tgindex
Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Статистика
@adebiettРелигияказахский

Қазақ әдебиеті

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
3
Всего постов
22
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
2 168
+4 за 5 дн.
Сутки
+4
+0,18%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
319
22 постов
Вовлечённость
14,7%
к подписчикам
Постов в день
0,4
всего 22
Упоминаний
2
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
92
1/48двое суток
105
1/72трое суток
113

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Алла – бiр. Барлығынан сол ғана асқан. Қарасам, ғаламатқа толған аспан. Жұлдыздар керуен түзеп, Кеңiстiкке Тәңiрлiк шеберлiкпен орналасқан. Құс жолын құндағымда көрсем керек. Қарасам, биiктейдi еңсем бөлек. Ауқымын алыс көктiң парықтауға Ғарыштық құдiреттi өлшем керек. Шарқ ұрып, Таппаған соң теңбе-теңiн, Ойымды жер бетiмен тербетемiн. Мәңгi бол, Жаратқанның хикметтерiн Көтерген көгiлдiр шар, кең мекенiм! Дәл мендей тауға бiреу құштар ма екен? Сонша асқақ, сонша сұлу сұс бар ма екен? Ауаға бауырымды төсеп қана Ақ таулар үстiменен ұшсам ба екен? Су – менiң таңданғаным сосын анық, Iлесем киттерге iштей қосыла құп – Жүзгендей кең мұхитта кедергiсiз Түпсiздi түзу жарып, осып ағып. Мұхиттар дөңбекшидi шабыт қысып, Бұлттар да жүйелi бiр бағытқа ұшып, Ай мен Күн алмасады Айнасынан Айналған Жер жүзiне жарық түсiп… Табиғат толықтырып бiр-бiрiн бек, Жел тұрып, жасын ойнап, су гүрiлдеп, құс ұшып, орман шулап, аң жайылып, Шегiртке секiредi, Гүл дiрiлдеп! // Күләш Ахметова - Жаратылыс

  • Құпиям жоқ, Болса да сақтамаймын, Көңілім бір кірбіңсіз аппақ айдын. Адал достың алдынан құшақ жайып Айқарыла ашылған қақпадаймын. Құпиям жоқ, Бәрін де ақтарғанмын, Сырымды айтып беремін достарға әр күн. Құпиясы болса егер болар мүмкін Мансап үшін ұятын сатқандардың. Құпиям жоқ, Болса егер білерсіздер, Бәлкім, сіздер осыған күлерсіздер. Құпиямды біліп ап, Қыл мойныма Құрық салмақ болады жүгенсіздер. Құпиям жоқ, Ақтарып айтам бәрін, Ішімде жоқ жасырын сайтандарым. ...Бала қыз-ай, бар еді бір құпиям Соны ғана мен саған айта алмадым. // Есенқұл Жақыпбек - Құпиям жоқ t.me/adebiett

  • Шыбық мініп, Жейдені қаспақ қылып, Тентек кезім жүретін сақ-сақ күліп. Көршіміздің байлаулы төбетіне Еріккенде ойнаушы ем тас лақтырып. Қарасирақ балалар жол көсеген, Өттік бірде топтанып сол көшеден. Байлаулы итті көрдім де, Тас заулаттым, «Сағынып-ақ» қалыппын мен кешеден. Тұра қуды қабаған қарғып тұрып, Бос жатқанын сол сәтте қалдық біліп. Тапыр-тұпыр біздер де тұра қаштық, Балақтарға бозала шаң жұқтырып. Балалардың бәрінен желаяқпын, Озып кеттім оқ бойы оңай-ақ тым. Тал басына өрмелеу ойымда бар, Бір іліксем шетіне сая-бақтың. Жүйрікпін-ақ ... Дәл соған сөз бар ма еді? Өтсе керек өштігім жаздан бері,- Артта қалған баланың бірін қаппай Қуып жетіп ит қапты озған мені!.. Көрдім солай көкесін масқараның, Содан бері ит десе жасқанамын. Кейде бірақ... Тас атам тағдырыма, Біле тұрып бір күні бас саларын!.. // Ұлықбек Есдәулет - Балалық балладасы t.me/adebiett

  • Бұл күнге лайық алыпсың! Ол күнге қалай сыйғансың? Бір өзің бүкіл халықсың, Қалдырмай бәрін жиғансың. Жарылып кете жаздапты-ау, Жырламай тынсаң, жүрегің. Айтпаған сөзің аз қапты-ау, Бөлек бір туған кім едің!.. Атаның ұлы емессің (Кешіре жатар Кеңгірбай), Халықтың ұлы боп өстің, «Ибраим» демей, деді «Абай». Абай десе, Абайсың, Абайладың жан-жақты. Риза еттің, жарайсың, «Қалың елді – қазақты». Сен өлгелі елу жыл Деген сөзге кім нанар? Жатыр көп жыр жырланбай, Шырқар кім бар шындықты?! Керек боп тұр, шіркін-ай, Өзіңіздей бір мықты. Ешбір ақын тең келмес. Біздің кейбір достарша Сіз болмассыз бақ күндес... Мынау біздің кеңсеміз, Анау сіздің көшеңіз. Таңданарсыз, көрсеңіз, Терезесі неше жүз... Нұрлы сарай енсеңіз, Іші толған ән мен күй, - Бұл түс емес, сенсеңіз, Сізге лайық дәл осы үй. Төрлетіңіз, келіңіз, Қолмен ұста, көр, тыңда... Осындай ма еді төріңіз Шыңғыстағы жұртыңда?.. Ал ақсақал, мен қойдым, Айтсын енді басқалар. Айыбы жоқ бұл тойдың, Қызығы енді басталар. // Қасым Аманжолов - Абайға айтарым

  • Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. // Абай Құнанбайұлы

  • Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы – қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз. Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма? // Абай Құнанбайұлы t.me/adebiett

  • Бүгін ұлы ақын, философ, ағартушы, ғұлама ойшыл, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні. Абай Құнанбайұлы қазіргі Абай облысының Абай ауданында туған. Жалпы Абайдың қай күні дүниеге келгеніне байланысты кереғар пікірлер көп. Бірі ұлы ақынды 10 тамызда дүниеге келген десе, енді бірі 23 тамызда туған деген пікір айтады. Дегенмен ақын ескі жыл қайыру бойынша 10 тамызда туған. Ал 1917 жылдан бастап, бұл 23 тамызға сәйкес келеді екен. Бұдан бөлек қазақ зиялыларының туған күніне қатысты кейінгі кездері қарма-қайшы пікірлер көп. Ал хәкім Абайдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық мерейтойлары 10 тамызда тойланғанын да ескерген жөн. Тіпті мектеп оқулықтарында ақын 1845 жылы 10 тамызда дүние есігін ашты деп жазылған.

  • Бір ауыз сөз қасіретті тыяды, Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды. Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе, Бір ауыз сөз жаманатқа қияды. Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды, Бір ауыз сөз ұран болып самғайды. Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп, Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды. Бір ауыз сөз таң шолпанын әперер, Бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер. Бір ауыз сөз ұл туды деп қуантса, Бір ауыз сөз әке өлімін әкелер. Бір ауыз сөз жан тетігін табады, Бір ауыз сөз мың әуреге салады. Қимас жандар көз жұмарда қоштасып, Бір-ақ ауыз сөз айтысып қалады. // Кәкімбек Салықов - Бір ауыз сөз t.me/adebiett

  • Бесікте – Ана, бесікте – бөбек: Бірі тербеледі, бірі тербетеді. Бал-бөбек былдыр, өсіп те келед, Анаға жалғыз, сол жетеді. Ана, Ана, қайран ана! Тербейді Ана әлемдегі күлкіні, Нұр себеді аналардың кірпігі Өліге де ояуға, Ана дайын біреу үшін жылауға, Біреу үшін аяуға. Тербейді Ана қуанышты, бақытты, тербейді Ана – тебіренеді жаны шын. Тербейді Ана уақытты; Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін. Тербейді Ана бөбегін, Сол арқылы тербетеді өз елін, Құмын, тауын, өзенін. Тербейді Ана көлеңкені, шуақты – Планетаның алақаны сияқты... // Жұмекен Нәжімеденов - Ана t.me/adebiett

  • "Мені білмей тұрған өзі бұл қайсың?" – Деп кеуделеп толқын атып тулайсың. Мансабыңа жүрген кезде масайрап, Мерт боласың. Қайтып сосын тумайсың. Аяқасты аяқталып сапарың, Қалады артта шен-шекпенің, шапаның. Көрге бірге кіруге де жарамас, Бір кездері жерді жарған атағың. Көз жұмған соң Біреу келіп, Құдай-ай! "МӘЙІТ қайда?" - деп сұрайды тым оңай. Кебіндейді жуындырып жəй ғана, Атақ түгіл атыңды да сұрамай. Тірлігіңде түрлі атаққа лайықсың, Өлгеніңде мүлəйімсің, мəйітсің. Көрге түспей көкірегің көк тірер, Көрген түстей енді, міне, ғайыпсың. Содан кейін Имам келіп, Құдай-ай! "МАРҚҰМ" - дейді, Айтады оны тым оңай. Едел-жедел жаназаңды оқиды, Тергеп, тіпті, тегіңді де сұрамай. Тірлігіңде асыл, күміс, алтынсың, Өлгеніңде мақұрымсың, марқұмсың. ...Неге бүгін самарқаусың, салқынсың, Айтшы, кəне, Айтшы, маған, – Ал, кімсің? Содан кейін, – Алыңдар! – деп, "ТАБЫТТЫ", Қырға қарай бастайды Имам халықты. Суық көрге жалғыз өзің кіресің, Сыртқа тастап атақ, мансап, даңқты. Тірлігіңде Алатаусың, Алыпсың, Өлгеніңде төбешіксің, табытсың. Ғәділетті құдіретке жүгінбей, Ғапылдықпен ғұмыр кешсең, Ғəріпсің! Тірлігіңде жүрмесең де тыс көзден, Түбі осылай болатынын іш сезген. Үш буылып аттанасың ақырға, "Мәйіт" "Марқұм" "Табыт" деген үш сөзбен. // Қалқаман Сарин - Атақ

  • Үндемей мазаны алғандарды да, өсек-аяңды таңғандарды да, сенен бір пайда табу үшін тек мүлəйімсіген «тарландарды» да; өкініш дерті жүдеткенді де, жүректен шықпаған тілектерді де, өртенбей, ессіз өліп-өшпей-ақ сезімсіз, селқос құр өбкенді де; жүрегің жылап, күлімдеуді де, міз бақпай қарап үгілген гүлге, ызасын іркіп денең мен жаның шарасыздықтан дірілдеуді де; қимас жаныңның сатқындығын да (о содан қанша баттым жылымға!) көргенмін бəрін жер бетіндегі күміс қамшыдай ақ түн – ғұмырда! // Фариза Оңғарсынова (1985 жыл) t.me/adebiett

  • Бірден онға жетуің, Инемен құдық қазғандай. Жиырмаға жетуің, Тамшыдан тамып толғандай. Отыз жасқа жетуің, Тұсаумен жүріп барғандай. Отыздан қырыққа жетуің, Пұшық түйе жетелеп, Ноқта жібін созғандай. Елу жасқа жетуің, Жұрт аударып қонғандай. Ар жағында алпыс жас, Жалынсыз шоқ болғандай. Жетпіс жас - ыстық қоламта, Алақанын жазғандай. Сексен менен тоқсан жас, Қоламта күл болғандай. Байлық деген бәсеке, Көшеге жорға салғандай. Біріне-бірі қасеке, Істері жоқ оңғандай. Бақ-байлықтың қызығы, Жорғадан-жорға озғандай, Байекеңнің пиғылы, Көкке қолын созғандай. Мінбей аты арықтап, Кимей тоны тозғандай. Ішпей, жемей мастанып, Ақырда нәубез болғандай. Тойымы жоқ екі көз. Топыраққа толғандай. // Нарманбет Орманбетұлы

  • Айырдан туған жампоз бар Жүгін нарға салғысыз, Арғымақтан туған будан бар Күнінде көрінім жерді алғысыз, Жаманнан туған жақсы бар Адам айтса нанғысыз, Жақсыдан туған жаман бар Күндердің күні болғанда Бір аяқ асқа алғысыз. // Шалкиіз жырау Тіленшіұлы t.me/adebiett

  • Атандым бала күннен Балуан Шолақ, Ту ұстап, ерлік етіп, тұлпар мінген. Ешкімге опасы жоқ жалған дүние, Өтті ғой талай-талай кемеңгерден. Бұл дүние шын емес, жалған дүние, Адамды әрбір жолға салған дүние. Ойласаң, түбің заһар сондай ащы, Ләззатты болсаң-дағы балдан дүние. Жалғанның алданбадық, несін біліп, Жастықта тәуба етпедім есім біліп. Дүниеге жаяу келіп, жаяу кеттім, Yстіме жеңсіз көйлек тесіп іліп. Өлімнен құтылу жоқ батыр болып, Сөзге шешен, әнге жүйрік ақын болып. Барамын алыс сапар қайтып келмес, Қалыңдар, елі-жұртым, бақыл болып. Көп сәлем жақсыларға болған сырлас, Дәурені жігіттіктің қолда тұрмас. Көз көрім заманымда атым білген, Тұрыңдар дұға қылып, құрбы-құрдас. // Балуан Шолақ Баймырзаұлы t.me/adebiett

  • 1 авг.466123

    Тағдырдың суығына ұрынасың, Қай жанның құшағына тығыласың? Үйге барып, шай ішші анаңменен, Жылынасың... Жұрт көзінше қаттысың, темірдейсің, Неге жылап, өкіріп, егілмейсің? Себебі - өмір, Сынбайсың, берілмейсің, Үйге барып, шай ішші анаңменен, Жеңілдейсің... Пендеміз ғой. Ал пенде есіреді. Қателесіп, бағынан кешігеді Үйге барып, шай ішші анаңменен, Кешіреді... Жанарыңды жылауға дайындама! Оңыңнан туады әлі айың жаңа. Үйге барып, шай ішші анаңменен, Уайымдама! // Бауыржан Ширмединұлы t.me/adebiett

  • Жатыр ұйықтап, бесігінде нәресте, Құлап-тұрып жылағаны есте жоқ. Қаз-қаз басқан келер күнге бір бұлақ Сәби деген сағынышым емес пе?! Жатыр ұйықтап, кіп-кішкентай бір жүрек, Тыныштықтың бұтағында үлбіреп. Иіскеп едім маңдайынан еңкейіп, Ыстық толқын тамағыма тұнды кеп. Алақаны ашық жатыр - күн ашық, Таңбалары жер шарындай ұласып. Қабағында көлеңке жоқ, күлкі бар, Қамсыз күлкі көкірегін тұр ашып. Адам болса, таныр кезде таниды ел, Жаман болса, тағы біреу зар илер. Бақыт деген бейбітшілік, тыныштық, Ал тыныштық - ұйқыдағы сәбилер. // Өтеген Оралбаев - Ұйқыдағы сәбилер t.me/adebiett

  • Абырой тілеп таңды атам атырған, Әрбір күнін тағзым етіп батырған, "Бала берсең, сана бер" ден тілеумен, Келешектің жайын ойлап, аһ ұрған. "Тірі жанға жасамашы қиянат, Әл келгенше көрсет жұртқа сияпат",- Деп үйретіп отыратын қарттарым,- "Риза болсын әр ісіңе жамағат". "Қарғыс сені өтер, бәлкім, айналып, Ұрпағыңа келер, бірақ, қайғы алып. Қия басқан шағы түсер есіне, Кейбіреудің бағы қалса байланып”. Таптамайтын ешкімнің де намысын, Алушы еді кілең жұрттың алғысын. Сиреп кетті сол қарттардың қатары Ниеттері кейінгіге дарысын. Ақ тілегі қабыл болып бабаның, Сағы сынбай келген туған даланың, Ізгілікті ұялатсақ жүрекке, Талайы әлі туар еді дананың. Әр пенденің өмір жолы - тағдыры, Шарапатпен көркейеді әр күні. Жүзің жарқын болсын десең, әманда. Жеңіл болмас сен арқалар Ар жүгі! // Жадыра Дәрібаева t.me/adebiett

  • Жүрегі – қарт тау, асқақтап тұрар аспанда. Тілегі – бақ-бау , пыр-пырлап ұшар қасқалдақ. Талғамы – бақыт, арманға салған қос қармақ, Арманы – саты, мақсатқа жетер баспалдақ. Қайраты – темір, таусыла күтер тағатын. Айбаты – көмір, өшігіп-өршіп жанатын. Ойы – қырандай, қиядан қиқу салатын. Бойы – жыр-әндей, жаныңды жусап алатын. Көңілі – қардай, сөз киесіне еритін. Өмірі – жардай, аттаса болды… құритын. Қамыты – өлім, өксікпен өмір кемитін. Шабыты – бөрі, аштықта ғана ұлитын. Жыры – алтын күн, шуағын жерге төгетін. Мұңы – салқын түн, қараңғылықпен төнетін. Тасуы – қапырық, күн ыстығына көметін. Ашуы – жапырақ, күз мезгілінде өлетін. Сыры – асыл тас, теңіз түбінде жататын. Түрі – масыл мас, ақылын аққа сататын. Көзі – жалын-от, алаулап жанып жататын. Сөзі – қару (оқ), дұшпанға ғана ататын. Жанары – гүлдей, мезгілі жетсе, солатын Қаламы – желдей, әркімге жолай соғатын. Аққу құстай алысқа жайған қанатын Біреуден төмен, біреуден биік-санаты. Бір адам бар, ал атына келсем Ол – ақын! // Гүлсара Шалқар

  • Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар-жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық.   Қол берген қиын жерде жолдас артық, Бас тартқан жолдасынан болмас артық. Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген, Досыңнан – қатын-балаң болмас артық.   Жігітке сайран етіп жүрген артық, Жігіттік бір кеткен соң, келмес қайтып. Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше, Жан-тәнің бірдей жанып күйген артық.   Осылай бозбалаға салдым нұсқа, Өмірің зайып болар бекер босқа. Көргенің бір күнгідей болмас сірә, Міне, ажал келді нәубат деген тұста.   // Біржан сал Қожағұлұлы - Ер жігіт дүниені көргені артық

  • Аруды таңдап сүйсе де, Алтынды үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Арманын қоймас адамзат! Ілімді түгел білсе де, Қызығын көзбен көрсе де, Қапалы күні қабарып, Қайғының түні төнсе де, Үмітін жоймас адамзат! Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңілі қарайып, Қара бір көзін жұмса да, Өмірге тоймас адамзат! // Үмбетей Жырау - Өмірге тоймас адамзат Қазақ әдебиеті