tgindex
Жүрегіме үңілсем...(Б.Бексары)

Жүрегіме үңілсем...(Б.Бексары)

Статистика
@bbeksaryказахский

Сыр. Жыр. Ойтүрткі. Күнделіктегі шимайлар. Ақын @botakoz_beksary

Последний пост
7 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
514
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
537
20 постов
Вовлечённость
104,5%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
94
1/48двое суток
107
1/72трое суток
116

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Әйгерім құрбымның ұзатуында оқыған осы өлеңімді басқа қыздар өз құрбыларына арнап жүр🥹 Бұл өлеңді жазуым да қызық болған)) Сол күні құрбымнан бетер толқыдым, жүрегім атқақтап. Тойға ресторанға бара жатып тез-тез бастап кеттім, жұрт той тамашаласа мен осы өлеңді аяқтағанша асықтым. Осы өлеңді оқып тұрып жылап қалғаным бар🤭 ⠀ ⠀ Жанқұрбым, құрбыжаным, Сезімтал, тым қырағым. Желкілдеп жетіліп ек, Талай ой кешіріп ек, Жігерді құм қылатын. ⠀ Тап-таза, тұнығым-ау, Шынайы қылығың-ау. Шақша бас шыр айналса, Шырқырап мұң айналса, Жылынғам жылуыңа-ау. ⠀ Жайдары жылдар өтті, Аймаңдай айлар өтті, Бауыр да шын басатын, Түнімен сырласатын, Сыралғы қырмызы шақ қайда кетті?! ⠀ Жоғары жаным, бағаң, Күнім жоқ сағынбаған... Мен білер дүниеде, Мен білер бұл өмірде- Өзіңсің сабырлыдан сабырлы адам. ⠀ Жан дос боп саналып ең, Бауыр боп жаралып ең. Сен үшін мәзбін бүгін, Жанжарды жолықтырдың- Алланың қалауымен! ⠀ Сүйкімің-сәнің болсын, Құлшылық- бағың болсын. Сүйікті келін атан, Әдемі әйелге айнал, Жаным сол, бағың жансын. ⠀ Бұл маза қашты демен, Көңілім састы демен. Дәл осы сәтіңде де, Дәл осы қалпыңда да ~ Мен сені жақсы көрем! ⠀ Жарқыра айнадайын, Болмасын бойда уайым. Төр жаққа ойысқаным, Келін боп майысқан бұл, Түріңнен айналайын!... #өлең

  • без подписи

  • без подписи

  • Ата-әжем мен ата-анама рақмет, өнеге тәрбиелері үшін. Ата-енеме рақмет, қыздарындай көретіні үшін. Жолдасыма рақмет, қолдауы үшін. Барлық бауырларыма рақмет, жанашырлықтары үшін. Достарыма рақмет, адал пейілі үшін! Балаларыма рақмет, жүрегімді елжіреткені үшін!❤️ Өмірімнің күрделі де қисық кезеңдеріне рақмет, мені шыңдағаны үшін. Кейде ащының дәмін татпасаң, тәттінің де қадірі білінбес. Өмірімнің ең нұрлы сәттері үшін де мың шүкір, естелігімен қымбат. Барлық мұң-назымды да, қажеттілігімді де кейде жылап, кейде еркелеп сұрай алатын Жаратқанымның барына шүкір! Ең бастысы Аллаға деген махаббатым кеудемде лапылдап тұрсын! Сонда өмірімнің бар саласы түзу болмақ! 🎈☺️

  • «Егер Алладан Жәннат сұрасаңдар – Фирдаусты сұраңдар. Өйткені, ол Жәннаттың ең биігі және Жәннаттың қақ ортасы» (Бұхари, Муслим) Өзіме және жақындарыма Фирдәус Жәннатын сұраймын. Алла екі дүниемізге қайырлы амалдар жасауымызды, Алланың өзінен ғана қорқып, өзінен ғана жәрдем-пана тілеуімізді нәсіп еткей! Мен жақын деп танитын адамдардың амандығын тілеймін. Себебі олармен ғана мен мықтымын. Қандай жағдай болса да құласам қайта тұруды, қай сынақ болса да сынбауымды тілеймін. Өзіме, өз отбасыма және жақындарыма берекелі өмір тілеймін. Жігітіммен бірге қол ұстасып, бала-шағамызды бірге жеткізейік. Балаларыма кәміл иман, мейірімді жүрек, ақ-қараны ажыратар сергек сана тілеймін!

  • 34 жасым, қош келдің🎉 Өзіме Алладан тек түзу жолмен жүргізуін, ризықты тек адал жолмен табуымды, жақсы ойлар ойлауымды, Алланың харам деп таныған дүниелерінен мені әрдайым алыс қылуын, көркем мінез тілеймін. Намазымды құлшыныспен оқуымды, орамалымды күн сайын махаббатпен тағуымды тілеймін. Айналама тек қана пиғылы таза, ниеті ақ жандар жиылуын тілеймін. Денім сау болсын! Өтірік, өсек-аяң, жағымпаздық деген дүниелерден бойымды алшақ ұстасам екен. Жүрегім үнемі жұмсарып тұрса екен. Адамдардың бойынан тек оң, жақсы тұстарын байқап, аңғарайын. Адамның ең басқаруы қиыны ол - ойы ғой. Ойым таза болсын! Жүрегім аппақ болсын!

  • без подписи

  • Ұнайды әңгімеміз әзілі көп, Жартыңмын еркелігі, назы бөлек. Дәл сіздің алдыңызда мен өзімді - Сезінем нәзіктен де нәзігірек. Суықтық сипап өтсе жарагермін, Жаныма ұлы Жылу ала келдің. Иірімді ию-қию мына өмірге - Мен сізді сүю үшін ғана келдім. Кезіктің шын шарадай шақта-ай басым, Басымыздан баянды бақ таймасын. Аяулы, мөлдіреген махаббатты, Құйтырқы күйкі тірлік жеп қоймасын. Сіз барда биік көңілім құламайды, Сіз барда мына көзім жыламайды. Менсіз өмір болар ед(і) іш пыстырар, Ал маған сізсіз өмір ұнамайды. Жүрек іші суынып, бос тұрмағай, Біздің сезім тұрсыншы қошқылданбай. Жанашыр да, дос та өзі, адал жар да - Сіз сияқты сүйе алмас ешкім бұлай, Сіз сияқты сүйе алмас ешкім бұлай! (Ботакөз Бексары)

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи