көзімнің қарашығы
Статистикаайтарым кеудемде көмілмесін деп көмескі ойларымды осында жазамын ☕️
- Последний пост
- 28 мар.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
танылуға емес, тануға ұмтыл. Алланы таны, себебі Оның сені танығаны – барлық танымнан биік. адамдардың бағасы уақытша, ал Алланың разылығы – мәңгілік. сөйле. жүздес. көр. айт. тыңда. ізде. өзіңді емес, шындықты ізде. себебі жарық — жарқырағаннан емес, сәуле шашқаннан көрінеді.
бір-біріне шипа беретін адамдарды, Алла бір-бірінен айырмасын.
Еркелейтін кісіңнен айрылғанда ғана сол кісіңнің қадір-қасиетін біле түседі екенсің әрі тіршіліктің өзі де салқын тартқандай болады екен. Асанәлі Әшімұлы «Майраның әні»
Өзеуреген өткелсіз өзен боламын, Екпініме, сірә, бұл төзер ме адамым?! Сүймеші деп азар да безер боламын. (Бірақ сен сүй!)
қалың жұрттың арасын шолып өтсең, кей пенденің бар ғұмыры төрт тағанға тіреліп тұр. бар таянышы, бар сырласы да сол төртеуі ғана: ұйқыға бас ұрып, асқа байланып, орынсыз қылжақпен уақыт оздырып, бітпес өсекпен күн өткізу. мұндай серікті табу үшін ғылымға бойлаудың да, университеттің шаңын жұтудың да қажеті шамалы. тер төгіп ізденбейсің, талаптанып оқымайсың, өмір де бұған бола маңдайыңа белгі соғып, кеудеңе марапат тақпайды.
оқыған үздік елу кітабым: [ескерте кетейін: мотивация, психология және діни кітаптар тізімде жоқ 💝. өйткені бұл бағыттағы кітаптарды сирек, өте сирек оқимын] Таласбек Әсемқұлов — «Талтүс». Бексұлтан Нұржекеұлы —«Ерлі-зайыптылар» Алма Қыраубайқызы — «Жаным садаға». Ұларбек Нұрғалымұлы — «Дайағашшы». Асанәлі Әшімұлы — «Майраның әні». Зейнеп Ахметова — «Теңбіл тіршілік». Мұхтар Мағауин — «Мен». Мұхтар Мағауин — «Сары қазақ». Әнуар Әлімжанов — «Махамбеттің жебесі». Әбдіжәміл Нұрпейіс — «Соңғы парыз». Тұрсын Жұрбай — «Бесігіңді аяла…» Шерхан Мұртаза — «Ай мен Айша». Төлен Әбдік — «Парасат майданы». Ділдә Матайқызы — «Айналайындарым менің…» Ғабит Мүсірепов — «Кездеспей кеткен бір бейне». Баққожа Мұқай —Өмірзая». Қадір Мырза-Әли — «Иірім». Әбдіжамал Нұрпейісов — «Қан мен тер». Әбіш Кекілбаев — «Үркер». Рамазан Тоқтаров — «Абайдың жұмбағы». Тобық Жармағанбетов — «Оттамалы». Қалихан Ысқақ — «Қоңыр күз еді». Орхан Пампук — «Сезім музейі». Кен Кизи — «Көкектің ұясы». Бауыржан Момышұлы — «Ұшқан ұя». Оралхан Бөкей —«Өз отыңды өшірме». Тұрсынхан Зәкен — «Көк бөрілердің көз жасы». Шерхан Мұртаза — «Қызыл жебе». Шыңғыс Айтматов — «Жан пида». Бердібек Соқпақбаев — «Балалық шаққа саяхат». Оралхан Бөкей — «Атау-кере». Шыңғыс Айтматов — «Қош бол, Гүлсары!» Сайын Мұратбеков — «Жусан иісі». Бекежан Тілегенов — «Қара жел». Әзілхан Нұршайықов —«Мәңгілік махаббат жыры». Тахауи Ахтанов — «Шырағың сөнбесін». Немат Келімбетов — «Үміт үзгім келмейді». Тынымбай Нұрмағанбетов — «Періштелердің өлімі». Несіпбек Дәутайұлы — «Кісі иесі». Харуки Мураками — «Норвег орманы». Қабдеш Жұмаділов — «Таңғажайып дүние». Рақымжан Отарбай — «Дауысыңды естідім». Оралхан Бөкей — «Қайдасың, қасқа құлыным?». Бексұлтан Нұржекеев — «Бір өкініш, бір үміт». Джейн Остин — «Тәкаппар ғашықтар». Мұхтар Мағауин — «Жармақ». Смағұл Елубай — «Ақ боз үй». Шыңғыс Айтматов — «Ақ кеме». Мұхтар Мағауин — «Көк мұнар». Ұларбек Дәлейұлы — «Қарғыбаулы қасқыр.
тойлаймын сені әуенсіз бүгін, көкірегімдегі сөз боп қал. туған күніңмен, Тәуелсіздігім. бақұл болыңдар, боздақтар! (с) Ақжол Түменбай
Әке—өзі қала көрмей,сені қалада оқытатын адам…❤️🩹
бақытыңды тапқаныңша қателес, қателіктің өзі кейде қате емес…
без подписи
без подписи
махаббат! ❤️🩹
қыздар-ау! жігітті тәрбиелемейді. тәрбиелі жігітке тұрмысқа шығады. (с) Ержан Мырзабаев
бір ұққаным–заманның өзі бұлағай тартып, жұрт жапатармағай жылтыраған дүниеге қызыққанда, менің жүрегім көненің көзін, баяғының бояуын, ескіліктің елесін сүйеді екен... ескі әуен естілсе, елең етіп, қисынсыз кітаптар белдеген шақта жатықтілді, сарғайған кітапты парақтап, алтын қордан риясыз, сүбелі сұхбатты тыңдап, жиырма жыл тарихы бар ауылдағы теледидардан көрген ескі киноларды кермек сағынышпен еске алып, ес түзеймін. қалам иелерінің кітабынан гөрі күнделігін, естелігін оқығанды ұнатам. мәселен, Рақымжан атаның естелігі, Әзілхан атаның жары Халима жайлы жазған, Әбіш атамыз жайлы жазған Клара апаның естеліктерін, Мұқағали атаның күнделігін, Асанәлі атаның «Майраның әні» атты кітабын парақтағанда, дегбірі қашқан тірліктен демеу тауып, дем бересің, демаласың. театрға барсам, көбіне Бекжан Тұрыс аға ойнайтын қойылымдарға барамын. бала күнімде жанұямызды бір дастархан басына жинайтын «Айналайындары» мен ата-анам әзілмен еске алатын «Ұят болмасыны» еріксіз ойыма оралады. ағаның әлеуметтік желіде жазған жазбасы мен бес жыл бұрынғы Нұртілеу ағамызға берген сұхбатын қайталап тыңдай беруден жалықпаймын. сөздің сүбесін саптап айтатын, кестелі тілдің лебі есіп, әр жолынан көркемдік пен кісілік аңқып тұрады-ау, шіркін! бір жыл бұрын Құрманғазы оркестріне барғанымда, үнемі бір ата мен апаны көріп қалатынмын. сол кісі «жасың жиырмада болса да, рухың менімен құрдас-ау» деп әзілдеп еді. рас-ау!
біз – біреудің қабыл болған дұғасымыз…❣️
без подписи
без подписи
без подписи
көңіл көктемім бүр жарып 💕
әлемде күн секілді жүректер бар. өзі күйіп, өзгені жылытуды біледі. жүрегіндегі қамқорлығына, мейірімі мен шуағына қайран қаласың… сосын ойланасың…қамқорлық – көрінбейтін қанат, ол иесін биікке көтереді, ал өзгені құламауға үйретеді. сырттай қарасаң – үнсіз, іштей сезсең – тұтас бір әлем ол жандар. жанында жүре бергің келеді. әңгімелескің келеді. ештеңе деп тіл қатпасаң да, жанында болғаныңа бақыттысың. өмірді көркем ететін – алақандағы жылу емес, жаннан шыққан жылымық. бір сөзбен дем беріп, бір көзқараспен демеу бола алған жандар барда дүние суып кетпейді. 🕯️сәуле іздесең – жүректен ізде. себебі жарық сырттан емес, іштен туады. ал жүрегі кең адамның көлеңкесі де – пана. бір шырақ – тұтас түнекті бұза алады. сен сол шырақ бол. немесе шыраққа жел боп тиме.