Möltyl/Мөлтіл
СтатистикаМөлтіл... Ай сәулесінің теңіз бетіне түсіп, әдемі жарқыл шашқаны қазақшада “мөлтіл” деп аталады. Түріктер “yakamoz” дейді.Жақында әлемдегі ең көркем сөз ретінде бағаланды. Мұнда жан мөлтілі: сезім, сана, махаббат, мораль жайлы жазамын. ©️ @dasten777
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 59
- 1/48двое суток
- 67
- 1/72трое суток
- 72
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қазақ “халтурщик”-ке де, “адекват” адамға да қатысты сөз қолданған. “Халтурщик” дегеніміз - дәлдүріш. “Ой, өзі бір жүрген ДӘЛДҮРІШ” деп дарынсыз, шаласауат адамға қарата айтқан. Мысалы, журналистикада, әдебиетте дәлдүріштер өте көп. Оларды алысқа ат сабылтып іздеудің керегі жоқ. Өріп жүр... Адекват. “ТӘНІК” деген таңғажайып сөзіміз бар. Адекватқа қатысты бірсыпыра сөз бар. “Биязы”, “байыпты-байсалды”, “орнықты”, “ұғымтал”, “түсінігі мол”, “жұғымды”, “кең” деген сөздердің жиынтық атауы - “тәнік” болса керек. Тілге жан бітіру жосыны - тілді қолдану. Қазақшасын біле жүріңіздер, айта жүрелік. Ана тіліміздің алып бәйтерегі - бәріміз жаппай қолдансақ қана бүр жарып, жапырақ жаймақ.
Көл. Теңіз. Сезім. Кітап. Ілім. Және күн сайынғы бірі шыныаяқ кофе. Аңсарың ауған әр дүниенің палитрасы - сенің бар болмысыңның қап-қанық бояуы емес пе. Иә. Шынтуайтында, рақат тапқан дүниеңнің реңі - сенің бар болмысыңның қапысыз бояуы. https://t.me/dasten_kastay
Тілді қолдану керек. Жұмыстағы асханаға күнара барамын. “Чечевичный суп”-тың орнына “жасымық сорпасын беріңіз” деп айтамын. Тамақ алып тұрғанның бәрі қазақ. Ешбірі “жасымық” деп айтпайды. Содан ба, аспаз да сөзімді ұқпай, орысшасын қайталап сұрайды. Тілді қолдану керек, ағайын. Сонда ғана нақты атаулар жатталады. Қолданысқа енеді. Қазақ тілі - әдебиеттің еншісі не мұражайдың жәдігері емес, күнделікті өмірде, күйбең тірлікте қолданып, пайдаға асыру керек Гречка - қарақұмық чечевица - жасымық https://t.me/dasten_kastay
Біртүрлі ме? Барлық бұлқынысымыз, ұмтылысымыз, олқы күшіміз ішімде сайрап жатқанымен, көпшілік сыр бермес, міз бақпас, мұң шақпас сыртымызды (сырт келбетімізді) ғана көреді. Асылында, барлық ғажайып ішкі әлем - жалқын жансарымызда ғой. Ішкі төріңе шындап көңілін қондыра білгеннің өміріңді толтырар игі тілегі, жақсы тілеуі қатар жетер, қатар құлпыртар. Ал сені құнттамағанның кеткені - кемігенің емес, арылғаның. (с) Дастан https://t.me/dasten_kastay
Мына бір құралды “шампур” деп айтамыз. Шыны керек, қазақшасына келгенде көбіміз тосырқап қаламыз. Бұл құралдың қазақшасы - істік. Ана тілімізде “істікке түйреді” деген тіркес бар. Жазушы Бейімбет Майлин жиі жазады. Істікке кесек ет тізіліп, шоққа қақталып, қызартыла піседі. Шашлық дайын. Лом 🚩 - Сүймен✅. Шампур 🚩 - Істік ✅. (Ауылда сүйменмен талай жұмыс істедік. Тас қозғап, керіш жарып, мұз ойдық. Әкем лом деп айтпайтын, “сүймен” дейтін… Ал істікке ет түйреп, шашлық пысыратынбыз). Айтып жүріңіздер! Ана тілімізге бірге жан бітірелік, қазақ бауырлар!
