Жанымның тыныштығы 📩✍️
Статистика📨. "Жанымның тыныштығы 📩✍️" арнасына қош келдіңіз! Мұнда сіз шабыттандыратын дәйексөздер, терең ойлар және сеніміңізді нығайтуға және жан тыныштығын алуға көмектесетін исламдық жазбалар. Пост әртүрлі бағытта салынады
- Последний пост
- 8 июн.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Канал жүргізбегеніме 1 жыл болып қалыпты. Уақыттың қалай өткенін байқамай да қалыппыз. Бұл уақыттың тапшылығы ма, жұмыстың көптігі ме, әлде өзіміздің есейгеніміз бе?
Ең үлкен еркіндік — ешкімге байланбау. Жүрегіңді де, үмітіңді де, өміріңді де адамға емес — Аллаға тапсыру. Тек Ол ғана қалтқысыз қамқоршы, Тек Ол ғана үмітті ақтайтын иеміз. Жүрек те, дүние де — бәрі Оның қолында.
Жақсы ғұмыр кешуді қаласаңыз, жаныңызға жақсы жандар жинаңыз…
Сегодня был очень трудный день… Иногда просто хочется тишины — без объяснений, без слов, без мыслей. Просто выдохнуть. Просто быть. И знать, что завтра — новый шанс.
🤍 әрбір қызға осындай бұйыртсын!
“Айт: Шын мәнінде, біздің Раббымыз – сендер мен біздің арамызда хақ бойынша үкім беретін, және Ол – әл-Фаттах, әл-Ғалим (барлық нәрсені білуші).” (Сәбә сүресі, 26-аят)
Хадис: «Сендердің ең жақсыларың — өзгелерден жасырын түрде жақсы амал жасайтындарың, олар тіпті періштелер де оны білмей қалады». 📚 (Имам Ғазали «Ихия улум әд-дин» кітабында риуаят еткен) Мағынасы: Бұл хадис адамдарға риядан (көрсету үшін жасалатын амалдан) сақтануды, тек Алла үшін жасырын, шынайы амал жасаудың маңызын ескертеді. Шынайы тақуалық — адам тек жалғыз қалғанда да жақсылық жасауы, оны тіпті періштелер де білмей қалатындай дәрежеде ықыласпен істеуі.
Міржақып Дұлатұлы - Дін жайында (үзінді) Әуелі үйренетін бір ғылымың Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. Шарттарын исламның кәміл білсең, Сонда ғана иманды болды делдің. Намаз, ораза, зекет – үші парыз, Мойныңа алған мұны ислам қарыз. Ғылым біл, тәрбиелі бол һәм әдепті, Сонда ғана боласың сен де арыз. Қазағыма керегі – иман, білім, Надандықтан шықпайды ешбір күнім. Білмегенін үйреніп, түзелетін Уақытым келді, халқым, сен де күлім. (Жай ғана каналыма естелікке қалдырғым келді. Бүгін біліп, жүрегімнен ерекше орын алған өлең болды).
Хадис 📖 “Адамдармен араласып, олардың қиыншылықтарына шыдаған мұсылыман олармен араласпай, қиыншылықтарына шыдамаған мұсылманнан әлдеқайда қайырлы”. (Тирмизи)
Сердце любит только раз...
🤍 Тәубе және тұрақтылық сұрау дұғасы رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةً ۚ إِنَّكَ أَنتَ ٱلْوَهَّابُ (Әли Имран сүресі, 8-аят) ✏️Транскрипциясы: *Раббәнә лә тузиғ құлубәнә бәғда из һәдәйтәнә уә һәб ләнә мин ләдункә рахмә. Иннәкә әнтәл уәһһаб* 📚Мағынасы: «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүректерімізді ауытқытпа. Өз тарапыңнан бізге рахым ет. Сен — нағыз берушісің!»
Кішкентай қадамдар үлкен нәтижеге жеткізеді
Құрбан айт мүбәрәк болсын!
Бүгін мынадай «жігітім үйленген соң өзгеріп кетті, неге екен?»-деген сұраққа жауап оқыдым. Көбінде адам үйленген соң өзгермейді. Сіз оны үйленгенге дейін дұрыс танымауыңыз мүмкін,-дейді. Жар таңдаудан қателеспесем екен. Аллаһым тек жақсылықты нәсіп етсін!
🖇️Сенің жаныңда үнемі бірге болатын, жүрегіңдегі әрбір сыбырды еститін, ешкім түсінбегеніңді түсінетін, жыламасаң да, ішіңнің ауырғанын білетін Раббың бар💕
Адам мың рет қателессе де, шынайы ниетпен тәубе етсе, Алла Тағала кешіреді. Ол – аса Мейірімді әрі кешіруші.
Арафа – тозақтан құтылудың ұлы күні. Көптеген пенделердің тозақтан азат етілетін ең ұлы күні – Арафа күні. Али ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын) осы ұлы күні мына дұғаны жиі айтуды өсиет еткен: «Уа, Аллаһым! Мені тозақтан азат ет! Маған адал әрі мол ризық бер! Және мені адамдар мен жындардың жамандығынан сақтай гөр!»
Саған келетін әрбір жақсылық - Алладан, ал басыңа түскен әрбір жамандық - өздеріңнен. (Құран, Ниса сүресі, 79 аят)
Түннің тыныштығында бір жанның жүректен шыққан дұғасы сені еске алып, Раббысынан саған мейірім сұрап жатқанын елестетші… Осыдан асқан жүрекке жылы сезім бар ма?
Хадис: Кімде-кім адамдардың ең қуаттысы болғысы келсе, Аллаға тәуекел етсін