tgindex
Abylaikhan Suiindik

Abylaikhan Suiindik

Статистика

Бұл арнада араб тілін үйренуге арналған пайдалы сабақтар, түсіндірмелер мен танымдық материалдар ұсынылады. 🎓 2016 - 2017 “Ніл” тіл үйрету орталығы. 🎓 2018 - 2023 Бакалавр 🎓 2023 - Магистратура Мамандық: Араб тілі және әдебиеті. 📩 Байланыс: @utlubuadmin

Последний пост
22 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
26
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Образование (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
1 866
−1 за 4 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 475
26 постов
Вовлечённость
79,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 26
Упоминаний
5
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
199
1/48двое суток
228
1/72трое суток
245

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 22 июл.22520из Olzhas_Khanafin

    Бүгін 22 ші шілде Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рақым етсін) дүниеден озған күні. Дұға жасап, құраннан бағыштап қоялық. Алла қабірін кең етіп, нұрландырсын.Жанын тыныштықта етсін. Алла өзінің шексіз мейіріміне бөлесін🤲

  • 2 июл.897143

    ﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ وجُمْلَةُ ﴿إنَّهُ هو الغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ تَعْلِيلٌ لِجُمْلَةِ ﴿يَغْفِرُ…

  • ﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ وجُمْلَةُ ﴿إنَّهُ هو الغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ تَعْلِيلٌ لِجُمْلَةِ ﴿يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا﴾ أيْ لا يُعْجِزُهُ أنْ يَغْفِرَ جَمِيعَ الذُّنُوبِ ما بَلَغَ جَمِيعُها مِنَ الكَثْرَةِ لِأنَّهُ شَدِيدُ الغُفْرانِ شَدِيدُ الرَّحْمَةِ. التحرير والتنوير لِابن عاشور.

  • Құрметті білім ізденушілер! Нөлдік деңгейден бастап, кез келген деңгейге арналған араб тілі курстарына жазылу әлі де ашық. 🗓 Дәрістер 10 шілдеде басталады. Сондай-ақ, араб тілі сабақтары басталғаннан кейін Бәлаға (риторика) ғылымы бойынша «Тайсир әл-бәлаға» (تيسير البلاغة) кітабын оқуды жоспарлап отырмыз. Араб тілін жүйелі түрде меңгеріп, классикалық ислам ғылымдарының тереңдігіне қадам басқысы келетін баршаңызды дәрістерімізге шақырамыз.

  • 1 июл.534152

    «Таудых» дәрістерінен пайда алып жүрген шәкіртіміздің шынайы пікірі: «YouTube арнаңыздағы таудых сабақтарын көріп жүрмін. Аллаға шүкір, өте көп пайда алып жатырмын. Әрбір сабақта тақырып жан-жақты ашылып, барынша түсінікті түрде түсіндірілген. Сонымен қатар, иғрабтау тәсілі де егжей-тегжейлі үйретіледі. Тіпті мәбни мен муғраб сөздердегі әрекеттердің (кәсра, фатха т.б.) тә-марбута арқылы ма, әлде тә-марбутасыз келе ме – осындай нәзік тұстардың өзі назардан тыс қалмаған. Сабақтарды көре отырып, мүмкіндігінше бәрін жазып алып жүрмін. Осындай құнды материалдардың тегін қолжетімді болғанына қатты қуандым. Алла разы болсын! Әсіресе, нахву ілімін жаңадан бастап жатқан шәкірттер үшін бұл дәрістер таптырмас қазына деп айтар едім.»

  • 1 июл.433113

    Ілімнің шынайы мәні – оның адамның бойына сіңіп, сыртқы қалыптарға тәуелді болмайтын деңгейге жетуінде. Сондықтан ілімнің кемелдігі – кітаптар мен сөздерге байланып қалмай, білімнің көкіректе орныққан мағынаға айналуында. Сонда адам белгілі бір кітапқа немесе…

  • إنَّ الريح إذا مرَّت بطيب، حملت طيْبًا تحيا به النفس، وتقوى به جوارحها، كذلك إذا مرَّت بالنَّتَن، فحملته، ألِمَت له النفس، وأضرَّ بأعلاقها إضرارًا تامًّا. Самал жел жұпар аңқыған жерден өтсе, жанды жадыратып, тәнге қуат беретін хош иісті өзімен бірге ала келеді. Ал сасық иістің үстінен өтсе, сол жағымсыз иісті де ілестіре келеді. Одан жан қиналып, адамның бүкіл болмысына зор зиянын тигізеді. Адам да дәл сол секілді. Кіммен араласса, соның мінезі мен ықпалынан өз үлесін алады. Ізгі жандармен бірге болса, олардың көркем мінезі мен игі қасиеттерінен нәр алады. Ал жаман ортада жүрсе, оның зияны да өзіне жұғады.

  • 1 июл.479125

    العلم حقيقته التجريد، فمن كماله أن تتجرَّد عن الكتب والألفاظ بحيث يكون العلم معنًى قائمًا في صدرك تعبِّر عنه بما تريد دون تقيُّدٍ بلفظ ولا كتاب. وليست هذه دعوى إلى نبذ الكتاب بل بيانُ أن الكتاب له مرحلة ما تنقضي بعدها الحاجة إليه في تكميل النفس. وفي هذا…

  • العلم حقيقته التجريد، فمن كماله أن تتجرَّد عن الكتب والألفاظ بحيث يكون العلم معنًى قائمًا في صدرك تعبِّر عنه بما تريد دون تقيُّدٍ بلفظ ولا كتاب. وليست هذه دعوى إلى نبذ الكتاب بل بيانُ أن الكتاب له مرحلة ما تنقضي بعدها الحاجة إليه في تكميل النفس. وفي هذا البيان قطعٌ لعوائق عن الكمال كثيرة انتشرت بين المحصّلين، فإنهم يتعلقون بالكتب حتى تتوهم أنهم يسعون لتحصيل الكتاب لا لتحصيل العلم، فلا يهمه العلم الذي وضع له الكتاب بل لفظ الشارح، ولا يهمهم أن الكتاب الفلاني أكثر نفعًا بل هذا الكتاب المرسوم في العادة.

  • وما أحسَن قولَ بعض العارفين: إنه تعالى يَملِك عباداً غيرك وأنت ليس لك ربٌّ سواه، ثم إنك تتساهل في خِدمته والقيام بوظائف طاعته، كأنَّ لك ربًّا بل أرباباً غيره، وهو سبحانه يعتني بتربيتك حتى كأنه لا عبدَ له سواك، فسبحانه ما أتمَّ تربيتَه وأعظمَ رحمته!. الآلوسي…

  • وما أحسَن قولَ بعض العارفين: إنه تعالى يَملِك عباداً غيرك وأنت ليس لك ربٌّ سواه، ثم إنك تتساهل في خِدمته والقيام بوظائف طاعته، كأنَّ لك ربًّا بل أرباباً غيره، وهو سبحانه يعتني بتربيتك حتى كأنه لا عبدَ له سواك، فسبحانه ما أتمَّ تربيتَه وأعظمَ رحمته!. الآلوسي (رحمه الله)

  • 29 июн.5382110

    Уайым, қайғы мен мұңды сейілтуде уақытты ілім үйренуге, кітап оқуға және пайдалы дәрістер тыңдауға арнаудан артық ем таппадым. Егер ілім үйренудің бұдан өзге ешбір пайдасы болмаса да, осы қасиетінің өзі-ақ оған жеткілікті артықшылық болар еді. Тіпті уақытты дүниелік болсын, ақыреттік болсын, кез келген игі де пайдалы іске арнаудың өзі адамды сансыз уайым мен қайғының құрсауына түсуден сақтайды. Өйткені көптеген жан дүниелік күйзелістер мен психологиялық қиындықтар адамның пайдалы іспен шұғылдануының арқасында өздігінен басылып, сейіледі. Анығында, уайым мен бос уақыт – бірінен бірі ажырамайтын егіз. Сондықтан да ауыр еңбекпен күн көріп, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген жандардың арасында бүгінгі қоғамда кең таралған психологиялық дерттер мен рухани әлсіздікке шағымданатындар сирек кездеседі. Керісінше, жұмыстарының қаншалықты ауыр әрі машақатты екеніне қарамастан, олардың өмірге үмітпен қарап, жақсылықтан үміт үзбей, көтеріңкі көңілмен ғұмыр кешетінін жиі байқайсың. Сонымен қатар, ілімнің өзіне тән артықшылығы мен асқақ мәртебесі қашанда сақталады. Осыған орай Имам әл-Харамайн әл-Жуәйнидің әкесі (Алла екеуіне де рақым етсін) таң намазында былай деп жалбарынатын: «Уа, Алла! Бізді ілімнен ешбір бөгетпен тосқауылдай көрме әрі оған жетуден ешбір кедергімен мақұрым етпе!»

  • Шәкірттің ұстазына деген ықыласы мен білімге деген шынайы талпынысының белгілерінің бірі – ұстазы оған білімін тереңдету үшін бір кітапты нұсқаса, ол бұл ишаратты елеусіз қалдырмай, сол кітапты оқуға бірден кіріседі.

  • Байдауи тәпсіріне жазылған хашияларда (түсіндірмелерде) ұшан-теңіз ғылым, пайдалы талдаулар мен қаламның ұшымен жүргізілген ғылыми айтыс-тартыстар мол. Бұл еңбектер қазы Байдауидің тәпсірін түсіндірумен ғана шектелмей, ғасырлар бойы өмір сүрген мұфассирлер мен хашия жазушылардың ғылыми көзқарастарының айнасына айналған. Сондай-ақ онда сәләф дәуірінен бері айтылып келген тәпсірлік пікірлер мұқият сараланып, Алла Тағаланың кәләмі бәлағатқа (шешендікке) сай келмейтін немесе мәнмәтінге үйлеспейтін мағынаға телінбеуі үшін жан-жақты талданған. Дәл осындай сипат «Кәшшаф» тәпсіріне жазылған хашияларға да тән. Олар – ұлы имамдар төңірегіне жиналған ғылым дастарханы секілді. Сол дастархан басында олар өздерінің зеректігі мен терең ойының жемісін, ілімдерінің қаймағын ортаға салды. Алла Тағала оларды рақымына бөлеп, біздің атымыздан ең жақсы сыйын нәсіп етсін!

  • Әл-Жахиз (рахимаһулла) былай деген: من عاجل الضرر وآجل الحرمان أن تغتر بما عندك، فلا تثمرُه بالزيادة؛ فإن العلم قد تعرض له آفة النسيان، فما لم يدرس ويُزَد فيه ويذكر بعضه بعضا تفلَّتَ من عُقُله، ودرست معالمه، وخبا زنده. «Қолда бар білімге алданып, оны еселеп арттыруға ұмтылмау — бүгінгі күннің зор зияны, ал ертеңгі күннің зор өкініші. Өйткені білімнің басты кеселі — ұмытылу. Егер оны үнемі қайталап, толықтырып отырмаса, әрі бір білімі екіншісін жаңғыртып тұрмаса, ол ақылдың құрсауынан босап, қолдан сусып кетеді. Уақыт өте оның ізі өшіп, нұры сөнеді».

  • 27 июн.18,7 тыс2223

    Имам әс-Суюти (рахимаһуллаһ) былай деген: "ولا يجوز الإقدام على تفسير كلام الله تعالى بمجرد ما يحدُث في النفس، أو يُسمع ممن لا عُهدة عليه" «Алла Тағаланың Кәләмін (Құранды) тек көкейге келген ой-пікірлерге ғана сүйеніп немесе сөзіне сенімсіз, ешбір жауапкершілігі жоқ адамдардан естіген дүниелерге арқа үйеп тәпсірлеуге мүлдем жол берілмейді». Бүгінгі таңда Құран аяттарын түсіндіру барысында жиі қолданылатын, көпшілік «тәфәккүр мен тәдәббур» (терең ойлану мен пайымдау) деп айдар тағып жүрген пайымдардың басым бөлігі дәл осы ескертудің аясына кіреді. Себебі, бұл айтылғандардың көбі — ешқандай іргелі ғылыми негізсіз, тек өткінші сезімдер мен адам көкейіне ұялаған мағынасыз пайым мен сәттік ойлардан ғана тұрады.

  • Нахву ілімінен «Тухфа Сания» кітабы бойынша дәріске шәкірттер қабылдаймын. Ұлдар тобы: орын саны жеткілікті Қыздар тобы: 3 орын қалды 📥Байланысу үшін: @utlubuadmin

  • без подписи

  • АРАБ ТІЛІ МЕН ҚҰРАН КУРСЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ! Жазғы демалысты тиімді пайдаланып, ғылымның патшасы — араб тілін меңгергіңіз келе ме? Біз сізді жаңа маусымға шақырамыз! 📖 Курс бағыттары: 1. Құран әліпбиі және Тәжуид (нөлден бастап) 2. Арабша сөйлеу тілі (Тәкәллум) 3. Нахву, Сарф, Бәлаға (тереңдетілген деңгей) Артықшылықтары: Деңгейлер: Бастауыш, орта, жоғары. Формат: Офлайн (Шымкент қ.) және онлайн. Топтар: Ұлдар мен қыздарға жеке-жеке топтар. Оқыту түрі: Топпен немесе жеке (индивидуалды). Шексіз ілімге алғашқы қадамды бүгін жасаңыз! Орындар саны шектеулі. 📱Толық мәлімет алу үшін @utlubuadmin

  • без подписи