ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
СтатистикаШымкент қаласының әкімдігің ресми Telegram - парақшасы https://www.instagram.com/shymkent_akimdigi/
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 41
- Всего постов
- 46
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 108
- 1/48двое суток
- 123
- 1/72трое суток
- 133
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ Құрметті Шымкент тұрғындары! Тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 17 тамызынан басталады. 🔷 Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несиеге үй сатып алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Тұрғын үй сертификаты қарыз сомасының 10%-нан, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі. 🔷 Сертификат өтініш берушіде және онымен тұрақты бірге тұратын отбасының әр мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2026 жылға – 50 851 теңге), соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 157 638 теңге болған жағдайда қайтарымсыз негізде беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда). 🔷 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 2) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; 4) І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар; 5) ерекше балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар); 7) «Алтын алқа», «Күміс алқалармен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар; 8) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 9) толық емес отбасылар; 10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері. 🔷 Қажет құжаттар тізімі: 1) нысан бойынша өтініш; 2) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда); 3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері мен сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы Банктің хаты. 4) Соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымы туралы анықтама (Каспи, Халық банктері); Құжаттар мен өтініштер кezekte.kz (amanat) интернет ресурсы арқылы қабылданады. Әр азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
без подписи
без подписи
без подписи
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ 🔷 Жиынға қала әкімі, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыc ашық форматта өтіп, онлайн-трансляция ұйымдастырылды. 🔷 Сессия барысында қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды алты мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. 🔷 Негізгі шешімдердің бірі – Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау болды. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл басым бағыттарды қаржыландыруға және жоспарланған жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. 🔷 Сонымен қатар, депутаттар толық аяқталып, пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының тізбесін бекітті. Құжат жобалау жұмыстарынан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. 🔷 Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді. 🔷 Күн тәртібі аясында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітіліп, «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді. 🔷 Күн тәртібіндегі барлық мәселе бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында қаралып, депутаттар ұсынылған шешім жобаларын жан-жақты талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулер ескерілді. 🔷 Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, депутаттарға сындарлы қолдауы мен нәтижелі өзара іс-қимылы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар қаланы одан әрі дамыту жолында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
ШЫМКЕНТТІҢ АВТОБУСТАР ПАРКІН 17 ЖАҢА АВТОБУС ТОЛЫҚТЫРДЫ 🔷 Жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Bozjorga Bus» ЖШС-нің жаңа автобустарымен танысты. Қала ішіндегі бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушының автопаркі бүгін 17 заманауи автобуспен толығып отыр. 🔷 Қала әкімі қоғамдық көліктің құрамын жүйелі түрде жаңарту – саланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Заманауи автобустар қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік талаптарына сай болып, тұрғындарға сапалы көлік қызметін көрсетуі тиіс. 🔷 14 тамыздан бастап жаңа автобустар әлеуметтік маңызы бар №72 бағытқа шығады. Аталған бағыт тұрғын алаптарын қаланың әлеуметтік және сауда нысандарымен байланыстырады. Автобустар төмен еденді платформамен, қозғалысы шектеулі жолаушылар мен балалар арбасын пайдаланатын жолаушыларға арналған пандустармен жабдықталған. 🔷 Сонымен қатар, қыркүйек айында «Shymkent Bus» компаниясы қала бағыттарына 31 жаңа автобус шығарады. Олар ескірген Ankai маркалы автобустарды алмастырады. 🔷 Айта кетейік, Шымкентте автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмысы жалғасын табады. Бұл жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және қаланың заманауи көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи