- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 7
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 7
- 1/48двое суток
- 8
- 1/72трое суток
- 8
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Потом шығатын постқо
Дүниенің әсте қызығы қалмады. Әрине
Өзіме Қолда қалам, көзде жас, толқындап ой, Шіміркеніп, тітіреп, салқындап бой, Тозған мола сықылды сұм көрініп, Өткен күнде қызыққан сауық пен той. Қаның қашып, жасаурап екі көзің, Не болдым деп табалап өзіңді-өзің. Өткен іс ойға түсіп ұялтады, Қисынсызды қызық деп қуған кезің. Және ойыңа келгенде алдыңғы жақ, Сұм жүрегің кетеді қозғалып-ақ. Артың анау, алдың су, көз жетпейді, Өтетұғын қамыңды ойланып бақ. Неңді аяйсың, отырсың кімді қимай, Құтырдың ғой тәуір-ақ жерге сыймай. Салып-салып сандалып отырмысың, Жоқ, өзіңе аз нәпсіңді ерте тыймай! Досың қайсы, қимастай елің қайсы? Ел салмағын көтерер белің қайсы? Аузың темір татиды бәрін татып, Жалғанды қимайтұғын жерің қайсы? Дүние тұр қалыбында – сен өзгердің, Бәрін көрдің, түбіне көз жібердің. Ешкімнен көретұғын дәнеме жоқ, Өзіңді-өзің өлімге ұстап бердің. Пайдасыз бен баянсыз қуған ісің, Түпсізді толтырам деп кетті күшің. Ентелеген еңбектің бәрі жанбай, Ақ өлімді шақырдың, сол – шын досың. Енді қайтып сен мықты бола алмассың, Жас күндегі тұғырға қона алмассың. Кейін баспай, ентелеп ілгері бас, К... айналсаң, еш жерде оңалмассың. Құдайдан жарылқа деп жәрдем сұра, Сен талайды қылдың ғой біле тұра. Аяғыңды аңдап бас – өлім таяу, Қарсы алдыңда дайын тұр қазған ұра. Соны ойла, өзге қызық істі ойлама, Біреуге айла, біреуге күшті ойлама. Кеткен қайта келмейді кейісең де, Түнде көрген көлеңке түсті ойлама. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Дүниенің әсте қызығы қалмады. Әрине
Өткен өмiр – өкiнiш, ой жаралы, Дертi қалың делбемiн шiрiк өкпе.
Шәкәрімнің 30 жыл бойы денесінің құдықта жатуының күйігі, оның өмірінде бір түсінер адам болмағанның күйігінен әлде қайда төмен.
Мечта №148. Украсть с зоопарка обезьянь. Сбрить их налысо и вернуть обратно.
без подписи
Мы поколение мужчин, выращенных женщинами. Поможет ли другая женщина в решении наших проблем… Тайлер «Бойцовский клуб»
Наконец-то жаз бітеді
Жайлап күздің вайбы сезіліп жатыр)
Дінді құртты-ау.
Жарым ақыл.
Құдай-ай мұсылмандарға бұлай қайыр сұрардай не көрінді. Ат салысайық, көмектесіп жіберейік десе, мейлі. Бірақ садақа бер, туалетке ақша кетіргенше мешітке кірпіш ал, туалетный бумага қолданбай артыңды жапырақпен сүрт дейтін болар бір күні. Кәм нагло сұрайтын болыпты, базардағы цыган әйелдері сияқты.
Бұрындары сүлейменшілерді қатты сынға алатын еді. Базарда жүріп пітір жинайды деп. Қазір өзіміздің Нұр мубарактың шәкірттері сондай қайыршылықпен айналысатын болыпты. Осындай арнаға кірсеңдер бірден көздеріңе оттай басылады. Нмудың хайп жинап жүрген алып-қашпалары. Садақа бер, ақша сал, мешітке көмектес айтатындары. Оданда мешітке келетін жамағатпен жұмыс істесе қайтеді. Сонда ың-шыңсыз мешіттің дөкендері барлық шығынды өтеп берер ме еді. Айтайын, мешітте 100-200 мешіт сала алатын адамдар бар. Тек оларға толық исламды түсіндіріп, жеке айналыспағаннан көбіне олар бергіш келмейді. Айтпақшы… Ақымақ басым, ұмытып кетіппінғо, олар айтпақшы имамдарға зәулім сарай салып сауапқа кенеліп жүр екенғо)
Үлкендік- руханият деген сөз. Үлкен деген адамның жасын білдірмейді, рухани байлығын білдіреді. Омар Жәлел
Көкетай тауда)
Байқаған нәрселерімнің бірі діни сыртқы атрибутикаға мән берген адамдардың тым қияли, яки тым не адекват. Тым қиялилардың дінге зияны жоқ деп ойламаңдар(ол жайлы кейін де айтармыз). Ал сақалды, тақиялы, хиджабты адамдардың мәдениетсіздігі дінге зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Негізі біз үшін проблема емес болып көрінген кейбір нәрселер әсілінде мәдениетсіздік. Әрі одан аулақ болуымыз керек. Әгәрәки, мұсылмандардың жабайы көрунінің өзі осыдан. Раковинаға барып(адамдар бетін жуатын) аяғын жуып кете береді,
Доп қылып жердің шарын өтудеміз. Бостан-босқа өлмейміз, Өкінбеңіз. Жекірмеңіз, Біздерге жекірмеңіз, Жекірмеңіз! Босағасын паналап талайлардың, Талайлардың басынан секіргеміз. Себебі, жетімдерміз! Өкінбеңіз, біздерге жекірмеңіз. Біздер - жетімдерміз!!! Өмірге келу де егіз, кету де егіз. Сүреңсіз өтуде жаз, өтуде күз. Жалғанда өлім бар да - жетімдер бар Сондықтан мәңгілікке бекінгеміз. Біздер - жетімдерміз! Ұрылар да емеспіз, қарылар да! Қарғыс таңба біздерден арылар ма?! Жылынамыз бір ауыз жақсы сөзге, Қарғыс аяз біздерді қарығанда. Жасамаймыз қиянат жаны барға. Жаны бар жан, бірақ та табылар да? Жетім көңіл жақсыға жарыған ба?! Біздер - жетімдерміз! Жетімдерміз! Жетім болып жүріп-ақ жетілгеміз: Дөңгелек жердің шарын допша қуып, Мазасын тіршіліктің кетіргеміз. Тіршілікте біреуін.біреу күндер, Бізге жат - өлі кімдер, Тірі кімдер... Жиылып, Жер шарының жетімдері, Алдында Ақиқаттың бірігіңдер! 5. БЕСІК ЖЫРЫ Әлди, Әлди, Ақ балам, Ұйықтай ғой, ұйықта, Жат, балам, Мәңгілік сені тербеуге, Мәңгілік бесік сақтағам. Күндер де мұнда жоқ, балам, Таңдар да мұнда атпаған. Түсіріп сәуле түнекке, Жат, балам, Әлди, ақ балам. Cop да жоқ мұнда, бақ та жоқ, Атақ та, құрмет, даңқ та жоқ. Жетпейді мұнда өсек те, Жетпейді саған атқан оқ. Әлди, әлди, ақ балам, Мәңгілік тыныш жат, балам. Жоқ мүнда күрес, ерегес, Күншілдік, қулық, төбелес. Өзіңдей мұнда - көп елес, Ақ балам, жалғыз сен емес. Ұйықтай ғой, балам, шошынба. Бауырың, жарың, досың да, Аңдыған жауың, қасың да, Тоғысар бәрі осында. Ұйықтай ғой балам, шошынба. Шулама, орман, кең дала, Баламның алма мазасын! Тербетіп тұрам мен ғана, Мәңгілік жанның азасын. Әлди, Әлди, Ақ пенде, Тыныштық тауып, жат менде. Өмірді қандай сыйласаң, Өлімді сондай жат көрме! Баурыма мәңгі сақтаған, Әлди, Әлди, Ақ балам... Әлди... Әлди... Әлди-ай!..
«Моцарт. “Жан азасы”» (Р е к в и е м) Біреу келді де, қара киімге оранған. - Жаназа күйін жазшы бір, Моцарт! - Жоғалған... Әлде бір елес... Әлде бір адам болар ма?! Аза тұтқан, Бір жақыны жоғалған?! Аң-таң Моцарт, Бар жұмысын доғарған. Аты мен жөнін білейін деп артынан, Іле шыққан-ды. Аула алдында сәл тұрған. Аты-жөні, кім екені белгісіз, Қара киім ғайып бопты антұрған. Жаназа күйін жазшы бір, Моцарт! Азалы үн... Жаназа күйі елітті оның назарын. Бұл өмірдің тозағы менен мазағын, Тәрік етсін бір. Жазамын оны, жазамын! Өңім бе әлде, Түсім бе әлде?.. Тәңірім! Рояльдың жәйлап басып бір көрді тамырын. Хош бол енді, хош бол, хош бол, бауырым! Дегендейін күрсініп алды ауыр үн. - Хош бол, Моцарт! Дегендей ме жүрегі?! Сәл кідіріп, қуаң тартты іреңі. - Жаназа күйін жазшы бір, Моцарт! - Япыр-ау, Періште ме әлде, пері ме әлде, кім еді?!.. Күй пернесін тағы да келіп бір басты. Күңіреніп барып, бір үнмен бір үн мұңдасты. Өмірді мынау азалы, ауыр үн басты, Күйзеліп, жәйлап, өмір мен өлім сырласты. І.ТАБЫТ YHI Meн сені сүйгем Жаныммен сүйгем, Жарық Күн! Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың. Ақ сәулең сенің аймалап мені, Жарық Күн, Тұрған да болар үстінде мынау табыттың. Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағың, Сезгемін, білгем, Мен үшін бір күн тынарын. Тастама мені, Тастама мені, Шырағым! Шуағың түссін, Шөп болып, мейлі, шығамын. Қомағай көңіл құмартып өткен әр неге. Тірлікте сонау түскемін талай әуреге. Кешкен өмір де, Көрген бақыт та, барлығы, Жетпейді екен ғой, Бір күндік сенің сәулеңе. Бір күндік сәуле... Бір күндік жарық мекенім! Мәңгілік түнек - қапасқа қалай кетемін. Келмейді-ау тілім... Өлгеннен сұра дер едім, Тірі жандарға, Өмір дегеннің не екенін. Өмір дегенге, Тірлікте, сірә, жетер ме ой. Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой. Бекер ғой бәрі, Бекер ғой бәрі - бөтен ғой, Өмір дегенің - бір күндік Сәуле екен ғой!.. Тамшыдай ғана, нұрына міне, зарықтым. Өмір осы екен, сырына міне, қанықтым. Жаса сен Мәңгі! Жаса сен Мәңгі! Жарық Күн! ...Табытпын, табытпын, табытпын... 2. ХАЛЫҚ ҮНІ Ажалдың аяз, боран, түні өткенде, Көктем кеп, жер бетіне, гүл еккенде, Қызғалдақ қара жерді жарып шығып, Қадалар кеуделерге, жүректерге. Аспанда алапат күш дүр еткенде, Көк пен жер тітіркеніп, дір еткенде, Қақ бөліп, қара бұлтты қақыратып, Ұшқының тұрар сенің түнектерде. Болашақ дүниеге шыр еткенде, Бір ұрпақ, бір ұрпаққа ілеккенде, Аспалы көпір болып каларсың сен, Жалғайтын жүректерді жүректерге. Біз сенімен, Сен бізбен қанаттандың. Қанаттанып, халқыңа нәр ақтардың. Сенің көшің тоқтамас жер бетінде, Өлмес мәңгі сапарға жаңа аттадың. Әрине, суық қайғы, суық қайғы. Көңілін халқың бірақ суытпайды. Егерде халық өзін ұмытпаса, Батыл бол, халқың сені ұмытпайды! Қайырымсыз қазаға елің бас ұрмайды, Саған деген сағыныш басылмайды. Табытыңды жасырса, жер жасырар, Ал уақыт, өзіңді жасырмайды! 3. ЖЕСІРЛЕР ҮНІ Жалғанда - жалған. Жалғанда, Жесірден мұңлық жан бар ма? Жалғанда, жалғыз қалғанда, Әдіра қалған арманға, Араша түсер жан бар ма? Жалғанда - жалған, Жалғанда, Қаңырап бәрі қалған ба? Жете алмай алғы таңдарға, Кеттің-ау, боздақ, арманда. Арада жүрген асылды, Алды да ажал, жасырды. Опты да, жұтты қара жер, Атылған көктен жасынды. Панасыз қалған жесірден, Біржола үміт кесілген. Жарқырап жанған шырақты, Соққан да дауыл өшірген. Сені де жұтқан көне жер, Сан рет әлі көгерер. Салтанатқа әлі бөленер, Бірақ та маған не берер? Төгер де мұңын, жөнелер, Көзімнен жасым себелер. Тас бауыр табыт тас қылып, Мені де бір күн шегелер. Сен сүйген орман, көлдерге Жыл сайын құстар келгенде, Көкжиек, сонау белдерден, Сағыныш-сағым көргенде, Зарығар саған шер-кеуде, Сағынар жүрек-шерменде. Төзермін қалай мұныңа, Жетер кім сенің құныңа? He істермін ажал ұрыға?! Шомылып көздің суына, Өзің жоқ қанық сырыма, Өтермін жасып, бұғына. Қашаннан жерік қара жер, Жесірдің қайғы-мұңына. Қоршаған тұман жан-жағым, Келмеске, құсым, самғадың. Хош енді! Үзілген менің арманым, Хош бол, Ардағым!.. 4. ЖЕТІМДЕР ҮНІ Біздер - Жетімдерміз, Жетімдерміз. Ақпанның, Аяз қардың өтіндеміз. Мына сараң өмірден сауға сұрап, Тіршіліктің мазасын кетіргеміз. Біздер - жетімдерміз! Біздер - жетімдерміз!