نورانيّة | Nuraniya
Статистика● Мақсат — пайдалы ілім алу және оны бөлісу арқылы мұсылман қыз-келіншектерге пайдалы болу. • Кері байланыс: @aybinim_bot
- Последний пост
- 22 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 210
- 1/48двое суток
- 240
- 1/72трое суток
- 259
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🌎Дүниені ұятсыздық бәлесінен кім құтқарады? Зүлихаға жанарын тастамаған Юсуфтар құтқарады. Таңнан кешке дейін жолын аңдыған қыздардың жанынан өткенде назарын жерге салып, үнсіз өте шыққан Мус'абтар құтқарады. Әйелдер қатысқан көпшілік орындарда аяқ киімінің ұшынан басқа жаққа қарамаған Османдар құтқарады. Арсыздықтың (азғындықтың) тамырын аяусыз қопарып тастаған Омарлар құтқарады. Алайда, қайда олар? Бүгін өз әйелін ар-намысы деп көріп, өзгенің әйеліне келгенде олжадай көретін Әбу Ләһәбтар көбейді. Былай қарасаңыз, Құранның «Нұр» сүресінің 30-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ерлерге айт: көздерін (харамнан) төмен салсын, ар-намыстарын қорғасын. Бұл олар үшін өте таза. Ақиқатында, Алла олардың не істеп жүргендерін толық Біледі.» — делінген. Хазірет Әли (Алла оған разы болсын) өз дәуірінде осы үгітті еркектерге қайта-қайта қайталаған: Тәсәттүр тек әйелдерге тән деп ойламаңыздар. Еркектің де тәсәттүрі — көзінде. Күнә әйелге қандай болса, еркек үшін де дәл сондай. Әйелге ауыр үкім болып, еркекке жеңіл үкім деген жоқ. Еркектерге арналған ақтаушы аят та жоқ. Алланың үкімі екеуі үшін де бірдей. Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын) былай деген: «Ұят (хәя) мен иман бір-бірімен тығыз байланысты. Егер олардың бірі жоғалса, артынан екіншісі де кетеді.» Демек, дүниені ұятсыздық бәлесінен еркектің ұяттылығы құтқарады.
🪷 Хиджабтың шариғат талаптарына сай болуының 8 шарты
Үйренетін және үйрететін адам талапкер, Үйреніп түсінбеген адам үйретіп түсінеді.
🗣🎙«ӘЙЕЛ ІЛІМ ХӘЛІ, ПАРЫЗЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ» жобасының II легіне тіркелу басталды! 🚨 7 күндік рухани әрі пайдалы сапар: 😀 Әйелге қажетті ілім дәрісіне шақыру, жан нәзіктігін іздеген қыз-келіншектерге арналған. 📍Бұл шағын ілім — әр әйелге парыз болған нәзік әрі маңызды болған мәселелерді түсінуге бағытталған. 😀 Күнделікті өмірде қажет болған, әйелге қатысты ілім-хәлдің негізгі қағидалары таһарат, намаз, айлық күндер, дұрыс киіну әдептерін меңгереміз. 📲 Тікелей эфирде ұстазға сұрақ қою мүмкіндігі. 🎁 Өтілетін тақырыптар: 📍 Таһараттағы жиі кездесетін қателерді түзету. 📍Әйел намазының нәзіктігі, әрі жиі кездесетін қателерді түзету. 📍 Хайыз қағидалары. 📍Хайыз, нифас, истихаза араларын бөліп ажырату. 📍 Хижаб пен перделену әдебі, әрі жиі кездесетін қателерді түзету. 📍 Тілді ғайбаттан сақтау және дұрыс сөйлеу әдебі. 📍 Білім алудағы әдеп. 💰 Бағасы: 1990 ₸ (Бұл лекке бар болғаны 10 орын ғана қарастырылған) 🌐 Формат: онлайн (Telegram каналда) 😀 Тіркелу үшін көмекші қыздарға жазыңыз: @aybinim_bot
