tgindex
Я

Ясауи мұрасы

Статистика
@Iasawiрусский
Последний пост
21 янв. 2025 г.
Последнее чтение
ещё не заходили
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
4 832
−3 за 2 дн.
Сутки
−2
−0,04%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
60,3 тыс
20 постов
Вовлечённость
1248,4%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 21 янв. 2025 г.22,2 тыс17

    Хикмет шырқау өнерін қайта қолға алған YASAWI тобының жаңа әндерін мына арнадан тыңдайсыздар: https://t.me/yasawi_hikmeti

  • 3 окт. 2021 г.85,5 тыс430

    Ойда жоқта жария зікірдің толық мәтіні қолға түсті. Біреу-міреуге қажет боп жатса, осы жерден тапсын.

  • 9 мая 2021 г.88,2 тыс215

    Керек қылғандар үшін Әзірет-Сұлтан "Хикмет жинағының" (Диуани хикмет) PDF нұсқасын ұсынамыз. Қадір түні бәріңізге қабыл болсын!

  • 25 апр. 2021 г.86,1 тыс304

    Әуелде осыны іздегенбіз.

  • 24 авг. 2020 г.82,8 тыс193

    без подписи

  • 24 авг. 2020 г.73,9 тыс8

    Айтпақшы, "Туған жердің" де клипі бар. Оны – кейін, қолға түскенде. Біраз уақыт дамылдан соң, канал қайта жанданады. Бірақ ендігі контент өзгеретінін ескертеміз. Хақ сыпырасында жолыққанша, күн жақсы! Шымылдық:

  • 24 авг. 2020 г.68,9 тыс22

    Хикметшілер Солдан оңға қарай. Жоғарыда: Самат Құмаров, Самат Қансейіт, Елдос Еміл, Алтынбек Ахметов, Ақансері Өскенбай. Төменде: Мұхамбет Ешмұхан, Берік Байбашаев.

  • 24 авг. 2020 г.56,1 тыс28

    "Ясауи" тобы шырқаған хикметтер Құран рухымен үндеседі, пайғамбар сүннетінен нәр алады. Мұра, әрине, Түркінің пірі – Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи бабамыздан қалған, бірақ заңды иесі – қазақ халқы деп білеміз. Суреттегі кісі – хикмет айту өнерін жаңғырту идеясының авторы, жоба инициаторы, "Ясауидің" құрылуына тікелей себепкер һәм топ мүшелерінің рухани ұстазы, қари Исматулла (Мақсұм) Торбай.

  • 24 авг. 2020 г.50,1 тыс7

    Осымен "Ясауи" вокалды тобы шырқаған хикметтер тамам. Иә, топ тарқар алдында шығарған бірнеше хикмет және болған. Бірақ оларды бір-екі жиын-тойда ғана шырқап үлгерсе керек, табыла қоюы неғайбыл. Админ білетін, кейбіріне "іздеу салған" хикметтер түгел осында. Ал біраз адамға "Тұрмағамбеттің толғауы" деген атпен таныс аудионы шын мәнінде "Ясауи" тобы толық құрамда шырқамағанын, оны топтың көркемдік жетекшісі Бейбіт Ақош пен топ жетекшісі, солист Елдос Еміл екеуі "осылай болуы керек" деп, үнтаспаға сынақ ретінде ғана жазғанын білдік. Сондықтан, ол мұнда жүктелмейді, тыңдап көрем деушілер интернеттен оңай табады. Топтың сатылық дамуы шамамен былай: 2001-2002 жылдары құрылады. "Йассауи" вокалды тобы еді. Әуелде құрамында 11 адам болған. Көп ұзамай музыкаға маманданған 7 адамға дейін қысқарады. Біз "Шағатайшасы" деп берген түпнұсқа мәтіндегі хикметтер – ең алғаш жазылғандары. Тігісін жатқызып, қазақшаға қотарылуы – кейіннен. Бұл іске Сабыр Адай, Светқали Нұржан (Айт-Ман) ақындар атсалысады. Кейіннен топтың "Йассауи" атауы ғылыми айналымда біршама ресмиленген "Ясауи" нұсқасына ауысады. О баста тек Ахмет Ясауи хикметтерін шырқаған вокалды топ, дами келе, өзге де сопы шайырлар, жыраулар мен ақындар мұрасын әуенге сала бастайды. Топ мейлінше кемелденіп, шарықтау шегіне жете бере, 2011 жылы саяси себептерге байланысты жұмысын кілт тоқтатуға мәжбүр болды. Осынау 10 жыл аралықта студияда жазылған сапалысы бар, диктафонға басылған күлді-көмеші бар – барша хикметті осы каналға жинадық.

  • 23 авг. 2020 г.48,8 тыс66

    ДҮНИЕ – ЖАЛҒАН Дүние, қарап тұрсам, бір кең сарай, Сарайға көзім талды қарай-қарай. Тәңір мен тағдырыңа өкпелеме, Жігіттің өз қолында бақ пен талай Дүние – жалған, Өтеді арман. Өмір мен өлім – егіз екеу екен. Жүйрікті шабан қуып жете ме екен? Барында жастығыңның иман ізде, Өлген соң имансыз жан бекер екен. Дүние – жалған, Өтеді арман. Дариға, дүниеге неге келдім, Келдім де, сұм нәпсінің соңына ердім. Сене алмай, сендім деуге дос таба алмай, Екенін дүне – жалған енді білдім. Дүние – жалған, Өтеді арман. Дүние – бір қисық жол бұраңдаған, Бақ тайса, басқа дәулет құралмаған. Күніне тоқсан түрлі бәле жауса, Сонда да үміт үзбе бір Алладан. (Шәкерім: Шынды білмек ойласаң сен, Алдыменен жанды біл. Ең керекті үш сұрақпен Жан құлағын қой бұрап: Келдім қайдан? Не етсем пайдам? Өлгеннен соң не болам?) Көңілің солмай, Алла жар болғай! Қара өлең

  • 23 авг. 2020 г.54,3 тыс173

    без подписи

  • 22 авг. 2020 г.66,7 тыс29

    "Түркістан әфсанасы" деректі фильмі Идея авторы - Альберт Сафуллин Сценарийін жазған және редакторы - Базарбек Атығай Операторлары - Марс Умаров, Айдын Сейітмамытов Монтаж - Бекжан Нұртаза Дыбыс режиссері - Бейбіт Ақош Мәтінін оқыған - Ғабдұлкәрім Маралбек Продюсері - Мәулен Садықбек Фильмде "Ясауи" вокал тобының орындауындағы шығармалар пайдаланылған. https://www.youtube.com/watch?v=mf0IgqLf1ks&t=1423s

  • 27 июл. 2020 г.50,7 тыс96

    ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ Өзімшіл надандыққа нәпсі масыл, Зұлымдық сол үйретер айла, тәсіл. Жаралған бойыңдағы бар мүшеңнен Таза ұстай білсең егер жүрек асыл. Жүректі өте қиын таза сақтау, Оған жат зорлық, қулық, арбап-алдау. Арамдық, жалғандықты ол сүймейді, Мақсаты таза жүрек –арды жақтау. Махаббат, мейірім, ынсап, қанағаттық, Ар, ұят, қайрат, жігер, сабыр, сақтық. Таза ой, таза ақыл, таза ниет, – Сақтайтын осыларды жүрек – сандық. Әрине, ойды толға, баста – миың, Алмаса ол да өзгерер жүрек сыйын. Жүректің таразысын дәл ұстамай, Болуың таза адам өте қиын. Адамда артық дейді ой мен сана, Осылар болса адамда дейміз дана. Санаңның ойыңменен тазалығын Өлшейтін, біл, адамдар, жүрек қана. Ақылың – дариядай, асыл – сөзің, Иесі шебер сөздің болсаң өзің, Жүректің елегінен өтпей кетсе, Таза емес деп айта алам айқан сөзің. Өнерің неше түрлі мидан шығар, Бір адам ілімі бар мыңды жығар. Өнерің адал жолға жұмсамасаң, Ақ жүрек, шыныңды айтшы, қалай ұғар? Өнерің пайда берсін наза болмай, Бірі өтіп, біреуіне қаза болмай. Не түрлі шығар жаннан кереметті Жүрегің қабыл алмас таза болмай. Жаралған жүрек таза әуел бастан, Сақтанып, таза ұста бала жастан. Ноқаттай жүрегіңе кіршік түссе, Ойыңа ол ұлғайып кірер тастан. Қарайған жүрегіңде болса татың, Жоғалар ынсап, мейірім, махаббатың. Жүректі қара ниет жайлап алып, Айналар тойымсызға қанағатың. Арыма адамшылық болған тірек, Махаббат, мейірім мен таза тілек. Қайырымсыз қатал ажал қармап кірсе Қансырап қаларсың-ау, қайран жүрек! Нұртуған Кенжеғұлұлы

  • 27 июл. 2020 г.53,1 тыс270

    без подписи

  • 23 июл. 2020 г.49,4 тыс65

    ЖАСЫЛ ҚҰС «Лә илләһа илл-Алла» тағаты бар, Құл аузынан жасыл құс шығады ұшып. Дүр жаһұттан тоқылған қанаты бар, Қарсы алады ғаршылар құрақ ұшып. Мың тіл берген ол құсқа әмірімен, Құлды тілер бар тілмен Тәңірінен. Дәргейіне жабысып зар-үнімен, «Жарылқа!» деп күндіз-түн қылады ышық. Ұқпас сырын надандар – зая-күмән, Ей, достарым, сол құстың аянынан. Мен айтайын, тыңдаңыз баянынан, Жәннатқа ертіп кірген соң табар тыныш. «Дар-аламан бергенше Қадір маған, Бір тынбаймын, - дейді құс, - небір заман». Шақта ғана зарын Жар қабылдаған, Сонда қонар жайғасып, алар тыныс. Ғибадатқа жүрегін жалғамаған, Хәлің мүшкіл, ғафыл боп қалған адам. Машайықтар сахарда «Аллалаған», Хақ дидарын көреді, бақ қонады. Міскін Ахмет Ясауи иланғалы, Тілге алғалы: «Лә илләһа илл-Алланы» - Хақ зікірі – жан, ділге құйған нәрі, Лә-Мәканда сол құсқа тап болады. Ахмет Ясауи

  • 23 июл. 2020 г.56 тыс183

    без подписи

  • 19 июл. 2020 г.50,4 тыс137

    Үлгі ретінде.

  • 19 июл. 2020 г.57,5 тыс87

    Бұл не? Бұл – Ясауидің ара зікірі. Кезінде, 2011-ге дейін Ақтауда қарилар дайындайтын медіресе болған. Сол жерде үнтаспаға басылған күнделікті салынатын зікірдің бірі. Иә, сапасы нашарлау: Nokia заманынан жетіп отыр. Кімге керек? Ара зікірін үйінде жеке не жақындарымен отырып салғысы келетіндер үшін жүктеліп отыр. Бұ зікірді қалай салады? Үлгі үшін төменге деректі фильмнен қырқып алынған видео жүктелмек. Жалғыз болсаңыз, құлақтықпен тыңдай отырып аралауға (ара зікірін салуға) болады. Зікірге бірнеше адам қатысса, алқа құра (дөңгелене) отырып, дыбысы бәріне естілетіндей етіп қосылған зікірге ілесіп, оң қабақтан жүрекке ұрасыздар. Аралап отырып, іштен "Һу-Һу", болмаса "Һу-Һай", немесе "Алла-Һу-Алла-Һай", яки "Илл-Алла-Алла-Һу" деп қайталап отыру керек. Таза киім, тізеден төмен шалбар, әйелдерге орамал, дәретпен келу – жазбаса да түсінікті болар. Соңыра дұғасына қол жаясыздар. Шаблон күйінде дайын-ақ тұр. Ерекшелігі. "Ясауи" тобының өзі (!) отырып хикмет айтқан ара зікірінің таспасы да бар. Бір емес, бірнешеу болса керек. Бірақ зікіршілер арасында ең кең тараған нұсқасы – осы: "Ясауи" тобының емес, қарилардың зікірі. Неге? "Ясауи" хикметтерді сахналық үлгіде шырқайды. Ал бұ зікірде айтылар хикметтер вокалдық тұрғыдан сын көтермеуі мүмкін. Бірақ сахнада емес, ара зікірінде хикмет айтудың мәні – мінсіз ән шырқау емес, Тәңірінің тылсымын сезіндіріп, зікірге қатысушыларды ерекше әсерге бөлеу. Осы жағынан қарилар салған ара зікірі оқ бойы озық тұр. Оның үстіне, жиырма минуттан сәл-ақ асатын зікір жалпақ жұртқа да жайлы болса керек :) Қарилардың ара зікірінде айтылған хикметтер мәтінімен бірге каналымызда түгел тұр. Іздеушілер болса, мыналар: 1. Һу алқасы 2. Опасыз фәни 3. Ей, сопы 4. Пейіш пен Тозақтың айтысы 5. Дәріл бақиға өту 6. Таһлил соңы Сәттілік!

  • 19 июл. 2020 г.56,7 тыс708

    без подписи

  • 21 мая 2020 г.48,9 тыс13

    без подписи