RAMAZAN
СтатистикаБұл каналда тек мен ғана ойыма келгенді жаза аламын. Жарнама жөнінде жекеге.
- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 349
- 1/48двое суток
- 399
- 1/72трое суток
- 431
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Біздің кездесулердің пайдасы тек кафенің иесіне ғана болып жатыр ғой.
Одиссей фильмін көріп шықтым. Бала күнімде түсінбеген дүниелерді енді түсінгендеймін. Еркек жанұясын тастап, қаңғып кетті, қыдырды, ішті, басқа қатынмен тұрды. Қартайғанда ешкімге керек болмайтынын түсініп, баласы мен әйелін іздеді. Сосын 20 жыл қайда болғанын түсіндіру үшін осындай оқиға ойлап тапты. Құдайдан бастап бәрі кінәлі, тек өзі емес. Бейшара циклоп ай дым жазығы жоқ өліп қалды.
Әлем чемпионаты біткенше ешкімге қарызға ақша бермеңдер, Уругвай жб салады шықпай қалуы мүмкін.
Көшеден емшегінің ұшын көрсетпей киініп алған қызды көріп таң қалып ұзақ қарадым.
Президенттің алдында бәрі аппақ болып көрінгісі келеді, тіпті жылқысы.
Өмірге залетпен келген адам ұқсап, ес че кел деген жерге бара берме.
ФК Ақтөбе қой сойыпты енді ойын жүреді деп ойлаймын. Себебі легионерлер жасыл шөптің үстінде бос маңырап жүре беретіндермен не болатынын көзімен көрді.
Таныс депутат тым сыпайы, кішіпейіл болып кетіпті. Оразаның әсері ме, әлде құрылтайдың әсері ме түсінбедім.
Әңгімесіне өтірік күліп беріп отырсам, ол да өтірік бай болып шықты.
Ұрыстың ұлы күні құтты болсын!
Колумб тірі болғанда Біріккен Америка Әмірліктері, Сауд Америкасы, Кувейт Құрама Штаттары деген жаңа мемлекеттер ашатын еді.
Дубайға бару емес, Дубайдан қайту арман болады деп кім ойлаған.
Кухняға не үшін кіргенімді ұмытып қаламын, сен маған өмірге не үшін келгеніңді айтып бер дейсің.
Барлық жерде өзіміз боламын деп, енді өзімді таба алмай жатырмын.
Астана саяси қала болғаны сонша, мектеп жасынан оқушыларды үйде оқытып, домашний арест не екенін үйретеді.
Астаналық оқушыларға аяз атандан, аяз көп қуаныш алып келеді.
Құдай сөзін айтып алған қарызды, шайтан сөзін айтқызбай қайтарсаңдар.
Бүгінгі сұхбаттан кейін: -маған бір Түркістан газетін, сосын сдачаға Форбс бере саласыз ба
Түркістан газеті бүгіннен бастап киелі Түркістан газетіне айналды.
Тәңіршілер бүгін демала берсе болады, Астанада тура жолдан тайып кету оларсыз да болып жатыр.