BILIM LIVE
СтатистикаБілімге сүйенген ел Education based nation БаМеКо және ЖОО мен білім саласындағы пайдалы да мазмұнды материалдар. Қазақша контент
- Последний пост
- 5 июл.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
↘️ Білім саласы түсіндіре алмай тұрған бір кемшін тұсы бар. Қазір сыныпқа кіріп қарасаңыз, екі түрлі жауапты естисіз. Бір мұғалім ЖИ қолдануға тиым салса, екінші бір сыныптағы мұғалім ChatGPTды құлшыныспен қолданып, оны «ЖИ сауаттылық» деп атайды. Дегенмен екеуі де қате түсінік. ЖИ шектеу қою – ол кезіндегі калькулятор алғаш шыққанда оған математиктердің тиым салғаны секілді нәрсе. Былай айтқанда, оны шектеу ЖИ алдында ұтылу деген сөз. Ал, оны ЖИ сауаттылық деп атап қолдана беру одан да қауіпті. Галлюцинация (жалған ақпарат), дайындықсыз қолдану баланы басқа бағытта үйретуге алып кету қауіпі басым болады. ІТ сауаттылық пен ЖИ сауаттылықты шатастырмау керек. Қорыта айтқанда, ЖИ компаниялары жасанды интеллект істей алмайтын адами коммуникация, шынайы қарым-қатынас, сыни/креатив ойлану, эмоционал интеллект, әр нәрсенің моралдық-этикалық (ар/намыс) талдауына көз жүгірту, адамгершілік негіздерін оқытатын философия мамандарына сұраныс артатын айтады. Қазақша айтқанда, жасанды интеллекттен адамның өз интеллекті әбден жоғары тұруы тиіс. Әйтпесе, ол адамның/ адамзаттың өзіне қарсы аса қауіпті. Ендеше, кемінде бір сыныптағы 20 балаға сабақ беріп жүрген әріптес, өз табиғи интеллекттімізді (жасанды емес!) қалай дамытпақ керек ?! Сізге сұрақ. Бұған жауап іздеп, ChatGPT қарамаңыз:)
Неге AI компаниялар философия студенттерін жұмысқа ала бастады? https://www.linkedin.com/pulse/why-worlds-most-advanced-ai-company-employs-truszkowska--jlgre?utm_source=share&utm_medium=member_ios&utm_campaign=share_via Әдетте, оларда ІТ маман, инженер жұмыс істемеуші ме еді деп айтуыңыз әбден мүмкін. Дегенмен, Anthropic, Claude философтарды жұмысқа алуды бастады. ЖИ күрделі техникалық мәселелерді мұқият ойластыра алатын болса, онда оның адамгершілік тұрғысында қамти білу керек. Адамды, адамзатты тану (өмірдің мәні) басты орынға шығады. Сондықтан сыни ойлау, эмоционал интеллект, адамдармен коммуникация жасай білу қабілеттерін оқытатын гуманитарлық ғылымдарды білуге кеңес беремін. Amanda Askell Бұл бір адамның пікірі ғана емес, OECD мына дерегіне қарайық: ЖИ сыни ойлау мен метакогнитив қабілеті жағынан ақсаған. Жауаптары әсіре сенімді немесе сенімсіздік тудырады. Қарапайым тілмен айтқанда, ЖИ өзінің білмейтінін білмейді, оны мойындамай қисынсыз болса да жауап ұсынады екен. OECD осы қорытындыға сүйеніп, аса маңызды мәлімдеме жасайды. Ескертеді! Білім жүйесі эмоционал интеллект пен сыни ойлауды күшейтуге бағытталған оқу бағдарламасына көшу қажет. Өйткені, күнделікті қайталанатын ақпараттық жұмысты істеп келген маманды ЖИ қазір оңай алмастыра алса да, адамгершілігі мол адамды алмастыра алмайды! Жалғасы ↘️
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз қазір білім экономикасы үстемдік құрған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Осындай кезеңде технологиялық дербестігімізді күшейте түсу үшін ғылым саласын және жоғарғы мектеп жүйесін дамытуға баса назар аударуымыз қажет. Соған сәйкес біз еліміздегі университеттерді жаңғырту жұмысын қолға алдық. Бұдан бөлек, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Әрине, кез келген ұлттың зияткерлік әлеуеті сол елдегі орта білімнің деңгейімен өлшенетіні ақиқат. Соңғы үш жылда республика бойынша 584 заманауи мектеп салынды. Әрбір үшінші мектеп инновациялық үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерді. Биыл тағы 84 мектеп ашылады. Оның жартысынан көбі ауылдық жерлерде салынып жатқанын атап өту қажет». t.me/aqorda_resmi
🏕️ elicense.kz порталында балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау бойынша жаңа қызмет іске қосылды. Енді лицензия алуға өтінімді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толықтай онлайн форматта беруге болады. 📌 2026 жылдан бастап мұндай орталықтардың қызметін лицензиялау міндетті. 📲 Лицензия алу үшін: - elicense.kz порталындағы «Білім» бөліміне өту; - тиісті қызметті таңдау; - қажетті мәліметтерді толтыру; - қызмет ақысын төлеу; - өтінімге қолжетімді тәсілдердің бірі арқылы қол қою. 📋 Лицензия 5 жыл мерзімге беріледі. Өтінімді қарау мерзімі - 30 жұмыс күніне дейін. ✅ Қызмет мемлекеттік және жекеменшік білім беру-сауықтыру орталықтарына, оның ішінде жыл бойы және маусымдық негізде жұмыс істейтін ұйымдарға қолжетімді. 🔒 Лицензиялық талаптар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, санитариялық нормаларды сақтауды және бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларының болуын қамтиды. www.egov.kz
без подписи
без подписи
АЛМАТЫ: АДАМ & КІТАП Алматыға барсам, дос пен тамырдың жаңалығын көріп қуанам. Өзін дамытып, кәсібін дөңгелетіп жатқан жандар. РАИСА САЙРАН ҚАДЕР Баспагер. Steppe&World баспасының иесі. Мықты сарапшы. Көп жыл шетелде тұрып, елге біржола көшіп келіп, аянбай қызмет етіп келеді. Кітап кәсібі оңай сала емес. Біз әлі Англия, Жапония сияқты оқырманы көөп ел емеспіз ғой. Ептеп болады. Мемлекет басшысы жақында Жарлық шығарғанын білесіздер. Раиса бұған көп үлес қосты. Бұл үлкен ресми құжат. Енді оқырманнан кітап оқымаққа таудай талап қажет. Раиса ханымнан көп кітап алдық, біразын сыйға да тартты. «Мазасыз ұрпақ» кітабын оқуды ұсынам. Актуалды мәселе - бала тәрбиесі & технология дилеммасы қамтылған. P.S. Құрметті әріптестер, отпускіде жақсы тынығып, өзіңізге интеллектуал инвестиция салыңыз. Өзіңізден аямаңыз, кітап алудан аянбаңыз!
⚡️Мемлекет басшысы: «Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы» «Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді». t.me/aqorda_resmi
ИНТЕЛЛЕКТУАЛ МҰРА Кейінгі үш постқа арналған бір ілеспе пост Президент Қ.К.Тоқаев: «Ясауи хикметтері - Ұлы даланың мәдени коды» «Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық» «Сол кезеңдегі жырларда (Ер Едіге, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын) батырлардың ерлік жолы мен тарихи оқиғалар тізбегі жиі баяндалады». Бір ой естен кетпей көп жүр еді оралып, ол - Білім тарихы! Әр елдің, қағанат, хандықтың, князь бен империяның тарихы болады. Соның ішінде жасайтын сала тарихы да бар. Мәселен, саяси тарих, экономика тарихы, егіншілік (ауылшаруашылық) тарихы. Сол секілді *білім тарихы* да қалыптасқан, даму хронологиясы бар сала. Алтын орда, Әл-Фараби, Ясауи соның көрнекті дәлелі. Ендеше, достар, бұрынғы адамдар қалай білім алды? Лицей, интернат, жайлы мектеп, РФМШ/NIS секілді бүгінгі элиталы мектептерде Жошы, Шағатай, Керей мен Жәнібек, Бұқар жырау мен Қазтуған оқыды ма, қайда оқыды ⁉️ Ел басқаруда қарулы білек пен ілімге толы жүрек керек емес пе. Сұрақ қызық( тіпті ерсі естілуі мүмкін), оны комменттегі мына кітаптардан бірге іздеп көрелік. Түркістанның мектептерінде Ясауитану элективті курсы оқытылады. Осы тәжірибені республикаға енгізу қажет.
⚡️Мемлекет басшысы: «Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық» «Мәселен, түркі тілі, исламның кітаби дәстүрлері мен даланың санғасырлық даналығы дәл осы кезеңде бір-бірімен біте қайнасып, идеологиялық тұрғыдан ауқымы кеңейді. Бұл Алтын Орда кезеңінің әдебиетінде көрініс тауып, түркі халықтарының сөз өнері қанат жайған кезең ретінде бағаланды. Халқымыз үшін Алтын Орда дәуірінен бүгінге дейін жеткен «Ақсақ құлан» күйінің символдық мәні зор. Биыл күйдің шыққанына 800 жыл толады. Бұл аңыз – домбыраның шанағынан шыққан Ұлы Даланың үні, ұлтымыздың рухани байлығы. Кетбұға, Асан Қайғы, Шалкиіз және Доспамбет секілді жыраулардың мұрасы біздің аймаққа тән дәстүрлі өнер жанрында бүгінге дейін жеткені кездейсоқ емес. Сол кезеңдегі жырларда (Ер Едіге, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын) батырлардың ерлік жолы мен тарихи оқиғалар тізбегі жиі баяндалады. Бұл – қазақ, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ және басқа да халықтардың ортақ қазынасы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды» «Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді. Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген «түркілік исламның» бастауында тұрды. Шын мәнінде, ол Ұлы дала халықтарына қазіргі дүниетанымымыздың өзегіне айналған мүлдем жаңа идеологиялық доктрина ұсынды. Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды. Ал ғұламаның Түркістандағы кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан. Түркістан шаһары ғасырлар бойы өңірдің басты рухани және саяси орталығы болды. Қазіргі таңда ол түркі дүниесінің қасиетті қарашаңырағы саналады». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «БІРІНШІ. Зияткерлік мұраны зерделеу. Алтын Орда феноменін мыңдаған жыл бойы Еуразия жүрегінде қалыптасқан бай интеллектуалдық кеңістіктен бөліп қарай алмаймыз. Орта ғасырларда Ұлы дала озық идеяларды ұсынған әлемдік орталықтардың біріне айналғаны мәлім. Орталық Еуразиядағы көшпелілер тіршілігінен, түркі-моңғол мұраларынан, ислам дәстүрлерінен және христиан қауымдастығына жататын халықтардың дүниетанымдық қағидаттарынан нәр алған ақыл-ойдың құнарлы топырақта қанат жаюы заңды еді. Бұл идеялар эволюциясы үздіксіз жүрген кезең еді. Әр ғасыр Ұлы даланың ақыл-ой кенін байытып, жаңа құндылықпен толықтырып отырды. Осы терең сабақтастықты түйсінбей, Алтын Орданың өркендеу сырын объективті бағалау қиын. Әлбетте, бұл орайда Алтын Орданың негізі қаланғанға дейінгі кезеңдерде өмір сүрген әйгілі ойшылдардың ғылыми, философиялық, әдеби мұраларының мән-маңызы зор. Ең алдымен, тарихта Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атымен мәлім әлемдік философияның негізін қалаушылардың бірі – Әбу Насыр әл-Фарабидің орны ерекше. Ол «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында әділдіктен айнымау, білімге құштарлық және адамгершілік қасиеттерді шыңдау арқылы баршаға бірдей игілікке қол жеткізуге болатынын жан-жақты айтқан. Оның ойлары түрік, мұсылман әлеміндегі кейінгі саяси-философиялық дәстүрлерді түсінуге маңызды бағдар болды». t.me/aqorda_resmi
СИНГАПУРДЫҢ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ Баланы шыбықпен тәрбиелеуді енгізбек! Білім министрі парламентте тәрбие концепциясын таныстырды. Бұл буллиңді тоқтатуға, баланың жасаған тәртіпсіз қылығының ауыртпалығын санасына жеткізуге, сезіндіруге және басқаларға сабақ болады деп баяндады. Бұл мектептің ішкі тәртіп ережесіне жазылып, тек директордың мақұлдауымен, жауапты педагогтардың қатысуымен қатаң хаттамада рәсімделеді. Шыбықпен тек ұл балалар жазаланады. Қалғанын видеодан көріп аларсыздар. Енді біздің елге келсек. Бір-біріне әлімжеттікті айтпағанда, мұғалімге қол көтеріп, балағаттап жатқан шарасыз күй көп. Әсілінде, шыбықпен тәрбиелеу «аюға намаз үйреткен таяқ» деп өскен қазаққа жат емес. Мықты дамыған, білімі озық - PISA/PIRLS үздік үштіктегі Сингапур шыбықпен тәрбиелеймін деп шыр-пыр боп жатқанда, бізге не істемек керек, ӘРІПТЕС ⁉️
✍🏻 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді. 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі. Президент Қ.Тоқаев Жарлығымен 2026 жыл - Жасанды интеллект және цифрландыру жылы деп жарияланған болатын. t.me/aqorda_resmi
🎬 ИДЕЯ МЕН ТӘЖІРИБЕГЕ ТОЛЫ СҰҚБАТ& РАУАН КЕНЖЕХАН https://youtu.be/JLmTl0_C5NI?si=IjRekEOfT6sE-F21 2011 жылдан басталған идея 15 жылда үлкен EdTech компанияға айналған. Wikibilim, Google/Yandex translate қазақша, Bilimland және пандемия кезінде алып шыққан OnlineMektep, Bilimclass, Coursera, OpenU дәлел. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» ұлттық жобасымен 200 жуық кітап қазақшаға аударылып шықты. Осы жобада екі жыл бірге жұмыс істеп, көп тәжірибе жинадым. Халықаралық QAZAQ TILI қоғамдық қор аясында көптеген аудио/видео материалдарды қаза тіліне аударып, мемлекеттік тіл контентін байытып келеді. Жасанды интеллект қарқынды дамыған тұста білім саласында Education ChatGPT жобасын бастап отыр. Сұқбатта: Адамның жетістігі — кездейсоқ соқыр емес, жүйелі ойластырылған стратегиялық мақсатта қайталанып тұратын сипатта болады. Жеке өмір жолы туралы да айтады. Осы спойлер жетер). Демалыс күндерінде қалғанын сілтемеден көріп шығарсыздар, Әріптестер! P.S. Екінші сұқбат комментте↘️
NEET жастардың болашағы (?!) Оқу аяқталуға бір ай қалды. Елде 200 мыңдай түлек мектеп бітіргелі тұр. Оқуға, әскерге, жұмысқа әртарапқа аттанады. Соның ішінде 16-24 жас аралығындағы NEET (оқуда, жұмыста да жоқ) жастардың болашағы күрделі мәселе. NEET дегеніміз - бос жүрген жастар қысқаша сипаттағанда. Ағылшындардың мына зерттеуі ой салады. Мектепті бітірген жастардың бос жүруі, жұмыс та істемеу салдары орта жастан асқанда да алдынан шығып, психологиялық, қаржылай және денсаулығынан зиян шегетінін айтады. 8’000 NEET қатысқан зерттеуде 16-24 жастағылардың неғұрлым оқымай, я жұмыссыз ұзақ жүріп қалса, салдары соғұрлым ауыр соғатынын көрсетеді. Біздің елде де бұл санатағы жастардың өмірі алаңдатарлық жағдай. Шынын айтқанда, түлектердің білім сапасы/бағасы мектептегі 4-5 бағада ғана емес, бітіріп шыққан кезде нағыз көрінеді. Әлеуметтік-тұрмыстық салдары да болады. Құрметті әріптес, алдыңызда отырған түлектің болашағы - адам тағдыры, ел мәселесі екенін мына зерттеу көрсетіп отыр. Түлектерге тілек айта отырып, өміріне тірек болатын біліммен қаруландыру аса жауапты іс. https://www.ucl.ac.uk/news/2026/apr/being-neet-early-adulthood-has-scarring-effect-midlife
без подписи
без подписи
ТОРҒАЙДАН ТҮРКІСТАНҒА Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлы АСАНОВ бастаған делегация Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығы аясында Отырар/Түркістанға сапарлады. Екі күн зиярат етіп, қаланы аралады. Торғай-Түркістан-Өзбекәлі арасындағы байланысты Мәдени майданды оқыған достар түсініп отырған болар. Бізді қызықтырғаны, делегация құрамында 25 оқушы келді. Арқалық қаласында өткен Жәнібек оқуларының жүлдегерлері. Талапты, еңбекқор, білімді балалар. Оқушы кезден танымдық мақсатта ел-жер аралағаны өте дұрыс. Түркістан қаласы әкімінен сый, құрмет көрсетілді. Балаларға АДАЛ АЗАМАТ тұлғалық күнделігі тарту етілді. Президент Қ.Тоқаевтың АДАЛ АЗАМАТ біртұтас тәрбие концепциясы аясында жақында шыққан еңбек. P.S. Арқалықтан келген Жұлдызай, Әсем әріптестерге табыс тілейміз.
1/ 1976 фото: Бәтес апай (жары), Жұмабек Тәшенов, Әсемқыз және Саян (Тәшеновтың үлкен ұлы) 2/ 2025 фото: Әсемқыз бен Саян 3/ 2026 фото: Әсемқыз (папарацци)