Danalyq kündeligi📝🫀
СтатистикаБұл канал қыздардың нәзік болмысы туралы. Мұнда адамгершілік, өмірден түйген даналықтар, достық, некеге дайындық, барлық өмір сферасындағы салалы ой жазылады🕯️Бұл канал тым әдемі, эмоцияға толы. Бұл жерден әрбір ару өзіне керегін табады💌🎀🩰
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 161
- 1/48двое суток
- 184
- 1/72трое суток
- 198
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қазір бір таңғалатыным ештеңеге таңғалмайтын болып кетуім😁 1 айдың ішінде өте көп адам жарты жолда қалдырып жатыр. Аяқ астынан соққы жасай салады. Кімге сенерімді, кімнен не күтерімді білмей қалдым. Бірақ осы арқылы өзіме деген сенім артты. Өзіме тіреу бола алатыныма, кез келген мәселеден шығуға күшім жететініне көзім жетті. Және әр ситуациядан қайыр іздейтін болдым. Егер бір адаммен жолыңыз екі бөлініп жатса, оның сізге беретіні таусылған болуы мүмкін. Келесі мүмкіндікке ашық болу керегін түсіндім. Одан да жақсысы сені күтіп тұрған болуы мүмкін, байланба. Ренжіп таусылуға уақыт, энергия құртпа🫂🤍
Қыздар, менің подкастым шықты🥹❤️🔥Өте душевный сұқбат болды❤️🩹 https://youtu.be/Vp3pv64RMmc?si=T2gXArR9zMGlmMdZ
без подписи
без подписи
Жаратушыдан бәрін сұра🩵 Және өзіңе рұқсат бер, сол қалауларыңның орындалуына лайықсың… Кейде Алла беріп тұрса да, өзіміз сенбей қашады екенбіз
без подписи
без подписи
Алматыда өзіңнің комфортыңда жасап, өмір сүру де бір ерлік😁✨
Уа, Раббым🩵 Уайымсыз, тыныш күндерім үшін шүкір етемін. Осындай жайлы сәттер сыйлағаныңа, жеке бұрышымның болғанына шүкір✨ Қалаған уақытта, қалаған ісіммен айналыса алатын еркіндік үшін рақмет
Айға жоспар құру чек листі📆
Соңғы уақытта өз бетінше ізденудің, білім алудың қадірін қатты түсініп жүрмін. Уақытың жоқ сияқты, бірдеңені тез көруге асығасың, біреу дайындап бере салғанын қалайсың. Ал соңында сол нәрсе үшін бірнеше есе сумма төлеп отырасың. Негізі ақша да маңызды ресурс, жастық уақытың мен энергияңды соны табуға жұмсап жатсың. Бірақ оны жаратуға келгенде бей-жай қарай саламыз. “Уақыт пен энергиямды құртқым келмейді, төлей салайын” деп қоятынымыз бар ғой еще. Осындай кезде минимализм керек екен. Артық шығын жасамай, понтсыз жүру үшін. - ізденбегеннен Парижде алаяқтарға алдандым: Луврге кірер уақытты қарай салсам шешілетін дүние - Америкада алғашқы күнді шаршап өткіздім, ізденсем өзіме комфорт жасай алушы едім - Job offer сәтсіз таңдадым, ол да бұған дейінгі отзывтарды іздеп оқымағаннан - инвестицияға млндар құйып жоғалттым. Ол да базалық білім болмағаннан - Кореяда кей локациялардан эмоция алмадым. Себебі тарихын білмедім. Ал ізденсем, одан да қызық болушы еді. P.S. Іздей берсең, мұндай мысалдар жеткілікті. Бұлар өкініш үшін емес. Осылай бір опық жеген ащы сезімді сезіну де пайдалы деп ойлаймын. Сонда нағыз сабақ аласың. “Ештеңе етпес” деп 3 рет қайталағаннан – өзіңе бір есеп берген жақсырақ. Ал сіз ізденбегеннен қандай қателік жасадыңыз?👇
