tgindex
С

СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎

Статистика
@sunnet_ielerineрусский

2 дүниеге қайырлы посттар. Сүннетке сай ілім, тәжірибе, көзқараспен бөлісу. Маңызды, актуалды, пайдалы тақырыптар. Канал мақсаты бірнеше. Соның бірі -- Аллаһ разылығы үшін пайда беру, сүннети ізгіліктерге бағыттау, ықпал ету, игі құндылықтармен бөлісу

Последний пост
08:43
Последнее чтение
ещё не заходили
Постов за неделю
9
Всего постов
39
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
271
+2 за 4 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
65
38 постов
Вовлечённость
24,0%
к подписчикам
Постов в день
1,3
всего 39
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
39
1/48двое суток
44
1/72трое суток
48

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Ұйқы кезінде бастырылу (сонный паралич) Соңғы 2 күн қатарынан бастырылдым, субхәналЛаһ. Біріншісінде: түскі уақытта ұйқыдамын, түс көрмедім, бірақ санаммен ояу екенімді білсем де ояна алмай, мүлде қимылдай алмай, сөйлей алмай қалдым, сырттан бір жақыным келіп түртіп оятса екен деп жаттым. Бір кезде бейне көрдім: бір көзді, мүлде ұсқыны келіспейді. Жын екенін біліп тұрсыздар деп ойлаймын. Іштей қорғану үшін зікірлер, Аятуль-Курси сүресін оқыдым. 1 минут па әлде одан аз ба жалғасса да ыңғайсыз өте Менде бұрын бастырылу болғанда денеме тиісу болмайтын, бірақ бұл жолы өкпе тұсымда бір қимыл сезіндім. Сосын бейне көрмейтінмін. Бұл жолы көрдім. Көп адамдар қара түсті силуэт көреді. Ал мен ондай емес, бұлдыраған бейне көрдім. Соның өзінде сұлбасы есімде анық тұр сипаттағанымдай. Расында Аллаһ адамдарды сұлу етіп жаратқанына көзің жете түседі... Екінші рет (бүгін түнде) бастырылғаным басқаша болды. Мені қорқытуға, жақыным туралы қате ойға баруыма бағытталды. Ол қалай десеңіздер: түсімде тура сол бөлмеде, сол уақытта жатыр екем (өңімде қалай, солай). Содан бір кезде мамам қорқынышты кейіпте маған ұшып келе жатыр екен. Үрейленіп зікір оқиын деген кезімде түс тоқтап бастырылу басталып кетті. Бұрын бастырылу болғанда қорқынышты түс көрмейтінмін. Бүгін көрдім. Бұл жолы бейне көрінбеді. Тек денем қозғалыссыз, тағы ояна алмай, сөйлей алмай көмекке шақырып жаттым. Бірінші Аллаһ, Аллаһ дей беріппін қайталап. Кейін мамаа деп мамады шақырдым. Мамам келіп түк болмағандай, менің қиналысымды көрсе де қараап тұр оятпай... Анық көріп тұрмын. Денем әлі сәл ұйқыда, санам толық ояу. Бірде қарасам мамам келмеген, өз орнында жатыр субхәналЛаһ Тура осындай жағдай сіңіліммен де болған. Қиналысымды көрсе де қасыма келіп жай ғана немқұрайлы қарап тұрғаны, нақты ол екені білініп. Ұйқыдан тұрып сіңіліме соны айтам ғой, неге олай тұрдың деп. Себебі негізі бір-бірімізге жанашырмыз дегендей (мәшәаллаһ) Содан ол айтады, сен ұйықтап жатқанда мен басқа бөлмеде болдым деп, олай тұрып нем бар деп. Мен әрине оған бірден 100% сендім, себебі ол ақиқат екеніне одан сайын көзім жете түсті. Бірақ анау сезім, сіңілімнің жанымда тұрғаны шын сияқты бейнеленді субхәналЛаһ. Сол үшін сеніп қалмаңыздар Көрдіңіздер ме, жын-шайтан қалай жақындарды бір-бірінен алыстатып, қарсы шығарғысы келеді?! Барлық жолдарды жасайды. Көрінбей қаншама ой салатын кездері көп, оны өз ойымыз сияқты қабылдаймыз (бұл жалпы адамдармен қарым-қатынаста да сондай) Неде Аллаһ тату болыңдар, Раббыларың үшін жақсы көріңдер десе сода кері әсер бергілері келеді Бастырылып болған соң дереу светильник жаққым келді. Негізі бала кезімнен қараңғыдан үрейім бар. Оның өзінде бөлме қатты қараңғы емес еді, көшеден прожектордың жарығы түсіп тұрды. Содан қой, өзімді қорқып қалған етіп көрсетпейін деп айналаға ары-бері бақырайып қарап ұйықтауға тырыстым Таңғы, кешкі зікірлерімді оқымағам. Оның үстіне күн ыстық болған соң тіземе дейінгі шортик кигем 2 күн бұрын. Ұйықтағанда ол түріліп қалады. Негізі бұлай ұйықтамайтынмын, барынша жабық жатуға тырысып. Соңғы күндері жамылғыны шетке ысырып қою да болды. Менің қателіктерім осы. Сосын дәрет алып, Фәләқ, Нас, Ықылас, Аятуль-Курсиді міндетті түрде оқып, қолға үрлеп бүкіл денені сол қолдармен 3 рет ысқылап шығу керек. Бұл сүннет. Мен оны да жасамай ұйықтап жүрдім ●■ Бастырылу неден болады? Бұл сұрақты бұрыннан медицина, шариғат (нақтырақ айтқанда руқия саласынан) оқып келем. Медицина бойынша жүрек-қантамыр, жүйке жұмысы, тамақтану, дұрыс режим болмауы т.б. себептерден туындауы мүмкін деп түсіндіріледі. Оны өздеріңіз оқысаңыздар болады. Бұл да шындыққа келеді әрине Алайда, бастырылу -- үрейлі түстер мен бейнелер, денеге бірдеменің тиюі сынды тылсым нәрселермен іске асса, онда бұл руқияға қатысты құбылыс екені анық Бастырылуды рақилар (руқия мамандары) көбіне ғашық жынмен байланыстырады. Ол әйел не еркек жын болуы мүмкін. Сол адамға ғашықтық, қызғаныш, көреалмаушылық себепті тиіседі дейді

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Ағаштар қураса қайда жасырынам? Жартысы жемістерін беріп қойса да, бәрібір тыңғылықты суғарамын. Оның бірінші себебі - жапырақтары бүтін күйі қалып, мені көздерден жасыруы үшін. Бұл ағаштар тек көлеңке, жеміс қана емес, менің қосалқы хиджабымның қызметін жасап келеді. Біздегі қоршаудың кей жерінен көршінің ұл-қыздары қызығып қарайтыны бар. Хиджабта болғасын өзгешеленіп 2 есе қызықпын шамасы (оның үстіне арасында хиджабсыз жүремін). Шарбақтан қарап тұрғындарын көріп қалғам. Сондықтан, артық көздерден жасырын болу үшін осы ағаштардың бойымен жүремін (хиджабпен болсам да) Кеше 2 ағаш жапырағының күннің ыстығынан қурап бастағанын көрдім. Көңілім түсті. Кеш түсіп суғаруға келдім. Таң намазы уағында тағы суғаруым керек. Аллаһ бұл ағаштардың игілігінен айырмасын әмин Кәз әлі ыстық болған соң жылы (яғни жабық) киімде жүре алмаймын. Сол үшін ағаштар қурамауы керек

  • без подписи

  • Гюзәль

  • Тойдағы ақсақалға ТМД елдерінің көзқарасы, қолдауы Атаның сөздері әлемге таралатын түрі бар. Оның әр сөзіне ұстаздар, ұстаз еместер, қарапайым халық -- шариғат, әдебиет, қазақ тілі сөздігі арқылы анализ жасауда. Бәрін көріп шықтым десем болады Орыстардың "Самка, самец"-і қазақшаға аударылғанда "Ұрғашы, еркек" делінген. Бірақ ешкім оны еркектерге сөз тиді деп қабылдамайды. Ал ұрғашы десе төмендету деп қабылдайды. Осы 2 қайшылықты лингвисттер ғана ескеруі керек пе? • Бұл жағдайға сай шариғи үкім, қағида, әдеп қандай? • Заңгерлер екіге бөлінді • Көзге көріне бермейтін қайырлы әсері • Басқа да тұжырымдарым Жалғасы бар https://t.me/sunnet_ielerine

