- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 52
- 1/48двое суток
- 59
- 1/72трое суток
- 64
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
кейде 120-ға жуық жұлдыздың құлағаны да тілеген тілегіңді қабыл етпейді.
тамақ жасап, оны жақындарыңның сүйсініп жеп отырғанын көру - ең керемет сезімдердің бірі. оның үстінен ілтипат естісең уәщще керім ✨
бір нәрсе пісіріп жатып, қарамай кетсең күйіп кетеді ғой. ал күтіп, қарааап отырсаң піспей қалама, қызық…
ұйқы режимін бұзу – оңай, қалпына келтіру – сооондаай қиын.
масалар! сендерді суқаным сүймейді. сусыз қаным да сүймейді. сендер де мені сүймей-ақ қойыңдарш. әркім өз сүйіктісіне қосылсынш. келіп, шағып, берекені алмаңдарш.
Өзіңе сый - пайда үшін жағынбау. Жүрегіңе үңілу де дамылдау. Көңіліңе жақпағаннан алшақтап, Мақсат қойып, арманыңа адымдау. Өзіңе сый - арам іске бармауың. Әр ісіңе есеп беріп талдауың. Жақыныңа жанашырлық танытып, Елемейтін орталарда қалмауың. Өзіңе сый - мақтан сөзге құмартпау. Қайыры жоқ дүниеден жырақтау. Сөз бен істі сәйкестіріп әдемі, Адалдықтың ақ алаңын тұрақтау. Өзіңе сый - жүрегіңді жылыту. Көңіліңді бос нәрседен суыту. Қадіріңе жете алмаған жандарды, Бақыт тілеп, дер кезінде ұмыту. Өзіңе сый - адам болу білімді. Қадір тұту ұлтың менен тіліңді. Ғұмырыңның ертеңіне алаңдап, Даму үшін бос өткізбеу күніңді. Өзгертпесең болмысыңды жан салып, Өмір өтер өзгелерге тамсанып. Ал ендігі жауап берші сұраққа, Сен өзіңді сыйлап жүрсің қаншалық? 📝: ru
Адам өзінің шамасын, қадірін білуі керек. Қоятын жерде - қоямыз. Тастайтын жерде - тастаймыз. Кететін жерден - кетеміз!
Өміріңді жалған қуанышқа арнама. Біреудің көзіне жарқырай көрініп, ішіңде шіріп жатқан уайымың өзіңе кері әсер етеді. Өткенің үшін өкпең бар ма? өкпеле. Өткеніңді қимай жүрсің бе? мұңайып, өткеніңді еске де алып ал. Алайда бұған қатты берілме. Іштегі сезімдеріңді шығар, көрсет! Сен бұл өмірге мықты болу үшін келмедің. Бұл өмірді біз СҮРУІМІЗ керек. Ішіңдегіні шығар, Раббыңа айт! Сені жаратқан ие түсінеді, дұрысын ұғындырады. Біз, адамдар, тыңдармыз, ақыл айтармыз, бірақ біз де сендей пендеміз. Біз ұғынбайтын, ұғына алмайтын дүние көп. Соның бәрін Алла біледі. Басыңа түскен сынақ – Раббың шақырып жатқан белгі деп ұғынсақ, көп нәрсе орнына келеді.
Кейде іштей басқалардың да өзіңмен келісіп, қолдағанын қалайсың. Бірақ қанша адам болса, сонша пікір бар. Ешкім ешкімге міндетті емес дегеннің өзінде, жақындарыңнан болсын күтесің. Сол қолдау сирек болалы. Ондайда тіпті мың қайтара айтып, өзіңе не керегін айтып түсіндіру де қиын. Мүмкін мәселе қиындықта емес, жалыққандық. Барар жерің, басар тауың жоқтай сезім. Алайда түбінде барлық жақсылыққа сенесің. Бірақ дәл сол сәттегі реніш кетпейді. Ешқашан. Кетпесе қойсын, келешек шағыңа үлкен қорытынды деп қарау керек шығар.
Ата-ана балаға, бала ата-анаға разы болуы керек. Өмірдегі барлық жетістік, махаббат, тіпті достық ата-ана разылығымен оңынан болады.
Өзгенің көңілінен шығу мүмкін емес. Тіпті кей адамдар үшін басыңды қара уайымға салып, алаңдаудың қажеті де жоқ. Сол себепті “на пофиг” қарау тіпті дұрыс екен.
оқып отырсам жарты жыл бойы үздіксіз махаббат деп жырлап келіппін. енді осы әлем желіден демалған қысқа үзілісте көрген мен түйгенімді жазамын^^
Тағдыр таңдаудан тұрады, алайда бір қателік немесе оқыс жайт үшін өзіңді айыптап, азғырудың қажеті жоқ. Бұл – өмір, бәрі пенде. Бір жайтқа қарап, өзіңе кінә тағып, өміріңнің күлі шықты деу – қателік. Өмір – ақ пен қара. Бірде көл, бірде шөл. Тек жақсылыққа сенуді тоқтатпайық!
Саған нағыз мотивация – өзің. Сенің болашағың, сенің тағдырың, сенің таңдауың. Бәрі де сенің қолыңда. Жалғыз болып дүниеге келдік, солай қайтамыз. Өзіңді бағала. Өзгемен бара алмаған жерге өзің бар. Сенің сырласың – өзің. Өзіңмен қалғанда істейтін ісің, қалауың болу керек. Өзгемен уақыт бөлек, өзіңмен мүлде басқа. Ең алдымен өз-өзіңді таны.
