tgindex
Қуаныш Мәлік

Қуаныш Мәлік

Статистика

Қазаққа қызмет етпей қоймаймын.

Последний пост
13 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Образование (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
1 316
−2 за 5 дн.
Сутки
−1
−0,08%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
619
20 постов
Вовлечённость
47,0%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 21
Упоминаний
4
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
208
1/48двое суток
238
1/72трое суток
257

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Имамның рукуғта кешігіп келген адамды күтуі: Имам намаз оқып тұрған кезде кешігіп келген адамның жамағатқа үлгеруін қалау ниетімен рукүғты ұзартуы мәселесінде фиқһ кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған үкімдер бар. Егер имам кешігіп келген адамды танитын болса және сол адамның рукуғқа үлгеруін күтіп, рукуғты ұзартса, бұл әрекет тахриман мәкруһ саналады. Себебі ол намаздағы құлшылықтың өзіне қатысты мақсатпен емес, өзге бір адамды күту мақсатымен амалын ұзартқан болады. Бұл туралы Шарх әл-Муния, Бәдәиғ әс-Санаиғ және әз-Захира кітаптарында айтылған. Тіпті Имам Әбу Ханифа (р.а.) мұндай әрекетке қатысты өте қатаң пікір білдіріп, оның амалында ширкке ұқсас сипат бар екенін айтқан. Ал егер имам рукуғта күтіп тұрған адамның кім екенін танымаса, онда мұндай күтудің күнәсі жоқ. Дегенмен, әдейі рукуғты ұзартпай, қалыпты түрде орындағаны абзал. Өйткені намаздағы амалдарды басқа бір адамға көмектесу мақсатымен әдейі өзгерту дұрыс емес. 📚 Радд әл-Мухтар, Халба, Бахр әр-Раиқ және әл-Фатауа әл-Бәззазия.

  • Зәмзәм суымен дәрет алу: Зәмзәм суымен дәрет және ғұсыл алуға рұқсат етіледі, бұған ешқандай әбестік жоқ. (Шарты: басқа су болмаған жағдайда зәмзәммен дәрет алуына болады). «Лубәб әл-Мәнәсиһ» кітабында: зәмзәм суымен тәбәррук мақсатында дәреті бар адамның дәрет немесе ғұсыл алуының рұқсат екені айтылған. Ал жүніп немесе дәретсіз адамның зәмзәммен дәрет алуы, сондай-ақ нәжіс тиген жерді, истинжа орнын және басқа да нәжісті зәмзәм суымен тазалау дұрыс емес. Тіпті кейбір ғалымдар мұны харам деп санаған. Кейбір адамдардың зәмзәм суымен астыңғы мүшесін жуып, нәтижесінде геморрой ауруына шалдыққаны да айтылады. 📚«Хашиятут-Тахтауи»

  • Донорлық қан сату: Ғалымдар қанның нәжіс екеніне және оны сатуға болмайтынына бірауыздан келіскен. Сондықтан шариғат тұрғысынан қанды сатуға рұқсат етілмейді. Қазіргі таңда донорлық қан арқылы емделу кеңінен таралған. Егер науқасты өзге дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін болмай, қан құю арқылы емдеу қажет болған жағдайда, заманауи ғалымдар қан құюға рұқсат берген. Алайда қанды сатып алуға болмайды. Дегенмен, қанға мұқтаж адам оны тек сатып алу арқылы ғана ала алатын болса, қажеттілік себепті сатып алушыға күнә жоқ. Ал қанды сатушы адам күнә арқалайды және алған ақшасын пайдалануға рұқсат етілмейді. 📚📚 «әл-Муғни» — Ибн Қудама. «Мәжмағ әл-Фиқһ әл-Ислами». «Фиқһ әл-Буюғ» — Мұхаммад Тақи Усмани.

  • Мен: — Ұстаз, маған тасаууф саласы бойынша оқуға жақсы кітаптарды нұсқай аласыз ба? — деп сұрадым. Шейх Абдулла Иззиддин: — Имам ән-Нәуәуидің «Қырық хадисі» мен «Риядус-салихин» кітабынан артық тасаууф кітабы жоқ, — деп жауап берді.

  • 7 авг.536215

    Мен: — Ұстаз, маған тасаууф саласы бойынша оқуға жақсы кітаптарды нұсқай аласыз ба? — деп сұрадым. Шейх Абдулла Иззиддин: — Имам ән-Нәуәуидің «Қырық хадисі» мен «Риядус-салихин» кітабынан артық тасаууф кітабы жоқ, — деп жауап берді.

  • 6 авг.625212

    Нанды қарызға алып, орнына нанмен қайтарудың шариғаттағы үкімі: Бала күнімізде үйге тосыннан қонақ келіп қалса, анамыз көршінің үйіне нан алуға жіберетін. Кейін өзіміз нан жауып, алған нанның орнына нан апарып қайтаратынбыз. Бұл мәселенің шариғаттағы үкімі қандай? Имам Әбу Ханифаның (р.а.) көзқарасы бойынша, мұндай мәміле рибаға (өсімге) алып барады. Себебі қарызға алынған нанның дәл өзін қайтару мүмкін емес, ал қайтарылған нанның шамалы артық не кем болуы ықтимал. Ал Имам Мұхаммад (р.а.) бұл мәмілеге рұқсат берген. Өйткені бұл – адамдар арасында кең таралған қалыпты қарым-қатынас. Ал шариғатта адамдардың орныққан қолданысы (ғұрып) оған қайшы келетін нақты дәлел болмаған жағдайда дәлел ретінде қабылданады. Осы мәселеде «әд-Дур әл-Мухтар» кітабында Имам Мұхаммадтың пікіріне пәтуа берілген. Сондай-ақ «әл-Ихтияр» кітабында да осы пікір басым деп көрсетілген. Бұл көзқарасты Кәмәл ибн әл-Хумам және Ибн Мәлак та құптаған.

  • 6 авг.628103

    Екі үш күнде дәрістерді бастаймыз Алла қаласа. Тіркеліп үлгеріңіздер. Дәрістер күн ара өтіліп тұрады.

  • 5 авг.516182

    Кейде, кітаптың ішінде қалуы тиіс болған пәтуаны жұртшылыққа жариялауға асығамыз. Мұндағы мақсат не?

  • 5 авг.597131

    Усул фиқһ дәрісін қайта қолға алдық. Алла қаласа, жақын арада толық аяқтаймыз.

  • Қуаныш Мәлік pinned «📚 БІЗДІҢ ТОЛЫҚ ДӘРІСТЕР ТОПТАМАСЫ Кейбір дәрістер толық аяқталған, ал кейбірі әлі де жалғасуда. Барлық жазбаларға қол жеткізіп, пайдалы ілімнен құр қалмаңыз! 📖 ДӘРІСТЕР ТІЗІМІ 🔹 Фиқһ дәрістері • «Исғафул Муридин» • «Нур әл-Идах» 💰 10 000 тг 🔹 Ақида дәрістері…»

  • 3 авг.728163

    📚 БІЗДІҢ ТОЛЫҚ ДӘРІСТЕР ТОПТАМАСЫ Кейбір дәрістер толық аяқталған, ал кейбірі әлі де жалғасуда. Барлық жазбаларға қол жеткізіп, пайдалы ілімнен құр қалмаңыз! 📖 ДӘРІСТЕР ТІЗІМІ 🔹 Фиқһ дәрістері • «Исғафул Муридин» • «Нур әл-Идах» 💰 10 000 тг 🔹 Ақида дәрістері • «Тахауия» • «Фиқһул Әкбар» • «Уасия» • «Ақида Нәсәфия» мәтіні • «Фиқһул Әкбар» (Әбу Мунтәһә шархымен) 💰 10 000 тг 🔹 «Бахрул Кәләм» 💰 7 000 тг 🔹 «Әхуалуш-Шахсия» 💰 9 000 тг 🔹 «Мәбәди Усул» 💰 6 000 тг 🔹 «Хуласатул Әфкар» 💰 8 000 тг 🔹 «Лубаб» (Неке бөлімі) 💰 7 000 тг 🔹 «Қотру-н Нада» 💰 15 000 тг 🔹 «Шәмәил» 💰 5 000 тг 🔹 «Доул Мағали» және «Никсәри» шархтары 💰 8 000 тг 📘 Тәпсір және Құран ілімдері «Мәдарикут-Тәнзил» (Имам Нәсәфи тәпсірі) 30-пара + «Фатиха» сүресі 💰 10 000 тг «әт-Тибян» (Құран ілімдері, Имам Сабуни) 💰 8 000 тг «Лубаб» (Ғибадат бөлімі) 💰 7 000 тг «Қудури» (Зекет – Мұсақат) 💰 8 000 тг «Қудури» (Неке бабынан соңына дейін) 💰 8 000 тг 💳 Kaspi: +7 (708) 201-61-78 Төлем жасағаннан кейін чекті осы нөмірге жіберуді ұмытпаңыз. 🎙 Дәріс оқушысы: Қуаныш Мәлік.

  • Бүгін Мысырда орын алған түндегі жер сілкінісі бізге қаншалықты дәрменсіз екенімізді сездірді. Ал Қиямет күніндегі сілкіністе хәліміз не болмақ? Алла Тағала бізді Өзінің панасына алып, ақыретте аман етсін. Әмин.

  • 1 авг.668293

    Адамның әлеуметтік желідегі парақшасы оның шынайы деңгейінің өлшемі бола алмайды.

  • 📌 Бөлісіп отырыңыздар.

  • 📚 Қысқа кітаптар бойынша онлайн дәрістер басталады! Ілім жолын жүйелі түрде бастағысы келетін жандар үшін қысқа әрі пайдалы кітаптарды оқуды бастаймыз. 📖 I кезең бағдарламасы: • «Әл-Арбағин ән-Нәуәуия» (40 хадис) — Имам ән-Нәуәуи • «Әл-Арбағин әл-Мухтара мин Хадиси әл-Имам Әби Ханифа» — Юсуф ибн Абдулһәди • «Әл-Мунаббихат» — Имам Ибн Хажар • «Рисалатул Мустаршидин» — Имам әл-Харис әл-Мухасиби • «Тағлимул Мутағаллим» — Имам Бурһануддин әз-Зарнужи 🖥 Өту форматы: Zoom арқылы ⏳ Дәріс ұзақтығы: 30 минут 📖 Оқыту тәсілі: Кітап мәтіні сөзбе-сөз аударылып, толық мағынасы түсіндіріледі. Дәрістер жай уағыз форматында емес, кітап негізінде жүргізіледі. 💬 Кері байланыс қарастырылған. 🎥 Барлық дәрістердің жазбасы толық сақталады. Сабаққа қатыса алмаған жағдайда немесе үлгермей қалған кезде, жазбаны өзіңізге ыңғайлы уақытта тыңдай аласыз. 📅 Сабақ күндері: • Жексенбі • Дүйсенбі • Сәрсенбі • Бейсенбі 🕒 Сабақ уақыты: кейін нақты хабарланады. 💳 Дәріс ақысы: айына 10 000 теңге 📌 Ескерту: Ай сайын бір кітап аяқталып отырады, иншаллаһ. 📲 Тіркелу үшін: +7 707 051 5292 Алла Тағала бұл дәрістерді пайдалы білімге, ізгі амалға және дін жолында тұрақтылыққа себепші етсін. 👤 Дәріс оқушы: Қуаныш Мәлік

  • Бүгін «Қудури» кітабының сауда бөлімі бойынша келесі мәселелер қарастырылды: • Саудадағы батыл мен фәсид келісімдердің айырмашылығы. • Донорлық мақсатта қан құюдың үкімі және адам қанын сатудың шариғаттағы үкімі. • Адамның нәжісін және малдың көңін сатудың үкімі.

  • Хазіретті Әли (Алла оған разы болсын) былай деген: «Күнәларыңның қиямет күні өзіңе қарсы дәлел болуынан қорық. Үмітіңді тек Раббыңа ғана арт. Білмегеніңді сұраудан ұялма. Ал бір нәрсе жайлы сұралғанда білмесең, “білмеймін” деуден де ұялма. Рисалатул Мустаршидин.

  • 📌 Жаңа рилс. Әжетханада телефон шұқыма: https://www.instagram.com/reel/DbX0KQeMI5k/?igsh=cDVwbTJub291Y2I3

  • Ұсынатын кітаптарыңыз болса, коментке жазыңыздар:

  • Алла қаласа, жақын күндері Zoom платформасы арқылы аптасына екі рет қысқа көлемді уағыз кітаптарын оқуды бастаймыз. Әр кітап шамамен 1,5–2 ай аралығында толық аяқталып отырады. Дәрістер ақылы түрде жүргізіледі. Тіркелу және қатысу үшін: +7 707 051 5292 📌 Толық ақпарат жақын арада жарияланады. Ин шә Алла, хабарламаларды күтіп жүріңіз.