Атақты болу үшін емес, Алланың разылығы үшін өмір сүріп, адамдарға пайдалы болатын мұра қалдыру үшін еңбек етуіміз керек ағайын🌷
🐚Дінде рұқсат етілмеген амалдардың бірі – бөгде ер адамның көзінше зейнеттену. Алайда бұл талап күйеуінің алдында жойылады. Тіпті, күйеуінің алдында әсемдену әйелге құптарлық, кей жағдайда міндет саналады. Бірақ бұл әсемдену де шариғат шеңберінен шықпауы керек. Әйел адамның өзге әйелдің шашын жалғауы мәзһабымызда харамға жақын мәкрүһ болып саналады. Онымен қоса, «тек күйеуімнің алдында ғана» десеңіз де, бұл өзге әйелдің зейнетін өз күйеуіңізге көрсетуге тең болады (зина). Ал шаш жалғау мәселесіне келсек, Пайғамбарымыздың ﷺ: «Шаш жалғаушыны да, жалғатқанды да Алла лағынеттеді» деген хадисін еске алуға болады. Мұнда адамның шашын алып, басқа адамға жалғау жайлы айтылып тұр. Себебі адам – құрметті жаратылыс. Сонымен қатар адамның кез келген ағзасы құрметті. Тіпті адам қайтыс болғаннан кейін де оның ағзасының құрметі сақталады. Егер: «Жолдасымның алдында зейнеттенгім келеді, не істей аламын?» десеңіз, зәрулік туған жағдайда доңыздан өзге жануардың шашынан жасалған шашты жалғауға болады, зәрулік туса әрине.
Сарыағаш медресе колледжі. للذكرى ٢٠٢٦
Жас маман, жас ұстаз... Ескерту әуелі өзіме. Ұстаз болудағы мақсат – жастың жүрегіне иман жеткізу болса, бұл – игілік жол. Ал егер ұстаз деген ұлы атты иеленіп, олардың жүрегіне тек тренд пен TikTok-ты сіңірумен шектелсең… Бұл: Ұстаз орнын ойыншыққа айналдырғаның, Киелі мінберді күлкі еткенің, Білім емес, бейқамдық үйреткенің, Өз ісіңе өзің сенбегенің… Оқушының үмітін ерте өшіріп, Көңілге көлеңке түсірген. Сыныбына кірсе — сағатын санаған, Шықса — тек жалақысын ойлаған. Ұстаз атын жамылған бейқам адам — Сол адамнан сақта, Жаратқан!
Үзінді...
Алла Тағаланың қалауымен бүгін медреседегі оқуымды тәмамдадым. Бұл – жолдың соңы емес, ілім жолындағы жаңа белес. Осы уақыт ішінде бізге білім мен тәрбие берген ұстаздарымыздан Алла разы болсын. Алған білімімізді пайдалы етіп, оны амалмен көркемдеуді, дінімізге адал қызмет етуді нәсіп етсін, әмин. «Раббым! Білімімді арттыр!»
"Медресе қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз екі дүниеде де жолдарыңызды жарық етсін Мұғаллим ретінде сіздерді осы қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймын! Біз сіздерге тек мағлұмат емес, жүректеріңізге иман мен әдептің нұрын ұялатуға тырыстық. Енді алдарыңызда үлкен өмір жолы жатыр. Бұдан кейінгі істеріңізде Алла Тағала тауфиқ берсін! Әрбір істеген амалдарыңыз ихласпен болуын тілеймін. Қай жерде жүрсеңіздер де, ахлақтарыңыз көркем, сөздеріңіз хикметке толы болсын. Жолдарың болсын!!!" © Ustaza
Білуімше, бүгін әкемнің туған күні. Бақилық болғанына да алты жыл болып қалыпты. Әкем — Абдуллаұлы Жеңісбектің рухына Құран бағыштап қойсаңыздар екен.
без подписи
Ерлер мен әйелдер араласса, ерлердің әйелдер алдындағы айбыны, әйелдердің ерлерден ұялуы кетеді. #аударылған
📌Нәпақа күйеуіне міндет екені Құранмен бекітілген. Нәпақаны жоққа шығара алмайды. Кітаптарда әйелі кәпір болса да, мұсылман болса да, бай не кедей болса да, балиғатқа жеткен қыз өз әкесінің үйінде қонақта жүрсе де, күйеуінің үйінде ауырып қалса да — нәпақа күйеуіне уәжіп екені айтылады. Әйел адамның жеп-ішер асы, киімі, тұрғылықты пәтері сияқты қажеттіліктерді қамтамасыз ету күйеуінің мойнында. Ер адамның жағдайына қарай әйелдің нәпақасы беріледі: бай болса — байлығына сай, кедей болса — кедейлігіне сай ең қажетті деген нәпақаны беріп отырады. Азық-түлік ай сайын беріледі. Ал киім-кешек әр 6 ай сайын беріледі дейді кітаптарда. Әрине, егер 6 ай сайын киімді жаңартуға мұқтаж болса (жыртылып, жамауға келмейтін болса), беріледі. Ал алдыңғы жылғы киімі жарамды болса, жаңа киім алу міндет емес. Нәпақада тым тарылтпай, тым ысырапқа бармай, орта жолды ұстанған абзал дейді ғұламалар. ! Ал енді нәпақа қай кезде күйеуіне міндет болмайтынына келсек: 1. Әйел күйеуіне бойсұнбай, рұқсатсыз үйден шығып кетсе (мысалы, ұрысып төркініне не басқа жаққа кетсе), әйелінің нәпақасы күйеуіне міндет емес. 2.Әйел қарыз алып, сотталып, түрмеге түссе — күйеуіне нәпақа беру міндет емес. 3. Әйелі күйеуінің үйінде емес, басқа жерде (мысалы, әкесінің үйінде) ауырып жатса — нәпақа міндет емес. 4. Әйелін басқа біреу күштеп алып кетсе — күйеуіне нәпақа міндет емес. 5. Күйеуінің немесе басқа махрам туыстарының рұқсатынсыз қажылық сапарына кетсе — күйеуіне нәпақа беру міндет емес. Түйін: нәпақа әдетте міндет, әйелдің тарапынан бойсұнбаушылық болса міндет емес.
Абдуғаппар ұстаз іргесін қалаған медресенің табалдырығында отырып, кітапта аталған тұлғаларды танып қана қоймай, олардан тәлім ала жүріп, мына еңбекті оқу енді ерекше әсер...
Ұялшақтықпен жүр.🌸 Мұса ☝ мен Шуайбтың қыздарының оқиғасына назар аударшы: 🌺 قَالَ مَا خَطۡبُكُمَاۖ🌺 [القصص: ٢٣]. Олардан: «Екеуің неге бүйтіп тұрсыңдар? (Неліктен елмен бірге малдарыңды суармайсыңдар?)», - деп сұрады, бұдан артық сұрақ қоймады, олардың есімін де, әкелерін де, тұрмыста бар-жоғын да сұрамады бүгінгі кейбір адамдар сияқты (яғни, бүгінгі кейбір адамдар артық сұрақтарды қойып, жеке мәліметтерді тексеруге тырысады). Ал Шұғайыптың қыздарының жауаптары сұраққа қаншалықты дәл болғанына қарашы...