Ағаның алақаны - жақсының шарапаты. Апа-әпкенің мәпесі - мейірімнің төресі. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады... Жақсыға жұғысқан, жақсыны сөз еткен, қыжыл-күңкілсіз жақсыға әуес болған, жақсыға жанасқан - жағада қалмайды. Заманның ұмыт қалған асыл ісі - адамның тәуірін төңірегіңе топтау, жақсыға, жайлыға жантарта жұғысу; кенен кеңес, ұлы сөзге ұмсыныс. “Жалғыз жүріп жол тап, саяқ жүріп сүрлеуге түс” деген бейпарық ақыл артқан кезеңде жақсының шарапат-шапағатына жеткен, ықыласын танып, мейіріне қанған аға-әпкелер сөзі ойландырмай қоймайды. https://t.me/dasten_kastay
Өмір ғой Бір кездері жетсем деп соңынан сонша қуған “Арманыңның (адамыңның)” Жанынан түк болмағандай өте шығар күн де келер. Сүю - көзімізді тарс жұмып алып, бір-біріміздің соңымызға түсетін бала кездің қуаласпағы емес, бауыр… Сүю - көзі ашықтар “ойыны”. Мойындайықшы… Сүю: - қатар кешу; - бірге адымдау; - тең тыныстау; …Дүниенің ең қою кофесін бірге ішу, Ең ащы шоколадын бірге тату. Өз өлкеңнің тауларына ұқсамайтын өзгешелеу кедір-бұдыр биіктерге бірге қарау, Жымың қаққан жұлдыздарды бірге санау. Бұрын-соңды сыр ашпаған кітаптарды парақтау, Өзіңнен бетер, шын сүйе алғандарды ардақтау. Қоғамның “үйлі бол, уақытың келді” келді деген ұрансөзіне алданбау Қиқымы көп қиқар дүниеге малданбау. Сүю - көңілі ашықтар серті (Бәлкім, дерті…). Тек “қоғам сағаты соққанда” апыл-ғұпыл жұптасу емес. Мүлдем! Осыны ұқшы, дос-ты… (с) Дастан https://t.me/dasten_kastay
Білесің бе? Оқыған кітаптарымдағы ең ғажап сөздердің астын сыздым Сен білсін деп. Үлкен-үлкен шаһарларды кездім Сен сенсін деп. Қайта-қайта жаңылсам да тұнық аспанның жұлдыздарын санадым Сен шомсын деп. Бақтарды араладым Сен көрсін деп. Жүрегімде сарай тұттым - Сен енсін деп. Тағдырыма талап қойдым - Өміріме [тек сен] келсін деп. (с) Дастан https://t.me/dasten_kastay
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Қаламызда халықаралық цирк фестивалі өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға алғыс айттамыз. Әрбір әнтек деталіне дейін ойластырған. Қонақтарды жақсы күтіп жатыр. Оңай емес. Әлемнің 18 елінен келген 20 ұжым да тарпып тұр. Ұлттық цирк өнері де шабан емес екен, көз алдымда шарықтап кетті. Қарсыластар да оңай шағылатын жаңғақ шықпады. Шетінен “сен - тұр, мен - атайын” детін кіл мықтылар. Арқан бойын жағалаған жампоздар, қолаң шашын қармана шыр көбелек айналған әртістер… Сып тұлғасын отқа қақтаған өндір жігіт, өжет қыздар…Көкке өрлеп, жерде жүрелей жүйіткіген жас жеткіншек… Қайткенде тамсандырмай қоймайды. (Аюларын түртпектеген Мәскеу мемлекеттік циркі ғана ұнамады). Журналист есебінде қонақ болып келе қалып едік. Циркке балалар ғана емес, үлкендер, ата-әжелер, әнші-актерлер, қыз-жігіттер де барады екен. Бірінші рет бажайлаппыз. Мұндай жобалар балаларымызды бақытты болуына септесе түседі. Әлемнің өзі таңданып қарап тұрап игі дүниелеріміз көп болсын! https://t.me/dasten_kastay
