tgindex
Qanaǵat Muslim

Qanaǵat Muslim

Статистика
@qanagatmРелигияказахский

Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін... (Сұлтанмахмұт Торайғыр)

Последний пост
17 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
509
+2 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
444
21 постов
Вовлечённость
87,2%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Ең азабы, ақымақ, топас жанмен бетпе-бет отырып, оныңбар иіс-қоңысын мұрныңмен, бүкіл жүйкеңмен сезіне отырып, ақымақсың, малсың деп айта алмау екен… Мұхтар М Көк мұнар

  • Ер жігіт қаттылықпен тәрбиеленеді. «Жылама, еркек жыламайды, көз жасыңды көрсетпе, еркекке көз жасын көрсетуге болмайды. Шаршама, еркекке шаршауға болмайды» деп кете береміз. Эмоцияның барлығы тежелген. Бірақ ер жігіттердің де травмалары жетерлік: мектептегі буллингтен бастап, қазіргі жұмыс орнындағы басшылықтың қысымына дейін. Бұлардың барлығы іштей жиналып, әбден қажытқан. Тіпті, кейбірі тырнақтап жинаған қаржысынан түрлі себептермен айырылып қалған. Бұл нәрселерге аса қатты мән беру қажет. Еркектің барлығы ез емес. Еркектің барлығы тиран, абьюзер емес». Еркек құқығын қорғайық десең, «әйелдерше» деп шығады. Біз әйелді түсіріп, қорла демейміз, екеуі тең құқылы. Бірін көтеру үшін екіншісін түсірудің қажеті жоқ. «Ер адам шыдау керек» дейтіндер де бар шығар. Бірақ барлық ер жігіт психологиялық қысымға шыдай бермейді, яғни табиғатынан жұмсақ болуы мүмкін».

  • 30 мая301311

    Меккені Құран түскені үшін қатты жақсы көремін. Алла Тағаланың Құранын оқығанды бәрі сүйеді, біреулер сол жолды аңсап жүр, ал кейбіреулер сол мүмкіндікке ие бола тұра қадіріне жете алмай жүр. Әйтеуір, барын бағаламайтын бейбақпыз. Қадірлі Қадыр ақын айтқандай: «Адам алысқа қараймын деп, жанындағысын көрмейді». Сол Ұлы Құран Кәрімді Меккеде оқығанды жаным сүйеді. Жәй бір-екі бетін емес, толық хатым етіп шыққанды айтамын. Ғажап сезім, жан тыныштығы, көңіл тоқтығы... Қағбатуллаға қарап отырып, «Әлиф, Ләм, Мим» деп ыңылдағанға не жетсін?!

  • Әрекетсіздік пен уайымға батудан сақтану үшін: «Аллаһым! Мен Өзіңнен уайым-қайғыдан, әлсіздіктен және еріншектіктен пана тілеймін...» (Бұхари)

  • «Қайғы жүректі әлсіретед. Шайтан үшін мүміннің қайғырып, әрекетсіз отырғанынан артық сүйікті нәрсе жоқ».

  • Алла Тағалаға барлық ішкі дертті айтумен жеңілдейсің. Күйзелістен арыласың. Жаның жай табады. Рахаттанасың. Шынайы түрде Құдайға төгіл бауырым.

  • Жігіттер - құрметтеу деген не болса соны құсатын азғындардың сөзін сөйлеу емес. Феминистерге жағамын деп еркектіктен не қалды өзі.

  • Дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасқан көне қағида қашан да сірі, қашан да көнтерлі. Көлденең жатқан көк тас, биік мұнара. Түбінде тұрып қарасаң, көзің қараутып, басың айналады. Бір бүйірінен көтеріліп, бір бүйірінен түсем, одан әрі оңай асам деу күпірлік тәрізді. Көбіне-көп ел алдында күлкі болып тынасың. Иә, дәстүр. Онымен ойнауға болмайды Қадір Мырза Әлі

  • Коммунистік жүйенің қайтып келгенін өз басым қаламаймын. Өйткені жегіміз келгенін жеп, ішкіміз келгенін ішкенмен, айтқымыз келгенді айта алмадық, жазғымыз келгенді жаза алмадық. Ауыздан шықпай іштей тұншыққан шындық шеменге айналды. Дерттің жаманы – сол. Ол адамды тірілей өлтіреді. Сол кезде мен: Шындық та жөтел сияқты Жыбырлап тұрар тамақта, – деп жазған едім. Абырой болғанда, алғашқыда аман-есен жарияланып кетті. Бірақ кейін «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Домбыраның» екінші басылымы кезінде: «Түзет! Түзетпесең – бармайды!» – деп кесіп айтты. Тізеге басып отырып түзеттірді. Мен оны қинала-қинала былай деп «жөндедім»: Ақиқат – сөздің қаймағы, Тұрмайды шықпай бетіне! Біреулер: «Бұл да жаман емес!» – деп жұбатты. Солай болса, солай да шығар. Бірақ одан не пайда?! Бұрынғы нұсқада сол кездегі цензураға деген реніш сезілетін-ді. Ел де солай түсінетін. Енді ол ньюанс жоқ. Қадыр Мырза Әлі

  • Біздің қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя кезіндегі қуғын-сүргінге байланысты. Енді-енді көктеп, қаулап өсіп келе жатқан қазақ мәдениеті мамырдың қақ ортасында қалың қардың астында қалды. Үсік шалды. Бейімбетті, Ілиясты, Сәкенді ақын-жазушы ретінде енді-енді толысып, енді-енді пісe бастаған кезде аяқ-қолдарына кісен салып, айдап әкетті. Әйтсе де халықтың аты халық, өнердің аты өнер ғой. Шалғыындай орып, құрақтай қырқып, жайпаp жатқанның өзінде елге ес болатын біpер азамат қалған-ды. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, екі Ғабең бар. Солардың арқасында қазақ әдебиеті жетімдік көре қойған жоқ. Бір күйменің төрт дөңгелегі, бір тұлпардың төрт тұяғы тәрізді бұл төртеуі өнер керуенін адастырмай біраз жерге алып келді.

  • Бір жас журналист Батыр Бауыржанның ұлы, жазушы Бақытжан Момышұлынан (1941–2012 жж.): «Аға, соғыс туралы айтып беріңізші?» — деп сұрапты. Сонда Бақытжан: «Шырағым, соғыс кезінде мен окопта емес, бесікте жатқам!» — деп жауап беріпті. Әлібек Асқаров

  • Өтежан Нұрғалиев (1938—2011 жж.) жақсы ақын ғана емес, мықты аудармашы ретінде де қазақ оқырманына танымал ғой. Соны білген баспагерлер ол кісіге: «Мына бір топ өлеңдерді аударып берсеңіз?» — деп, бірде қолқа салады. Өтекең өлеңдерді парақтап қараған болады да: — Жігіттер, кешіріңдер… Мен үп-үлкен ақын басыммен мынау секілді отызға толмаған сопляктарды аудармаймын! — дейді. Сөйтсе, Өтекеңнің айтып тұрған «отызға толмаған соплягі» — Михаил Юрьевич Лермонтов екен.

  • Тұманбай Молдағалиев бірде Жапония еліне жолы түсіпті. Сол сапарынан Тұмекең әйеліне сыйлыққа әсем безендірлген желпуіш алып келеді. - Тұмаш, Жапониядан әкелген әлгі желпуішіңді сындырып алдым,- дейді оған бәрде әйелі. - Сынып қалғаны қалай?- дейді Тұмекең таңданып. - Білмеймін… Әйтеуір сынып қалды. - Жапондар сынатын дүние жасамаушы еді ғой? Сен онымен қате желпіген шығарсың? - Қате емес, кәдімгідей былай желпідім,- деп әйелі алақанымен желпіп көрсетеді. Сондс Тұмекең: - Жапонияның желпуішімен олай желпімейді. Желпуішті ұстап тұрып, басты шайқайды, - деген екен Әлібек Асқаров

  • 3 окт. 2025 г.4024из maktubatkz

    📣 Құрметті бауырлар, дін жолында отбасымен ілім алып жүрген шәкіртке шұғыл түрде 500 000 теңге қаржылай көмек керек! ❗️Осы сборға кемі 1000 тг үлес қосқан жандарға ФИҚҺУС-СИРА кітабын тегін сыйлаймыз! Кітап сатып алу арқылы болашақ дін ұстазына үлес қосуларыңызды сұраймыз! 💵 Каспи: 87025232796 (Салтанат Б) ⚡️ 100 теңгемен болса да үлес қоссаңыздар! 💰 Чек жіберу: @mustagan

  • Кітап шолып отырып, Гогольдың “Шинель” повесіне кезігіп қалдым. Мидың жұмыс жасауы ғажап емес пе? Сонау 2006 жылғы естелікке тартып ала жөнелді. Ол кезде 6-сынып болса керек, құрметті ұстазымыз, марқұм Татьяна апай орыс әдебиетінен сабақ беретін. Сол жылдары да қазіргідей неше түрлі әдістерді тәжірибе жасап жатырған уақыты бір сыныпты екіге бөліп оқытып жатыр. Айналдыраған 8-9 оқушымыз тентек, бұзық сыныппыз. Татьяна апай интеллигент кісі: киім киісі, тұрысы, сөз мәнері бәрі қойылған, жасы егде тартып қалған адам болса да, өзін байыпты ұстайды. Осы кезде Башмачкин деген атпен танысқанмын, маған түсініксіз сөз болса да күлкілі көрінген. «Шинель» деген не ол да беймәлім, сыныптағы біреу пупайка деп түсіндірді. Мен де әкемнің жұмысқа киетін, жаман, қалтасы жыртылған, ілгекті көк пупайкасын елестеттім де, бұларда соны киеді екен деп тамсандым. Әйтпесе, папымға кей жылдары жаңа пупайка берілсе, ескісі кіре берістегі үш аяқты ілгішке ілініп, кейін түзге шыққанда киетін киім боп қалатын. Апайдың құрметіне “Шинельді” орысқа бір оқып шықтым. Татьяна апайдың суретін әл. Желіні су шыққанша қазсамда таба алмадым. Алла рахымына алсын.

  • 6 авг. 2025 г.477151из meraserlan

    Қазір желіде ескі (класикалық) еңбектерде келген үкімдерге қарсы сөз айтып жүрген ұстаз (еркегі болсын, әйелі болсын) смақтар көбейді. Бұның негізгі ақауы – ескі еңбектерді оқымаудан шығады. Үлкен ұстаздардың алдында дәріс алмай ұстаздың алдында отырып дәріс алғандай сөйлейтіндерден шығып жатыр. Бет алды рилсқа сөйлей беруді қою керек. Өзінде жоқ нәрсені көрсететін – ұстаз смақтар! Құдайдан қорқыңдар! Өзіңде жоқ нәрсені көрсететін екіжүзділікті тастаңдар! Ұстаз көрмеген ұстаздар желіде өте көп!

  • 30 жасымда түсінгенім Даналық — ретсіз сөйлеу емес, қажет кезде үнсіз қалу.

  • Е, жарықтық өзіде білген екенғой «Менің өзім де сол Ата-қоныста тыныс табам деуші едім, ендігі топырақ Америкадан бұйырғалы тұр.» Балақан Мұхтар Мағауин

  • «Даңғазалы Сальвадор Дали. Анамның құрсағында жатқан кезім есімде, дейді. Өте жайлы, барақат жылулы болды, дейді. Шыққым келмеді. Қазірде жиі еске алам, деген. Тәрізі, сәби, балалық кезде көрген бір түсі. Кейінде арыға ауысқан. Асыра айтылған сөз емес, жас бала өң мен түсті шатыстырған әдепкі құбылыс.» Балақан Мұхтар Мағауин

  • «Әйгілі Юкио Мисима. Жаңа туған кезімді білем дейді. Шомылдырып жатыр екен. Ағаш астауға су қуйылғаны, жиектегі, жарық түскен жағал сәуле көз алдымда, дейді. Бұдан соң күмән айтқан. Мен күндіз емес, түнде туыппын, мұндай жарық болуы мүмкін емес, депті. Атап көрсетпесе де анық аңдалады. Күндізгі сурет, яғни туған күні емес. Одан әжептәуір кейін. Жаңағы Толстойдың он айы, бір жасы. Бәлкім, бір жарым, екі жас болуы да.» Балақан Мұхтар Мағауин