tgindex
AKIMAT09

Қарағанды облысының тұрғындарына арналған жаңалықтар мен маңызды ақпарат Новости и важная информация для жителей Карагандинской области.

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
6
Всего постов
28
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
703
−2 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
44
28 постов
Вовлечённость
6,3%
к подписчикам
Постов в день
0,9
всего 28
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
30
1/48двое суток
34
1/72трое суток
37

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • Теміртау мен Балқашта жаңа театр филиалдары ашылады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау мен Балқаш қалаларында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының филиалдарын ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. Жаңа мәдениет ошақтарының жұмысында балалар мен жастарға айрықша мән беріліп, театр қойылымдарын білім беру үдерісімен ұштастыру көзделіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы дәстүрлі тамыз конференциясында мәлімдеді. В Темиртау и Балхаше аким области Ермаганбет Булекпаев поручил открыть филиалы Казахского драматического театра имени Сакена Сейфуллина. Особое внимание при этом хотят уделить детям и молодёжи — спектакли должны стать частью не только культурной жизни, но и образовательного процесса. Об этом на традиционной августовской конференции сообщил глава региона.

  • Қарағанды облысының барлық мектептеріне жаңа цифрлық құралдар енгізіледі Қарағанды облысында мұғалімдер мен мектептерге арналған жаңа цифрлық құралдар енгізілуде. Бұл туралы жыл сайынғы тамыз конференциясында айтылды. Жаңашылдықтардың қатарында педагогтерге тапсырмаларды тексеруге, сабақ жоспарларын құруға және оқу материалдарын іріктеуге көмектесетін әмбебап ROQED AI жасанды интеллект көмекшісі бар. Платформа күрделі тақырыптарды көрнекі түсіндіру үшін 3D-модельдер мен виртуалды зертханаларды да пайдаланады. Новые цифровые инструменты внедрят во всех школах Карагандинской области Новые цифровые инструменты для учителей и школ внедряют в Карагандинской области. О них говорили на ежегодной августовской конференции. Среди них — универсальный ИИ-помощник ROQED AI, который помогает педагогам проверять задания, составлять планы уроков и подбирать учебные материалы. Платформа также использует 3D-модели и виртуальные лаборатории для визуализации сложных тем.

  • О нововведениях в системе образования сообщила вице-министр просвещения Республики Казахстан Шынар Акпарова на августовской конференции. https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1274328?lang=ru

  • Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Шынар Ақпарова тамыз конференциясында білім беру жүйесіндегі бірқатар жаңашылдықтар жайлы айтты https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1274328?lang=kk

  • Қарағанды облысында 200-ге жуық білім беру нысаны жөнделуде Қарағанды облысында 13 жаңа мектеп салынды. Оның 10-ы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа оқу орындары оқушылар санының артуы ескеріліп, қосымша білім беру орындарына деген қажеттілікті өтеуге бағытталған. Мектеп инфрақұрылымын дамыту мәселелері Қарағандыда өткен «Жаңа Халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясында талқыланды. Почти 200 объектов образования ремонтируют в Карагандинской области. В Карагандинской области построили 13 новых школ, десять из них — в рамках национального проекта «Келешек мектептері». Новые учебные места создают с учётом роста числа школьников и помогают решать проблему дефицита мест. Эти и другие вопросы развития школьной инфраструктуры обсудили в Караганде на августовской конференции работников образования «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого капитала – стратегическая основа системы образования».

  • без подписи

  • без подписи

  • Қарағанды облысында ауқымды егін жинау науқаны қыркүйек айының басында басталады. Диқандар шамамен 1 миллион гектар астықты дақыл жинап алуы тиіс. Өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын науқанға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын, жанар-жағармай қоры жасақталуда, ал астық қабылдау кәсіпорындары жаңа өнімді қабылдауға әзірленуде. Егін жинау науқанына дайындық барысы туралы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтып берді. Биыл астықты дақылдардың негізгі бөлігі – шамамен 760 мың гектар – бидайға тиесілі. Сонымен қатар арпа, сұлы және майлы дақылдар жиналады. Сондай-ақ шаруалар 16 мың гектар алқаптан картоп, 2 мың гектардан көкөніс жинауды жоспарлап отыр. – Қалыптасқан күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, егістіктің басым бөлігі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Қазір аграршылардың алдында тұрған басты міндет – егін жинау науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу. Маусымның қорытынды нәтижесі көп жағдайда осыған байланысты болады, – деді Сырым Бошпанов. Өңірде егін жинау жұмыстарына шамамен 2 мың комбайн және 9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы дайындалды. Басқарманың мәліметінше, техникаларды дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Шаруашылықтарды дизель отынымен қамтамасыз ету де маңызды мәселе болып отыр. Биыл облыстың егін жинау науқанына 19,3 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Биыл аграршыларды мемлекеттік қолдау шаралары да кеңейтілді. Атап айтқанда, «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары аясында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 265 шаруашылық қаржыландырылды. Ал тағы 315 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржылай қолдауының арқасында 705 бірлік техника сатып алды. Сонымен қатар жиналған өнімді сақтайтын орындардың жеткілікті болуын да қамтамасыз ету қажет. Облыста жалпы сыйымдылығы 1,438 млн тоннаны құрайтын астық қоймалары бар. Картоп пен көкөністі сақтауға жалпы сыйымдылығы 350 мың тоннадан асатын 143 қойма қарастырылған. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта егін жинау науқанына дайындықтың барлық негізгі мәселесі бақылауда.

  • без подписи

  • без подписи

  • В Караганде появится ещё больше возможностей для знакомства с искусством и развития креативных индустрий. Молодёжный ресурсный центр Карагандинской области и Музей изобразительного искусства подписали меморандум о сотрудничестве. Первым совместным проектом стала выставка «09–90. История края в картинах», которая открылась в Креативном центре Saryarqa Creative Hub. Новое партнёрство направлено на развитие культурно-просветительских проектов, популяризацию изобразительного искусства и создание современных пространств, где жители и гости региона смогут знакомиться с творчеством карагандинских художников и другими направлениями креативных индустрий. — Многие думают, что креативные индустрии — это только ремесло или рукоделие. На самом деле это очень широкая сфера, в которую входит и изобразительное искусство, и дизайн, и 3D-моделирование, и другие творческие направления. Мы хотим регулярно проводить тематические выставки, чтобы показать креативные индустрии во всём их многообразии. Эта площадка будет открыта для всех желающих, а с началом учебного года сюда смогут приходить организованные группы школьников и студентов, — отметил директор Молодёжного ресурсного центра Карагандинской области Аслан Кабегенов. Как подчеркнула директор Карагандинского областного музея изобразительного искусства Бибигуль Кудабаева, сотрудничество позволит сделать музейные коллекции ближе к жителям области, прежде всего к молодёжи. Первой выставкой, открытой в рамках меморандума, стала экспозиция «09–90. История края в картинах», посвящённая 90-летию Карагандинской области. Она рассказывает об основных этапах становления региона — от первых шахтёрских посёлков до одного из крупнейших промышленных, научных и культурных центров Казахстана. В экспозиции представлены произведения живописи и графики, отражающие индустриальный характер региона, развитие городов, историческую память и красоту природных ландшафтов Карагандинской области. Выставка проходит в Креативном центре Saryarqa Creative Hub, г. Караганда, ул. Таттимбета, 709.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Қарағандыда өнерді дәріптеу мен креативті индустрияларды дамытуға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығы мен облыстық бейнелеу өнері мұражайы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ортақ жобаның алғашқы нәтижесі ретінде Saryarqa Creative Hub креативті орталығында «09–90. Өлке тарихы картиналарда» атты көрме өз жұмысын бастады. Жаңа әріптестік мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға, бейнелеу өнерін кеңінен насихаттауға және өңір тұрғындары мен қонақтарына қарағандылық суретшілердің шығармашылығын, сондай-ақ креативті индустриялардың сан алуан бағытын заманауи форматта таныстыруға мүмкіндік береді. – Көпшілік креативті индустрияларды тек қолөнермен немесе қолданбалы шығармашылықпен ғана байланыстырады. Алайда бұл – ауқымы кең сала. Оның құрамына бейнелеу өнері, дизайн, 3D-модельдеу және басқа да шығармашылық бағыттар енеді. Біз креативті индустриялардың бар мүмкіндігін көрсету үшін тақырыптық көрмелерді тұрақты ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Бұл кеңістік барлық келушілерге ашық болады. Ал жаңа оқу жылы басталған соң мұнда мектеп оқушылары мен студенттердің ұйымдастырылған топтары келе алады, – деді Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Қабегенов. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаеваның айтуынша, бұл ынтымақтастық мұражай қорындағы құнды туындыларды көпшілікке, әсіресе жастарға бұрынғыдан да жақындата түседі. Меморандум аясында ашылған алғашқы көрме – Қарағанды облысының 90 жылдығына арналған «09–90. Өлке тарихы картиналарда» экспозициясы. Онда өңірдің алғашқы кеншілер кенттерінен бастап Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталықтарының біріне дейінгі қалыптасу жолы көркем туындылар арқылы бейнеленген. Экспозицияда Қарағанды өңірінің индустриялық келбетін, қалалардың өркендеуін, тарихи жадысын және табиғатының көркемдігін айшықтайтын кескіндеме мен графика жанрындағы жұмыстар қойылған. Көрме Қарағанды қаласындағы Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында орналасқан Saryarqa Creative Hub креативті орталығында өтуде.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи