🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША
СтатистикаҚаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің авторлық каналы. Қазақстандық, әлемдік қаржы, экономика жаңалықтары, пікірлер. Біз Қазақстанның жарқын экономикалық болашағына сенеміз! Қаржыға деген сүйіспеншілікпен жасалған! Кері байланыс және жарнама @FKAZanswerbot
- Последний пост
- 12 нояб.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 27
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Экономика
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
💚 FREEDOM BANK ҰСЫНҒАН AI АССИСТЕНТ Бүгін Астанада Freedom Bank бизнеске арналған өзінің AI-ассистентін таныстырды. Жаңа сервис 149 банк операциясын орындай алады. Сонымен қатар қолданушыларға қосымша ішінде ChatGPT қызметіне еркін қолжетімділік берілді. Енді дауыс арқылы қаражатты өз шоттарыңыз арасында аударуға, депозитті толықтыруға немесе шешіп алуға, несие бойынша ай сайынғы төлем жасауға, айыппұлдарды төлеуге, қызметкерлерге жалақы аударуға және контрагенттерге шот жіберуге болады. Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагулов атап өткендей, бірнеше жыл бұрын банк кәдімгі классикалық банк болған – қағазбастылық, қолтаңбалар, кезектер. Команда барлық процестерді цифрландыруды мақсат еткен: ипотеканы, автонесиені, жылжымайтын мүлікті онлайн бағалауды енгізді. Әр Freedom өнімінің «капоттың астында» жасанды интеллект жұмыс істеп келді – мәмілелерді тексеруге, дауысты тануға және операцияларды жеделдетуге көмектесті. Бүгін сол интеллект жаңа деңгейге көтерілді – ол енді Freedom AI дауыс ассистентіне айналды. Айдос Жумагуловтың айтуынша жобаның мақсаты – жай технология құру емес, клиент тәжірибесін түбегейлі өзгерту, банктік қызметті жеңіл әрі жылдам ету. — Біз шешімдер тым көп заманда өмір сүріп жатырмыз, — деді ол. — Технология адам өміріне еніп, оны жеңілдетуі тиіс, ал назарды бөлуге емес, біріктіруге қызмет етуі керек. #AI #FRHC @FINANCEkaz
АЛТЫН МЕН S&P 500 Соңғы 25 жылда нарық талай сынақтан өтті — құлдыраулар мен өрлеулер, дағдарыстар мен серпілістер. Осы уақыт ішінде алтынның орташа жылдық табысы – 10,4%, ал S&P 500 индексі – 8,3% көрсетті. 2000 жылдың қаңтарында 10 000 долларды алтынға салғанда, бүгінде ол 126 596 долларға тең болар еді. Ал дәл сол қаражатты S&P 500-ге салғанда 77 495 доллар болар еді. @FINANCEkaz
Мінсіз шенеунік деген кім? Әлеуметтік желілерде кейбіреулер «шенеунікке ешқашан қымбат аяқ киім, кәстөм, сағат, белдік тағуға болмайды, велосипедпен жүріп, тек минималды жалақы алуы тиіс» деп дау шығарады. Қоғамның пікірінше мінсіз шенеунік – «Его Воробейшество» сияқтылар, тек идеалдарға сүйене отырып, барлығын бақытты және бай ететін адам. Бірақ бұл жүйе іс жүзінде жұмыс істемейді. Кедейлік – мемлекет үшін қауіп. Мемлекеттік қызметкер айлықтан айлыққа дейін өмір сүрсе, ол әртүрлі сынақтарға төтеп бере алмай, осал болады. Кез келген «қосымша мүмкіндік» – сыйлық, конверт, қызмет – азғантай болса да үлкен сынаққа айналады. Егер шенеунік өзіне тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаса, жемқорлыққа қажеттілік туындайды. Екінші жағынан қатал әрі міндетті жаза болуы керек тәрізді. Бірақ егер шенеуніктің мотивациясы аз болса, бұл да мәселені шешпейді. Сенбейсіз бе? Қытайды қараңыз: жемқорлық үшін өлім жазасы бола тұра, шенеуніктердің жалақысы өте төмен, бірақ жемқорлық әлі де бар және көп. Кедей шенеунік стратегиялық деңгейде ойлай алмайды. Ол тек бүгінгі проблемаларды шешуге бейім, ұзақ мерзімді институттарды құруға қауқары жоқ. Жоғарыдан немесе төменнен келетін қысымға «жоқ» деп айта алмайды. Тұрақтылық пен қауіпсіздік – лайықты жалақыда. Мемлекет шенеунікке лайықты жалақы төлеуі керек, сонда оларды ұрлыққа экономикалық ынталандыру емес, қызмет етуге моральдық ынта итермелейді. Бұл – сән мен байлық туралы емес, жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы туралы. Популизм – жасырын қауіп. «Его Воробейшество» кедейлікті дәріптеді, бірақ шын мәнінде Корольдік Гаванада діни диктатура орнатты: бәрі бақытты, бірақ өте шартты түрде. Сол себепті популизм – біз ойлағаннан да қауіпті. @FINANCEkaz
👋 Қор нарығының құпиялары: жеке инвестормен сұқбат «Бес тиынның» кезекті эпизоды қор нарығы жайында. Жеке адам қалай акционер атанады, ірі компания акцияларын сатып алу тәжірибесі, мен инвесторға қажетті дағдылар. Қонақта дербес инвестор және The Tenge мектебінің негізін қалаушылардың бірі Айгерім Аханова. Айгерім қарапайым алғышарттардан бастап, «миллион долларлық» инвестор болуға дейінгі қадамдарды қарпайым тілмен түсіндіріп берді. Ол жақында атақты Wallstreet-те және Нью-Йорк биржасында болып қайтты. Бізбен алған әсерімен де бөлісті. 👉 https://youtu.be/FUc4M4tkF6s?si=TDJoqmPKNvUTdFCs @FINANCEqz
Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды. @FINANCEkaz
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР САУАЛНАМАЛАРЫ ШЫН МАҒЫНАСЫНДА НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ Pew Research Center зерттеу орталығының маманы Эндрю Даниллердің лекциясынан қысқаша мазмұн. Эндрю — америкалық саясат пен жалпы саяси үдерістерге қатысты қоғамдық пікірді зерттейтін сарапшы. Оның тақырыптары: саяси поляризация, үкіметке сенім, сайлау, бюджет және салық мәселелері. Анықтама: Pew Research Center — АҚШ-тың Вашингтон қаласында орналасқан коммерциялық емес зерттеу ұйымы. Бұл орталық қоғамдағы үрдістер, демография, қоғамдық пікір және адамдардың түрлі тақырыптар бойынша мінез-құлқын зерттеп, талдайды. Бұл — әлемдегі ең беделді әлеуметтік зерттеу орталықтарының бірі. Pew ешқандай саяси немесе коммерциялық насихатпен айналыспайды. Ұраны — «Көзқарас емес, дерек» (Data, not advocacy). 📍 Біз — ой фабрикасы емеспіз, факт фабрикасымыз. Яғни Think Tank емес — Fact Tank. Біз ешқандай саяси ұстанымды жақтамаймыз, бәріміз бейтараппыз, өзіміздің саяси көзқарасымыз жоқ. Біздің мақсатымыз — қоғамдағы диалогты байыту үшін нақты деректер мен маңызды мәліметтер ұсыну. Әлемге бейжай қарамайтын азаматтарды ақпараттандыруға тырысамыз және шындықты мүмкіндігінше дәл көрсетуге талпынамыз. 📍 Біздің құндылықтарымыз: Тәуелсіздік. Объективтілік. Дәлдік. Анықтық. Кішіпейілділік. Ашықтық. Инновация. 📍 Біз кездейсоқ телефон қоңырауларын шалып сауалнама жүргізудің орнына, он жылдан астам уақыт бойы бүкіл ел бойынша тіркелген 10 000-нан астам ересек америкалық қатысатын арнайы ATP панелін қолданамыз. 📍 Сауалнама нәтижелеріне сенуге бола ма? Иә, кей кездері сауалнама нәтижелері президенттік сайлау қорытындыларымен сәйкес келмеген жағдайлар болды. Бірақ сенімге қатысты сұрақ әсіресе қоғам пікірі күрт екіге жарылған кезде туындайды. Біз өз орталығымызда бәсекелеспейміз — басқа орталықтармен кім «дәл» болады деп жарыспаймыз. Керісінше, біз адамдар үшін жұмыс істейміз — оларға жауап емес, маңызды тақырыптар бойынша ақпарат ұсынамыз. 📍 Мен қоғамның саясатқа қалай араласатынын, өзін мемлекеттік шешімдерге қаншалықты қатысы бар деп санайтынын зерттеймін. Саяси поляризация — өте маңызды мәселе. Себебі бұл — жай ғана түрлі көзқарас емес, қарсы пікірдегі адамдар бір-бірін ашық ұнатпайтынын және бұл болашақта ешбір келісімге келе алмайтынын білдіреді. 📍 Халық ұстанатын құндылықтарды зерттеу — саяси шешім қабылдау үшін өте маңызды. Біздің басты мақсатымыз — қоғамдық диалогты байыту. 📍 Трамптың соңғы сайлаудағы жеңісі қызық этникалық коалициямен байланысты болды — оны азиялық текті америкалықтар, испантілділер және афроамерикалықтар да қолдады. Біз сайлау нәтижесін болжауға тырыспадық — бірақ сайлаудан кейін неге дәл осылай болғанын анықтау үшін белсенді түрде жұмысқа кірістік. 📍 Біз ешқашан «51% — бұл көпшілік» деп айтпаймыз. Біз әрқашан «жартысы» деп айтамыз. 📍 Әдетте, елдің экономикалық дамуына көңілі толмайтын адамдар демократияға да наразы екенін айтып жатады. 📍 Кей кездері бізге демеушілерден қысым түсуі мүмкін, бірақ бұл өте сирек. Біз кейде есептерімізді медиа немесе әлеуметтік желідегі адамдар дұрыс түсінбейді деп уайымдаймыз. Бірақ біз әрқашан өз деректерімізді де, қорытындыларымызды да қорғауға дайынбыз. @FINANCEkaz
👉 ПРЕМЬЕРДІҢ ҮЛКЕН БРИФИНГІ Тікелей эфирде үш сағатқа жуық сөз сөйледі! Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі арнайы брифингте мәлімдеме жасады. 📍 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТКЕ ТҮСІМ ЖОСПАРДАН АСТЫ — Республикалық бюджеттің кірістері жоспардың 122%-ына орындалды. 📍 ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ — ҮКІМЕТТІҢ САНАЛЫ СТРАТЕГИЯСЫ — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет бұрын қабылданған бағыт бойынша жұмысты жалғастырып, экономиканы жеңілдетілген шарттармен қаржыландыруды жоғары деңгейде сақтайтынын растады. 📍 ПРЕМЬЕР: ТЕҢГЕНІҢ КҮРТ ӘЛСІРЕУІНЕ НЕГІЗ ЖОҚ — Үкімет ұлттық валютаның күрт әлсіреуіне 2025 жылы да, 2026 жылы да алғышарт жоқ деп есептейді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты. 📍 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДА: ӨСІМ ЖАЛҒАСУДА — Үкімет 2025 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысын жариялады. Осы кезеңде экономика өсімі 6,2%-ды құрады, бұл алғашқы бес аймен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа жоғары. @FINANCEkaz
👉 Президент қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды. Жаңа Салық кодексі әлі қол қою үстінде. Кешіріңіздер, түзетулерді жаңа кодекс деп шатастырып алдым :) @FINANCEkaz
🤣 Ұлттық банк: «Бірегей QR керек!» дегені сол еді. Kaspi: «Қиын емес!» — деді де, Home Credit-тен кейін Forte-ға өз QR кодын қосып қойды. @FINANCEkaz
ИЛОН МАСК ПЕН ТРАМПТЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ Атақты кәсіпкер Илон Маск АҚШ Конгресі Трамптың «керемет әрі ғажап заң» деп атаған салықтық жеңілдіктер туралы заң жобасын қабылдайтын болса, жаңа Америкалық партия құратынын мәлімдеді. — Елге тек демократтар мен республикашылар арасындағы таңдаудан гөрі, нағыз балама керек. Халықтың шын мәнінде дауыс беру құқығы болуы тиіс, — деп жазды Маск өзіне тиесілі әлеуметтік желіде. АҚШ президенті Дональд Трамп Масктың бұл сынына Truth Social желісінде жауап қайтарды. Ол электромобильдерге қарсы екенін ашық айтты және Масктың бұны сайлау алдындағы қолдау кезінде білгенін еске салды. — Электромобильдер жақсы, бірақ ешкімді оларды сатып алуға мәжбүрлеуге болмайды. Илон, мүмкін, АҚШ тарихындағы ең көп субсидия алған адам шығар. Бұл көмексіз оның бизнесі баяғыда жабылып, өзі Оңтүстік Африкаға қайтып кеткен болар еді, — деп жазды президент Трамп. @FINANCEkaz
👉 ❓ #ҰЯТТЫ_СҰРАҚТАР: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОБЛИГАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ @FINANCEkaz «ұятты сұрақтар» айдарын одан әрі жалғастырады — бұл жерде біз ең өзекті, бірақ көбісі сұрауға қысылатын қаржылық тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреміз. Бүгінгі тақырып — мемлекеттік қарыз бен облигациялар турасында. — Кеше ҚР Қаржы министрлігі халықаралық капитал нарығынан 7 және 12 жылға $2,5 млрд көлемінде облигациялар шығарып, қарыз алды. Енді біз және біздің ұрпақ тағы да қарызға бата ма? — Жоқ, әрине. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның жиынтық қарызы ₸33,8 трлн, немесе $67,2 млрд. Ол үш бөлікке бөлінеді: тікелей мемлекеттік қарыз, мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекет берген кепілмен алынған қарыздар. Оның ішінде ₸22,5 трлн ($44,8 млрд) — ішкі қарыздар. ҚР мемлекеттік қарызының ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі — шамамен 24%. — Бұл көп пе? — Жоқ. Бұл — әлем бойынша ең төмен деңгейлердің бірі. Бізден аз қарызы бар елдер саусақпен санарлық, ол мәселен, Беларусь, Ресей, Түрікменстан, Конго, Косово, Ауғанстан мен Гаити елдері. Яғни, бұл елдерге ешкім оңайлықпен несие бермейді. Біздің деңгейге Әзірбайжан мен Швейцария жақын, ал бізден де жақсы көрсеткіш — Гонконг пен Кувейтте. — Онда неге кейбір депутаттар дабыл қағуда? — Себебі $67,2 млрд деген сома көпшілік үшін үрейлі көрінеді. Кей депутаттар тек үкіметтің емес, бүкіл мемлекеттік қарызды қоса айтып отыр. Оған түрлі корпоративтік қарыздар мен квазимемлекеттік ұйымдардың берешектері де кіреді. Сонда жалпы сома $200 млрд-тан асып кетеді, бірақ ол үшін мемлекет те, азаматтар да жеке жауапты емес. — Бізде Ұлттық қор бар ғой. Неге сол жерден алмаймыз? — Себебі Ұлттық қор қазіргі облигациялармен салыстырғанда жоғары табыс әкеліп отыр. Бұл сіздің инвестициялық портфеліңіз жылына 8–10% табыс беріп жатқанда, оны сатып, 4% несиемен үй алғанмен пара-пар. Яғни, сіздің өз ақшаңыздың табыстылығы несие пайызынан жоғары болса — оны шешіп алу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ұлттық қордағы қаржы тиімді қаржы құралдарына салынған. — Егер жағдай күрт өзгерсе — қарыздың барлығы бізге жүктелмей ме? — Егер күтпеген дағдарыс болып жатса, Қазақстанда жеткілікті көлемде резервтер мен Ұлттық қор бар, ол барлық халықаралық міндеттемелерді жабуға жетіп артылады. Сондықтан еш дүрбелеңсіз айтарымыз: қаржы қауіпсіздігі бар. Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз? Қарыз алу — тәуекел ме, мүмкіндік пе? @FINANCEkaz
😬 ИРАН МҰНАЙЫ Иран мұнайының 89%-ын Қытай сатып алады (иә, иә — әлемдегі ең үлкен мұнай қорына ие Венесуэланың үлесі тек 2%). Сонда бұл қалай болғаны? Соғыс тоқтаған соң Трамп… Қытай экономикасын құтқарғаны ма? 🤔 @FINANCEkaz
🙂 АДАМ АҚЫЛЫ vs ЖАСАНДЫ АҚЫЛ: КІМ ЖЫЛДАМ? Генеративті жасанды интеллект (ЖИ) тапсырмаларды орындау уақытын орта есеппен 60%-ға қысқартады. Бағдарламалау, ақауларды түзету және технологияны жобалау сияқты техникалық және аналитикалық жұмыстарда өнімділік айтарлықтай артқан. Келтірілген суретте АҚШ-тағы ересек тұрғындардың 18 түрлі жұмыс тапсырмасын ЖИ көмегімен және ЖИ-сіз орындауға кеткен орташа уақыты салыстырылған екен. Дереккөз — 2024 жылғы желтоқсанда Стэнфорд университеті мен Дүниежүзілік банк жүргізген 4278 респондентке арналған сауалнама. 🎯 Сіз өз жұмысыңызда ЖИ қолданасыз ба? Қолдансаңыз, қалай, қайтіп? Жоқ болса — неге? @FINANCEkaz
🔥 Жасанды интеллект әлеуметтік желілерді жеңе бастады ма? 2025 жылдың мамырындағы мәлімет бойынша ChatGPT.com мен X.com (бұрынғы Twitter) — әлемдегі ең көп кірілетін сайттар рейтингінде сәйкесінше бесінші және алтыншы орында тұр. 📍 ChatGPT-ке мамыр айында 5,49 миллиард рет кірген. Бұл — сәуірмен салыстырғанда 6,8%-ға көп. 📍 Ал X әлеуметтік платформасы 4,39 миллиард рет қаралған — өсім бар болғаны 1,1%. ChatGPT алғаш рет X-тен 2025 жылдың сәуірінде асып түсті. @FINANCEkaz
🧭 THE ECONOMIST: СОҒЫС ҚАЙ МЕЖЕДЕ ТОҚТАЙДЫ? The Economist журналистері Таяу Шығыстағы жаңа соғыс қай жерде және қашан аяқталады деген сауал қоюда. Олардың болжауынша егер Трамп бұл қақтығысқа белсене араласса — жағдай тек ушыға түспек. @FINANCEkaz
🇺🇸 АҚШ ИРАНҒА СОҚҚЫ ЖАСАДЫ АҚШ Әскери-әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанаға соққы берді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді: — Біз Ирандағы үш ядролық нысананы — Фордоу, Натанс және Исфаханды — сәтті атқыладық. Барлық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен тыс жерде. Басты нысана — Фордоуға толық жүкпен БОМБА тасталды. Барлық ұшақтар аман-есен үйге қайтып жатыр. Америкалық сарбаздарымызға алғыс — әлемде мұндайды жасай алатын басқа әскер жоқ. ҚАЗІР — БЕЙБІТШІЛІК УАҚЫТЫ! Бұл мәселе бойынша назар аударғандарыңызға рақмет. Axios порталының хабарлауынша Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Иранға жоспарлаған соққысы туралы алдын ала Израильді ескерткен. @FINANCEkaz
👍 #ШындықтыАйтТаҚаш Меніңше, жалпыға бірдей декларация — өте қажет нәрсе. Бұл қадам халықтың қаржылық сауатын арттырып, қаржы мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды. Қазір үкіметтің өзі айтып жүргендей, «салықтық ар-ожданды» тәрбиелеуге де үлес қосады. @FINANCEkaz
МИГРАНТТАР ҚАЙ ЕЛДЕ КӨП? БҰҰ-ның 2024 жылғы деректеріне қарағанда, кей елдердің халқының едәуір бөлігі — шетелден көшіп келген адамдар. Картада дәл сол елдер көрсетілген. Неғұрлым түсі ашық болса — соғұрлым мигрант көп деген сөз. 📍 Қазақстанда халықтың 10%-ы — мигранттар. Бұл көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Мигранттар — бұл шетелден тұрақты немесе уақытша көшіп келген адамдар. Олар жұмыс істеуге, оқуға немесе жақсы өмір іздеп келеді. @FINANCEkaz
ҰЛТТЫҚ БАНК БАЗАЛЫҚ СТАВКАНЫ 16,5% ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАЛДЫРДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме дәлізі +/- 1 пайыздық тармақты құрайды. — Мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 11,3%-ға жетті. Бағаға сыртқы сектор тарапынан қысым күшейіп келеді. Бұл Ресейдегі жоғары инфляцияның сақталуымен, жаһандық азық-түлік бағасының жоғары сұраныс аясында өсуімен және валюта бағамдарының құбылуымен, сондай-ақ сауда қақтығыстарының ушығуы мен шикізат бағасының тұрақсыздығына байланысты белгісіздіктің артуымен түсіндіріледі, — делінген реттеушінің хабарламасында. Қазақстан экономикасының 2025 жылға арналған өсу болжамы ішкі сұраныстың артуы мен инвестициялық белсенділіктің жоғарылауына байланысты 5-6% деңгейіне дейін көтерілді. Ал 2026 жылға арналған болжам 2025 жылғы бірқалыпты өсу мен мұнай бағасының алдыңғы болжаммен салыстырғанда төмендеуіне байланысты экспорт өсімінің баяулауын ескере отырып, 4-5% деңгейінде сақталды. — Қалыптасып отырған жоғары инфляция жағдайында ақша-кредит шарттарын бұрын күтілгеннен ұзағырақ уақыт бойы салыстырмалы түрде қатаң деңгейде ұстау қажет. Коммуникациялық саясатты кеңейту аясында Ұлттық Банк ағымдағы болжамдық кезеңнен бастап базалық мөлшерлеме бойынша шешімдердің талқылау нәтижелерінің қысқаша мазмұнын жариялауды бастайды. @FINANCEkaz
🏠 Жылжымайтын мүлік нарығын салқындату жалғасуда Отбасы банкі 2025 жылдың 2 шілдесінен бастап несиені мерзімінен бұрын өтеу ережесін өзгертеді. Егер сіз несиені толықтай жауып тастасаңыз, сол несиеге байланысты ашылған депозиттегі ақша негізгі қарызды өтеуге кетеді, ал депозиттің шарты автоматты түрде бұзылады. Жаңа несие алу үшін сізге жаңа депозит ашу немесе бұрынғы несиемен байланысы жоқ басқа депозитті пайдалану қажет болады. Бұл өзгеріс — бір депозитпен бірнеше рет үй сатып алуға жол бермеу үшін енгізіліп отыр. Сөйтіп Отбасы банкі тұрғын үй нарығын біртіндеп бәсеңдетіп жатыр, бұл үй бағасының тұрақтануына көмектеседі. #үй #Отбасы @FINANCEkaz