tgindex
Қазақстан Бас прокуратурасы

Қазақстан Бас прокуратурасы

Статистика

ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78

Последний пост
15 авг.
Последнее чтение
09:05
Постов за неделю
55
Всего постов
462
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
17 446
−31 за 4 дн.
Сутки
−13
−0,07%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
813
40 постов
Вовлечённость
4,7%
к подписчикам
Постов в день
7,9
всего 462
Упоминаний
19
каналов
Охват размещения
по 12 постам
1/24сутки в ленте
824
1/48двое суток
836
1/72трое суток
901

Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.

Посты

  • 15 авг.1 25910

    17 лет в международном розыске: скрывавшийся в Европе участник убийства осужден на 15 лет   Спустя 17 лет после совершения преступления вынесен приговор участнику резонансного убийства в Алматы. Ю. Юсупов, долгие годы скрывавшийся за пределами Казахстана под измененными анкетными данными, осужден к 15 годам лишения свободы. Преступление было совершено ночью 19 мая 2008 года в центре Алматы. Как установлено судом, Юсупов и его сообщник А. Коваленко, находившиеся в конфликте с представителем криминальной среды, подкараулили потерпевшего возле дома по улице Фурманова. В него было произведено несколько прицельных выстрелов, в том числе контрольный – в затылок. От полученных ранений мужчина скончался на месте. После убийства Юсупов покинул Казахстан и был объявлен в международный розыск. Его сообщник Коваленко продолжил преступную деятельность. Уже летом 2008 года он был задержан после вооруженного инцидента в зоне отдыха «Старая крепость» в Капшагае, в ходе которого был убит сотрудник полиции и тяжело ранены еще четверо. В 2009 году Коваленко осужден к 23 годам лишения свободы. Тем временем поиски Юсупова продолжались. По имеющейся информации, в криминальной среде он был известен под прозвищем «Кинг-Конг» и входил в окружение известного кыргызского криминального авторитета. Правоохранительные органы Кыргызстана также разыскивали его в связи с убийством в Бишкеке в 2007 году владельца автомойки. На протяжении многих лет Юсупов скрывался в странах Европы, используя измененные анкетные данные. Однако в августе 2025 года при пересечении литовской границы он был задержан, а в ноябре по запросу Генеральной прокуратуры Республики Казахстан экстрадирован из Литвы на родину. В июле текущего года Специализированный межрайонный суд по уголовным делам города Алматы признал Юсупова виновным в пособничестве в убийстве, совершенном группой лиц по предварительному сговору, и назначил ему 15 лет лишения свободы. Эта экстрадиция стала результатом новых подходов Генеральной прокуратуры к международному сотрудничеству и выстроенного взаимодействия с зарубежными партнерами. Расширение прямых контактов с компетентными органами иностранных государств, оперативный обмен информацией и использование современных механизмов международного розыска позволяют устанавливать местонахождение и возвращать в страну лиц, которые годами скрываются от казахстанского правосудия. Принцип «Закон и Порядок» означает, в том числе неотвратимость ответственности: ни давность розыска, ни смена персональных данных, ни нахождение за пределами страны не должны становиться возможностью избежать правосудия. Работа по розыску и возвращению таких лиц будет продолжена. 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • 17 жыл халықаралық іздеуде болған: Еуропада жасырынған кісі өлтіруге қатысушы 15 жылға сотталды Қылмыс жасалғаннан кейін 17 жыл өткен соң Алматыдағы резонанс тудырған кісі өлтіруге қатысушыға қатысты сот үкімі шықты. Ю. Юсупов ұзақ жылдар бойы Қазақстаннан тыс жерде жалған анкеталық деректермен жасырынып жүрген. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс 2008 жылғы 19 мамырға қараған түні Алматы қаласының орталығында жасалған. Сот анықтағандай, Юсупов пен оның сыбайласы А. Коваленко қылмыстық орта өкілімен жанжалдасып, жәбірленушіні Фурманов көшесіндегі үйдің жанында аңдыған. Оған бірнеше рет дәлдеп оқ атылған, соның ішінде басының желке тұсына бақылау ретінде оқ тиген. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Кісі өлтіруден кейін Юсупов Қазақстаннан кетіп, халықаралық іздеуге жарияланды. Оның сыбайласы Коваленко қылмыстық әрекетін жалғастырған. 2008 жылдың жазында ол Қапшағайдағы «Старая крепость» демалыс аймағында болған қарулы оқиғадан кейін ұсталды. Оқиға барысында полиция қызметкері қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жарақаталған. 2009 жылы Коваленко 23 жылға бас бостандығынан айырылды.  Ал Юсуповты іздеу жұмыстары жалғасты. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстық ортада ол «Кинг-Конг» лақап атымен белгілі болған және қырғызстандық белгілі қылмыстық авторитеттың айналасына кірген. Қырғызстанның құқық қорғау органдары да оны 2007 жылы Бішкек қаласында көлік жуу орнының иесін өлтіру ісіне байланысты іздестірген. Көп жыл бойы Юсупов Еуропа елдерінде өзгертілген анкеталық деректерді пайдаланып жасырынған. Алайда 2025 жылғы тамызда Литва шекарасынан өту кезінде ол ұсталып, қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Литвадан елге экстрадицияланды. Ағымдағы жылдың шілдесінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Юсуповты адамдар тобының алдынала сөз байласуы арқылы жасалған кісі өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл экстрадиция Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық саласындағы жаңа тәсілдерінің және шетелдік әріптестермен жолға қойылған өзара іс-қимылдың нәтижесі болды. Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен тікелей байланыстарды кеңейту, ақпаратпен жедел алмасу және халықаралық іздестірудің заманауи тетіктерін пайдалану жылдар бойы Қазақстанның сот төрелігінен жасырынып жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтап, елге қайтаруға мүмкіндік береді. «Заң мен Тәртіп» қағидаты, соның ішінде жауаптылықтың бұлтартпастығын білдіреді: іздеуде болған уақыттың ұзақтығы да, жеке деректерін өзгерту де, елден тыс жерде жүру де сот төрелігінен жалтаруға мүмкіндік болмауы тиіс. Мұндай адамдарды іздестіру және елге қайтару жұмыстары жалғастырылатын болады. 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • 30 субъектов естественных монополий привлечены к административной ответственности за создание адм барьеров   Прокуроры Алматинской области совместно с Комитетом по защите прав инвесторов Генеральной прокуратуры выявили нарушения, создававшие административные барьеры для предпринимателей и инвесторов. Проверка охватила деятельность субъектов естественных монополий, оказывающих услуги бизнесу.   Установлены факты несвоевременного рассмотрения обращений, необоснованных отказов в выдаче технических условий на подключение к инженерным сетям, а также сокрытия информации о наличии свободных мощностей. Эти нарушения ограничивали доступ бизнеса к необходимой инфраструктуре.   По актам прокурорского реагирования 30 субъектов естественных монополий привлечены к административной ответственности. Общая сумма наложенных штрафов превысила 23 млн теңге.   Защита прав инвесторов и создание благоприятного инвестиционного климата остаются одним из приоритетных направлений прокурорского надзора.   Инвесторы, столкнувшиеся с административными барьерами, могут обратиться по телефону +7 708 525 50 81 или в Call-центр 115.   Ссылка на сайт прокуратуры Алматинской области: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1274682?lang=ru 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Бизнесқа кедергі келтірген үшін 30 табиғи монополия субъектісі жауапқа тартылды   Бизнестің дамуы ашық әрі түсінікті қағидалардан басталады. Алайда прокурорлар жүргізген тексеру жекелеген табиғи монополия субъектілерінің кәсіпкерлер мен инвесторларға әкімшілік кедергілер жасағанын көрсетті.   Прокурорлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп табиғи монополия субъектілерінің қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.   Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасыру фактілері анықталды.   Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты.   Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау ерекше бақылауда. Құқықтары бұзылған немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлар +7‑708‑525‑50‑81 телефоны немесе 115 Call‑орталығы арқылы хабарласа алады.   Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Прокуратурой области Жетісу обеспечено полное взыскание административного штрафа в доход государства   Прокуратура области Жетісу продолжает работу по защите интересов государства и обеспечению соблюдения требований законодательства. По результатам принятых мер прокурорского реагирования увеличен размер административного штрафа. Постановлением Панфиловского районного суда филиал АО, осуществляющего деятельность в сфере международной мультимодальной логистики, привлечён к административной ответственности по пункту 2) статьи 251 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях за невыполнение требований по репатриации национальной и (или) иностранной валюты. Размер административного штрафа был определён в сумме 206,9 млн теңге. При этом, при назначении административного штрафа судом не в полной мере были учтены требования статьи 44 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях. В связи с этим прокуратурой Панфиловского района внесено апелляционное ходатайство. Суд апелляционной инстанции поддержал позицию прокуратуры и увеличил размер административного штрафа до 262,6 млн теңге. В результате принятых мер прокурорского реагирования дополнительно обеспечено взыскание в доход государства 55,7 млн теңге. В настоящее время административный штраф в размере 262,6 млн теңге полностью уплачен в бюджет. Прокуратура области продолжает принимать меры по обеспечению соблюдения требований законодательства и защите интересов государства.   Ссылка на сайт прокуратуры области Жетісу: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274671?lang=ru 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Жетісу облысының прокуратурасы мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұл толық өндіріліп түсуін қамтамасыз етті   Жетісу облысының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде тағайындалған әкімшілік айыппұл мөлшері ұлғайтылды. Панфилов аудандық сотының қаулысымен халықаралық мультимодальды логистика саласында қызмет атқаратын АҚ-ның филиалы ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабының 2) тармағы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Әкімшілік айыппұл мөлшері 206,9 млн теңге көлемінде белгіленді. Сонымен қатар, сот әкімшілік айыппұл мөлшерін айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 44-бабы талаптарын толық ескермеген. Осыған байланысты Панфилов ауданының прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізді. Апелляциялық сатыдағы сот прокуратураның ұстанымын қолдап, әкімшілік айыппұл мөлшерін 262,6 млн теңгеге дейін ұлғайтты. Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде мемлекет кірісіне қосымша 55,7 млн теңге өндіріліп алынуы қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда 262,6 млн теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл мемлекеттік бюджетке толық төленді. Облыс прокуратурасы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін қорғау бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.   Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274671?lang=kk 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Прокуратура области Абай защитила инвестора в рамках механизма «Прокурорский фильтр»   Прокуратура области Абай при координации Комитета по защите прав инвесторов ГП РК предотвратила незаконное привлечение к административной ответственности инвестора, реализующего проект по строительству комплекса по переработке шин, в рамках механизма «Прокурорский фильтр». На согласование в прокуратуру поступило решение Департамента торговли и защиты прав потребителей о привлечении к административной ответственности ТОО «Эйкос» за якобы нарушение законодательства о защите прав потребителей. Однако доводы уполномоченного органа не нашли своего подтверждения. В связи с этим прокуратура отказала в согласовании решения, предотвратив необоснованное административное преследование инвестора. По акту прокурорского надзора виновное должностное лицо привлечено к дисциплинарной ответственности. Защита прав инвесторов и устранение административных барьеров остаются одним из приоритетных направлений деятельности органов прокуратуры. Призываем инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами, обращаться в прокуратуру области Абай по телефону: +7 707 144 00 16 или в Call-центр 115.   #Справедливость #СилаВЗаконе           Ссылка на сайт прокуратуры области Абай: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Абай облысының прокуратурасы инвесторды заңсыз әкімшілік айыппұлдан қорғады   Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Прокурорлық сүзгі» тетігі аясында шиналарды қайта өңдеу кешенін салу жобасын іске асырып жатқан инвестордың заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылуына жол бермеді. Прокуратураға Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Эйкос» ЖШС-ін тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзды деген негізбен әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шешімі келісуге келіп түсті. Тексеру барысында уәкілетті органның уәждері өз дәлелін таппағаны анықталды. Осыған байланысты прокуратура инвесторды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шешімді келісуден бас тартты. Прокуратураның араласуының нәтижесінде инвесторды негізсіз әкімшілік қудалаудың жолы кесіліп, оның құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Абай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 707 144 00 16 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады. #Әділдік #Заңүстемдігі     Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.   