Онлайн марафон - 2026
Статистика- Последний пост
- 29 июл.
- Последнее чтение
- 14 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Курсы
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 178
- 1/48двое суток
- 203
- 1/72трое суток
- 220
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаңа медиакешенде сайлауға қатысатын саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат өтті. 📌Пікірсайысқа «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты. 📎Теледебат 5 кезеңнен тұрды. І кезеңде партия өкілдері сайлауалды бағдарламалары мен негізгі бастамаларын таныстырды. ІІ кезеңде қатысушылар адам капиталын дамытуға қатысты ортақ сұрақтарға жауап берді. ІІІ кезеңде партия өкілдері бір-біріне сұрақ қойып, бағдарламалық ұстанымдары бойынша пікір алмасты. ІV кезеңде көрермендерден түскен сұрақтарға жауап берілді. Қорытынды кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға арнаған қорытынды сөздерін сөйледі. Ұлттық теледебат Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тікелей эфирде көрсетілді.
Бүгінгі «Ұлттық теледебат – 2026» саяси пікірсайысы барысынан Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері «Ұлттық теледебат – 2026» саяси пікірсайысында бас қосты. Олар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, елдің болашағына қатысты ұстанымдары мен ұсыныстарын ортаға салды. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
«Будущее Казахстана – человеческий капитал»: подведены итоги Национальных теледебатов По инициативе Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в стране реализуются масштабные политические реформы. В рамках этих преобразований и конституционного обновления выборы депутатов Курултая назначены на 23 августа. В преддверии выборов при поддержке Республиканской телерадиокорпорации «Казахстан» на новой медиаплощадке в Алматы состоялись Национальные теледебаты с участием политических партий, участвующих в выборах. 📌В дискуссии приняли участие представители партий «Әділет», «Ауыл», Respublica, Народной партии Казахстана, «Байтақ», «Ак жол» и Общенациональной социал-демократической партии. Теледебаты состояли из пяти этапов. В первом раунде представители партий представили основные направления своих предвыборных программ, рассказали о целях участия в выборах депутатов Курултая и обозначили инициативы, которые предлагают избирателям. Во втором раунде всем участникам задали два общих вопроса. Представители партий изложили свои взгляды и программные подходы к развитию человеческого капитала. Третий этап прошел в формате «Лицом к лицу». Представители партий задавали друг другу вопросы и обменивались мнениями. Участники смогли подробнее раскрыть приоритеты своих программ и аргументировать позиции по поднятым темам. В четвертом раунде прозвучали вопросы зрителей, поступившие через социальные сети и мессенджеры. Для приема вопросов, предложений и комментариев работал Центр приема обращений. Представители партий ответили на вопросы, касающиеся социальной сферы, экономики, образования и здравоохранения. 📎На заключительном этапе каждый участник обратился к избирателям с итоговым словом и еще раз обозначил основные приоритеты своей программы. Серик Егизбаев поблагодарил тех, кто поддерживает партию «Ауыл», и отметил, что она участвует в выборах с конкретной программой. В завершение выступления он прочитал отрывок из стихотворения «Письмо городу». «Пусть ауыл остается на своей высоте, и пусть люди не ленятся возвращаться туда, где они появились на свет», –процитировал спикер строки из стихотворения поэта Бауыржана Шермедина. Свое выступление он завершил призывом к избирателям поддержать партию. Нургуль Кадырбаева, представляющая партию зеленых «Байтақ», подчеркнула, что ее главные ценности – чистый воздух, чистая вода, чистая земля и чистые намерения. «Без чистой природы у нас нет будущего. Жизнь человека напрямую связана с природой. Только в гармонии с ней мы можем жить», – подытожила она. Представитель партии «Әділет» Ренат Бектуров заявил, что будущее страны напрямую связано с созданием системы, которая позволит раскрыть потенциал и повысить благосостояние каждого человека. Он призвал голосовать за партию «Әділет». По его словам, только образованное общество способно построить конкурентоспособное государство, а здоровое общество – сильную страну. Он также подчеркнул, что развитым можно назвать общество, которое опирается на справедливость, патриотизм, трудолюбие и готовность брать на себя ответственность. Представитель ОСДП Тазабек Самбетбай отметил, что главной ценностью является человек. Он также остановился на роли экономики, предпринимательства, малого и среднего бизнеса. Кроме того, спикер обратил внимание на то, что в поддержке нуждаются не только предприниматели, но и врачи, строители, дворники и другие работники. В связи с этим он сообщил, что программа партии предусматривает равные возможности для всех. Член партии «Ак жол» Олжас Нуралдинов заявил, что одним из примеров реальных инвестиций в человеческий капитал партия считает предоставление людям второго шанса. Он напомнил, что благодаря законопроекту, реализованному по инициативе его однопартийцев, тысячи казахстанцев смогли освободиться от долговой нагрузки и начать жизнь заново. Тем временем, представитель партии Respublica Екатерина Смолякова отметила, что выборы определяют, кто готов взять на себя ответственность за будущее страны. «Мы хотим жить в стране, где честный труд ценится, предприниматель может свободно работать, будущее ребенка зависит от его знаний и способностей, а права человека защищены», – сказала она. Представитель Народной партии Казахстана Сункар Ислам заявил, что предвыборная программа партии предлагает конкретные решения социальных проблем. По его словам, партия намерена уделять внимание запуску льготных ипотечных программ, повышению студенческих стипендий, обеспечению молодежи общежитиями и увеличению минимальной заработной платы. Отметим, во время теледебатов зрители могли принять участие в онлайн-опросе, отсканировав QR-код на экране, и оценить выступления представителей партий. В конце прямого эфира были объявлены результаты голосования. 📊Так, всего в опросе приняли участие 21 334 человека. Голоса распределились следующим образом: «Әділет» - 67,1%; ОСДП – 2,2%; «Байтақ» – 2,1%; Народная партия Казахстана – 8,2%; «Ауыл» – 5,4%; «Ак жол» – 9,9%; Respublica – 4,3%; «Никто не понравился» – 0,8%. Национальные теледебаты были организованы в соответствии с требованиями избирательного законодательства Республики Казахстан и транслировались в прямом эфире. После завершения дискуссии итоги теледебатов и поднятые в ходе эфира вопросы обсудили политические эксперты в программе «Ашық алаң» на телеканале Qazaqstan. ❗️Ссылки на прямую трансляцию: http://youtu.be/Rgdo9SUUeL0 https://www.facebook.com/100044366714072/videos/1985344452124548 https://instagram.com/qazaqstantv/live https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live
«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленіп отыр. Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаңа медиакешенде сайлауға қатысатын саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат өтті. 📎Пікірсайысқа «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты. ♻️Теледебат 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын және сайлаушыларға ұсынатын бастамаларын баяндады. ІІ кезеңде барлық қатысушыға ортақ екі сұрақ қойылып, партиялар адам капиталын дамытуға қатысты көзқарастары мен бағдарламалық ұстанымдарын ортаға салды. «Бетпе-бет» форматындағы ІІІ кезеңде партия өкілдері бір-біріне сұрақ қойып, өзара пікір алмасты. Бұл бөлімде қатысушылар бағдарламаларындағы басымдықтарды нақтылап, көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін дәлелдеуге мүмкіндік алды. ІV кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көрермендерден түскен сауалдар қойылды. Ол сауалдар мен ұсыныс-пікірлерін қабылдау үшін арнайы байланыс орталығы жұмыс істеді. Партия өкілдері қоғамды толғандырған әлеуметтік сала, экономика, білім беру және денсаулық сақтау бағыттарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қорытынды кезеңде әр партия өкілі сайлаушыларға түйін сөзін сөйлеп, өз бағдарламаларының негізгі басымдықтарын тағы бір мәрте таныстырды. Серік Егізбаев «Ауыл» партиясын қолдағандарға алғысын айтып, партияның сайлауға нақты бағдарламамен қатысқалы отырғаныны айтты. Соңғы кезеңде ол «Қалаға хат» деген өлеңнен үзінді оқып берді. «Ауыл солай биікте қалу керек, Ал ауылға ерінбей бару керек. Адамның кіндік қаны тамған жерге», деп ақын Бауыржан Шермединнің өлеңінен үзінді оқыған саясаткер сөзін электортаттың қолдауын сұрап, қортындылады. Нұргүл Қадырбаева «Байтақ» жасылдар партиясының ұстанымы – таза ауа, таза су, таза жер, таза ниет, ағайын. Ол таза табиғатсыз біздің өміріміз жоқ. Табиғат пен адам өмірі тікелей байланысты. Біз тек табиғатпен үйлесімді өмір сүреміз» деп түйіндеді сөзін. «Әділет» партиясының өкілі Ренат Бектұров ел болашағы адамның әл-ауқатын ашатын жүйе құрумен тікелей байланысты екенін айтып, «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды. Ол білімді қоғам ғана бәсекеге қабілетті мемлекет құра алатынын, денсауылығы мықты қоғам ғана қуатты мемлекет құратынын, әделеттілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілікті өзіне алатын қоғам дамыған қоғам болатынын баса айтты. ЖСДП өкілі Тазабек Сәмбетбай ең қымбат құндылық адам екенін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек экономиканың, кәсіпкерліктің, әсіресе, орта және шағын бизнестің маңызына тоқталды. Сонымен бірге дәрігер, құрылысшы, көше сыпыратын қарапайым жұмыскер де қажеттігіне, олар да қамқорлыққа зәру екеніне назар аударды. Осыған байланысты ол партия бағдарламасында тең мүмкіндіктер ұсынылғанын жеткізді. «Ақ жол» партиясының мүшесі Олдас Нұралдинов өз партиясының адами капиталға салынған нақты инвестициялардың бірі – адамдарға екінші мүмкіндік беру деп санайтынын жеткізді. Ол партияластырының бастамасымен жүзеге асқан заң жобасының нәтижесінде мыңдаған қазақстандық өздерінің қарыз жүктемесінен құтылып, өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік алғанын еске салды. Reslublica өкілі Екатерина Смолякова сайлау – ел болашағы үшін жауапкершілікті кім өз мойнына ала алатынын айқындайтын таңдау екенін айтты. «Біз адал еңбек бағаланатын, кәсіпкер еркін жұмыс істей алатын, баланың болашағы білімі мен қабілетіне байланысты болатын, адамның құқығы қорғалатын елде өмір сүргіміз келеді» деген ұстанымды білдірді. Қазақстан Халық партиясының өкілі Сұңқар Ислам партияның сайлау бағдарламасы нақты әлеуметтік мәселелерге жауап беретінін атап өтті. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосу, студенттердің стипендиясын көтеру, жатақханамен қамту, ең төменгі жалақаны көтеру сияқты мәселелерді назарда ұстайтындарын жеткізді. 📊Теледебат барысында көрермендер экрандағы QR-код арқылы онлайн сауалнамаға қатысып, пікірсайысқа қатысқан партия өкілдерінің өнер көрсетуіне баға берген еді. Тікелей эфир соңында дауыс беру қорытындысы жарияланды. Барлығы 21334 адам дауыс берді. Оның ішінде «Әділет» – 67,1%, ЖСДП – 2,2%, «Байтақ» – 2,1%, ҚХП – 8,2%, «Ауыл» – 5,4%, «Ақ жол» – 9,9%, Reslublica – 4,3%, ешқайсысы ұнамады – 0,8% болды. 📌Ұлттық теледебат Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тікелей эфирде көрсетілді. Пікірсайыстан кейін теледебаттың қорытындылары мен көтерілген мәселелер саяси сарапшылардың қатысуымен «Qazaqstan» телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында талқыланды. ❗️Тікелей эфир сілтемелері: http://youtu.be/Rgdo9SUUeL0 https://www.facebook.com/100044366714072/videos/1985344452124548 https://instagram.com/qazaqstantv/live https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live
Ұлттық теледебат. V кезең https://drop.rtrk.kz/9e1b0a75ac95
V КЕЗЕҢ Бұл – теледебаттың шешуші кезеңі. Бұл кезеңде әр партия өкілі қорытынды сөз сөйледі. Әр қатысушыға үш минут уақыт берілді. Сөз сөйлеу кезегі жеребе тәртібі бойынша сақталды. Қорытынды сөз кезегі «Қазақстан Халық партиясының» өкілі Ислам Сұңқарға берілді. Ол халықтың өмір сүру деңгейі өскенін айтып, партияның негізгі ұстанымы – бай мемлекетте адам кедей өмір сүрмеуі керек деген қағидат екенін атап өтті. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
Теледебаттың V кезеңінде Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова қорытынды сөз сөйледі «Әр адам өзіне «Мен қандай Қазақстанда өмір сүргім келеді?» деген сауалды қоюы керек. Адал еңбек бағаланатын, кәсіпкер еркін жұмыс істей алатын, баланың болашағы білімі мен қабілетіне байланысты болатын, адамның құқығы қорғалатын елде өмір сүргіміз келеді. Біз дәл осындай Қазақстанды құрамыз. Өйткені мемлекеттің ең басты құндылығы мұнайда да, жерде де емес, дені сау, білімді адамдарында», - деді ол.
Теледебаттың шешуші V кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Нұралдинов қорытынды сөз сөйледі Олжас Нұралдинов адам капиталын дамыту партия жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы, бөлшек салықтың төмендеуі және шетелдік легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтату сияқты бастамаларды партияның нақты нәтижелері ретінде атап, сайлаушыларды өз таңдауын жасауға шақырды.
Национальные теледебаты: партии представили свои предвыборные программы В прямом эфире телеканала Qazaqstan состоялся первый этап Национальных теледебатов, в ходе которого представители семи политических партий, участвующих в выборах в Курултай, представили свои предвыборные программы. Перед началом дискуссии участники подписали Хартию этики теледебатов. Затем с помощью цифрового рандомайзера была определена очередность выступлений. Каждому спикеру предоставили по две минуты, чтобы рассказать, с какими целями партия участвует в выборах в Курултай, а также представить ключевые инициативы и приоритетные направления своей программы. Во втором этапе теледебатов всем участникам были заданы два общих вопроса. На ответ каждому представителю партии также отводилось по две минуты. На первый вопрос участники отвечали в порядке, определенном жеребьевкой, на второй - в обратной последовательности. Первый вопрос был посвящен развитию человеческого капитала. В соответствии с новой Конституцией развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций определено одним из стратегических направлений государственной политики. Участникам предложили ответить, какие законодательные механизмы необходимы для того, чтобы создать в Казахстане условия для работы талантливых специалистов и превратить страну в региональный центр притяжения высококвалифицированных кадров. Член партии «Әділет» Ренат Бектуров отметил необходимость создания привлекательных условий для возвращения казахстанских специалистов, работающих за рубежом. Представитель партии «Байтақ»Нургуль Кадырбаева выступила с инициативой внедрения Кодекса чести. Член Демократической партии «Ақжол» Олжас Нуралдинов акцентировал внимание на повышении качества образования, модернизации школьных программ и раннем обучении технологиям искусственного интеллекта. Руководитель молодежного крыла Народной партии Казахстана Ислам Сункар подчеркнул, что выпускники вузов должны иметь возможность работать по полученной специальности. Второй вопрос касался кадрового дефицита в социально значимых профессиях. Участникам предложили высказать позицию по поводу нехватки врачей, учителей и инженеров, особенно в регионах, а также ответить, возможно ли решить эту проблему только повышением заработной платы или необходима комплексная реформа системы подготовки кадров и их закрепления на местах. Ренат Бектуров подчеркнул важность расширения программ поддержки молодежи в регионах и создания достойных условий труда, включая конкурентоспособную заработную плату. Заместитель председателя Общенациональной социал-демократической партии ТазабекСамбетбай заявил, что самые высокие зарплаты должны получать врачи и педагоги, а сама система требует комплексных преобразований. Первый заместитель председателя партии «Ауыл» Серик Егизбаев отметил необходимость системных мер по устранению кадрового дефицита в регионах. Представитель партии Respublica Екатерина Смолякова подняла вопрос подготовки специалистов, работающих с детьми с особыми образовательными потребностями. Третий этап прошел в формате «Лицом к лицу», где представители партий задавали вопросы друг другу. Первый заместитель председателя партии «Ауыл» Серик Егизбаев поинтересовался у представителя Народной партии Казахстана, почему партия предлагает сократить срок обязательной отработки молодых специалистов. В ответ Ислам Сункар заявил: «Если человек получил образование по определенной специальности, он должен работать именно по своей профессии. Государственные средства, направляемые на подготовку кадров, должны работать на развитие реального сектора экономики. Каждый выпускник должен приносить пользу экономике страны». Нургуль Кадырбаева адресовала свой вопрос партии «Ауыл», спросив, каким образом можно эффективно решать проблемы села, находясь в городе. Серик Егизбаев ответил, что все 69 кандидатов партии являются выходцами из сельской местности, хорошо знают жизнь аула, а каждый второй кандидат продолжает работать на селе. По его словам, именно понимание реальных проблем позволяет вырабатывать эффективные решения, что отражено в предвыборной программе партии. Ренат Бектуров задал вопрос партии Respublica о мерах по повышению престижа рабочих и инженерных профессий. Екатерина Смолякова отметила, что партия последовательно поддерживает предпринимательство и человека труда, а также напомнила о реализованных законодательных инициативах. Мы добились снижения ставки кредитования для сельских предпринимателей с 12 до 6 процентов. При обсуждении нового Налогового кодекса нам удалось снизить предлагаемую налоговую ставку с 20 до 16 процентов. Кроме того, именно наша партия выступила инициатором внедрения автолизинга для физических лиц, - сказала она. Заместитель председателя Общенациональной социал-демократической партии Тазабек Самбетбай спросил представителя партии «Ақжол», какие системные меры партия предлагает для решения проблемы безработицы. Олжас Нуралдинов ответил, что основой политики партии является развитие малого и среднего бизнеса. Если государство будет эффективно поддерживать предпринимательство, бизнес создаст новые рабочие места, а значит, будет снижаться и уровень безработицы, - отметил он. В свою очередь Олжас Нуралдинов обратился с вопросом к партии «Әділет» о последствиях внедрения искусственного интеллекта в государственное управление. Ренат Бектуров подчеркнул, что искусственный интеллект не следует воспринимать как угрозу. Появятся новые профессии и новые возможности для трудоустройства. Главное, что цифровые технологии сделают государственные услуги более эффективными и повысят производительность экономики. Молодые специалисты смогут реализовать себя в новых сферах, связанных с развитием искусственного интеллекта, - заявил он. Представитель Народной партии Казахстана Ислам Сункар обратился с вопросом к партии «ОСДП», поинтересовавшись эффективностью перехода на четырехдневную рабочую неделю. Тазабек Самбетбай отметил, что эта инициатива основана на реальном международном опыте. По ее словам, сегодня существуют все необходимые условия для внедрения четырехдневной рабочей недели. Подобная практика уже доказала свою эффективность в ряде европейских стран, а в Казахстане около двух миллионов человек успешно работают в дистанционном формате. В целом участники продемонстрировали высокий уровень подготовки, корректную политическую дискуссию и содержательную аргументацию, опираясь как на положения своих предвыборных программ, так и на уже реализованные законодательные инициативы. Теледебаты проходят в прямом эфире под общей темой «Будущее Казахстана - человеческий капитал». В них участвуют представители партий «Әділет», «Ауыл», Respublica, Народной партии Казахстана, «Байтақ», «Ақжол» и Общенациональной социал-демократической партии. Зрители могут оценить выступления участников, перейдя по QR-коду на экране и приняв участие в онлайн-голосовании. Опрос по заказу Телерадиокорпорации «Казахстан» проводит Научно-исследовательская ассоциация «Институт демократии», аккредитованная Центральной избирательной комиссией. По промежуточным итогам голосования свои голоса отдали 15 876 человек. Результаты распределились следующим образом: «Әділет» - 66,1%; Общенациональная социал-демократическая партия - 2,8%; «Байтак» - 0,3%; Народная партия Казахстана - 8,2%; «Ауыл» - 2%; «Ак жол» - 13,1%; Respublica - 7,1%; «Никто не понравился» - 0,4%. Во время прямого эфира продолжается прием вопросов от зрителей через социальные сети. На данный момент тематика обращений распределилась следующим образом: социальная сфера - 40,37%, экономика - 19,27%, культура - 16,51%, политика - 13,76%, экология - 10,09%. Трансляции: YouTube: http://youtu.be/Rgdo9SUUeL0 Facebook: https://www.facebook.com/100044366714072/videos/2824363944596461 Instagram: https://instagram.com/qazaqstantv/live TikTok: https://www.tiktok.com/@qazaqstan.tv_/live
Ұлттық теледебат. III кезең.mp4