қысқа әрі нақты: 🌺لَا نَسۡقِي حَتَّىٰ يُصۡدِرَ ٱلرِّعَآءُۖ وَأَبُونَا شَيۡخٌ كَبِيرٌ🌺 [القصص: ٢٣]. «Малшылар малдарын суарып болып, суат басынан кетпейінше малымызды суармаймыз. Әкеміз қарт адам еді, (сондықтан, малға бізден басқа қарайтын ешкімі жоқ)», - деп жауап берді. Осылайша олар әңгімені әрі қарай жалғастыруға жол бермеді, оның атын да, қайдан келгенін де, ғұмырын да тіпті үйленген-үйленбегенін де сұрамады, кейін олардың бірі келіп былай деді: 🌺إِنَّ أَبِي يَدۡعُوكَ لِيَجۡزِيَكَ أَجۡرَ مَا سَقَيۡتَ لَنَاۚ🌺 [القصص: ٢٥]. «Сізді әкем шақырып жатыр. Бізге қолұшын беріп, малымызды суарып бергеніңіз үшін ақыңызды бермек» - деді. Сонда Құранда оның жүріс-тұрысын сипаттап: 🌺فَجَآءَتۡهُ إِحْدَاهُمَا تَمۡشِي عَلَى ٱسۡتِحۡيَآءٍ🌺 [القصص: ٢٥]. «Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің біреуі имене (ұялып) келді» - делінген. Міне, ұяттың көрінісі осындай. Сөз сөйлеу (құда түсу), жауап беру осындай әдеппен болуы керек. #аударылған 🌟Арна сілтемесі: نورانيّة
— Саған жақсы нәрсені айтып насихат еткенде, әпке-сіңлілеріңе тәкаппар болма!
Өтірік пен иман мүміннің жүрегінде ешқашан бірге болмайды. ❗️Кей әйелдердің өтірік айтуының себептері: әсірелеу, ерекшеленуге ұмтылу және мақтану. ◀️тіпті кейбір дін ұстанатын мұсылман әйелдер де одан таза емес▶️ 🤩Кейбір әйелдер сөзінде әсірелеуге барады. Белгілі бір шектен аспаса, кейде ол кешірімді болуы мүмкін. Мысалы: «Саған 20 рет қоңырау шалдым» деу, ал шын мәнінде 5 рет қана шалынған. Алайда бұған әдеттеніп кетуден сақтану керек. 🤩Кейбір әйелдер сөзінде ерекшеленуге ұмтылады. Бұл қалау оларды өтірік айтуға және оны қайталай беруге итермелейді. Мысалы: бір әйелге «балаң бірінші орын алды» десең, қызғанышпен өз отбасындағы “үздіктерді” орынсыз айта бастайды, тіпті аталмыш адамның бойында ешқандай мақтауға тұрарлық қасиет табылмаса да. Бұл әлсіздік сезім, тіпті ойдан қосуға ашық итермелейді. 🤩Кейбір әйелдер сөзінде мақтаншақтыққа барады. Мақтаншақтық — көп әйелдерде кездесетін бір дерт. Ол жоғарыда айтылған әсірелеу мен ерекшеленуге ұмтылудың қосындысынан туындайтын өзін дәріптеу көрінісі. Мысалы: қызын тұрмысқа бергелі отырған әйел өз қызын қатты мақтап, «Қызым бір сағатта Құранның бір парасын жаттайды» деп айтып, әр жиналыста қайталай береді. Бірақ сөздің астарындағы мағынасын — қыз бір жарым күн ішінде бүкіл Құранды толық жаттап шығуы керек деген сөз екенін түсінбеген. Бұл — қабылданбайтын асыра мақтау көрінісі. Расымен кейде ақыл қабылдамайтын ашық мақтаншақтық та болады. 📔همسة... 🌷Алла бізді өтіріктен, әсірелеуден, ерекшеленуге ұмтылудан және мақтаншақтық сынды жаман сипаттардан сақтасын. Жүректерімізді шыншылдықпен, ықыласпен және кішіпейілділікпен нұрландырсын. Әмин. 📌Арна сілтемесі: نورانيّة
Берке хан Шыңғыс ханның немересі, Берке хан, Ислам дінін қабылдаған алғашқы муғул (қазақ) ханы. Сондай ақ дінді дамытып, мұсылмандардың санын көбейткен хан.