оқып отырсам жарты жыл бойы үздіксіз махаббат деп жырлап келіппін. енді осы әлем желіден демалған қысқа үзілісте көрген мен түйгенімді жазамын^^
қар қыздарың :)
оқып отырсам жарты жыл бойы үздіксіз махаббат деп жырлап келіппін. енді осы әлем желіден демалған қысқа үзілісте көрген мен түйгенімді жазамын^^
оралуыңмен отаныңа 🩵
Жігітпен “қыз-жігіт боп” жүру кезеңіндегі қыз болсын немесе “ухажеры” бар қыз болсын, барлығы дерлік вниманиені қалайтыны, өтірік емес. Гүл, сыйлықтар, жақсыны жеу, жақсы жерде жүру, жақсыны тағу, жақсыны кию-ешқашан жаман болмаған. Мен “жігіттеріңнен сыйлық сұрамаңдар, ол дүниеге намек тастамаңдар” демеймін. Алып берсін, “не керек?” деп сұраса, айтыңдар, бәрі жақсы. Бірақ адам өмірінде болатын әртүрлі кезеңді, әртүрлі жағдайды алып қарау керек. Жүрмей жатып, не жүргеннен бастап жігіттің тапқанын тауысып, қалтасындағыға үңіліп, дүниесін есептеумен жүрсең қандай қадірің қалады? Шын жақсы көретін жігіт қолында бар боп тұрып, соны сенен қызғанып, тыққыштамайды. Қолында бар болса, сен сұрағанның екі есесін, сұрамағаныңның бес есесін де алдыңа тосуға дайын. “Қыз бала жоқшылықта сыналады” демекші, жігітің қаржы жағынан қиналып, кей нәрсеге қауқары жетпей жатса, қара аспанды төндіріп, қара бұлтты үйірмей сол түнектен бірге шығудың жолын іздеген әлдеқайда жақсырақ. Сондықтан қыздар, біріншіден өзіме кейін сіздерге де айтарым, дүниесіне, ақшасына есіміз кетіп, есуас қылық танытып қоймайықшы. Қасыңдағы адамыңды дұрыс таңдасаң, қолындағы дүниесі жетіп жатса, сен үшін бәрін жасайды. Оны дұрыс таңдамасаң, қолындағы ақшасы басындағы шашынан көп болса да, бір бөлігін жарып бере алмайды. Беретін, алынатын сыйлығың да, гүлің де сыртыңды бүтіндейді ғой, бірақ ол жігіт моральды тұрғыда қолдау бере алмаса, сенің ішіңдегіні түсіне алмаса, сыртың бүтін-ішің түтін болғанның несі жақсы?
Қанша "тұрмыс құру" туралы өзгелердің айтатын әңгімелері мен сұрақтарын жек көрсем де, тағдырым біреуге жар болуды бұйыртса қалай болар екен деген ой көп мазалайды. "Таңдауымнан жаңылмай, сынақтарда сүрінбей, күйбең тірліктен қажымай, сезімімнің тұрмыс түбіне жетіп, тоз-тозын шығарып алмай, бір жанды, одан соң бір отбасын риза қылып, бақыты мен бірлігінің берекесін келтіріп, көркейте алам ба, неге сені таңдадым деп бір рет те өкінбей өмір бойы бірге ғұмыр кеше алам ба" деген ойлар санамның түпкірінде сайрап жатады. Себебі, ошақ басындағы бір сылдыр еткен ыдысқа, отбасының бірлігі салдырлап, таңдап сүйген жарын түтіп жердей салғыласып жатқан ерлі-зайыптыны көргенде менің жүрегім қаймығады. Ойласам, отбасы болғандарына 3-4 ақ жыл болса да, көздерінде махаббаттың алауы, сөздерінде сезімнің ұшқыны да жоқ, бір-бірін сарказммен сабап, өзгелердің көзінше табалдырықтан шықпауы керек ұсақ сырларының өзін түп тамырымен қазбалап, итше ырылдасып отырғандарына қарап, расымен де, үй болуға тек сезімнің ғана күші жетпейтінін, алғаш ғашық болған кезіңдегі мөлт еткен мөлдір махаббатың өмір бойына сақталып тұрмайтынын, тарыдай түйірдің өзі, таудай төзімді құрта алатынын ұғынамын. Ең әуелі, өз бақытыңды ойла десек те, үйге келгенде жарыңның көзінен жылулық, сөзінен сезім сезілмесе, ырылдасып, жұлысып жүріп, көз жастарын мөлтілдетіп, әр ұрыста жасқандырып бала өсірсең, қандай жеке қуаныш бақыт сыйлай алады? Ішкі әлеміңді реттеп, сыртқы әлеміңді көркейте аласың ғой, әрине. Осының бәрін ой иелегінен өткізіп, таңдауыңдағы адам, тағдырыңның тармағындағы жартың болса, бір бақытты әлемнің берекесін бірге келтіре алсаңдар, салиқалы, саналы, бақытты ұрпақ тәрбиелей алсаң бақыт ғой, деймін. Осында оқитын көбі жастар ғой: таңдауларың өкіндірмесін. Сана биігінде бірге дамып, жүрек түпкірінде өшпес махаббат сыйлар, сезіндірер, қиялыңдағы ғажайып бақыт ордаңды бірге құрар жанға адаспай жетіп, өмір бойы сүрінбей бақытты ғұмыр кешулеріңді тілеймін 🤍