ARU alem🍃
СтатистикаАқыл-парасат пен көрікті бойында ұштастыра білген қыз бала - ARU 🌷 Пайдалы болу - мақсатым 🕯 Álemdi birge,bóleıik gúlge ✨
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 14
- Всего постов
- 34
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 8
- 1/48двое суток
- 9
- 1/72трое суток
- 9
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Пікір қалдыратын жерге, сіздер де не жоспар құрғандарыңызды, не істей алып жатқандарыңызды бөлісіп отырсаңыздар, маған да қызық болушы еді🫶🏻
Сүннеттерін үзбей орындап, осы 1 айда әдет қалыптастырсам деп ойладым… Сүннеттері жазылған файл бар еді. Қазір іздеп тауып, сіздермен де бөлісермін… Егер сәті келіп жатса, орындаған сүннеттеріммен бөлісіп отырғым келеді… Алла риядан сақтасыншы. Ең әдемі ниетімнен адаспай, соңына дейін сол ниетті ұстап тұруды жеңілдетіп қойса екен 🤲🏻
Осы ай соңына дейін 20 мың салауат деп бекіттім, иншАллаһ. Біріне көп, біріне аз шығар. Бірақ Ардақтымызға салауат айтуға ол емес, біз қатты мұқтажбыз. Оған айтылған салауат, өзімізді тазалайды. Ақыретімізде жарық нұрымыз болады, иншАллаһ деп сенемін. Негізі бұлай істейтіндеріммен бөліскенді қатты жөн көрмеймін. Бірақ кім білсін, қайсымызда қанша ғұмыр бар екенін. Алла бәрімізді бір-бірімізге ескертуші етіп қойды деген ниетпен, бұл айдың нұрымен, жауһарын барынша алып қалса екен ниетпен бөліскім келді🫶🏻
Мәуліт айы құрметіне, ардақты Елшіміздің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқып бастадым. Алла осы кітапты оқу арқылы, өмірімізге, істеп жатқан әрекетімізге берекені үйіп-төгіп берсінші🤲🏻 Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірінен жауһарларды, өз өміріме, тыныс-тіршілігіме еңгізе алуды Алла ең әдемі, нәзік түрде нәсіп етсінші🪄
Бұл айда екі әлем сардары, Пайғамбарымыз (с.а.с) дүниеге келген💚
Бүгінгі жұма Рабиғул-Әууәл айымен (Мәуліт айы) сәйкес келіпті ғой 🥺💚🌿
🤲 ЖҰМА МҮБАРАК БОЛСЫН! 📜 «Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады. Міне, осылайша, Алла сендерге қандай керемет насихат айтуда. Шүбәсіз, Алла – бәрін Естіп, Көруші». 📖 «Ниса» сүресі, 58-аят “Ақмешіт-Сырдария” мешітіне садақа беру 👈🏻
Кейбіреулер мақтау естігенді жақсы көреді, бірақ өзінің Алланың алдында масаның қанатындай да қадірі жоқ. Имам әл-Аузағи 📚 Хилия
без подписи
Білгенге - маржан🌿
Бүгін жұмаа💚 Барлық қайырлы амалдарыңызды, жүректен шыққан дұғаларыңызды Алла қабыл етсін🤲🏻 Қандай амалдар жасай аламыз? 1. Ғұсыл құйыну Әбу Саид (р.а) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.а.у.) Кәмелетке толған әрбір мұсылманға ғұсыл құйыну уәжіп»,-деп айтты»-делінген. (Бухари, Муслим) 2. Ер адамдар жұма намазына бару(мешітке бару керек әдеппен) 3. Жұма намазына дейін, «Кәһф» сүресін оқу. «Кімде-кім жұма түнінде «Кәһф» сүресін оқыса, келесі жұмаға дейін қайғы-мұңы, уайымы жоғалады. Бұл сүрені оқыған адам әртүрлі бүлік, бәле-жаладан қорғалады және қиямет аласапыранында келетін Дәжжалдың қарамағынан құтылады» 4. Жақсы сөз сөйлеу, болмаса үндемеу. Себебі бұл күні бір уақыт жасырынған. Егер айтып жатқан сөзіміз дәл сол уақытқа сәйкес келіп қалса, барлығы да қабыл болады. Бұл күнді дұғамен өткізу. 5. Көп истиғфар ету, ең азы 10 мың рет. Өте көп салауат жолдау Алла елшісіне (с.а.с), себебі осы күні айтылған салауат міндетті түрде маған жеткізіледі деген Пайғамбарымыз (с.а.с) (Әбу Дәуіт) 6. Таза, ұқыпты киіну, тырнақ алу✨ 7. Отбасыңа дәмді тағам дайындау 🥞 8. Садақа беру, жақсылықтар жасауға тырысу 9. Көңілді жүру, үйде дәстүр қалыптастыру, жұма күнін ерекше атап өтіп, бұл күннің маңыздылығын жеткізетіндей 🫶🏻 10. Бесін мен екінті уақыттарын өте пайдалы өткізу. Дұға оқып, зікір айтып, Құран оқып. Жақсылық жасап…
без подписи
Истиғфар өмріңнің ашылмай қалған гүлдерін ашып, ойламаған жерден береке деген жарықты әкелетініне әбден көзім жетуде…🪄 Біз хәлімізбен де, тілімізбен де, жүрегімізбен де жабысып алып, айту керек зікір деп білемін🥺
Әстағфируллаһ Дәлірек айтсак, аудармасы: «Алладан кешірім сұраймын ». Истиғфардың артықшылықтары: Ал енді кімде-кім жамандық жасаған соң немесе (күнәға батып) өз-өзіне қиянат жасағаннан кейін, Алладан кешірім тілесе, Алланың Ғафур (құлдары канша жерден ауыр күнәға батса да, таубелеріне келген жадайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе тәубеге келіп Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді) екенін көреді. Ән-Ниса, 110
без подписи
без подписи
без подписи
Осы шілде айын Дулат Исабеков атамыздың шығармаларымен өткіздім. Шыны керек мен үшін шығармалары, жеткізе алу шеберлігі шедевр болды🫶🏻
«Саналы адамға, сарғайып түскен бір жапырақта ұстаз» - деген сөзді көріп қалдым…
Анасының қызына жазған өсиет хатынан үзінді✨ қандай керемет құндылықтарды айтқан🌿