  • Тойда сөйлеген ата туралы айтарым көп, біліп тұрған шығарсыздар 🙂😊

  • без подписи

  • без подписи

  • Бізде шабдалы пісуде әлхәмдулиЛләһ. Қалғанын осылай кептіріп, қақ етіп жеп көргім келеді

  • Жолбарыстар бостандықта 🇰🇿 Бұрын "Шерхан шері" деген кітаптағы оқиғаны жақынымнан естіп ем. Өте қызық кітап, мәні бар. Негізі жолбарыспен арпалысқан отбасы туралы кітап. Оқығанда жүрек ауырады. Сол хикаяны жай ғана елестеткенде басты кейіпкердің күйін сезініп едік. Сол кезде жолбарыспен бетпе-бет кездессем, отбасыма шабуыл жасаса не болар еді т.б. деп ойландым, Аллаһ сақтасын. Тәнімді қорқыныш биледі. Жолбарыстың жақыннан қандай үлкен екенін көбі біле бермейді. Ол тым қауіпті жыртқыш. Бірақ та біз күнәлардан жыртқыштан қашқандай қашсақ қой деп те тәфәккур еттім. Ғалымдар солай айтқан. Күнәдан жыртқыштан қорғанғандай қорғана білу, қашу - нығмет (жыртқыштан қорғану рефлексі де нығмет) Алдын Қазақстанға Ресей ме еді жолбарыстар сыйлаған. Енді соларды қазақтар жақын арада бостандыққа жібермекші Аллаһ сақтасын. Біреудің малын, біреудің баласын, күйеуін жеп қойды деген жаңалыққа дайын болу керек сияқты? Қазақтар онсыз да аз едік. Сақтық керек. Мал да, жан да тек өзімізге керек екен... Бұрын басқа елдерде жолбарыстың адамға шабуыл жасағанын, үйлердің арасында жүргенін т.б. қорқынышты видеоларды көргем. Оның себебі - жолбарыс жемтігінің аз болуы, экожүйенің тиімсіздігі Енді Қазақстанды елестетейік. Біздің қазіргі табиғат жолбарыс асырайтын күйде ме? Қазіргі экожүйесі жолбарыс асырауға үйлесе ме? Қазақ жерінде жолбарыс ХХ ғасырда жойылып кеткен. Оған дейін Тұран жолбарысы т.б. болған. Бірақ ол кездегі табиғат, экожүйе мүлде басқа еді #қауіп #сақтық

  • без подписи

  • Ыстық күнде салқындау жүзім мен қауын

  • Қолдан зиянсыз суши істедім. Анау оранжевый түсті нәрсені өзім ойлап таптым. Ол филадельфияның орнын басты😅 Дәмі де балық сияқты. Бірақ үйде бар нәрселерден жасалған, ең негізгі азық-түліктен Құрамы: тауық еті, қияр, творожный сыр, филадельфияға альтернатива, күріш, кішкене уксус, нори Лажы болса қолдың тауық етін алыңыздар. Дүкендікі өте зиян көбісі (әсіресе ерлердің гормондарына зиян деп естідім)

  • Әйелдің дауысы әурет емес, бірақ өте сақтық қажет ететін нәрсе. Кей ғалымдар әйелдің дауысын әурет санаған Каналға голосовой жазсам қалай қарайсыздар? Аудио. Пост жазуға ерініп жүрмін. Кәз дауыс өзгертетін құрылғы, бағдарламалар бар, соны қолдансам ба деймін. Ерлер азғырылмайтын, нейтральный дауыс таңдасам. Әйелдікі екені білінбейтін етіп

  • Үйден 5 метрге дейінгі аралықта қоқыс жатса, шөп өссе айыппұл Бұл шараның жақсы тұсы мен минусы бар. Бұл тазалық, әдемілік, экология үшін жасалып жатқан іс. Бірақ біреу тастаған қоқысты жинап жүру ыңғайсыз екен. Мысалы біз жер үйде тұрамыз. Көшеде тратуар, асфальт салынып, прожектор (свет) қосылғалы адамдар түн жарымына дейін жүреді, әсіресе бала-шаға. Әр шыққан сайын қоқыс жатады ворота алдында. Жинайсың, 1-2 сағаттан соң қоқыс.. Ол жағы қалай болар екен? Қоқысты жинап жүрген адамға жөнсіз айыппұл салу әділетті емес қой. Әр тасталған қоқысты, әр өткен адамды аңдып отпаймыз, басқа шаруамыз бар. Сол жағы қалай болады?