GOSAUDIT.KZ
Статистика🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы 🇰🇿Официальный Telegram-канал Высшей аудиторской палаты РК 🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk 📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 07:13
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 387
- 1/48двое суток
- 443
- 1/72трое суток
- 478
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мемлекеттік аудиттен кейін квазимемлекеттік сектордағы корпоративтік басқару қағидалары күшейтілді ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) тәуелсіз директорларына бір мезгілде бірнеше ұйымда қатар жұмыс істеу мүмкіндігін…
Аудит ВАП выявил ряд проблем и недостатков в работе региональных СПК Высшая аудиторская палата РК завершила проверку деятельности социально-предпринимательских корпораций и их влияния на развитие регионов. Итоги государственного аудита рассмотрены на заседании…
Жоғары аудиторлық палата жасырын сауалнамадан өтуге шақырады ❓Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Еңбек мобильділігі орталықтары (Мансап орталықтары) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит аясында жасырын сауалнама жүргізуде. ✔️ Сіздің пікіріңіз…
Жоғары аудиторлық палата жасырын сауалнамадан өтуге шақырады ❓Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Еңбек мобильділігі орталықтары (Мансап орталықтары) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит аясында жасырын сауалнама жүргізуде. ✔️ Сіздің пікіріңіз қызмет сапасын объективті бағалауға ықпал етеді. Сауалнама толық анонимді, ал алынған мәліметтер тек жинақталған түрде пайдаланылады. ✔️ Мына сілтеме арқылы сауалнамадан өте аласыз. Сондай-ақ берілген QR-кодты сканерлеу арқылы да сауалнамаға қатысуға болады👆🏻 🚀 @auditpalatasy
Жоғары аудиторлық палата аудиті нәтижесінде спорт мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілерін тамақтандыру мен материалдық қамтамасыз етудің бірыңғай нормалары бекітілді 📌 2025 жылы Жоғарғы аудиторлық палата спортшыларды, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын…
Спортшыларды даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыланды Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Оның…
2026 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындысы шығарылды Жоғары аудиторлық палатада 2026 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін беру қорытындысы шығарылды. Бұл кезеңде тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор…
2026 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындысы шығарылды Жоғары аудиторлық палатада 2026 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін беру қорытындысы шығарылды. Бұл кезеңде тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткерлерді сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның төрт отырысы өткізілді. Сертификаттауға барлығы 64 үміткер қатысты. 📌Сертификаттау екі кезеңнен тұрады. 🔴Бірінші кезеңде үміткерлер «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС ұйымдастырған біліктілік емтиханынан өту арқылы білім деңгейін растайды. Емтихан бухгалтерлік есеп, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қаржылық есептілігін дайындау, сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті және өзге де бейінді пәндерді қамтиды. 🔴 Екінші кезеңде үміткерлер Ұлттық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтеді. Үміткерлердің кәсіби білімі мен құзыреттері, практикалық даярлығы, жеке қасиеттері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторларға қойылатын кәсіби әдеп қағидаттарын ұстануы бағаланады. ✔️ Сертификаттау қорытындысы бойынша 41 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. ✔️ Тағы 3 үміткерге жоғары санаттағы мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. ❌ Сонымен қатар сертификаттау нәтижелері бойынша 20 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілмеді. 🚀 @auditpalatasy
ҚР Жоғары аудиторлық палатасында мемлекеттік аудит органдары жұмысының қорытындылары қаралды ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Астанада Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің 14-отырысын өткізді.…
ҚР Жоғары аудиторлық палатасында мемлекеттік аудит органдары жұмысының қорытындылары қаралды ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Астанада Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің 14-отырысын өткізді. Іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның, Қаржы министрлігінің, өңірлік тексеру комиссияларының, ішкі аудит қызметінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері қатысты. ✔️ Отырыста барлық мемлекеттік аудит органдарының 2025 жылғы қызметінің нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, негізгі мәселелер мен кемшіліктер талқыланды. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Рахымжан Ділдәевтің мәліметінше, 20 тексеру комиссиясының ішінен 16 комиссияның қызметі тиімді деп бағаланған. Бұл бағытта жалпы оң динамика байқалады: 2023-2025 жылдары жоғары баға алған тексеру комиссияларының саны 11-ден 16-ға, яғни 55%-дан 80%-ға дейін өскен. Аудит объектілерінің бекітілген тізбеден ауытқу үлесі 2023 жылғы 8,2%-дан 2025 жылы 4,8%-ға дейін біртіндеп төмендеген. Бұл аудиторлық іс-шараларды жоспарлау сапасының артқанын көрсетеді. Сонымен қатар отырыста өткен жылдың бағалау қорытындысы бойынша рейтингте соңғы орындарды иеленген Маңғыстау, Қостанай және Түркістан облыстарының тексеру комиссиялары басшыларының баяндамалары тыңдалды. 📌 Әлихан Смайылов артта қалған тексеру комиссияларын бақылау күшейтілетінін атап өтті. Осы мақсатта 19 маусымда Рәсімдік стандартқа тиісті өзгерістер енгізілді. «Егер тексеру комиссиясы Жоғары аудиторлық палата жүргізетін бағалау рейтингінде қатарынан үш жыл бойы соңғы үштікке енсе, тиісті мәслихатқа шаралар қабылдау туралы ұсыным енгізіледі», — деді төраға. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит органдарының, оның ішінде Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және ішкі аудит қызметі басшыларына анықталған кемшіліктерді жоюмен қатар барлық негізгі көрсеткіш бойынша нәтижелерді жақсартуға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау тапсырылды. Жоғары аудиторлық палата төрағасы 2025–2026 жылдары мемлекеттік аудит стандарттары мен кәсіби әдеп талаптарын бірнеше рет бұзған мемлекеттік аудиторларға қатысты талдау жүргізуді де тапсырды. Тиісті ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға ұсынылуы тиіс. Өткен жылы ең төмен нәтиже көрсеткен үш тексеру комиссиясы көрсеткіштерін жақсарту бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының басшысына Үйлестіру кеңесі шешімдерінің тиісінше орындалмауына жол берген қызметкерлерді жауапқа тарту тапсырылды. Сонымен қатар Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік аудит стандарттарын сақтамаған ведомстволық ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудиторларының сертификаттарын кері қайтарып алу мәселесін қарауы тиіс. Отырыс барысында қатысушылар Португалия, Түркия және Литва жоғары аудит органдары Жоғары аудиторлық палатада жүргізген «дәрежесі бойынша тең тексеру» нәтижелерін де талқылады. Әлихан Смайылов тең тексеру қорытындысы бойынша берілген ұсынымдарды республиканың өзге де мемлекеттік аудит органдарының жұмысына енгізу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және олардың алдын алу бойынша ішкі бақылау жүйелерін күшейту. Осы бағытта Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне мемлекеттік аудит органдарын Қаржыминінің бірыңғай аналитикалық мониторинг жүйесіне қосу жұмысын жалғастыру, сондай-ақ онлайн бюджеттік мониторингтің тәуекел индикаторларын бағалап, олардың өзектілігін қамтамасыз ету тапсырылды. Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов биыл Жоғары аудиторлық палатаның құрылғанына 30 жыл, ал тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл болғанын атап өтті. Осы атаулы күндер аясында қыркүйекте Астанада өтетін АЗОСАИ Басқару кеңесінің 63-отырысы бағдарламасын толықтыратын халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады. 🚀 @auditpalatasy
В 2025 году республиканский бюджет недополучил 730 млрд тенге налогов: итоги аудита ВАП 📌 В Казахстане завершился государственный аудит эффективности налогового и таможенного администрирования за 2025 год. Итоги проверки подведены на заседании в Высшей аудиторской палате РК. Как выяснили госаудиторы, в отчетном периоде план по налоговым поступлениям в республиканский бюджет был выполнен не в полной мере. Неисполнение составило 730 млрд тенге, или 4,8%. Одной из ключевых причин стало завышение прогноза по налогам на 1,3 трлн тенге. Аудитом установлено, что за последние 4 года свыше половины обжалованных сумм доначислений были присуждены в пользу налогоплательщиков. Причины: нарушения налогового законодательства и процедурные ошибки при составлении актов проверок. В этой связи ВАП считает необходимым усилить контроль за качеством проведения налоговых проверок. Что касается таможенного контроля, госаудиторы обратили внимание на неправомерность предоставления льгот при ввозе товаров. В частности, выявлено, что на льготных условиях, предусмотренных исключительно для электромобилей, ввозились и гибридные авто. В результате недопоступление средств в бюджет только по выявленным фактам составило 70 млн тенге. Кроме того, аудиторы ВАП вскрыли факты неправомерной уплаты НДС методом зачета при ввозе товаров 34 участниками внешнеэкономической деятельности. Это повлекло недопоступление НДС на импорт на сумму свыше 670 млн тенге. Проверка также отметила ненадлежащий контроль за деятельностью уполномоченных экономических операторов – компаний, имеющих право на упрощение таможенных процедур. Это привело к тому, что некоторые УЭО продолжали пользоваться своими преимуществами, несмотря на основания для приостановления их деятельности. Вместе с тем аудит показал, что возможности маркировки обувных товаров для повышения собираемости налогов пока раскрыты не в полной мере. Аудиторы таже пришли к выводу, что КГД необходимо улучшать учет, мониторинг и контроль качества оказываемых госуслуг. ▪️В целом по результатам проверки ВАП установлены финансовые нарушения на сумму 2,7 млрд тенге. ▪️Выявлено 33 процедурных нарушения и 11 системных недостатков. По всем зафиксированным проблемам ВАП сформировала поручения и рекомендации. Соответствующие предписания направлены всем объектам аудита для обязательного исполнения. Эта работа будет находиться на контроле ВАП. 🚀 @auditpalatasy
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит қорытындысы 📌 2025 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Тексеру қорытындылары…
2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит қорытындысы 📌 2025 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Тексеру қорытындылары ҚР Жоғары аудиторлық палатасыныңотырысында қаралды. Мемлекеттік аудиторлардың анықтауынша, есепті кезеңде республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары толық орындалмаған. Түспеген сома 730 млрд теңге немесе 4,8%. Негізгі себептердің бірі – салық бойынша болжам 1,3 трлн теңгеге артық жоспарланған. Аудит нәтижесінде соңғы төрт жылда қосымша есептелген салық сомалары бойынша дауланған істердің жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгені анықталды. Бұған салық заңнамасының талаптарын бұзу және салықтық тексеру актілерін жасау кезінде жіберілген рәсімдік қателіктер себеп болған. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата салықтық тексерулер жүргізу сапасын бақылауды күшейту қажет деп есептейді. Кедендік бақылау мәселесіне қатысты мемлекеттік аудиторлар тауарларды әкелу кезінде жеңілдіктердің заңсыз берілуіне назар аударды. Атап айтқанда, электр көліктеріне ғана арналған жеңілдіктерді гибридті автокөліктерді әкелу кезінде де қолдану фактілері анықталды. Соның салдарынан анықталған фактілер бойынша ғана бюджетке 70 млн теңге көлемінде қаражат толық түспеген. Сонымен қатар аудиторлар сыртқы экономикалық қызметтің 34 қатысушысы тауарларды импорттау кезінде есепке жатқызу әдісімен төленетін қосылған құн салығын (ҚҚС) заңсыз төлегенін анықтады. Соның нәтижесінде импортқа салынатын ҚҚС бойынша бюджетке 670 млн теңгеден астам қаражат түспеген. Тексеру барысында кедендік рәсімдерді жеңілдету құқығына ие уәкілетті экономикалық оператор компаниялардың қызметіне бақылаудың тиісті деңгейде жүргізілмейтіні де атап өтілді. Соның салдарынан кейбір уәкілетті экономикалық операторлар қызметін тоқтатуға негіз болғанына қарамастан өздеріне берілген жеңілдіктерді пайдалануды жалғастыра берген. Сонымен бірге аудит аяқ киім өнімдерін міндетті таңбалау жүйесінің салық түсімдерін арттырудағы әлеуеті әзірге толық пайдаланылмай отырғанын көрсетті. Сондай-ақ аудиторлар Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебін жүргізу, мониторинг жасау және олардың сапасын бақылау жұмыстарын жетілдіруі қажет деген қорытындыға келді. ▪️Жалпы аудит қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды. ▪️Сондай-ақ 33 рәсімдік бұзушылық пен 11 жүйелі кемшілік анықталды. Жоғары аудиторлық палата анықталған мәселелер бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар әзірледі. Тиісті нұсқамалар міндетті түрде орындау үшін аудит объектілеріне жолданды және бақылауда болады. 🚀 @auditpalatasy
🚀 @auditpalatasy