етіп, еліміз бен жерімізге тыныштық, ынтымақ пен береке нәсіп етсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен амандық сыйлап, келесі айттарға аман-есен жеткізе берсін!0,78%
  • 11 мар.Назарларыңызға «Қадір түні» атты қысқа мақаламызды ұсынамыз. Бұл мақалада осы ұлы түннің қадірі, мүмкіндікті жіберіп алмаудың маңызы және мұсылман жүрегіне арналған естеліктер баяндалады. «Мұсылман естеліктері» арнасы оқырмандарына пайдалы болады деп үміттенеміз.0,72%
  • 19 февр.Ораза – Аллаһ үшін және оның сыйын Аллаһ Өзі береді Аллаһ елшісі ﷺ айтады: «Адам баласының әрбір амалы өзі үшін, ал жақсылық он есе сауаптан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі. Алла Тағала айтады: «Тек ораза – ол Мен үшін және оның сауабын Мен Өзім беремін. Өйткені пендем құмарлығы мен ас-суын тек Мен үшін тастады»» [1]. Имам Ибн Ражаб (Аллаһ оны рақымына алсын) осы хадиске былай түсініктеме берген: «Барлық амалдар он есе сауаптан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі, алайда оразаның сауабы белгілі бір санмен шектелмейді. Аллаһ Тағала оның сауабын шексіз түрде еселеп арттырады, себебі ораза – сабырдың бір түрі. Ал Аллаһ Тағала: ﴿إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّٰبِرُونَ أَجۡرَهُم بِغَيۡرِ حِسَابٍ﴾ «Шын мәнінде, сабыр етушілердің сауаптары есепсіз беріледі» [2], - деген» [3]. [1] Бухари (1894), Муслим (1151) – Әбу Һурайрадан [2] Зумәр сүресі 10-аят [3] Ибн Ражәб "لطائف المعارف" кітабы 268-бет @mulimsnotes0,71%
  • 23 мар.Имам Хасан әл-Басри (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Расында, Аллаһқа күнә жасамай өткізген әр күнің — сен үшін айт (мейрам)». Дереккөз: Ибн Ражәбтың “لطائف المعارف” кітабы (512-бет) @muslimsnotes0,65%
  • 27 февр.Мұқтаж адамның садақасы Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Бір дирһам (сауабы жағынан) жүз мың дирһамнан асып түсті». Сонда сахабалар: — Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қалай? — деп сұрағанда, Ол ﷺ: «Бір адамның екі-ақ дирһамы бар еді, ол соның біреуін [қиып] садақаға берді. Ал екінші бір адамның мол дүниесі бар еді, сол байлығының бір шетінен [қиналмастан] жүз мың дирһам садақа етті», — деп жауап берді [1]. Тағы бір хадисте: — Уа, Аллаһтың Елшісі, садақаның ең абзалы қайсысы? — деп сұралғанда, Ол ﷺ: «Дүниесі аз бола тұра, шамасы келгенше, нәпсісімен күресіп шығарған садақа», — деген [2]. Имам Ибн Қайим (Аллаһ оны рақымына бөлесін) осы хадистерді түсіндіре келе былай дейді: «Бұл хадистердің барлығы кедей адамның барын салып берген садақасы — дәулетті адамның мал-мүлкінің аз ғана бөлігінен берген көп садақасынан артық болатынын көрсетеді. Өйткені Аллаһтың алдында амалдар олардың санына не сыртқы көрінісіне қарай емес, оған түрткі болған ықыластың күшіне, орындаушының адалдығы мен шынайылығына, әрі Аллаһты өз нәпсісінен жоғары қоюына қарай таразыланып, бағаланады. [Ойлап қараңызшы:] Өзіне азық болып тұрған жалғыз нанын Аллаһ разылығы үшін берген адамның садақасы мен байлығының бір шетінен ғана жүз мың дирһамды еш қиналмай шығарған адамның садақасы тең бола ма?! Әлбетте, әлгі адамның бір тілім наны мен бір дирһамы таразыда екінші адамның жүз мыңынан ауыр түседі. Аллаһтан ғана жәрдем тілейміз» [3]. [1] Нәсәи 2527 — Әбу Һурайрадан [2] Әбу Дәуд 1677, Ахмад 8702 — Әбу Һурайрадан [3] Ибн Қайим عدة الصابرين кітабы, 235-бет https://t.me/mulimsnotes0,64%
  • 20 февр.Ораза ұстаушының қуанышы Аллаһ Елшісі ﷺ айтады: «Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі ауызын ашқанда, екіншісі Раббысымен қауышқанда» [1]. • Ауыз ашқан кездегі қуанышы — Аллаһтың нәсіп еткен нығметіне, құлшылықты толық орындағанына деген қуаныш. Аллаһ Тағала былай дейді: قُلۡ بِفَضۡلِ ٱللَّهِ وَبِرَحۡمَتِهِۦ فَبِذَ ٰ⁠لِكَ فَلۡیَفۡرَحُوا۟ هُوَ خَیۡرࣱ مِّمَّا یَجۡمَعُونَ «[Уа, Мухаммад,] оларға айт: Бұл — тек Аллаһтың шексіз кеңшілігі мен мейірімінің арқасы. Ендеше олар осыған ғана қуансын. Өйткені бұл олардың барлық жинаған дүниелерінен әлдеқайда артық» [2]. • Раббысымен қауышқандағы қуанышы — Қиямет күні ұстаған оразасының мол сауабын тапқандағы қуанышы. Бұл - мәңгілік және ең үлкен қуаныш. Аллаһ Тағала айтады: یَوۡمَ تَجِدُ كُلُّ نَفۡسࣲ مَّا عَمِلَتۡ مِنۡ خَیۡرࣲ مُّحۡضَرࣰا «Сол күні (Қияметте) барлық жан дүниеде жасаған әрбір игі амалын алдынан табады» [3]. [1] Бухари, 1904, Муслим 1151 — Әбу Һурайрадан [2] Иунус сүресі, 58-аят [3] Әлу Имран сүресі, 30-аят @muslimsnotes0,62%
  • 26 маяҚұлдар тозақтан ең көп босатылатын күн – Арафа күні Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елішісі ﷺ айтады: «Аллаһ Тағала пенделерін тозақтан ең көп құтқаратын күн – Арафа күні. Сол күні Аллаһ Тағала пенделеріне жақындап, періштелерінің алдында оларды мақтаныш етіп: "Мына құлдарым не қалайды?" – дейді» [1]. Абдулла ибн Амрдің (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) риуаятында бұл мағына былайша толықтырылған: «Аллаһ Тағала Арафа алқабындағы құлдарымен періштелердің алдында мақтанып: "Қараңдаршы! Олар шаштары ұйпаланған, үсті-басы шаң болып, арнайы Маған келді. Олар Мені көрмесе де, мейірімімді үміт етіп, азабымнан қорқады", – дейді» [2]. Хадистен алынатын пайдалар: Бірінші пайда: Бұл хадис – Арафа күнінің ерекше артықшылығына дәлел. Осы күні Аллаһ Тағала құлдарына ерекше мейірім мен кеңшілік танытады. Арафа күні Аллаһ құлдарын тозақтан ең көп құтқарады, оларға жақындайды, періштелерге олардың кешірілгенін жария етеді әрі олармен мақтанады. Бізді де Аллаһ Тағала осы құлдарының қатарына қоссын! Екінші пайда: Бұл хадис Аллаһтың «жақындау» (الدُّنُوُّ) деген сипатына дәлел. Бұл – Аллаһ Тағаланың Өз еркімен жүзеге асыратын іс-әрекет сипаттарының бірі. Әһлу-Суннә уәл-Жамаға бұл сипатқа былай иман келтіреді: - ешбір жаратылысқа ұқсатпайды; - қалай екеніне кіріспейді; - мағынасын жоққа шығармайды; - мағынасын өзгертіп, бұрмаламайды. Сондықтан Аллаһтың көркем есімдерінің бірі — «әл-Қариб» (Жақын). [1] Муслим 1348 [2] Ахмад 7089 @muslimsnotes0,59%
  • 22 февр.Түңгі намаздарда ата-ана үшін дұға жасаудың маңыздылығы Аса көрнекті ғалым шейх Ибн Усәймин (Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады: «Тарауих немесе түңгі намазда әкең үшін [Аллаһқа] дұға жасағаның — оның атынан он түйе сойғаныңа қарағанда әлдеқайда абзал» [1]. ﴿رَبَّنَا ٱغۡفِرۡ لِی وَلِوَ ٰ⁠لِدَیَّ وَلِلۡمُؤۡمِنِینَ یَوۡمَ یَقُومُ ٱلۡحِسَابُ﴾ «Уа, Раббымыз! [Алдыңа тұрып] есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр» [2]. ﴿رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّیَانِی صَغِیرࣰا﴾ «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр» [3]. [1] Шейхтің الباب المفتوح атты жүздесуі (115) [2] Ибраһим сүресі, 41-аят [3] Исра сүресі, 24-аят @muslimsnotes0,57%
  • 20 мар.Айт — шариғат бекіткен ұлы мейрам Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Әрбір қауымның өз мейрамы бар, ал (Ораза айт пен Құрбан айт) бұл — біздің мейрам» [1]. Хафиз Ибн Хажар (Аллаһ оны рақымына алсын) айтады: «Айт күндері қуаныш пен шаттық білдіру — бұл діннің ұлы нышандарының бірі» [2]. [1] Бухари 952, Муслим 895 [2] Ибн Хажәрдің “فتح الباري” кітабы (2-том, 443-бет) @muslimsnotes0,56%