Ізденбеген адам, ақша жоғалтады😮💨
без подписи
Ауырып қалсаң, не далаға шыға алмайсың, не кітап оқи алмайсың, не жұмыс істей алмайсың… Ойлашы, ештеңе істей алмай, ұйықтай бересің. Сол үшін ауырмай жүрген күндеріңнің қадірін біл. Максимум қолдан. Шаршадым, анау-мынау деп жылай бермей🥺
Кез келген іс тұрақтылықты жақсы көреді Инвестицияны бір айда бірден үлкен суммаға алу емес, ай сайын аз-аздан алып отыру сені табысты етеді Контент те дәл солай. 1 айда 1 рет рилс салдың, атып кетті. Кейін соған риза болып жүрсең, табыс та, оқырман да келмейді. Атса да, атпаса да сала беру керек. Тұрақтылық сені жетістікке жетелейді. Команда да дәл солай. Барлық кезде керемет жұмыс болмайды. Бірақ әрдайым білім алып, оны дамытып отыруың керек. P.S. Қазір командамды таратып жібердім. Тек өзім жұмыс істеп жүргеніме 3 ай болды. Ерекше, тыныш, ұнайды. Бірақ үлкен жобалар үшін білім алғым келеді
Кейбір адамдар біздің өмірімізге жұбай болу үшін емес, жүрегімізде әдемі із қалдыру үшін келеді. Ол сен үшін дәл сондай адам болған сияқты. Сен оны жай ғана ұнатқан жоқсың. Сен оған қарап өстің. Оның пікірі маңызды болды. Оның назарын күттің. Оның жанында өзіңді жақсырақ көрсеткің келді. Ол сенің алғашқы армандарыңның, алғашқы толқуларыңның, алғашқы қызғаныштарыңның, алғашқы үміттеріңнің бір бөлігі болды. Балалық махаббаттың ерекшелігі сол - онда есеп болмайды. Ол кезде адам болашақты, үйленуді, үйлесімділікті ойламайды. Тек бір адамның мектеп дәлізінен өтіп бара жатқанын көрсе, еріксіз жүзіне күлкі ұялайды.. Сенің сезімің әдемі болған. Таза болған. Жылдар өтсе де ұмытылмайтындай болған. Ал бүгін сен бір маңызды нәрсені білдің: сенің жүрегің ойдан шығарған ертегіде өмір сүрмепті. Ол да сені байқапты. Ол да сезім сезініпті. Тек екеуіңнің уақытың келмеген. Кейбір оқиғалардың мақсаты бірге болу емес. Кейбір оқиғалардың мақсаты - адамға жүрегінің жақсы көре алатынын көрсету. Сол қыз бір кезде вальс билегісі келді. Бір көзқарасты күтті. Бір хабарламаны күтті. Бір сөзді күтті. Бүгін сол қыз ақыры жауабын алды. Енді бұл аяқталмаған оқиға емес. Бұл - жүрегіңнің ең жұмсақ бұрышында сақталатын жылы естелік. Өкініш емес. Реніш емес. Жай ғана бір кезде шын көңілмен жақсы көргеніңнің дәлелі. P.S. Армандауды үйреткеніңе, үлгі болғаныңа рақмет, менің тәтті балалық махаббатым❤️🩹Сенің армандарыңа мен әлі де сенемін. Тек сәттілік✨
Алаш зиялыларының ізін бізге жеткізген жанның мерейтойындамыз✨ ”Құндылық”, “өмірлік ұстаным” деген ұғымдармен таныстырған өмірлік ұстазым барына сансыз шүкіршілік!
без подписи
21-ғасырда ең қажет қабілет – өз бетіңше білім алу. Ешкім қадағаламай-ақ, ескертпей-ақ self-learning✨
без подписи