АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
СтатистикаАқтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 21
- Всего постов
- 25
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 45
- 1/48двое суток
- 51
- 1/72трое суток
- 55
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
без подписи
⚡️ Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес өткізді 📚 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармаларының басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ✍️ Басты назар білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығына аударылды. Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды. 🔺 Білім басқармаларының басшылары өңірлердегі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындығы және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады. ✅ Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейтіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
🎓 Ақтөбе облысының колледждерімен танысу — Ақтөбе автожол колледжі Ақтөбе автожол колледжі — көлік, жол және өндірістік салалар үшін мамандар даярлау бағытында бай тарихы бар өңірдегі оқу орындарының бірі. 📜Ақтөбе автожол колледжінің тарихы 1974 жылдан басталады. Сол жылы Ақтөбе кондитер фабрикасы жанынан №18 техникалық училище құрылды. Әр жылдары оқу орны №23 кәсіптік-техникалық училище, кәсіптік-техникалық мектеп және №6 лицей болып қайта құрылды. 2001 жылы лицей Ақтөбе облысының «Үздік лицейі» атанды. 2012 жылы оқу орны қазіргі атауы — Ақтөбе автожол колледжі болып өзгертілді.
без подписи
⚜️Ақтөбе облысының педагогі жас педагогтердің халықаралық конгресінде өз тәжірибесімен бөлісті Астанада Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 300-ге жуық жас маманды біріктірген «STEM. AI. Innovation» халықаралық жас педагогтер конгресі өтуде. 🌐Іс-шара STEM-білім беруді дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді білім беру үдерісінде қолдану мәселелеріне арналған. Конгрестің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Басқармасының төрағасы Ануар Жанғозин қатысты. 👨🏫Халықаралық кәсіби іс-шарада Ақтөбе облысының атынан Мұғалжар ауданы Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батырбек Әділбек қатысты. Конгресс аясында педагог әр елден келген әріптестерімен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара қорытындысы бойынша ол халықаралық деңгейдегі Грамотамен марапатталды.
⚜️Мұғалжар ауданында жаңа оқу жылына орай 600 орындық мектеп ашылады Қандыағаш қаласында жаңа қалалық жалпы білім беретін орта мектеп №6-ның оқушыларды қабылдауға дайындығы аяқталуға жақын. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектеп 600 оқушыға арналған. 📌Жаңа нысанның дайындығы мен жабдықталу деңгейін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Ғабдушев бағалады. Ол жұмыс тобымен бірге оқу бөлмелерін, мамандандырылған кабинеттер мен мектеп инфрақұрылымын аралап көрді.
без подписи
без подписи
без подписи
⚜️ Темір ауданында жаңа оқу жылына орай «Келешек мектептері» жобасы аясында Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп ашылады. Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде Ж. Кереев атындағы жаңа жалпы білім беретін мектептің ашылуына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім беру нысаны 600 оқушыға арналған және аудан балалары үшін заманауи білім беру кеңістігіне айналады.
без подписи
без подписи
без подписи