Ұлттық теледебат. IV кезең https://drop.rtrk.kz/7685c85fe39d
Теледебаттың V кезеңінде ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай қорытынды сөз сөйледі
Ұлттық теледебат. III кезең https://drop.rtrk.kz/3e36e5a419b0
Арнайы байланыс орталығының жұмысы түйінделді Теледебат барысында көрермендерден түскен сауалдар бойынша пайыздық көрсеткіш төмендегідей: Экономика - 17,34%; Саясат - 11,99%, Әлеумет - 48,71%, Мәдениет - 14,39%, Экология - 7,56%. Теледебат аяқталғаннан кейін келіп түскен сауалдар партия өкілдеріне жіберілетін естеріңізге саламыз. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
Ренат Бектұров: Білімді қоғам ғана бәсекеге қабілетті мемлекет құра алады Теледебаттың шешуші кезеңінде ӘDILET партиясы басқарушылар тобы мен саяси кеңесінің мүшесі Ренат Бектұров ел ертеңі адам капиталының сапасына байланысты екенін айтты. Ол өз сөзінде партияның негізгі мақсаты мен ұстанымдарына тоқталды. Сонымен қатар Ренат Бектұров партияның сайлауалды бағдарламасында халықтың әл-ауқатын арттыратын жүйе құруға баса назар аударылғанын жеткізді. «Ел болашағы азаматтардың әл-ауқатын арттырумен тығыз байланысты. Бүгін барлығы білім, денсаулық, еңбек туралы айтты. Біз адамның әл-ауқатын көтеретін жүйе құру туралы айтамыз. Оның ішінде заң тәртібіне тоқталдық. Өйткені заң бар жерде ғана сенім бар», - деді ол. #ұлттықдебат
Нұргүл Қадырбаева: Таза су, таза ауа, таза жер, таза ниет – біздің ұстанымымыз «Байтақ» партиясының өкілі Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева Ұлттық теледебаттың қорытынды кезеңінде сөз сөйледі. Ол партияның басты бағыты табиғатты қорғау, экологиялық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту екенін айтты. Дәл қазір Алматыдағы «Qazaqstan» телеарнасының жаңа медиакешенінде ұлттық теледебат өтіп жатыр. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
V КЕЗЕҢ Бұл – теледебаттың шешуші кезеңі. Осы бөлімде әр партия өкілі қорытынды сөз сөйлеп, сайлаушыларды өз партиясына дауыс беруге шақырады. Әр қатысушыға үш минут уақыт беріледі. Сөз сөйлеу реті жеребе бойынша сақталады. Алғашқы сөз «Ауыл» партиясының өкілі Серік Егізбаевқа берілді. Ол партияны қолдаған сайлаушыларға алғыс айтып, сайлауға нақты бағдарламамен қатысып отырғанын атап өтті. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
Теледебаттың IV кезеңінде Қазақстан Халық партиясының өкіліне өнеркәсіпті автоматтандыру мен роботтандыру жайлы сұрақ қойылды Бұл сауалға партия өкілі Жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Еркінұлы жауап берді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде барлық салада цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – Үкімет жүзеге асырып жатқан жүйелі үдеріс. Сондықтан оны партиямыздың жеке бастамасы ретінде атап өткен жоқпыз. Дегенмен бұл жұмыстар елімізде үздіксіз жалғасып келеді», - деді ол. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
Екатерина Смолякова: Балаларды да, студенттерді де ЖИ дағдыларына жаппай үйрету керек Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова теледебат аясында әлеуметтік желі қолданушысынан келген сауалға жауап берді. Желі қолданушысы еңбек өтілі жоқ жастарды жұмысқа қабылдайтын компанияларға салық жеңілдіктерін енгізуді қолдау жайында сұрады. «Жастар оқу бітіргеннен кейін айлап-жылдап жұмыс іздеп жүрмеуі тиіс. Біз білім беру жүйесінің ғылыммен, кәсіпкерлікпен, индустриямен тығыз байланысты болғанын қалаймыз. Еңбек өтілі жоқ жастарды жұмысқа қабылдайтын компанияларға салық жеңілдіктерін енгізу жолында біз болашақта жұмыс істейміз. Сонымен қатар жастардың бойында заманауи нарыққа қажетті дағдылар болуы тиіс. Балаларды да, студенттерді ЖИ дағдыларына жаппай үйрету керек», - деді Екатерина Смолякова.
Теледебаттың IV кезеңінде ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай әлеуметтік желі арқылы келген сауалға жауап берді «Табысы көп адам мен қарапайым азаматтар да бірдей салық төлейді. Сондықтан қазір Салық кодексін енгізу кезінде белгілі бір нормалар енгізілді. Мысалы, қазір бақуатты азаматтар салықты қарапайым азаматтарға қарағанда көбірек төлейді. ЖСДП сол салықтың одан сайын көбейтуді талап етеді, сол үшін күреседі», – деп жауап берді ЖСДП өкілі Тазабек Дәкенайұлы.