📌Понедельник 🔹Инвестпроект получил ход: после вмешательства Комитета по защите прав инвесторов в Алматы устранён административный барьер для проекта стоимостью 2,6 млрд теңге. Как прокуроры помогли инвестору? Все подробности смотрите здесь. 🔹Долги по алиментам: в Акмолинской области прокуратура добилась взыскания более 8,4 млн теңге в пользу несовершеннолетних детей. Какие меры приняли для исполнения судебных решений? Читайте здесь. 🔹Новые сети – для жителей: в Алматы за счёт возвращённых активов обновили 49,3 км водопроводных и канализационных сетей. Более 3 тыс. жителей получили надёжное водоснабжение и водоотведение. Как изменится инфраструктура района? Подробности по ссылке! 📌Вторник   🔹СТОП мошенникам: в Костанайской области благодаря совместной работе прокуратуры, полиции, банков и «Казахтелекома» предотвращено хищение свыше 103 млн теңге. Как удалось уберечь деньги граждан? Читайте тут! 🔹Нападение на полицейских: по протесту Генеральной прокуратуры кассационный суд заменил ограничение свободы троим жителям Атырауской области на реальные сроки. Почему пересмотрели приговор? Все подробности смотрите по ссылке! 🔹Алиментщик снова предстал перед судом: в Астане мужчина повторно привлечён к уголовной ответственности за неуплату алиментов, его задолженность составила около 5 млн теңге. Какое наказание ему назначили? Подробности здесь. 📌Среда 🔹Медицина и вода становятся доступнее: в Жамбылской области за счёт средств, поступивших от возвращённых государству активов, завершено строительство двух социальных объектов и продолжается реконструкция районной больницы стоимостью 2,6 млрд теңге. Как эти проекты изменят жизнь жителей региона? Читайте здесь. 🔹Подозреваемый возвращён в Казахстан: Генеральная прокуратура экстрадировала из Вьетнама гражданина, подозреваемого в причинении тяжкого вреда здоровью матери. Как его нашли за рубежом? Подробности здесь. 🔹Приговор за продажу новорождённого: в Павлодаре женщина осуждена на 5 лет лишения свободы за незаконную передачу новорождённой дочери за вознаграждение. Как прокуратура пресекла сделку? Все подробности смотрите по ссылке! 📌Четверг   🔹Права детей восстановлены: в Карагандинской области по мерам прокурорского надзора погашена задолженность на сумму 252,4 млн теңге. К какой ответственности привлекают должников? Все подробности читайте по ссылке! 🔹Земельный вопрос для инвестпроекта: прокуратура ВКО помогла устранить административные барьеры для инвестиционного проекта стоимостью 20,3 млрд теңге по строительству транспортно-логистического центра. Как удалось обеспечить дальнейшую реализацию проекта? Подробности здесь. 🔹 «Пятёрки» за деньги: в Мангистауской области мужчина под предлогом помощи в учёбе получил от студентов от 90 тыс. до 1 млн теңге. Как он обманывал студентов? Смотрите здесь. 📌Пятница   🔹 Питьевая вода для жителей: в ЗКО за счёт возвращённых прокуратурой активов построили систему централизованного водоснабжения стоимостью 576,9 млн теңге. Более 200 абонентов получили доступ к качественной питьевой воде. Как изменились условия жизни сельчан? Подробности здесь. 🔹 Инвестиции на 1,3 трлн теңге: в СКО по итогам Qyzylzhar Investment Forum – 2026 подписано 25 меморандумов по инвестиционным проектам. Какие проекты изменят экономику региона? Все подробности читайте по ссылке! 🔹 Канал поставки наркотиков: в области Абай при координации прокуратуры пресечена поставка наркотиков из Астаны, из незаконного оборота изъято более 2 кг синтетических веществ стоимостью свыше 50 млн теңге. Как удалось раскрыть схему? Смотрите здесь. Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз. 📌 Дүйсенбі 🔹 Инвестжобаға жол ашылды: Алматыда Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің араласуынан кейін құны 2,6 млрд теңге болатын жобаға кедергі болған әкімшілік тосқауыл жойылды. Прокурорлар инвесторға қалай көмектесті? Барлық мәліметті осы жерден көріңіз. 🔹 Алимент бойынша берешек: Ақмола облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 8,4 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алуға қол жеткізді. Сот шешімдерін орындау үшін қандай шаралар қабылданды? Осы жерден оқыңыз. 🔹 Жаңа желілер – тұрғындарға: Алматыда қайтарылған активтер есебінен 49,3 км су құбыры және кәріз желілері жаңартылды. 3 мыңнан астам тұрғын сенімді сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қол жеткізді. Аудан инфрақұрылымы қалай өзгереді? Толығырақ сілтемеде! 📌 Сейсенбі 🔹 СТОП алаяқтарға: Қостанай облысында прокуратура, полиция, банктер және «Қазақтелеком» бірлесіп, 103 млн теңгеден астам қаражаттың ұрлануына жол бермеді. Азаматтардың ақшасын қалай қорғап қалды? Осы жерден оқыңыз! 🔹 Полиция қызметкерлеріне шабуыл: Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот Атырау облысының үш тұрғынына қатысты бас бостандығын шектеу жазасын нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Үкім неге қайта қаралды? Барлық мәліметті сілтеме арқылы көріңіз! 🔹 Алимент төлемеген азамат қайта сот алдында: Астанада ер адам алимент төлемегені үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Оның берешегі шамамен 5 млн теңгені құрады. Оған қандай жаза тағайындалды? Толығырақ осы жерде. 📌 Сәрсенбі 🔹 Медицина мен су қолжетімді бола түсуде: Жамбыл облысында қайтарылған активтерден түскен қаражат есебінен екі әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Құны 2,6 млрд теңге болатын аудандық аурухананы реконструкциялау жалғасуда. Бұл жобалар өңір тұрғындарының өмірін қалай өзгертеді? Осы жерден оқыңыз. 🔹 Күдікті Қазақстанға қайтарылды: Бас прокуратура анасына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Вьетнамнан экстрадициялады. Оны шетелден қалай тапты? Толығырақ осы жерде. 🔹 Жаңа туған нәрестені сатқаны үшін үкім : Павлодарда әйел жаңа туған қызын сыйақыға заңсыз бергені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокуратура бұл заңсыз әрекетті қалай тоқтатты? Толығырақ сілтеме арқылы көріңіз! 📌 Бейсенбі 🔹 Балалардың құқықтары қалпына келтірілді: Қарағанды облысында прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 252,4 млн теңге көлеміндегі берешек өтелді. Борышкерлер қандай жауаптылыққа тартылады? Толығырақ осы жерде! 🔹 Инвестжоба үшін жер мәселесі: ШҚО прокуратурасы құны 20,3 млрд теңге болатын көлік-логистикалық орталық салу жобасына кедергі болған әкімшілік тосқауылдарды жоюға көмектесті. Жобаны одан әрі іске асыру қалай қамтамасыз етілді? Толығырақ сілтемеде! 🔹 Ақшаға «бестік»: Маңғыстау облысында ер адам студенттерге оқуына көмектесемін деген сылтаумен 90 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған. Ол студенттерді қалай алдаған? Осы жерден көріңіз. 📌 Жұма 🔹 Тұрғындарға ауызсу: БҚО-да прокуратура қайтарған активтер есебінен құны 576,9 млн теңге болатын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынды. 200-ден астам абонент сапалы ауызсуға қол жеткізді. Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайы қалай өзгерді? Толығырақ осы жерде. 🔹 1,3 трлн теңге инвестиция: СҚО-да Qyzylzhar Investment Forum – 2026 қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларға қатысты 25 меморандумға қол қойылды. Өңір экономикасын қандай жобалар өзгертеді? Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз! 🔹 Есірткі жеткізу арнасы: Абай облысында прокуратураның үйлестіруімен Астанадан есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Заңсыз айналымнан құны 50 млн теңгеден асатын 2 кг-нан астам синтетикалық зат тәркіленді. Қылмыстық схема қалай әшкереленді? Осы жерден көріңіз. Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • В области Абай пресечен канал поставки синтетических наркотиков из Астаны   При координации прокуратуры области Абай сотрудниками Департамента Комитета национальной безопасности пресечена деятельность устойчивого канала поставки синтетических наркотиков. Установлено, что житель города Семей на системной основе осуществлял доставку синтетических наркотиков из города Астаны для их дальнейшего распространения на территории области. В рамках досудебного расследования подозреваемый задержан и водворен в изолятор временного содержания.   В результате проведенных мероприятий из незаконного оборота изъято более 2 килограммов синтетических наркотиков общей стоимостью свыше 50 млн теңге. Согласно действующему законодательству, указанный объем относится к особо крупному размеру. В настоящее время проводятся следственные действия, направленные на установление всех обстоятельств уголовного правонарушения, а также иных лиц, причастных к противоправной деятельности.   Прокуратура области Абай напоминает, что незаконные хранение, перевозка, сбыт и иные действия, связанные с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и их аналогов, влекут уголовную ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Работа по выявлению, пресечению и профилактике наркоправонарушений находится на особом контроле органов прокуратуры.   #Справедливость #СилаВЗаконе Ссылка на сайт прокуратуры области Абай: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Абай облысында Астанадан синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді   Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткі жеткізудің тұрақты арнасының заңсыз қызметін тоқтатты. Анықталғандай, Семей қаласының тұрғыны синтетикалық есірткілерді Астана қаласынан жүйелі түрде жеткізіп, оларды облыс аумағында одан әрі таратумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.   Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан жалпы құны 50 млн теңгеден асатын 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген есірткі көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.   Абай облысының прокуратурасы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты сақтау, тасымалдау, дайындау, өңдеу, жөнелту, өткізу және өзге де заңсыз әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу және олардың алдын алу жұмыстары прокуратура органдарының ерекше бақылауында.   #Әділдік #Заңүстемдігі     Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • 14 авг.1 1105

    В городе Байконыр государству возвращено имущество стоимостью 161 млн теңге   Прокуратурой города Байконы рпроведен анализ соблюдения законностив сфере управления государственным имуществом. В ходе анализа установлено, что в 2024-2025 годах 9 объектов государственного имущества переданы в доверительное управление, с установлением ряда требований, подлежащих обязательному исполнению. Так, доверительные управляющие обязались в течение года провести ремонтные работы на объектах, обеспечить трудоустройство граждан, периодически сдавать отчеты, использовать объект по целевому назначению. Несмотря на неоднократные требования и предупреждения балансодержателя (КГУ «Ғарыш - инфрақұрылым») об устранении нарушений, доверительные управляющие не выполнили принятые на себя обязательства и не обеспечили соблюдение условий договоров, что является основанием для возврата имущества в государственную собственность. По представлению прокуратуры города Байконыр договоры доверительного управления, заключенные с правом последующего выкупа по 5 объектам общей стоимостью 161 млн теңге, расторгнуты в одностороннем порядке, имущество возвращено в государственную собственность. Работа по защите интересов государства будет продолжена и находится на постоянном контроле прокуратуры города Байконыр.   Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1274369?lang=ru 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Байқоңыр қаласында құны 161 млн теңгені құрайтын мүлік мемлекетке қайтарылды   Байқоңыр қаласының прокуратурасымен мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілді. Талдау барысында 2024-2025 жылдары мемлекеттік меншіктегі 9 нысан бірқатар міндетті талаптарды орындау шартымен сенімгерлік басқаруға берілгені анықталды. Атап айтқанда, сенімгерлік басқарушылар нысандарда бір жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, белгіленген мерзімдерде есептер ұсынуға, сондай-ақ мүлікті нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенген. Алайда баланс ұстаушы («Ғарыш-Инфрақұрылым» КММ) тарапынан бұзушылықтарды жою туралы бірнеше мәрте талаптар мен ескертулер берілгеніне қарамастан, сенімгерлік басқарушылар өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған және шарт талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген. Аталған мән-жайлар мүлікті мемлекетке қайтару ғанегіз болады. Байқоңыр қаласы прокуратурасының ұсынуымен жалпы құны 161 млн теңгені құрайтын 5 нысан бойынша мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен жасалған сенімгерлік басқару шарттары біржақты тәртіппен бұзылып, мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып,Байқоңыр қаласының прокуратурасының тұрақты бақылауында болады.   Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1274369?lang=kk 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • 14 авг.1 03212

    20 потерпевших и ущерб свыше 45 млн теңге: мошенница осуждена   Прокуратурой города Степногорск поддержано государственное обвинение по уголовному делу в отношении жительницы города, обвиняемой в неоднократном совершении мошенничества в крупном размере. Установлено, что в период с 2023 по 2024 годы осужденная, действуя умышленно, из корыстных побуждений, путем обмана и злоупотребления доверием граждан предлагала оказать содействие в приобретении жилья. При этом, не имея намерений и реальной возможности исполнить взятые на себя обязательства, она получала от граждан денежные средства, которыми распоряжалась в личных целях. В результате преступных действий потерпевшими признаны 20 граждан, которым причинен общий материальный ущерб на сумму свыше 45 млн теңге. В ходе судебного разбирательства вина подсудимой в совершении преступлений нашла свое подтверждение. Приговором Степногорского городского суда женщина признана виновной по части 3 статьи 190 УК РК и осуждена к 4 годам 6 месяцам лишения свободы. Приговор вступил в законную силу. Прокуратура города Степногорск призывает граждан быть бдительными при совершении сделок, связанных с приобретением жилья, проверять достоверность предлагаемых услуг, полномочия лиц и наличие законных оснований для получения денежных средств. Не доверяйте обещаниям решить жилищный вопрос на выгодных условиях без соответствующих документов и юридических гарантий, поскольку подобные предложения могут являться признаком мошенничества.   Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • 20 жәбірленуші және 45 млн теңгеден астам залал: алаяқ әйел сотталды   Степногорск қаласының прокуратурасы ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. Анықталғандай, 2023-2024 жылдар аралығында сотталған әйел пайдакүнемдік ниетпен, азаматтарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. Бұл ретте өз міндеттемелерін орындауға ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмағанына қарамастан, азаматтардан ақша қаражатын алып, оны жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 20 азамат жәбірленуші деп танылып, оларға жалпы сомасы 45 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасағаны дәлелденді. Степногорск қаласының сотының үкімімен әйел ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Степногорск қаласының прокуратурасы азаматтарды мәмілелер жасау кезінде, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға байланысты мәселелерде, қырағы болуға, ұсынылатын қызметтердің шынайылығын, тұлғалардың өкілеттіктерін және ақша қаражатын алуға заңды негіздерінің бар-жоғын тексеруге шақырады. Тиісті құжаттары мен заңды кепілдіктері жоқ болған жағдайда тұрғын үй мәселесін тиімді шарттармен шешуге уәде беретін тұлғаларға сенбеңіздер, себебі мұндай ұсыныстар алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.   Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Домашнее насилие: в области Жетісу осужден сотрудник центра поддержки семьи   Прокуратура области Жетісу последовательно обеспечивает защиту прав граждан и принцип неотвратимости ответственности за факты бытового насилия независимо от должности, статуса или места работы правонарушителя. По результатам рассмотрения уголовного дела Каратальским районным судом гражданин признан виновным в совершении бытового насилия. На момент совершения преступления он работал юристом Центра поддержки семьи «Жанұя», оказывающего помощь лицам, пострадавшим от семейно-бытового насилия, однако, несмотря на профессиональную деятельность по защите прав потерпевших, совершил противоправные действия в отношении своей супруги. В ходе судебного разбирательства государственный обвинитель прокуратуры Каратальскогорайона полностью доказал его вину. Приговором суда виновному назначено наказание в виде 200 часов общественных работ. Приговор вступил в законную силу. Прокуратура области Жетісу напоминает, что бытовое насилие является недопустимым и влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан. Работа по обеспечению законности и защите прав потерпевших находится на постоянном контроле органов прокуратуры.   Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274223?lang=ru 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жетісу облысында Отбасын қолдау орталығының қызметкері сотталды   Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғауды және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша құқық бұзушының лауазымына, мәртебесіне немесе жұмыс орнына қарамастан жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Қаратал аудандық сотының қарауына түскен қылмыстық іс бойынша азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыс жасалған кезде ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін «Жанұя» Отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген. Алайда жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған кәсіби қызметіне қарамастан, өзінің жұбайына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған. Сот талқылауы барысында Қаратал ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен кінәліге 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.  Жетісу облысының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Заңдылықты қамтамасыз ету және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.   Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274223?lang=kk 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Qyzylzhar Investment Forum 2026: Подписаны двадцать пять меморандумов по инвестиционным проектам на сумму свыше 1,3 трлн теңге   В Северо-Казахстанской области продолжается системная работа по защите прав инвесторов в соответствии с поручениями Главы государства и Генерального Прокурора. В Петропавловске проведен форум «Qyzylzhar Investment Forum – 2026» с участием представителей государственных органов, «Банк развития Казахстана», «Фонд развития промышленности», отечественных и зарубежных инвесторов Китая («Myande», «Guolian», «Gushun»), Турции («Tiryaki», «YDA»), Италии («Prosol»). В работе форума приняли участие прокурор Северо-Казахстанской области Ержан Дюсекенов, аким области Гауез Нурмухамбетов, и.о. министра сельского хозяйства Азат Султанов. Участникам презентовали инвестиционный потенциал региона, продукцию ведущих предприятий, а также современные образцы сельскохозяйственной, железнодорожной и промышленной техники. По итогам форума подписано 25 меморандумов на реализацию инвестиционных проектов общей стоимостью свыше 1,3 трлн теңге. Среди крупнейших проектов строительство маслоэкстракционного завода ТОО «Atameken-Agro Oils» и Турецкой компанией «Tiryaki Agro», а также реализация проекта строительства горно-обогатительного комбината на месторождении Сырымбет компанией ТОО «Tin One Mining». Их реализация позволит расширить производственный потенциал региона и создать новые рабочие места. Выступая на форуме, прокурор области Ержан Дюсекенов отметил, что органы прокуратуры продолжат обеспечивать правовую защиту инвесторов, сопровождать реализацию инвестиционных проектов и принимать меры по созданию благоприятного инвестиционного климата в регионе.   Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1274167?lang=ru 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • Qyzylzhar Investment Forum: Құны 1,3 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша жиырма бес меморандумға қол қойылды   Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларына сәйкес инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Петропавл қаласында мемлекеттік органдардың, «Қазақстанның Даму Банкі», «Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкілдерінің, Қытай («Myande», «Guolian», «Gushun»), Түркия («Tiryaki», «YDA»), Италия («Prosol») отандық және шетелдік инвесторларының қатысуымен «Qyzylzhar Investment Forum – 2026» форумы өтті. Форум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ержан Дүйсекенов, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтанов қатысты. Қатысушыларға өңірдің инвестициялық әлеуеті, жетекші кәсіпорындардың өнімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, теміржол және өнеркәсіптік техниканың заманауи үлгілері таныстырылды. Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобаларды іске асыруға 25 меморандумға қол қойылды. Ірі жобалардың қатарында «Atameken-Agro Oils» ЖШС мен «Tiryaki Agro» түрік компаниясының май экстракциялау зауытының құрылысы, сондай-ақ «Tin One Mining» ЖШС компаниясының Сырымбет кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасын іске асыру бар. Оларды жүзеге асыру өңірдің өндірістік әлеуетін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Форумда сөйлеген сөзінде облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов прокуратура органдары инвесторларды құқықтық қорғауды, инвестициялық жобалардың іске асырылуын сүйемелдеуді және өңірде қолайлы инвестициялық климат құру бойынша шаралар қабылдауды әрі қарай да қамтамасыз ететінін атап өтті.   Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1274167?lang=kk 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП