ой таспа
Статистикашимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, UN🤍
- Последний пост
- 11 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- tk
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
мен енді өзімді ешкім үшін кішірейтпеймін. олардың салып қойған шекараларына өзімнің шексіздігімді сыйғызуға тырыспаймын. өзімнің қалауларымды олардың жолында құрбандыққа шалмаймын, өзімді сарқытпаймын, сарқылмаймын. өз өзегімнен бір сәтке де ажырағым келмейді. әйтсе… бұл нағыз сатқындық пен жауыздық дерсің! өзіңе жасалған қиянат… өйткені мен өзіме тапсырылған Жасағанның ең құнды аманатымын!💚🍃 #UN_notes
жазудан жеримін, жазудың өзінен емес, жазуға жолағандағы оянатын сезімдерден, ойлардан, қылтиып шыға келетін қиялдан. шабыт – алпауыт күш, өткеніңе қайта оралтқызады, болашағыңды сездіртеді, қатып қалғанды жібітіп, еріп кеткенді қатайтады...
Үздігу жанымды жеп, қажап қойған, Құтылдым белгісіз бір азапты ойдан… #UN_poetry
мен де бейбақпын. тағдырға салғанды көремін. еншіме түскенді алқымдаймын. несібеме жазғанға уақытша иелік етемін. көп уақыт ойда жүрген бір дүние бар еді. осы жолы іштегі сол жасырынған бір сәулені өз иесіне тапсырып, тәуекелге барғым келіп еді. ол да бұйырмапты… бәрін осы күйінде қалдырамын, қайырлысы… ⛅️ (ішкі ойдан сыбаға…)
адам – бір бейбақ. ол көп нәрсені өз бетінше шеше алатындай, тау қопарып, тас жарып, жұлдызға құрық салып, айды меншіктейтіндей меңменсінеді-ау… бірақ адам – жай ғана жаратылыс, Жасаған емес, Жасаушы да, Құраушы да емес, онда өзіне тиесіліден артық ешқандай құдірет те, күш те жоқ. болмақ та емес… #UN_notes
несіне әуре боп, несіне үздігем? сабырым іштегі - сап-сары күзгі рең… #UN_poetry
Көпшілікке затым ұяң, тұйық, нәзік… Барлық толғаныстарым ішімде, ойларымды да тек жақын адамдарыма айтамын. Игілікке үмітшеңмін, жақсылыққа сенгішпін, кейде баладай аңқаумын. Ұнамаған дүнием бетімде тұрады, адамның көңілін қатты ойлаймын, сезгішпін. Жақындарыма соңғы нәрсемді беріп жіберемін, есеппен емес, жүрекпен араласамын. Ешкімге жүк артқым келмейді, барынша өз дөңгелегімді өзім домалатуға тырысамын. Өзіме ең қатал сыншымын, жақындарыма барынша қолдаушымын… #UN_notes
Этим летом я пожелаю себе человека…своего, равного, по судьбе и сквозь неё. Чтобы каждый наш миг был про спокойствие, уют и тепло. Чтобы рядом с ним я не чувствовала, что меня слишком много, что я навязчивая, лишняя или «не такая». Чтобы с ним я могла быть собой – не уменьшая себя и не сомневаясь в своём праве занимать место рядом. Чтобы мы были друг у друга в каждом мгновении и в каждой мысли. 🤍 #UN_notes
Қазіргі қоғам бұл әлемнің бір бұрышында сенің мінсіз адамың бар деп сендіріп тастаған. Махаббат туралы ұғымымыз да осының айналасында құрылып жатыр. Бұл ұғым бізге не дейді? Мінсіз адамың сен ойлағандай жүру керек дейді, сен құрастырған сценариймен сенің көңіліңді бағу керек дейді, сенің қажеттіліктеріңді өтеу керек дейді, сенің жараларыңды емдеп, сені бақытты етуі керек дейді, қарым-қатынаста сен ешқашан ұтылмауың керек дейді... Бірақ маған бұл таза тұтынушы мен өнім берушінің арасындағы қарым-қатынас сияқты көрінеді. Өнімі ойыңнан шыққанша ғана өнім берушіні таңдайсың, бірге боласың. Ал ойыңмен бір ғана қыры үйлеспей қалса, ортадағы келісімді бұзасың... Ал шын мәнінде, махаббат деген – сүйгеніңнің барлық кемшілігін көре тұра, жараларын біле тұра, қорқыныштарын сезе тұра, күн сайын «қасында боламын» деген шешімге келу. Айнымау, сатпау, сатылмау. Өйткені сүйгеніңді қалай бар, солай қабылдайсың, қысылмайсың, өзгертуге тырыспайсың, не көрсең де, бірге көресің... Әрине ол үшін сенің ішіңде соған сай ресурсың болуы керек, мейірім құтысы толы болуы қажет, кейде тіпті жан кешу керек, барыңды қию керек... Сонда ғана қалғанының барлығы осының есебінен ырықсыз келе береді... Бір-біріңді толық қабылдай алғанда, сөйлесе, ұғына білгенде бір-біріңді ырықсыз қуантуға, жұбатуға, екеуіңе де жайлы болатындай мекен құруға да ынта-ыджаһаттарың сарқылмайды... Бәлкім... бірге қателік жасап, ренжітесің, ренжисің, бірақ сонда да ортақ шешімге келіп, сол жолда табандылығыңды азайтпайсың... Махаббат деген алыс-берістен тұрмайды, махаббат деген ауқымы мол ұғым... #UN_notes
бәріміз бұл дүние үшін де, бір-біріміз үшін де өкпек жолаушымыз. аз уақыттың ішінде аларымызды түгендеп, берерімізді есептеп, болмашы дүниелер үшін әуре боламыз. сосын естелік болып қана сақталамыз. ол естеліктер де көмескі тартып, шаң басады, жойылады, ұмытылады, кейде жаңғырып жатады. сөйтіп… уақыт-керуен көшін бұра бергенде естелік болудан да қаламыз… жолаушы мен жолаушы әу баста кездескенде қанша уақытқа сапарлас болатынын, бір-біріне не үйретерін, бірге не өткерерін білмейді. сапар қыза бастаған сайын, бұл жұмбақтар ашылады. қателеседі, ренжітеді, бұғады, өкпелейді, тіпті көрместей болады. бұны қайтпексің? әркімнің сапарласы да, сапары да, барар жері де өзіндік бір ерек болған соң, кімге неңді айта бермексің? әркімдікі өзіне дегендей… #UN_notes
шай ішейік десем, бәрін тастап, келер ме едің, м? #UN_notes
Не сдам — пересдам. Потеряю — куплю новое. Не получится — попробую снова. Не ответят — напишу другим. Сорвётся — значит, не моё. Разочаруюсь — отпущу. Не идеально — зато настоящее.
«Айға да іздеп жетер ем Жаным өзің «кел» десең» 🦋🕊️
Махаббат – етістік. Ұғыну, білу, сүйсіну, жан ашу, қуанту, жұбату, жай ғана сүйгеніңнің қасында болу, демеу, қамқорлық таныту. Бұның бәрі энергия мен іс-қимылды қажет етеді. Бұл жалғанда әрекет пен қажырлықты қажет етпейтін істердің жалғызы – ұйқы. Онсыз да жалғыз өмірімізді әрекетсіз, қажыр-қайратсыз, мейірім-махаббатсыз, «қалың ұйқыда» өткізіп алмайық… #UN_notes
Сап–көңілім сағым ойға шағылып, Қызғалдақтай жайқалады бақ-үміт… Сені ұмытқан кездерім жоқ, қадірлім, Сені ойлап, сағынатын шақ – ұлық… Түн ортасы… Дұға етем сопыдай, Тәпсіріңе сана керек шоқыдай… Әлімсақта жолыққандай рухымыз, Шешім берші жұмбағыңа, о, Құдай… Қиялымды болмысыңа құр түйген, Ғаламат-ау бірге жанып, бір күйген… Әрекетке жарымаған шарасыз, Құтқаратын кім бар мені бұл күйден? Сабырым да, тағатым да іркілген, Күдігімнің кірбіңі көп түртілген…. Ей, Қуатым, кетейінші айналып, Біз бақытты болатұғын бір күннен… Бүгін тағы іштей мен сарылдым көп, Арқалаған жүгімнен арылғым кеп… Бағым болсаң, өзің-ақ жазар едің, «Алып-ұшып келейін, сағындым!» деп. #UN_poetry 15.04.26
«Есть люди, которым мы желаем спокойной ночи, даже если они нас не слышат… Есть люди, о которых мы думаем, едва лишь открываем утром свои глаза… Они не рядом, но в то же время, всегда с нами, в самом сердце. Есть такие улыбки, которые мы дарим только им, надеясь что внутренний свет, который мы им посылаем, дойдёт до их души. Есть такие люди, иногда далекие, но всегда бесконечно близкие нам, которых нам ужасно хочется обнять в данную минуту. О них мы думаем весь день, забираем их с собой в дальние города и страны. О них мы молимся и переживаем. По ним мы очень скучаем. И какой бы океан молчания и недопонимания ни разделял нас, мы всегда готовы услышать их тёплое и такое родное «привет»…»
дәл осы қалпыңмен сен толық тұлғасың, ғажап бір жаратылыссың, жүрек. сені өзгертіп те, түзетіп те, кішірейтіп те, тіпті көркемдеп те қажет емес. осы сәт пен мынау жарық дүниеге сенің қазіргі қалпың керек. өзіңді сынағаныңнан, жек көргеніңнен емес, жақсы көргендіктен өсіп, жетіл. біреуді мүсіркеп, аяғаннан емес, артылғанның есебінен, алғыстан бер. айналаңды есеппен, қайтарым күтумен емес, естілігіңмен, шартсыз сүй. өзіңді жеме, кемітпе, сынама… келістік? #UN_notes
жапырақпын. жапырақтардың ішіндегі ең кішкентайы, ең жұқасы мен сияқтымын. мөлшерінен көп күн түссе құрғап, мезгіліне бағынатын. жел соқса, қоярға жер таппай, шайқалып, ық іздейтін. шексіз үміттер мен күдіктерден жұқарып, сарғаятын. жайлылықты жақсы көретін, жылулыққа құштар. діңгегінен нәр алатын, іздегенге көлеңке болатын, өзіндік орны бар, көп ішіндегі бір жапырақпын… #UN_notes
жиырма алтыншы көктемім… Жасағаным, шүкір дедім… бергеніңе, алғаныңа, сыйлағаныңа, жетелегеніңе, сынағаныңа, өсіргеніңе, тіршілігімді дөңгелеткеніңе, қыбырлап жүріп біреуге пайдалы бола алғаныма, жыбырлап жүріп жеткізіп жатқаныңа…
Инфантильная любовь следует принципу: «Я люблю, потому что меня любят». Незрелая любовь говорит: «Я люблю тебя, потому что ты мне нужен». Зрелая любовь говорит: «Ты нужен мне, потому что я тебя люблю».