Жауын бұл жолы ұзақ жауды. Алакөлеңкеміз ұзарған алашапқын шақта қолшатырымды қолтығыма қыстыра далаға шықтым. Алматы бусанып тұр. Мөлтең тамшы қала көшесіне төне қараған қартаң еменнің жапырағын жуып, бұтағындағы әжімін жыралай қуалап, күлгін шамның көзәйнегіне тырс-тырс тамады. Көктен сәуле сеуіп, салқын су бүркіп тұр. Қала қалтарысына дейін кезіп, алапат аптаптың ізін шая жайылған саф самалды құшырлана жұттым… Жаттығу залына барар жолдағы қайың тақтайдан қаланған сырлы орындықта қос ғашық отыр. Қолаң шашы төгілген ашаң жүзді, аса сұлу жас қызды аққұба келген жігіт құшағына басты. “Шын ғашықтар бір-біріне ұқсайды, ә?..” деп жиі айтатын еді Мәрия әпкем. Аса пысық, самбырлап сөйлей беретін әпкейдің сөзі есіме түсті. 27-ші көшеге жеткенімде самса исі бұрқырап кетті. Дөнерші жас жігіт есік алдына екі қап пияз шығарып қойыпты. Қызыл қанардың кеудесін сыналай тескен өскіндері әр жерден құлақтанып, қылтия қалған. - Бүгін ерте бара жатырсыз ғой, тегі, - деді бағдаршам жолағында тұрған мені танып қойған сатушы қыз. - Жаңбыр жауып кетті. Далада біраз серуендейін деп… - Адамдар қызық. Жаңбырды ұнатамын дейді, бірақ жаңбыр жауса болды, қолшатырдың астына тығылады. Сөзі бір басқа, ісі бір басқа адам табиғатын ұғып болмайсың, - деп түйреді сатушы қыз. Қолтығыма қысқан құралымды жасырған болып бүрісе түстім. - Махаббат жайлы да солай айтар едім. Мысалы, қызды гүл деп қарайық. Кейбір жігіт гүлді меншіктеп, көктеп, көгеріп тұрған жерінен жұлып алуға тырысады. Бірақ сүйген гүлін аялап, жайқалту - шын ғашықтың еншісіндегі дүние,- дедім өзімнің жаңбырдан жасырынған кейпімді ақтап алмақ болып. Сатушы қыз есінеген болып аузын басты. - Жолыңыздан қалдырмайын, - деп сыпайы күлдім. - Бүгін тырнақ істетейін деп ерте шықтым. Бәрібір де қызыл түске ұрындық, - деді бар кінәні маған аударған кейіпте. - Қаласаңыз, жасыл жанғанша футбол туралы айтып берейін, - дедім өзімнің доптебіске қатысты шалағай білімімді қорсынбастан. - Сіз оғанша өзіңіз жайлы айтыңызшы. Бойыңызды тіктеп, кеудеңізді көтеріп, трико киіп, өзіңізді ұдайы спортшы есебінде ұстайсыз. Спортшыларда күш көп, ақыл аз бола ма?- деп қойып қалды жолсерігім… - Мый да бұлшық ет секілді. Ұдайы жаттықтырып, ширатып отыру керек. Біоюлерім осы ғана, - деп қысқа қайырған болдым. Жасыл түс те жанды. Сатушы қыз қол берді. Қоштасып тұр. Сайранның бойыннан жастар салған әннің қайырмасы естілді… Жаңбырдан кейінгі тазарған Алматының кеңістігінде кеңінен әуелеп, төңірекке қалықтап барып, барқындана жайылады. - Жастар бар жерде махаббат бар. Жастар бар жерде тіршілік бар, - дедім іштей ойымды қайталап. Ой қыдырыстан қайтып, төңірегімді барлай бір қарасам, сатушы қыз таксиіне мініп кетіпті. Мен аяңдай алға жүріп, зал жаққа бұрылдым… Алматы тұнып тұр. Айнала жңбыристі жұпар аңқиды. Жұпарды құшырлана жұтып келем… Қатты аңсаппын. (с) Дастан https://t.me/dasten_kastay
“Сіз неге жыладыңыз түн ішінде? Ымм... мүмкін, өліп қалған гүл үшін бе?! Сағынып күту керек махаббатты, Гүлді де күту керек тірісінде...” - депті Бауыржан Қарағызұлы. Бір сәтке ғана жетер жылтың эмоция жетегінде жайқалып тұрған гүлді де жапырып жібереміз. Әрбіріміздің ішімізде бір қаскүнем бұғып жатыр… Аңдамаймыз. Айналамды қызғандырсам, қызықтырсам деп ойымызға келгеннің бәрін істейтін болдық. Адам өмірінде жария болмаған дүние қалмады. Дәрет сындырып отырып та, төсекте жалаңаш жатып та контент түсіре беретін бейопа күйге жеттік. …Сайранның іргесінде тұрамын. Сағат тілі он екіні нұсқаған сәтте пытыр-пытыр отшашу атылады. Ұйықтап көр ал. Ауа - лас. Онсыз да дімкәс Алматы деміге түседі. Маңайды қою-қошқыл түтіннің исі торлайды. Отшашудан жеткен түнгі дүлсілге кеудесін тосқан терезем жарылып кете жаздайды. (Бұлай табиғатты тапап отырып пәкизада махаббатымды айшықтамай-ақ қойдым). Адамдар өзінің бақытты екенін “айғайлап айту марафонына” түсіп кеткен. …Кеше қол ұстасып бара жатқан қос ғашық су ішкен құтысын көшеге тастай қалды. Қымсынған да, қысылған жоқ. Екеуі “Қараңдар, мен бақыттымын” деп бақыру аламанында шауып барады. Шат-шадыман. Өздері ғана. Дүниеден, өмірден алсам дейді. Өмірге, айналама, адамға берсем демейді. Асылында, шын махаббат адамды хайуан кейпіне түсірмейді, - ӨСІРЕДІ, ЕСЕЙТЕДІ. P.S. Сезім жайлы көп айтатын қоғамда сезімнің иллюзиясы бар, бірақ өзі жоқ. Сезім - табиғатты жапыру, гүлді жұтату емес,.. айналаңды, сүйген адамыңды жайқалту, жарқырату. Байқасаңыз, “гүл сыйла”, “гүл сыйлаймын” деген “ғашықтар” көп, “гүл, ағаш отырғызайық” деген адам аз. Себебі, екіншісінде жауапкершілік бар. Біріншісінде алсам деген хайуани құлық басым… Ең сыпайы деген сөзіміз осы болсын! (с) Дастан https://t.me/dasten_kastay
Үйдегі махаббаттың мәні бөлек. Қызды үнемі “Менің қызым/қарындасым әдемі, ерекше сұлу,.. ақылды, ажарлы” деп өсіру - қыздың болашағына құйылған рухани инвестиция. Жақсылықтан жерінбеуде, өзін бағалауда, адамдарды сүюде, ішкі мені мен ішкі мәдениетін қалыптастыруда әкенің не ағаның бір ауыз “менің жүрегім”, “менің нәзігім“, “менің еркем” деп айтқан сөзіне ештеңе жетпейді. Ең үлкен мотивация - үйдегілердің махаббаты. Үйдегі махаббат шуағына шомып өскен қыз ертесінде айналасына шуақ таратады, әлемді махаббатқа бөлейді. (с) Дастан https://t.me/dasten_kastay
Пиғыл ПАЙДА тұтқанды емес, көңіл ХОШ көргенді сүй… Көңілі бөгде көңілге қарауыл болмағанды, Махаббатты тым “әсірелегіштердей” әлегі болмағанды сүй! Көңілге көктем орнасын. Көңілге көктем орнаса - пейілдер бүршік ашар. https://t.me/dasten_kastay