tgindex
Aikyn.kz

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!

Последний пост
15 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
31
Всего постов
36
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
3 143
+25 за 5 дн.
Сутки
−6
−0,19%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
76
32 постов
Вовлечённость
2,4%
к подписчикам
Постов в день
4,4
всего 36
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
68
1/48двое суток
77
1/72трое суток
84

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • "AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді: 🔸 Тағамтану тағылымы 🔸 Дегенін істеп тұрған деменция 🔸 «Стратегиялық майнер» сынға ұшырады 🔸 Қайрат Қабышев, әнші: Дәстүрлі ән лайықты бағалануы үшін тыңдарман қалыптасуы керек 🔸 Кәсіптің кілті – гаражда 🔸 Құтқарушылар аллеясы ашылды Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз!

  • Англия Премьер-лигасына жаңадан оралған «Халл Сити» Дастан Сәтпаевты бір маусымға жалға алуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы The Sportzine жазды. Әзірге бұл ақпаратты ірі британдық БАҚ немесе танымал инсайдерлер растаған жоқ. Сондықтан трансфер жайлы…

  • Абай облысында Астанадан синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді Анықталғандай, Семей қаласының тұрғыны синтетикалық есірткілерді Астана қаласынан жүйелі түрде жеткізіп, оларды облыс аумағында одан әрі таратумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.   Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан жалпы құны 50 млн теңгеден асатын 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген есірткі көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. @aikyngazeti

  • Павлодар облысында полиция бөліміне жеткізілген 37 жастағы ер адам көз жұмды Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Қаражат жымқыру, заңсыз кәсіпкерлік пен жалған ақпарат тарату – прокурор Бажкенованың кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды. Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. Сондай-ақ 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды @aikyngazeti

  • Президент Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады   Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.   Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді.   Қазақстан Президенті Премьер-министр Шахбаз Шарифтің елдеріміздің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.   Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.    @aikyngazeti

  • Бүгін 40-44 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді. Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды. @aikyngazeti

  • Шымкенттегі мамандандырылған аудандық сотта Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Сот үкімімен сотталушы Шерхан Аймахан кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Судья Темірәлиевтің шешімімен Ш. Аймахан ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда, ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында көзделген «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру», 125-бабының 1-бөлігінде көрсетілген «некеге тұруға мәжбүрлеу» және 115-бабының 2-бөлігіндегі «сталкинг» қылмыстарын жасағаны үшін сотталды. Сот осы баптар бойынша сотталушының кінәсін толық дәлелденді деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. @aikyngazeti

  • Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады   Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы туралы есепті тыңдады.   Тимур Сүлейменов: ➤ экономикадағы жағдай, іскерлік белсенділік, инфляцияға әсер ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.   ➤ экономиканы кредиттеу динамикасы туралы мәлімдеді.   ➤ валюта нарығындағы жағдайдан, Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің, сондай-ақ елдің алтын-валюта резервтерінің жай-күйінен хабардар етті.   ➤ цифрлық қаржы активтері индустриясы мен Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды. Президент Ұлттық банк қызметі бойынша бірқатар міндет жүктеп, инфляцияны одан әрі тұрақтандырудың маңызына назар аударды. @aikyngazeti

  • 🥇 Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Қазіргі таңда Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні еңсерді. Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған еді. @aikyngazeti

  • Қоғамдық орындарда сақ болыңыз: қалта ұрлығынан қалай қорғануға болады? Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында топ жарды Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді. Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды @aikyngazeti

  • "AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді: 🔸 Жас таланттардың жеңісі 🔸 Браконьерлікпен күреске бағыт керек 🔸 Қарағанды қыс сынына дайын ба? 🔸 Мұраға қалған миллиондардың машақаты 🔸 Кітапханашылар Пусанда жүр Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз! ❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз ➡️ https://wa.me/77717007424 @aikyngazeti

  • «Jibek Joly» арнасындағы командалық теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды. Көрермендер дауыс беруінің аралық нәтижесі бойынша бірінші орынды "Әділет" партиясы алды — сауалнамаға қатысушылардың 59,5% - ы партияға дауыс берді. Екінші орында "Ауыл" партиясы 14,4%, үшінші орында — Respublica 12,1%. Бұдан кейін Қазақстан Халық партиясы — 4,2%, ЖСДП — 3,7%, "Ақ жол" — 3,4% және "Байтақ" — 2,1%. Қатысушылардың тағы 0,6% - ы "ешкім ұнамады" опциясын таңдады @aikyngazeti

  • Құрылтай сайлауы: «Jibek Joly» арнасындағы командалық теледебаттың бірінші кезеңі аяқталды Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti

  • Саяси партия өкілдері осымен үшінші рет ірі пікірталас алаңында бас қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Бұған дейін саяси диалог екі республикалық телеарнада ұйымдастырылған еді. Бұл жолғы дебаттың ерекшелігі – пікірталас командалық форматта өтеді. Әр партиядан екі спикер қатысады. Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі». Қатысушылар азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігі, заң үстемдігі, тұрақты даму және әділетті қоғам құру мәселелері бойынша өз ұстанымдарын білдіріп, сауалдарға жауап береді. Дебат барысында сұрақтарды қатысушылармен қатар көрермендер де қоя алады. Ол үшін арнайы WhatsApp нөмірі іске қосылған. Сонымен қатар көрермендер QR-код арқылы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сауалнамасына қатысып, теледебатқа қатысқан партия өкілдерінің белсенділігі мен жауаптарына баға бере алады. Бұл сауалнама саяси партиялардың жалпы рейтингі болып саналмайды. Теледебат төрт раундтан тұрады. Бірінші кезеңде спикерлер партияның негізгі басымдықтары мен нақты ұсыныстарын таныстырады. Екінші кезеңде көрермендер мен журналистердің сұрақтарына жауап береді. Үшінші кезеңде әр партия өзі таңдаған кез келген партияға сұрақ қоя алады. Ал соңғы кезеңде партия өкілдері Құрылтайға сайланған жағдайда қандай нақты жұмыс атқаратынын және қандай уәде беретінін айтады. Теледебатты Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның ресми YouTube арнасынан көруге болады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған. Сайлау 23 тамызда өтеді. @aikyngazeti

  • Бүгін ақпарат кеңістігінде eGov жүйесі бұзылып, Қазақстанның 15 миллион азаматының деректері тарады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп техникалық тексеру жүргізді. eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталған жоқ. Сонымен қатар, министрлік darknet-те сатылымға шығарылған файлдарға қол жеткізді. Оларды талдау барысында бұл әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттердің жиынтығы екені анықталды. Және ЕGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі еместігі белгілі болды @aikyngazeti

  • Өскемен жылу электр станциясында жаңа энергоблоктың іргетасы қаланды 140 миллиард теңге болатын жобаға Halyk bank те қолдау көрсетті. Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti