tgindex
Malim Media
@malimkzInstagramказахский

Ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіреміз. Инстаграм: https://instagram.com/malim.kz Тикток: https://www.tiktok.com/@malimkz Фейсбук: https://www.facebook.com/MalimMedia

Последний пост
18 июн.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Instagram
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
302
−1 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
295
20 постов
Вовлечённость
97,7%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Артық дүниеге ақша құртпаңыз

  • Электр энергиясын үнемдейік

  • Алматы хайуанаттар бағы

  • https://malim.kz/article/bqo-akimi-bilikke-degen-senim-memlekettik-qyzmetsinin-zauapkersiliginen-bastalady

  • Ырымға жаман іс түзелді. Байрақты теріс ілгендер жауапқа тартылды IMAGE: ©azh.kz Атырау облысының орталығында тосын жайт болды деп хабарлайды Ақ жайық басылымы. Облыс орталығындағы басты тұғырға еліміздің байрағы теріс ілініпті. Оның фотосы қала жұртының мессенджерлерінде тарапты. Атыраулықтар мұны мемлекеттік рәміздерге деген немқұрайлық деп, ашу шақырып отыр. "Бұл әншейін мата емес, бұл еліміздің символы. Мұндай нәрселерді назардан тыс қалдыруға болмайды", - дейді тұрғындар. Көрген адамдардың айтуынша, байрақ осылай теріс ілінген күйі бірнеше сағат тұрып, кейін түзетілген. Оқиға бойынша мердігер компания әкімшілік жазаға тартылды.

  • ОТЫРЫП АЛЫП ТАРИХТЫ ТАРҚАТТЫ. ТРАМП АҚЫРЫ АШУЛАНЫП ТЫНДЫ. Биыл тамыз айында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкориджде (Аляска шт.) кездескен болатын. Financial Times басылымы сол жабық есік артындағы келіссөздердің қалай өткені туралы жазыпты. Басылымның дереккөзінің мәліметінше, Путин Украинаның капитуляциясын талап етіп, қасарысып алған. Сосын өзінің талабын негіздеу үшін тарихтан лекцияға ұқсайтын ұзыннан шұбақ әңгіме айтқан. Путин Ресей тарихын тереңнен тартып, әңгімені сонау Рюриковичтерден бастапты. Сөзінің тоқетері – орыс пен украин бір халық дегенге келіпті. Трамп бұған ашуланыпты. Ақыр аяғы – Путинге дауыс көтеріп, келіссөзден шығамын деп қорқытыпты. Сұхбаттан есеңгіреген Трамптың жынданғаны сондай, алда жоспарланған бірлескен түстік асты болдырмай тастады дейді басылымның дереккөзі. IMAGE: © Wikimedia Foundation

  • Кеңестің ЖИ негізіндегі виртуал мүшесі Бектеновке ақпарат берді Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді деп хабарлайды ресмиет. Жиынға алғаш рет - дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты. Жиын кезінде SKAI премьер-министрге бірқатар мәліметтер берді.

  • "Путин 55 елге жалғыз қасқайып тұр!" Алматыдағы форумда Путинге мадақ айтылды Алматыдағы Be Woman форумында спикерлердің бірі Ресей президенті атына осындай мадақ айтты. Оның ойынша, Путин – тұлғаның әлемді өзгертуінің мысалы. Форумды ұйымдастырушы – олигарх Сергей Канның жұбайы Жанна Кан.

  • Украина дроны Қазақстанның бүйіріндегі Жаманқалаға жетті Бұл туралы "Азаттық радиосы" хабарлайды. Украина телеграм-арналары таратқан видеода кемінде бір дрон Жаманқаладағы (орысша атауы – Орск) "Орскнефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауытының ауласына түскен. Алдын ала мәліметтерге қарағанда – бұл украиндардың "Лютый" дроны екен. Жаманқала Украинадан 1 400 шақырым қашықта. Еске сала кетсек, Зеленский ендігәрі Украинаның соққылары Ресейге тереңдей береді деген болатын.

  • Есіңізде болса, Трамп бір баяндамасы кезінде шатасып, Арменияның орнына Албанияны айтқан болатын. "Албания мен Әзербайжанды татуластырдым" деген еді. Албания премьер-министрі Эди Рама соған меңзеп, "Албания мен Әзербайжанның татуласқанына құттықтау айтпадың!" деп, Макронға "өкпе" білдірді😆

  • ҚАЗАҚСТАНҒА ӘЙЕЛ АЛУҒА КЕЛЕДІ Telegram мессенджерінің иесі Лев Дуров Астанадағы Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қатысып жатыр. Ол өзінің сөзін: - Өте көп табысты жан Қазақстанға жар іздеп келетінін айтқан. Өкінішке қарай, менің келген себебім басқа. Мен жасанды интеллект туралы айтайын деп келдім, - деп бастады. IMAGE: Aqorda

  • Тыныш өлу де қиын заман. https://malim.kz/article/opinion/tigran-keosayannyn-qaida-zerlengeni-belgisiz-34544

  • ЖАЛҚАУЛЫҚТАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ Черногорияда жалқаулықтан жарыс басталды. Қатысатындарға бәріне рұқсат беріледі (смартфон шұқу, кітап оқу сияқты), бірақ - жатқан орнынан тұруға болмайды. Жүлде қоры - 2 000 (екі мың) еуро. Былтырғы жүлдегер 50 күн бойы тұрмастан жатты.

  • НАЗАРБАЕВ "ҚАЙРАТ"-"РЕАЛ" ОЙЫНЫНДА БОЛҒАН ЖОҚ Бұл туралы politico.kz басылымы жазыпты. Кеше ойын кезінде сапасыз видео тарап, әлеуметтік желіде матчты тамашалауға Назарбаев келді деген қаңқу тарады. Тексере келгенде – Ол Назарбаев емес, кескіні соған келіңкірейтін – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құралбек Ордабаев болып шықты.

  • Ақша жоқ: АҚШ меморгандарының біразы жұмысын уақытша тоқтатты АҚШ Сенаты федерация шығындары жөніндегі заңдар бойынша ымыраға келе алмады. Енді сәрсенбіден бастап әйгілі шатдаун күшіне енеді: біршама меморгандар жұмысын тоқтата тұрады. Кеше, демократиялық партия ұсынған қаржыландыруды жалғастыру туралы заң қабылданбай қалды. Себебі демократтардың сенаттағы үлесі республикашылдардан аз. Нәтижесінде, АҚШ бойынша меморгандардың біршамасы жұмысын тоқтата бастады. Қазақстандағы АҚШ елшілігі де әлеуметтік желілердегі ақпараты жаңармайтынын жариялаған екен. Елшілік себеп ретінде қаржыландыру мәселесі екенін атап көрсетіпті.

  • #malimБОЛДЫ РЕСЕЙДІҢ МҮДДЕСІНЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЭКС-ДЕПУТАТ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Еуропа парламентінің бұрынғы депутаты – пара алып, Ресейдің мүддесіне жұмыс істегенін мойындады. Нейтан Гилл – Еуропа парламентіне Уэльстен (Ұлыбритания) сайланған депутат болатын. 2018, 2019 жылдары ол Украина Радасының депутаты Олег Волошиннен пара алған. Ал Олег Волошиннің өзі Ресейдің ықпалындағы депутат болатын. Нұсқаулар WhatsApp арқылы келіп тұрған. Нейтан сол нұсқаулар бойынша Ресейдің мүддесін көздейтін мәселелер көтеріп, шаралар ұйымдастырған. Дереккөз: © Guardian

  • #malimЕТТІ Кремльдің жаршысы әрі Путиннің сарайақыны ретінде белгілі Павел Зарубин, Беларусь билеушісі Лукашенкомен сұхбат жасапты. Сұхбат кезінде Лукашенко Ресей мен Украина арасындағы болжалды келіссөз туралы осылай депті. Лукашенконың айтуынша, Путин оны Украинаға қоятын шарттарымен таныстырыпты. Оның айтуынша, бұл шарттар Аляскадағы кездесу кезінде Трампқа да паш етілген. Лукашенко Путиннің жұртшылыққа әлі белгісіз, "кейін белгілі болатын" шарттарын "жақсы" деп бағалайды. Оның ойынша, Путиннің шарттарына көнбеу Украинаны жарға жығады. Беларусь билеушісі бұған қоса, Ресей бас штабының баяндамасын Путинмен бірге тыңдағанын айтты. Оның ойынша, "Ресей әскерін ендігәрі тоқтату қиын".

  • #malimБОЛДЫ АУҚАТТЫЛАР ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУ ҮШІН КЕДЕЙДІҢ ҮЙІН КӨРСЕТКЕН Түркістан облысы Жетісай ауданының 17 тұрғыны 2022-2023 жылдары әлеуметтік көмек алу үшін өз үйлерін емес, аз қамтылған отбасының үйін көрсеткен. Оның үстіне, 17 тұрғынның бәрі бір үйді көрсетіпті. Прокуратураның хабарлауынша, мұндай жағдай Сайрам, Сарыағаш аудандарында да болыпты. Түркістан облысының прокуратурасы уәкілетті органға акт жібергенін хабарлапты. Дереккөз: ©azattyq-ruhy.kz IMAGE: ©opennews.kz

  • #malimТҰРМЫС Желіде бөтен тойға кіріп кеткендердің хикаясы тарап жүр. Күйбең тірлікті ұмытып, бір сәт жымиыңыз деп, ұсынып отырмыз. Өздері де жайдары жандар екен, мол денсаулық пен бақыт тілеп қоялық. Айтпақшы, жазылып жатқан пікірлерге қарағанда, абайсызда басқа тойға кіріп кету сонша сирек емес сияқты. Сіздің басыңыздан ондай өткен жоқ па?🤭

  • malim.kz АҚШ-тың ішкі барлау-тергеу қызметі – FBI директоры Джеймс Комидің тұтқындалғанын хабарлайды. Тағылған айып: Ол Конгресте жалған куәлік етті және Конгрестің тергеуіне кедергі келтірді деген екі қылмыстық іс бойынша тұтқындалды. Өзі не дейді? Джеймс Коми мұны Трампқа қарсы болғаным үшін қозғалған істер деп есептейді. Өзін кінәлімін деп есептемейді. Трампқа не қылып еді? Джеймс Коми Трамптың Ресеймен ықтимал байланысын тергеген болатын. Трамп болса, билікке келген соң федерация прокурорын орнынан алып тастап, орнына өз адамын қойды (бұл – баспасөздің көзқарасы). Істің қозғалуына осы жаңа прокурор да мұрындық болып отыр.