tgindex

ой таспа

описание

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, UN🤍

407
подписчиков
Охват к подписчикам
78,4%
ERR
Реакции к просмотрам
3,34%
213 на 20 постов
Пересылки к просмотрам
1,30%
83
Постов в день
0,0
всего 20

Где отзываются чаще

доля реакций к просмотрам
  • 11 июл.мен енді өзімді ешкім үшін кішірейтпеймін. олардың салып қойған шекараларына өзімнің шексіздігімді сыйғызуға тырыспаймын. өзімнің қалауларымды олардың жолында құрбандыққа шалмаймын, өзімді сарқытпаймын, сарқылмаймын. өз өзегімнен бір сәтке де ажырағым келмейді. әйтсе… бұл нағыз сатқындық пен жауыздық дерсің! өзіңе жасалған қиянат… өйткені мен өзіме тапсырылған Жасағанның ең құнды аманатымын!💚🍃 #UN_notes7,61%
  • 8 июн.Көпшілікке затым ұяң, тұйық, нәзік… Барлық толғаныстарым ішімде, ойларымды да тек жақын адамдарыма айтамын. Игілікке үмітшеңмін, жақсылыққа сенгішпін, кейде баладай аңқаумын. Ұнамаған дүнием бетімде тұрады, адамның көңілін қатты ойлаймын, сезгішпін. Жақындарыма соңғы нәрсемді беріп жіберемін, есеппен емес, жүрекпен араласамын. Ешкімге жүк артқым келмейді, барынша өз дөңгелегімді өзім домалатуға тырысамын. Өзіме ең қатал сыншымын, жақындарыма барынша қолдаушымын… #UN_notes5,70%
  • 29 маяЭтим летом я пожелаю себе человека…своего, равного, по судьбе и сквозь неё. Чтобы каждый наш миг был про спокойствие, уют и тепло. Чтобы рядом с ним я не чувствовала, что меня слишком много, что я навязчивая, лишняя или «не такая». Чтобы с ним я могла быть собой – не уменьшая себя и не сомневаясь в своём праве занимать место рядом. Чтобы мы были друг у друга в каждом мгновении и в каждой мысли. 🤍 #UN_notes5,63%
  • 10 июн.несіне әуре боп, несіне үздігем? сабырым іштегі - сап-сары күзгі рең… #UN_poetry4,87%
  • 5 апр.жиырма алтыншы көктемім… Жасағаным, шүкір дедім… бергеніңе, алғаныңа, сыйлағаныңа, жетелегеніңе, сынағаныңа, өсіргеніңе, тіршілігімді дөңгелеткеніңе, қыбырлап жүріп біреуге пайдалы бола алғаныма, жыбырлап жүріп жеткізіп жатқаныңа…4,79%
  • 11 июн.адам – бір бейбақ. ол көп нәрсені өз бетінше шеше алатындай, тау қопарып, тас жарып, жұлдызға құрық салып, айды меншіктейтіндей меңменсінеді-ау… бірақ адам – жай ғана жаратылыс, Жасаған емес, Жасаушы да, Құраушы да емес, онда өзіне тиесіліден артық ешқандай құдірет те, күш те жоқ. болмақ та емес… #UN_notes4,63%
  • 29 июн.жазудан жеримін, жазудың өзінен емес, жазуға жолағандағы оянатын сезімдерден, ойлардан, қылтиып шыға келетін қиялдан. шабыт – алпауыт күш, өткеніңе қайта оралтқызады, болашағыңды сездіртеді, қатып қалғанды жібітіп, еріп кеткенді қатайтады...4,20%
  • 11 июн.мен де бейбақпын. тағдырға салғанды көремін. еншіме түскенді алқымдаймын. несібеме жазғанға уақытша иелік етемін. көп уақыт ойда жүрген бір дүние бар еді. осы жолы іштегі сол жасырынған бір сәулені өз иесіне тапсырып, тәуекелге барғым келіп еді. ол да бұйырмапты… бәрін осы күйінде қалдырамын, қайырлысы… ⛅️ (ішкі ойдан сыбаға…)3,73%
  • 21 маяҚазіргі қоғам бұл әлемнің бір бұрышында сенің мінсіз адамың бар деп сендіріп тастаған. Махаббат туралы ұғымымыз да осының айналасында құрылып жатыр. Бұл ұғым бізге не дейді? Мінсіз адамың сен ойлағандай жүру керек дейді, сен құрастырған сценариймен сенің көңіліңді бағу керек дейді, сенің қажеттіліктеріңді өтеу керек дейді, сенің жараларыңды емдеп, сені бақытты етуі керек дейді, қарым-қатынаста сен ешқашан ұтылмауың керек дейді... Бірақ маған бұл таза тұтынушы мен өнім берушінің арасындағы қарым-қатынас сияқты көрінеді. Өнімі ойыңнан шыққанша ғана өнім берушіні таңдайсың, бірге боласың. Ал ойыңмен бір ғана қыры үйлеспей қалса, ортадағы келісімді бұзасың... Ал шын мәнінде, махаббат деген – сүйгеніңнің барлық кемшілігін көре тұра, жараларын біле тұра, қорқыныштарын сезе тұра, күн сайын «қасында боламын» деген шешімге келу. Айнымау, сатпау, сатылмау. Өйткені сүйгеніңді қалай бар, солай қабылдайсың, қысылмайсың, өзгертуге тырыспайсың, не көрсең де, бірге көресің... Әрине ол үшін сенің ішіңде соған сай ресурсың болуы керек, мейірім құтысы толы болуы қажет, кейде тіпті жан кешу керек, барыңды қию керек... Сонда ғана қалғанының барлығы осының есебінен ырықсыз келе береді... Бір-біріңді толық қабылдай алғанда, сөйлесе, ұғына білгенде бір-біріңді ырықсыз қуантуға, жұбатуға, екеуіңе де жайлы болатындай мекен құруға да ынта-ыджаһаттарың сарқылмайды... Бәлкім... бірге қателік жасап, ренжітесің, ренжисің, бірақ сонда да ортақ шешімге келіп, сол жолда табандылығыңды азайтпайсың... Махаббат деген алыс-берістен тұрмайды, махаббат деген ауқымы мол ұғым... #UN_notes3,26%
  • 28 июн.Үздігу жанымды жеп, қажап қойған, Құтылдым белгісіз бір азапты ойдан… #UN_poetry3,21%
  • 11 маябәріміз бұл дүние үшін де, бір-біріміз үшін де өкпек жолаушымыз. аз уақыттың ішінде аларымызды түгендеп, берерімізді есептеп, болмашы дүниелер үшін әуре боламыз. сосын естелік болып қана сақталамыз. ол естеліктер де көмескі тартып, шаң басады, жойылады, ұмытылады, кейде жаңғырып жатады. сөйтіп… уақыт-керуен көшін бұра бергенде естелік болудан да қаламыз… жолаушы мен жолаушы әу баста кездескенде қанша уақытқа сапарлас болатынын, бір-біріне не үйретерін, бірге не өткерерін білмейді. сапар қыза бастаған сайын, бұл жұмбақтар ашылады. қателеседі, ренжітеді, бұғады, өкпелейді, тіпті көрместей болады. бұны қайтпексің? әркімнің сапарласы да, сапары да, барар жері де өзіндік бір ерек болған соң, кімге неңді айта бермексің? әркімдікі өзіне дегендей… #UN_notes3,18%
  • 28 апр.Махаббат – етістік. Ұғыну, білу, сүйсіну, жан ашу, қуанту, жұбату, жай ғана сүйгеніңнің қасында болу, демеу, қамқорлық таныту. Бұның бәрі энергия мен іс-қимылды қажет етеді. Бұл жалғанда әрекет пен қажырлықты қажет етпейтін істердің жалғызы – ұйқы. Онсыз да жалғыз өмірімізді әрекетсіз, қажыр-қайратсыз, мейірім-махаббатсыз, «қалың ұйқыда» өткізіп алмайық… #UN_notes2,92%